[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/metod/2019_konkursCBS is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Байқау қорытындысы
Бүгінгі күні жастардың қоғам өміріндегі рөлі күн өткен сайын маңызды болып келеді. Алдыңғы шепке серпінді, креативті, заманауи ой-пікірі бар жас кәсіпқой мамандар шығатын уақыт туды. Жақсы кәсіби дайындығы мен дұрыс ұйымдастырушылық қабілеті бар қызметкерлер кітапхана тағдырын анықтайды.
3 тамыз күні Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен кітапханамызда «Жылдың үздік жас кітапханашысы — 2023» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
{gallery}material/news/2023_luchshiy_bibl/1{/gallery}
Байқау арқылы бүгінгі күні кітапханаларда қоғамның қойған талаптарына сай бола алатын білімді, мақсаткер, шығармашыл, жағдайды билей алатын, өзгерістерді дер кезінде көріп, дұрыс шешім қабылдай алатын жоғары деңгейдегі мамандарды анықтауға тырыстық.
Облыстық байқауға Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандары мен Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалаларының орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінен 11 үміткер қатысып, біліктілігін сынға салды.
Ал жастардың әлеуетін білікті де кәсіби мамандар анықтады: А.К. Карашова - Н.В. Гоголь ОӘҒК облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы (қазылар төрайымы), В.И. Пак - Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК ғылыми хатшысы К.М. Калиева - Абай атындағы облыстық балалар кітапхана басшысының орынбасары.
Жастарға бүгін кітапхана мен кітапханашының бет-бейнесін өзгерту – біздің мамандыққа деген құрметті жаңғыртудың жалғыз жолы екенін ұғындыра сөйлеп Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшысы Д.Б. Аманжолова байқауды ашты.
Жастарға байқау барысында бағыт-бағдар бере отыра жүргізсін деген ниетпен білікті де тәжірибесі мол кітапхана қызметкерлері Б. Оспанкулова мен Э. Ярцева байқауды көрікті жүргізді.
Жалпы ереже бойынша байқау төрт кезеңде өтті.
І кезең «Кітапханашы келбеті» деп аталып, қатысушылардың ұсынған бейнероликтері арқылы өздерімен таныстық.
«Библиопортфолио» кезеңінде қатысушылар өздерінің бірегей шығармашылық жобаларын қорғады. Жобалар арқылы облыс кітапханаларында оқырмандарды кітапханаға және кітап оқуға тарту мақсатында іске асырылып жатқан жаңа идеялармен таныстық. Атап айтар болсақ, Абай ауданынан келген үміткер Ыбрайхан Әйгерім Дубовка ауыл кітапханасында жасөспірімдердің көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, логикасын, сыни ойлауын және көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Жалын» дебат клубын ұйымдастырғаны жайлы айтса, М. Әуезов атындағы Қарағанды қалалық кітапханасының кітапханашысы Е. Величко балаларға арналған «Студия эстетического воспитания» атты өз жобасы жайында баяндап, оқырмандарымен қыркүйек айында Астанада өтетін Comiс Сon фестиваліне қатысатыны жайлы бөлісті.
III «Библиоэрудит» кезеңіне қазылар алқасы кәсіби сұрақтар дайындап, қатысушылар кәсіби шеберліктерін, ой-өрісінің кеңдігін, тапқырлығын көрсетті. Анықтама түрлері, кітапхананы пайдалану ережелері, ірі баспаларды атаған жас мамандар кітапханалық өлкетануға байланысты сұрақтардың жауаптарына тіпті іркілмеді. Дегенмен, әлі де жас кітапханашылар кітапхана саласының қыр-сырын тереңдете білу үшін жүйелі түрде өз білімдерін жетілдіру керектігіне көзіміз жетті.
{gallery}material/news/2023_luchshiy_bibl/2{/gallery}
Ал кітапханашылардың жеті қырлы, бір сырлы екенін дәлелдейтін соңғы IV кезең қатысушылардың туған өлкеге деген махаббаттарын анық байқатты. Ақтоғай ауданынан келген Толеуова Перизат жазушы К. Жүністегінің 80-жылдары сапарда естіген әңгімесі бойынша Жидебай батыр туралы шығармашылық қойылым ұсынса, Шет ауданынан келген үміткер Нұрахметов Азамат «Қарағанды» қаласына арналған әнді нақышана келтіріп орындады.
Жалындап тұрған жас мамандар арасынан ең үздік дегенді таңдау қазылар алқасына қиынға соқты. Дегенмен, «Жылдың үздік жас кітапханашысы — 2023» байқауының ЖЕҢІМПАЗЫ болып Шет аудандық орталық кітапханасының жас кітапханашысы Нұрахметов Азамат Амантайұлы танылып, 100 мың теңгелік сертификатқа және облыстық басқарманың Дипломына ие болды. Ал байқаудың қалған 10 үміткеріне «Қатысушы Сертификаты» табысталды.
{gallery}material/news/2023_luchshiy_bibl/3{/gallery}
Байқаудың жеңімпазының алдында үлкен міндет тұрғаны әрбір қазылар алқасымен айтылды. Себебі, ағымдағы жылдың қазан айында ҚР Ұлттық кітапханасында өтетін «Жылдың үздік жас кітапханашысы — 2023» республикалық байқауында Нұрахметов Азамат арқа елінің намысын қорғайды. Азаматқа Қарағанды облысы кітапханашыларының абыройын жоғары деңгейден көрсетуіне сәттілі серік болсын деген тілектеміз!
Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы биылғы жылы Қарағанды облысының қалалық орталық кітапханалары арасында "Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана" атты облыстық байқауын жариялап, өткізген еді.
Байқаудың мақсаты – мәдени-біліми, кәсіптік бағдар беретін және ақпараттық-технологиялық перспективті-инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын шығармашыл кітапханаларды анықтау және ынталандыру. Қалалық кітапханалардың ақпараттық, әдістемелік білім орталығы ретінде одан әрі қалыптасуын қамтамасыз ету..
Облыстық байқауға Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Шахтинск орталық қалалық кітапханалары қатысып, 6 номинация бойынша 44 жоба ұсынды.
"Әлеуметтік әріптестік үлгісі", "Кітапхана – орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің дамыту орталығы", "Кітапхана - навигатор", "Кітап қорын толықтырудың жаңа түрлері", "Кітапхана – өлкетану орталығы", "Кітапхана – ақпараттық-демалыс орталығы" сынды аталымдармен өткен байқауда облыстың кітапханашылары қалалық ортада кітапхананың оң имиджін қалыптастыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кітапхана бойынша виртуалды экскурсия жасау, "Алақандағы кітапхана" мобильді қосымшаны іске қосу, QR-кодтар арқылы туған қала туралы ақпарат алу, кітапхана қорын қалыптастыру мақсатында краудсорсинг платформасын құру, электронды контентті қалыптастыру, құжаттарды цифрлау, 3D, 4D, 5D форматындағы және флипбэк, флипбук басылымдарымен толықтыру инновациялық бағыттарын жобаларында көрсете білді. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында заманауи тәсілдің бірі оn-line режимінде кітапханашыларды оқыту, Book-bus - заманауи ақпараттық жылжымалы кітапханасымен қамтамасыз ету, бірегей ақпараттық кеңістік құру және волонтерлерді өлкені зерттеу жұмыстарына қатыстыру секілді креативті идеялар мен жобалар ұсынылды.
{gallery}material/metod/2019_konkursCBS{/gallery}
Әр қалалық кітапхана өз кітапханасының даму моделін көрсетті. Байқау барысында кітапхана дамуының қандай да бір үлгісінің қоғамдағы тұрақты қалыптасуы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында аталмыш байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға қатысқан 7 қалалық кітапхананың бесеуі қатысушы сертификаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, сайысқа қатысқан жоба авторлары алғыс хаттармен марапатталып, номинациялар бойынша "Үздік жобалар" автоларына диплом және бағалы сыйлық берілді. Атап айтар болсақ: "Әлеуметтік әріптестік үлгісі" номинациясы бойынша Л.А.Мартель, "Кітапхана – орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің дамыту орталығы" номинациясы бойынша С.Е. Кейкина, "Кітапхана – өлкетану орталығы" аталымы бойынша М.С. Айтжанова, Г.И.Газизова, "Кітапхана – ақпараттық-демалыс орталығы" номинациясы бойынша А.К.Сарина.
Жеті кітапхананың екеуі үздік кітапханаға тән барлық талаптар мен өлшемдерге сәйкес келді. Сондықтан қазылар алқасының мүшелері бас жүлде мен ұйымдастыру комитетінің арнайы жүлдесін тағайындау туралы шешімге келді. Бұқар жырау атындағы Шахтинск қалалық орталық кітапханасы "Үздік қалалық кітапхана" деп танылып, бас сыйлығына ие болды. Ал, С.Сейфуллин атындағы Балқаш қалалық кітапханасы ұйымдастыру комитетінің арнайы жүдесінің иегері атанды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!
Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана" атты байқауын жариялайды. Байқауға Қарағанды облысының қалалық орталық кітапханалары шақырылады.
Байқаудың мақсаты - кітапханаларды дамытудың бағытын анықтау, қоғамға қажет кітапхананың жаңа моделін құру үшін оларды өзгерту және одан әрі ақпараттық, бос уақыт өткізу, әдістемелік, білім орталықтары ретінде қалыптасуын ұсыну.
Байқауда кітапхана дамуының келесі модельдері талқыланады: "Кітапхана – білім орталығы", "Кітапхана – ақпарат және демалыс орталығы", "Кітапхана - навигатор", "Кітапхана – өлкетану орталығы". Байқауға қатысушылар сараптық комиссияға кітапхананың даму моделін ұсынады.
Осылайша, қалалық кітапханалардың өкілдері өз кітапханаларының даму моделін ұсынуға мүмкіндігі бар. Байқау қорытындысы бойынша кітапхана дамуының қандай да бір үлгісінің қоғамдағы тұрақты қалыптасуы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.
"Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана" атты облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!
Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Орталық аудандық кітапхана - ауданның кітапханалық жүйесінің флагманы" атты байқауын жариялайды. Байқауға Қарағанды облысының аудандық ОКЖ-нің орталық кітапханалары шақырылады.
Ағымдағы жылдың 19 маусым мен 12 шілде аралығында "Аудандық орталық кітапхана – кітапханалық жүйенің флагманы" атты облыстық байқаудың 4-кезеңі өтті. Аталмыш кезеңде Мәдениет басқармасы және ОӘҒК мамандарынан құрылған байқау комиссиясы аудандардың орталық кітапханаларына барып, олардың қызметімен тікелей танысты.
Әр қатысушы-кітапхана құрылымдық бөлімшелер бойынша экскурсия ұйымдастырды. Байқаудың комиссиясы орталық кітапхананың жетекші мамандарымен кездесті, әр бөлімшенің құжаттарын және жалпы жағдайын зерттей отырып, қызметімен танысты.
Іс-сапардың маңызды бөлігі Орталық кітапханалар және жүйені дамыту мақсатындағы жобаларды таныстыру. Байқаудың ережесі бойынша кітапханалық қызметтің 6 негізгі бағыты анықталды: әкімшілік басқару, әдістемелік қамтамасыз ету, қорды толықтыру, автоматтандыру қызметі, оқырмандарды тарту және библиографиялық қызмет көрсету. ОКЖ-лері жобаларды дайындауда кітапхана ісінде жиналған тәжірибе мен және соңғы жеткен жетістіктеріне сүйенді.
Қыркүйек айында байқауға қатысушылар өз шығармашылық жобаларының соңғы нұсқасын байқау комиссиясының қарастыруына ұсынды. Комиссия жиналған материалдарға талдау жасауға және байқау жеңімпаздарын анықтауға кірісті. Ең үздік аудандық кітапханадан басқа, әр 6 негізгі бағыт бойынша ең үздік жоба анықталады.
________________________________________________________________________________________
Облыс кітапханашыларының біліктілігін арттыру жүйесі "Облыстағы кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру туралы" Ережесімен регламенттелген.
"Бір ел - бір кітап" (2013 - 2015) акциясы.
Функционалдық мамандану есебімен, лауазымы, өтілі мен білімінің жіктелуі негізінде оқытуды қарастырады.
Үздіксіз білім беру жүйесінде кітапханашыларды оқыту түрлері әртүрлі: академиялық (семинарлар, семинар-тренингтер, мәжілістер, практикумдар, стажировкалар). Интерактивтік (іскер ойындар, тренингтер, байқаулар, "дөңгелек үстелдер", пікірталастар, сондай-ақ нақты проблемалық жақтарды талдау, топтық тапсырмалар). Тәжірибелік сабақтар (рефераттарды қорғау, үй тапсырмасын дайындау және т.б.). WEB 2.0. сервистерін қолдану.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылар арасында "Жастар бастамасы - кітапхана болашағы" кітапхана ісіне ғылыми мақала жариялау бойынша республикалық байқау өтеді.
Облыстағы кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру жүйесінің құрылымы:
-
Халықаралық, республикалық іс-шараларға қатысу;
-
Облыстық, аймақтық, көшпелі семинарлар;
-
"Кәсіби оқыту Мектебі";
-
Әдіскерлер секциясы;
-
Библиографтар секциясы;
-
Толықтырушылар секциясы;
-
Автоматизация бөлімі меңгерушілерінің секциясы;
-
Ересек тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсету секциясы;
-
Ауыл кітапханашылары секциясы;
- Оқу орталығы
-
Компьютерлік сауаттылық курстары