2024 жылдың 11 маусымында сағат 11.00-де Қарағанды қаласының тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына арналған дәстүрлі «Жазғы Оқу қаласы»  жобасы жұмыс жасауын бастады. Бұл жоба 2013 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен жүзеге асырылып, оныншы рет өткізілуде.

Жобаның мақсаты – кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын ынталандыру, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту.

Жобаның ашылуы кітапхананы өз оқырманына жақындатуға, қала тұрғындарының кітап оқуына және демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Кез-келген адам жазғы оқу залының оқырманы бола алады.

 

Аталмыш шараға «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілері, №18 орта мектеп оқушылары, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты. Оқушылар сарайының «Джеронимо» заманауи би ансамблі «Ветер степей» биімен өнер көрсетіп, «Art аction» оқу орталығының жетекшісі М. Ергина ақын Ю. Лермонтовтың «Журналист, читатель и писатель» өлеңін оқыды. Сонымен қатар кітапхана қызметкері Ақбергенов Еркебұлан авторлық «Шексіздік» өлеңін оқып, іс-шараға қолдау көрсетті.

Шара барысында «Бәрін білгім келеді», «Кітап әлемінде», «Кітап патшалығы», «Кітапқұмарлар аралы», «Твистер», «Өлкетану алаңы», «Оқи отырып дос болайық» атты шығармашылық алаңдар арқылы қатысушыларға викториналар, ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды.

Жазғы Оқу қаласында арнайы буккроссинг сөресі орналастырылған, яғни сіз ұнаған кітабыңызды алып, орнына басқа кітап қалдырып немесе өзіңізге қалдыруыңызға болады. Ұсынылған кітаптардың ішінде классикалық көркем әдебиетті, салалық және шетел әдебиеттерін табуға болады.

Жазғы оқу қаласы 11 маусымнан бастап 15 тамызға дейін аптасына екі рет: сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайтын болады.