Алдияр Бақытжан 1974 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының Турбат ауылында дүниеге келген. Қожа Ахмет Йасауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университетінің филология факультетін бітірген. Шығармалары төрт ұжымдық жинақта жарияланған. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.

Көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, республикалық М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың иегері. Көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, республикалық М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың иегері.

Алғашында айтысқа қатысып, жүлдегер атанған. Кейіннен жазба поэзияға ауысқан. Бүгіндері еліміздегі үздік таланттың, дара шыққан дарындардың қатарына жатады.

Ұқсамаса ұқсамасын жорғаға,

Екеумізді шақыратын жол ғана.

Есениннің жатқа оқитын өлеңін,

Есегіне теріс мінген сол бала.

Немесе, Қоян жылы болмаған деп қолайлы,

Қарап қойып Қосмола мен Қаржанға,

Насыр атам насыбайын орайды,

Нострадамус айтып кеткен болжамға –деген өлең шумақтарынан сюжетті жырларды көп жазатынын байқауға болады.

Б.Алдияр қазақы ауылдың жыршысы. Оның ауылға деген сағынышы, махаббаты, балғын балалығына деген аңсары «Ауылға жазған арзулар» топтамасындағы жырларының әрбір шумағынан айқын сезіліп тұрады:

Көгілдір тау, көнбіс ел, көне мекен,

Көңілімде орының неге бөтен?! ...

Шықсын десең алдымнан бағым дара,

Болам десең шын ақын – жаныңда да

Әппақ бір таң атуы керек екен. – дейді ол.

Қазақ поэзиясының бүгінгі лирикалық жанрындағы ерек үлгісінің бірі «Көкбөрінің жыры» өлеңінде автор мен «бөрі» монологы қосарлана келіп отырады. Көкбөрі арқылы аңызды тірілте отырып, тегімізден тамыр тартқан «рухты» іздеу, шақыру идеясын көрсеткен.

«Қаратау қызына хат», «Сезімдер сөйлегенде» деп аталатын топтамаларындағы «Әппақ әлем. Ақ әлем», «Еркелеу қыз ең», «Қаратаудың қара басын қар шалып...», «Күнікей қыз», «Кінәлай көрме», «Күлші, жаным...», «Тәтті ерінді тәбәрігім сен едің...», «Қаршадай қыз» және тағы да басқа көптеген өлеңдерінен нағыз махаббат жыршысы екендігін де байқаймыз.

Шығармалары:

  1. Алдияр Б. Жүрісіме күллі жердің күлді үсті...:Өлең – сөздің патшасы / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 5 қаңтар (№1). – 8 б.
  2. Алдияр, Б. Алаулайды бір отым тәңір жаққан... [Мәтін] : [өлеңдер] / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 27 мамыр(N20). - 12 б.
  3. Алдияр Б. Ақын ініммен әңгіме. Жол: өлеңдер / Б. Алдияр // Болашақ.- 2006. - қазан (№40).
  4. Алдияр, Б. Қасқыр, қасқа құлын, Қасым һәм Қасымхан [Мәтін] / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 18 тамыз (№33-34). - 18-19 б.
  5. Алдияр Б. Құбыла: Өлеңдер.- Алматы. - 2006.- 192 бет.
  6. Алдияр, Б. Айықпас бір дерт еңсемізді езіп қорғасын...Мәтін / Б.Алдияр // Жұлдыз. – 2007. - №5. – 14-19 б.
  7. Алдияр Б. Айықпас бір дерт еңсемді езіп қорғасын: өлеңдер / Б. Алдияр // Жұлдыз. – 2007. – мамыр (№5). - 14-19 бет.
  8. Алдияр Б. Болған оқиға: өлең / Б. Алдияр // Жас қазақ.- 2007. - 2 қараша (№ 44).
  9. Алдияр Б. Көкбөрінің жыры: өлең / Б. Алдияр // Ана тілі.-2007. № 44 (1 қараша).
  10.  Алдияр Б. «Шымқаланың сыртында...»: өлең / Б. Алдияр // Қазақ әдебиеті.- 2007. – 2 қараша (№ 44).
  11.  Алдияр, Б. "Ару бұлттар қайтқанда ауыл жақтан..."[Мәтін] / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 24-30 сәуір (№ 15). - 9 б.
  12.  Алдияр, Б. Аламан жылдар [Мәтін] : өлеңдер / Б.Алдияр // Жұлдыз. - 2010. - № 6. - 109-110 б.
  13.  Алдияр, Б. Таина тайпасының соңғы өкілі [Мәтін] / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 10-23 желтоқсан (№ 48/49). - 13 б.
  14.  Алдияр, Б. Тас қамалда отырады қасқалар... [Мәтін] : [өлеңдер] / Б.Алдияр // Таң-Шолпан. - 2010. - № 6. - 117 - 129 б.
  15.  Алдияр, Б. Біздер осы періште емес, періміз... [Мәтін] / Б.Алдияр // Түркістан. - 2011. - 28 сәуір (№ 17). - 11 б.
  16.  Алдияр Б. Бір қолымда - Құраным, бір қолымда - күн көтерген қыраным..: өлеңдер / Б. Алдияр // Дала мен қала.- 2011.- 1 тамыз (№31).-14 б.
  17.  Алдияр Б. Тастағы өлең: өлең / Б. Алдияр // «Жұлдыздар отбасы». -2011. – ақпан (№ 4).

Мақалалары:

  1. Алдияр, Б. "Менің үйім жүрегім" [Мәтін] : ақын Жарас Сәрсек шығармашылығы хақында толғаныс / Б. Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 6 наурыз (№10). - 11 б.
  2. Бақытжан Алдияр: Мен қалалық емеспін... Айқын.
  3. Б.Алдияр.Өлеңдері. Мәссаған!

Ол туралы:

  • 1) Алдияр Бақытжан // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 23 б.
  • 2) Алдияр Бақытжан // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы. - 2005. – 34 б.
  • 3) Бегманов Қ. Оңтүстік: Өлең (Б. Алдиярға) // Қазақ әдебиеті. – 2007. - 29 маусым (№ 26.).
  • 4) Мүшәйра мәреге жетті [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 2-8 қараша (№44). - 7 б.
  • 5) Төленбекқызы С. «Бүгінгі поэзияға 100 пайыз көңілім толады»: Б.Алдиярдың сұхбаты / сұхбаттасқан С.Төленбекқызы // «Айғақ».- 2007. - 30 қазан (№ 43).
  • 6) Медетбек, Т. Алтынкөпірліктер [Мәтін]: (Қазіргі жастар поэзиясы хақында) / Т. Медетбек // Жұлдыз. - 2008. - №1. - 143-165 б; №2. - 126-140 б.
  • 7) Боранбай Ж. «Құбыладан» көп ой түйдік: Б. Алдиярдың жыр жинағы жайында бірер сөз // «Айғақ».- 2009. - 13 қаңтар (№ 1-2).
  • 8) Ислам Д. Тұрбат тұлпарының мұңы: ақын Б. Алдияр туралы // «Евразия».- 2009. - 20 ақпан (№ 7).
  • 9) Әшірбекова Г. Доминиканда «өлә» деп амандасады, «каякпен жүзеді»: ақын Б. Алдиярдың Доминикан республикасына сапары туралы сұхбат / сұхбаттасқан Г.Әшірбекова // «Замана». – 2010. - 8 қараша (№ 44).
  • 10) Жүніс Е. Бақытжан Алдияр: «Мен қалалық емеспін»: сұхбат / Б.Алдиярмен сұхбаттасқан Е.Жүніс // «Айқын». – 2011. - 16 сәуір (№ 67).
  • 11) Құдайбергенов Ә., Дәрігерлерден гөрі өз ем-домыма көбірек сенемін: [Ақын Бақытжан Алдиярмен "Денсаулықты сақтаудың негізгі қағидасы қандай?" сауалнамаға жауабы] / Ә. Құдайбергенов // Жұлдыздар отбасы.- 2011.- шілде (№14).- 4б.
  • 12) Құдайбергенова Ә. Бақытжан Алдияр, ақын: «Шенді мен шекпендіге жалтақтау біздің табиғатта жоқ»: сұхбат // «Жұлдыздар отбасы». – 2011. - сәуір (№ 8).
  • 13) Жалбызға орап өсірген жалғыз өлең... [Мәтін] / Т.Ешенұлы [және т. б.] // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 28 желтоқсан (№ 52). - 12 б.
  • 14)  А.Бақытжан шығармашылығы. Қаламгер.

Ақын-Баба Ақсұңқар 1976 жылы 19 сәуірде дүниеге келген. 1998 жылы С.Торайғыров атындағы университетті үздік бітірген. Журналист, жас ақын. 1998 жылы Қазақстан телерадио компаниясында «Шапағат» таңғы бағдарламалар редакциясында тәжірибеден өтіп, редакторлық қызмет атқарды. 1999-2002 жж. Алматы облыстық «Жетісу» басылымында мәдениет және әдебиет бөлімінде журналист, 2003 жылы Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Мемлекеттік Академиялық оркестрінде жүргізуші, 2004 жылы «Жалын» журналында редактор, 2004–2008 жж. «Қазақстан» РТРКның «Шалқар» және Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, 2008–2009 жж. Қазақ радиосы бойынша сарапшы редактор, 2009 жылдан «Қазақстан» ҰТАның эксперт тобында телерадио бағдарламалары бойынша жетекші маман қызметін атқарады.

2001 жылы «Елорда» баспасынан «Мен – Алтайдан ұшқан Ақсұңқар» атты жыр жинағы жарық көрді. «Қазақ ақындарының антологиясына», «Қыз ғұмыр – жыр ғұмыр» жинақтарына (2003) Қырғызстанда жарық көрген қазақ ақындарының жыр жинағына өлеңдері енген. «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының (2002) және Ғ.Мүсірепов атындағы Республикалық ақындар мүшайрасының лауреаты.

   Безіндім! Мүлдем безіндім–

   Аптабынан мұндай сезімнің!

   Мас еркектер малтып өлердей–

   Қарашығына қара көзімнің–

дегендей өр ақынның өлеңдері сияқты өткір сезіммен елең еткізеді.

Шығармалары:

1) Ақынбаба А. Тілегі-адал қызыңмын: өлеңдер / А.Ақынбаба // Парасат. – 2001. - №12. – 9 б.

Ақынбабақызы А. Мен Алтайдан ұшқан ақсұңқар: Өлеңдер. – Астана: «Елорда». – 2001.

Мақалалары:

    • Ақынбаба А.Қазіргі қазақ [Мәтін] / А. Ақынбаба // Ақиқат. - 2013. - № 1. - 33-35 б.

Ол туралы:

1) Ақын-Баба Ақсұңқар //Қазақстан жазушылары: XX ғасыр.Анықтамалық.– Алматы: Ана тілі, 2004.– 20 б.

2) Ақын-Баба Ақсұңқар // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 30 б.

3) Ақынбабақызы, А.Қазақ радиолары және әлемдік ақпарат нарығы [Мәтін] / А. Ақынбабақызы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 7 қараша (№ 729/734). - 8 б.

4) Балқыбек, Ә.Журналистикалық жанр деңгейіне дейін төмендеген поэзия немесе тағы да халтура хақында [Мәтін] / Ә.Балқыбек // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 29 наурыз. - 5 б.

5) Жақып Б. Сүттей таза жүректер.../ Б.Жақып // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 23 қараша (№47). – 10 б.

6) Иманасов, С. Алтайдан ұшқан Ақсұңқар [Мәтін] / С. Иманасов // Ана тілі. - 2001. - 10 қаңтар(N1-2). - 7 б.

7) Шонабай, Г.Мені емес, өлеңімді мақтасыншы... [Мәтін] : ақын Ақсұңқар Ақынбабақызымен сұхбат / Г. Шонабай // Жас Алаш. - 2002. - 29 қаңтар. - 5 б.

8) Biografia.kz. Акынбаба Аксункар

9) Найзағай: Жастар поэзиясы.

Айтболатұлы Батырболат Қабош 1972 жылы 19 тамызда Орал облысы, Қазталов ауданы, Бостандық ауылында туған. ӘлФараби атындағы ҚазМҰУдың филология факультетін (1995), оның аспирантурасын (2000) бітірген. 1995–1997 жж. Қазақстан Республикасы ҰҒАның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, Қазақ энциклопедиясында жетекші маман, репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорында және «Арыс» баспасында ғылыми редактор (2001), «Қазақстан» ұлттық телеарнасында стилистредактор (2002), «Атлас–2001» баспасында Бас редактор, «Глобус» Баспа үйі» ЖШСнің директорының орынбасары (2001–2004), «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі (2003), «Қазақстан теміржолшысы» газетінде тілші (2004–2006) қызметтерін атқарған. Қазір республикалық «Айқын» газетінің Астанадағы тілшілер тобының жетекшісі.

2005 жылы «Қазіргі қазақ поэзиясының түрлікбейнелілік ерекшеліктері (1980–1990 жылдар лирикасы әдеби үдеріс контексінде)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

1995 жылы «Толқыннан толқын туады» атты студенттер жыр жинағына («ЕрДәулет») бір топ өлеңі енген. Жас ақын - жазушылардың халықаралық «СоросҚазақстанДебют» байқауының жүлдесін жеңіп алған өлеңдер топтамасы арнаулы жинақта (1997, «Жібек жолы») жарияланды. Екі мәрте (1997, 1998) ҚР Президентінің стипендиаты атанды. Т.Айбергеновтің 60 жылдығына (1997), Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері «Қазақстан жас ақындарының антологиясына» (А., «Өлке», 2000) енген.

Республиканың "Айқын" газетінің Астанадағы тілшілер тобының жетекшісі.

Шығармалары:

Мен ғашық қыз. А., «Жазушы», 1996; Көзмоншақ. Астана, «Елорда», 2001.

Өлендері:

1) Б.Айтболатұлы - Мен ғашық қыз

2) Б. Айтболатұлы - Жабыққанда

3) Б.Айтболатұлы. Өлеңдер.

4) Б. Айтболатұлы. Қайрош-Қайырбек

5) Б. Айтболатұлы. Көзмоншақ

Мақалалары:

1) Айтболатұлы Б. «Шүу дегенде құлағың тосаңсиды...»: Г.Салықбаева өлеңдеріндегі өлшем-өрнек, ырғақ пен мазмұн туралы / Айтболатұлы Б. // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 7 желтоқсан (№49). – 12 б.

2) Кенесары Қасымұлы атындағы сыйлықтың жүлдегерлері // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 20 қыркүйек. – 2 б.

3) Айтболатұлы Батырболат // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. –Алматы: Ана тілі, 2004.– 17-18 б.

4) Айтболатұлы Батырболат // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 21 б.

Айтболатұлы.Б. Діни экстремизмнің сопылық синдромы-Адасқан ағымдар...

Айтболатұлы.Б.Бұйырса, қазақ дәстүрлі ән-күйінің «екінші өмірі» басталады!..

Жас қаламгерлер

Әдеби мұра – халықтың әр-түрлі тарихы кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамының айғағы. Орасан бай, сан алуан, қоғамдық, эстетикалық жай-жапсары барған сайын ашыла түсетін, терең мазмұнды, көркемдік қуатты, бейнелілік тартымды, сөз, тіл кестесімен де баурап алатын әдеби шығармаларымыз өте көп.

Әдебиет - заман ағымына сай түрленіп, өзгеріп отыратын құбылыс. Көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындыларымен бірге бүгіндері әдебиетімізге жаңа туындылар да қосылып келеді. Соңғы жылдары қоғамдағы өзгерістермен бірге әдебиетімізге де елеулі өзгерістер, жаңа есімдер еніп, заманға сай жазылған жаңа туындылар тууда. Жаңа ғасырдағы қазақ өдебиеті жаңа толқын өкілдері саналатын жас жазушылармен толығып келеді. Соңғы жылдары әдебиетіміз көптеген талантты жастармен толықты.

Әдебиет - құнарлы ойдың, сәулелі сананың мәңгілік көші болса, сол көштің лек басындағы ұлт рухы мен уақыт жүгін бойына тұмар қып таққан сөз өнерін жалғастырушы қазіргі заманғы қазақстандық жас қаламгерлер жайлы қысқаша түсінік береміз. Ұсынылып отырған ақпаратта жас ақын-жазушылардың өмірбаяны, шығармашылығы және баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларының тізімдері беріледі.

Кітапханашылардың жастар шығармашылығын насихаттауда әр түрлі тақырыпта ұйымдастыратын кітап көрмелері, даярланатын баспасөз басылымдары папкалары, тақырыптық папкалар, әңгіме, шолу, пікір-талас, талқылау, портрет кеші, тұсау кесер, әдеби кеш, әдеби портрет, кездесу, әдеби қонақжай...сияқты дәстүрлі түрдегі көпшілік шаралармен қатар, дәстүрлі емес іс-шараларды да өткізуде төмендегі мәліметтердің септігі тиеді деген сенімдеміз.

Құрастырған: Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі Р.О.Бұланбекова

Берілген мәліметтер әрдайым жаңа ақпаратпен толықтырылып отырылады. Бұл материалды құрастыруда басылымдарда, мерзімді баспасөз беттерінде, ғаламторда жарияланған деректер пайдаланылды.

Айтболатұлы
Батырболат
Ақын-Баба Ақсұңқар
Алдияр Бақытжан 
Амантай Дидар
Арыстанбек
Асылзат
 
 Асан Мирас   
 
Асқаров Қайрат
Белгібайұлы
Ахмәди Адалбек
 Әбдірахманов
Рахат Ермекұлы

Жанар Әбсадық

Әскербекқызы Жанат

 Әшімжан
Жанарбек
Әшірбаев Бекжан
Төребекұлы
Байтұрсынұлы
Дәулетбек
(Бек Сүйіндік)
 
 Беделханұлы
Бақыт
 
Бердалы
Нәзира
Берікқажыұлы
Дәурен
Дәулетбаева
Бану
Елгезек
Ақберен
Ершуова Маржан
Аманқосқызы
(Айек-Маржан)
 
Зейіпхан Ермұрат
 
Имашева Ләзиза
Иса Қазыбек
Исәділ Алмат
Кеңесбекұлы
Ерқанат(Керімсал
Кенесбекұлы)

Қамшыгер Саят 

 Қоныс Лира
Қуантайұлы
Нұржан
 
 
Мәлік Мақсат
 
Медеубаев Қуаныш
Абдоллаұлы
 
Нұрбай Руслан
 
Сейілхан Роза
 
Темірбай Алмас
 
Тойбек Жұлдыз
Райымбекқызы
Шалқаров Жәлел
Қуандықұлы
 
 
Ыбыраев
Маралтай
Райымбекұлы
           

 

Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 5 үлгілі кітапхана халыққа қызмет қөрсетеді олар:

Шабанбай би селолық округі, Шабанбай үлгілі №15 ауыл кітапханасы.

Нүркен селолық округі, Нүркен үлгілі №7ауыл кітапхасы.

Шашубай кент №9 үлгілі кітапханасы,

Қызыларай селолық округі, Ақжарық №11үлгілі ауыл кітапханасы

Сарытерек селолық округі Сарытерек №3үлгілі ауыл кітапханасы

Нүркен,Шабанбай би ауыл кітапханалары 2000ж  Мәдениеті қолдау жылына байланысты ашылды, 2004 жылы, 30маусым күні Қарағанды облыс әкімінің К.Мухаметжановтың  қолдауымен үлгілі ауыл кітапханасы  мәртебесіне иеленді.

 Шашубай кент кітапханасы 1977жылы ашылып Приозерный аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып аталды,1997жылы екі ауданың қосылуына байланысты Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Шашубай кент кітапханасы болып тағайындалды. 2008 аудан әкімінің тарапынан  қаулы  шығып  Шашубай кент №9 үлгілі кітапхана мәртебесіне ие болды. Сонымен  қатар сол жылы Қызыларай селолық  округі,Ақжарық ауыл кітапханасы,Сарытерек селолық округі,Сарытерек ауыл кітапханасы 30 маусым 2008жылы үлгілі кітапханалар мәртебесіне иеленді.Аудандық бюджеттен  қаржы бөлініп  ашылған кітапханаларға жаңа жиһаздармен, заманауий жаңа техникалармен, кітаптармен,газет-журналдармен көбірек қамтамасыз етілді.Кітап қорлары жылма жыл толықтырлып отырылуда, қызықты баспа сөз баслымдары да көп. Оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында кітапханашылар үнемі жұмыс жасауда.Қайсібір ел болмасын ең алдымен оның мәдениеті,өнері,Ақтоғай көптеген ұлыларды тудырған киелі де қаситті өңір, әр кітапханашынын басты міндеттерінің бірі –ауыл жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу,бағыт-бағдар беру болып саналады. Жыл басында, барлық кітапханашы арналған жоспар құрып,әр бағыттағы жұмыстар жүргізіп отырады.

Барлық үлгілі кітапханалар интернет желісіне косылған.Кітапханашылар интернет арқылы оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыруда. Қазіргі заманға сай үлгілі кітапханалардың  басты бағыты оқырмандарға қызмет   көрсету жақсы жарнамасы әр түрлі бағытта өткізген іс шаралары. Оқырман  кітапханада кітапханашыға  шығармашылық шабыт беріп жұмыстың жаңа түрлерін табуға үнемі ізденісте болуға жетелейді.Кітапханаларда оқырмандардың қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны –белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды кең көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылған, әр түрлі тақырыпта көпшілік іс- шаралар өткізіледі.

Ай кітабы