Әскери авиатор. Мектеп бітірісімен қарағандылық 50 қыздың қатарында өздері тіленіп майданға аттанғандардың бірі. Вольск  (Саратов облысы) қаласында әскери дайындықтан өткенннен кейін Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысады. Әуелі 898-ші, кейін 659-шы авиациялық истребитель полкында  «ЯК» жойғыш ұшағының 37 мм зеңбірегінің, қос пулеметін оқтаушы жауынгер болып шығады. Сталинград қанды қасабынан басталған жол Австрияның астанасы Вена қаласына дейін жалғасады. Курск-Орел доғасы, Одесса шайқасына қатысады, сонан кейін Румыния, Болгария, Австрия жерлерін азат етуге үлес қосады. Жеңіс күнін Вена түбінде қарсы алады. Ол елге «Жауынгерлік қызметі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Будапешті алғаны үшін», «Белградты азат еткені үшін», «Венаны алғаны үшін», «1941-1945 жж. Германияны жеңгені үшін» медальдарын тағып оралды. Болгарияның «1941-1945 жж. Отан соғысына қатысқаны үшін» медалімен де наградталады. Соғыс аяқталысымен майданда дәм-тұзы жарасқан эскадрилья инженері Н.П. Вишимен Қарағандыға қайтып келеді. Облыстық банкте жұмыс істейді. Екі балалы болады. Немерелер көреді.

 Әдебиеттер:

Любовь Цаплина // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 14-19 б.

***

Любовь Цаплина // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 105-107 б.

Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.] ; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. - 313 с.

Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика  Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 255 с.