Ойлы оқырман!

Қазыналы кенді өлкенің басты газеті «Ortalyq Qazaqstan» газетіне 2025 жылға жазылдыңыздар ма?
Жазылмаған болсаңыздар бүгіннен қалмай жазылуға шақырамыз!
Газет оқу – зиялылықтың белгісі. Қазіргі күні ақпарат алмасудың заманауи тәсілі көп болғанымен, газеттің де өз ерекшелігі, артықшылығы бар. Шынайы ақпарат. Байыпты сараптама. Нақты тұжырым. Таңбаланған тарих.
Жалпы, біздің кітапхана мен облыстың бас басылымы «Ortalyq Qazaqstan» арасында сонау алыс жылдардан бері үзілмей келе жатқан тығыз іскерлік байланыс бар. Кітапхана қорында 1949 жылдардан бергі «Советтік Қарағанды» атауымен шыққан кезінен бергі газет тігінділері сақтаулы. Өлкенің тыныс-тіршілігі, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени саладағы оң өзгерістер мен жарқын жетістіктерді осы басылымды оқу нәтижесінде дәйекті деректерге негізделген ақпаратқа қол жеткіземіз.
Газетке шыққан жерлестеріміздің әр жетістігін кітапхананың мұрағатына және электронды каталогына мұқият сақтаймыз. Бұл - ертеден қалыптасқан дәстүр. Қазыналы аймағымыздың шежіресі, жүрек соғысы бар газетті оқу арқылы ана тілімізге деген құрметті көрсетеміз. Ана тілімізде шығатын газеттің беделін көтеру, кеңінен насихаттау – біздің міндет болса, сол газеттің құндылығын сақтап қалу – көзі ашық, көкірегі ояу әр азаматтың міндеті.

Біздің кітапхананың «Ortalyq Qazaqstanға» бір жылға жазылғанымызды қуана айтқымыз келеді. Бәрін айтта бірін айт. Жазылу, тіпті, жеңілдей түскен екен. Ақпараттық технология дамыған қазіргі кезде енді сіз үйде отырып-ақ, QR код арқылы Ortalyqqа жазыла аласыз.
Гаджетке үңілме, газет оқы! Жазылыңыз, оқыңыз!