Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/exhibition/karazhigitov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/exhibition/karazhigitov is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

{gallery}material/exhibition/karazhigitov{/gallery}

Қаражігітов А. Абыздар биігі: публицистикалық ғұмырнамалық эссе. - Астана: Сарыарқа, 2001. – 304 б.

Жазушының бұл кітабына өмір шырғалаңы даңқты ата-бабалар, ділмәр, абыз шешендер, ел қорғаған батырлар басынан өткен тарихтық аңыз, ел мен туған жерге қатысты ел жадында сақталған ғұмырнамалық деректер арқау болған. Шығармада уақыт тынысы, халықты зар қақсатқан дүлей дәуірдің қатал үстемдігі ызғары айқын сезіліп отырады. Халық зердесінде сақталған өмір шындығы аға буын, ұрпақтар өткен даңқты да азапты кешулер оқырманын жайбарақат қалдырмасы сөсіз. Шығарма тілі тартымды, жеңіл оқылады.

Қаражігітов А. Әке дауысы: повесть және әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1991. - 144 б.

Автордың бұл кітабына "Әке дауысы" атты повесі және екі әңгіме еніп отыр. Повесть соғыстан мүгедек болып оралған Қадыр атты азаматтың басынан кешкен түрлі қиыншылықтарын баян етеді.

Әңгімелер мал шаруашылығында жүрген қазіргі жастар өмірінен сыр шертеді

Қаражігітов А. Қайран шеше: әңгімелер, хикаяттар. - Алматы: Ана тілі, 1998. - 231 б.

Кітапқа қаламгердің соңғы кездері жазған шығармалары енген. "Базекеңнің әңгімесі" хикаятында отызыншы жылдардың басындағы ашаршылық апаты, "Сөнбеген шырақ" хикаятында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиыншылық туралы нанымды баяндалады. Қазіргі уақыттың оқиғалары туралы сөз болатын "Қиядағы жалғыз үй", "Ашылмаған сыр" атты туындылар да оқырмандардың назарын аударары анық.

Қаражігітов А. Шақпақ: повестер. - Алматы: Жалын, 1983. - 106 б.

Автор шығармаларында халқымыз бастан өткерген тарихи оқиғаларды суреттейді.

Ұлы Октябрь революциясы алдындағы қазақ ауылының бейнесі, тап тартысы, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизандардың ерліктері оқушының көз алдынан өтеді.

Ормантаев А., Қаражігітов А., Дүйсебаев И. Ауыл театры.-Алматы: Қайнар, 1984 , - 198 бет.

"Ел іші - өнер кеніші" демекші, бұл күндері республикамызда өздерінің өнерімен ауыл еңбеккерлерінің жігеріне-жігер, шабытына-шабыт. ауыл-селода мәдени-тәрбие жұмысын жақсартуға лайықты үлес қосып жүрген өнерпаздар коллективтері мен халық таланттары көптеп саналады. Бұл кітапта Қазалы, Аманкелді халық театры мен Ленин атындағы колхоздың халық театры коллективінің ауыл еңбеккерлеріне. әсіресе, алыстағы малшылар қауымына мәдени қызмет көрсетудегі үлгілі істері жайлы сөз болады. Кітап село мәдениет мекемелерінің қызметкерлеріне, ауыл еңбеккерлеріне, халық театрлары мен көркемөнерпаздар коллективінің мүшелеріне арналған.