Кітап сүйер қауым, бізде жаңа кітап! «Күміс кісе». Авторы Абзал Бөкен.

Бұл кітаптың тұсауы ақынның 75 жас мерейтойына арналған «Күн астынан күміс жамбы жаудырған» атты шығармашылық кешінде кесілген болатын. Сол кеште осы кітапқа қолымыз жетпей қалып еді. Абзал аға өзім кітапханаға әкеп берем деген уәдесінде тұрып, кітапханамызға сыйға тартты. Оқырманын қуантты.
Жалынды жырларымен оқыр¬мандарының жүрегіне елдік пен ерліктің дәнін еккен, қазақ поэ¬зиясында айшықты қолтаңбасы бар ақын Абзал Бөкеннің бұл кітабы Алматыдағы  «Ар» баспасынан басылып шықты.

Толығырақ...

Бүгін Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қарағанды қаласының колледж студенттері арасында «Балалар әдебиетінің классигі» атты әдеби ринг ойыны өтті.

Шараның мақсаты-қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. Ұлттық әдебиеттің үздік шығармаларын оқу арқылы кітап оқуға баулу.

Толығырақ...