Жалпы мәлімет. Барлық ведомстволар кітапханаларының жалпы санынан (2013 жылы - 935, 2012 жылы – 941, 2011 жылы - 952) мәдениет және ақпарат Министрлігіне қарасты кітапханалар 35,5%-ды құрайды, яғни 332 кітапхана.

Бұл 4 облыстық кітапхана: Сәтпаев қаласындағы дербес жасөспірімдер кітапханасы және 18 ОКЖ біріктірілген 327 кітапхана, нақты айтқанда 9 қалалық және 9 аудандық ОКЖ (9 ОАК, 9 ОҚК, 13 ОБК, 232 ауылдық филиалдар, 40 қалалық филиалдар, 19 балаларға арналған филиал, 3 жасөспірімдер филиалы және 2 кітапхана-клуб).

  • Облыс кітапханалары бағыт-бағдары бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
  • үлгілі кітапхана (олардың саны 97, оның ішінде 92 аудандық ОКЖ және 5 қалалық ОКЖ);
  • кітапхана-клуб (Бұқаржырау ОКЖ Үштөбе, және Доскей ауылдарының 2 үлгілі кітапхана-клубы);
  • отбасылық оқу кітапханасы (Қарағанды ОКЖ 1 кітапхана, Саран ОКЖ 3 кітапхана, Сәтпаев ОКЖ 1 кітапхана);
  • Балқаш ОКЖ «Сырлас» мемлекеттік тілді насихаттау кітапханасы;
  • экологиялық бағыттағы кітапхана (Балқаш ОКЖ)

Барлық кітапханалар бейімделген кітапханаларда орналасқан. Шахтинск қалалық орталық кітапханасы типтік ғимаратта орналасқан.

Күрделі жөндеу жұмыстары 3 ОАК ( Жаңаарқа, Шет, Қарқаралы) және Теміртау ОҚК; Шет ОКЖ ОБК , 11 ауылдық филиал (Жаңаарқа ауданының Түгіскен ауыл кітапханасы, Ақтоғай ауданындағы , Нұркен, Сарытерек, Шабанбай ауылдарының кітапханалары мен Шашубай кентінің кітапханасы, Қарқаралы ауданының Егінді, Нүркен, Әубәкіров ауылдарының, Қарағайлы кентінің кітапханалары, Ұлытау ауданының Пионер, Қаракұм ауылдарының кітапханасы) және Саран қаласының №1 ООК қалалық кітапханасы.

Ұлытау ауданының Ақтас ауылдық кітапханасы апатты жағдайда.

Стационардан тыс қызмет көрсету түрі. Стационардан тыс кітапхана желісі 360 жылжымалы кітапханалар мен кітап берілім пунктерінен тұрады.

Tолығырақ ОКЖ бойынша қараңыз