Әскери- авиатор. Қазіргі Бұқар жырау ауданы Ботақара поселкесінің тумасы. Өзінің патриот құрбыларындай 1942 жылдың көктемінде әскери комиссариатқа майданға жіберуді сұраған өтініші орындалып, Вольскіде (Саратов облысы) арнаулы курста авиамеханик мамандығын алып шығады. Жауынгерлік жолы Сталинград майданындағы 2-ші истребительдер (кейін 85 гвардиялық) авиаполкінде басталады. Ол Кеңес Одағыынғ Батыры, сайыпқыран ұшқыштар А.Решетов, Н.Выдриган, Ф.Морозовтармен бірге Оң жағалаулы Украина, Қырым, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия жерлерінде жауынгерлік жолдан өтті. Соғыстан соң туған жеріне оралып, ДОСААФ-тың авиаспорт клубында қызмет атқардаы. Оның жолдасы Ю.Верховых бұрынғы ұшқыш. Оларды ұлдары Сергей – байланысшы. Валентина Васильевна «Сталинградты қорғағаны үшін», «Венаны алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» жауынгерлік медальдарымен марапатталды.
Әдебиеттер:
Валентина Свиридова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 48-53 б.
***
Валентина Свиридова // Лұқпанов Е. Жауынгер қыздар = Боевые подруги / ред. Қ.Ә. Аманбаев. - Қарағанды: [б. и.], 1995. – 95-99 б.
Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века): монография / Б. Т. Тулеуова [и др.]; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Гос. уни-т им. акад. Е. А. Букетова, Научно-исследовательский центр "Тұлғатану". – Караганда: Тенгри, 2016. - 123 с.
Сактаганова З. Г. Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг.: монография / З. Г. Сактаганова, Ж. Ж. Турсынова, А. Ж. Смагулов; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Карагандинский Государственный университет им. академика Е. А. Букетова, Центр этнокультурных и историко-антропологических исследований. - Караганда: Изд-во КарГУ , 2016. - 255 с.