Әскери теміржолшы. Осакаров поселкесіндегі №1 орта мектепті бітірген. 1941 жылы өзі тіленіп, майданға сұранады. Әскери комиссариат оны темір жол бойына жібереді. Үміт паровоз кочегарының көмекшісі міндетін атқарып жүргенде өрттің салдарынан ауыр жараланады. Елге қайтып оралған соң арнайы курста оқып, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органында кіші лейтенант шенінде қызмет атқарады. 1960 жылдан сақтық кассаларында жұмыс істеп, зейнетке шығады. Отағасы, Югославия партизандары қатарында болған соғыс ардагері Оспан Шілдебаевпен тұрмыс құрып, төрт бала тәрбиелеп өсірді. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», басқа да мерекелік медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Әскери теміржолшы Үміт Толқыбекова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 74-78 б.
***
Военный железнодорожник Умит Толкыбекова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 131-135 б.
Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 255 с.
Толкубекова Умит Жумадиловна // Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.] ; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. – 122 с.