Абай ОКЖ үлгілі кітапханалары

Ауылдық үлгілі кітапхана – ауыл тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуді анағұрлым жоғары деңгейге көтерген ауылдағы кітапхананың жаңа заманауи стандарты. Оның басты міндеті – жаңа кітапханалық-ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ауылдың әлеуметтік-экономикалық және рухани өркендеуіне ықпал ету;

Бүгіндері ауыл кітапханалары кітапты үйге беретін, кітаппен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, Интернет арқылы керекті ақпаратқа жылдам қолжеткізіп, бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыратын оқу және бос уақытты өткізу орталығы, әрі ақпарат орталығы болып табылады;

Абай ОКЖ кітапхана жүйесі қалалық және ауылдық кітапханаларды енгізеді.

26 мемлекеттік кітапхананың ішінде 12 кітапхана үлгілі стандарт статусына ие.

Орталық аудандық кітапхана

№2 кітапхана-филиал Кұрма ауылы 

№5 кітапхана-филиал Агрогородок ауылы 

№ 9 кітапхана-филиал

Сарепта ауылы 

Орталық балалар кітапханасы

 №3 кітапхана-филиал Абай қаласы  №7 кітапхана-филиал Юбилейное ауылы  №10 кітапхана-филиал Есенкелді ауылы
 №1 кітапхана-филиал Южный кенті  №4 кітапхана-филиал Көксу ауылы  №8 кітапхана-филиал Жартас ауылы  № 12 кітапхана-филиалСамара ауылы
  • Әр ауылдық кітапхананың басымды тақырыптарды, авторлық мақсаттық жобаларды таңдауда өзіндік қайталанбас бейнесі қалыптасқан.
  • Кітапхана қоры. Кітапханалардың бағыт-бағдарын, кітапханалық бағдарламалар мен жобаларды ескере, кітап қорының түрі бойынша әр түрлі дамуы үлгілі кітапханалар қызметінің маңызды факторы болып табылады.
  • 2012 жылы үлгілі кітапханалар 4868174 теңге қаржыға 4770 дана алған.
  • Үлгілі кітапханалардағы электронды басылымдар қоры 390 дананы құрайды.
  • Бақылау көрсеткіштері. 2012 жылы үлгілі кітапханалар 11025 оқырманға қызмет көрсетті, оның ішінде 2012 адам электронды қызметтерді пайдаланушылар болып табылады. Кітап берілімі 231871 дананы құрады, келім саны - 110777.
  • Үлгілі кітапханалардағы Интернет. Абай ОКЖ барлық үлгілі кітапханалары телефондалған және Интернетке қосылған. ADSL Megalein технологиясы бойынша - 7 кітапхана, WLL CDMA -2 кітапхана, қалған 3 кітапхана «Қазақтелеком» арқылы (электронды АТС ұқсас желілері) «Интернет зонасы» қызметінің коммутациялы қолжетімдігіне ие, әлеуметтік желілерде өз беттерін ашуда.
  • 2008-2010жж. арасында барлық кітапханаларда жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жол картасы 2020» бойынша 2009-2010 жж. аралығында 10 кітапхана жөндеуден өтті.
  • Өлкетану қызметін дамыта, ауылдық кітапханашылар «Ауылдық кітапхана – тарихи жады және руханият орталығы» девизі аясында жұмыс істеуде.
  • Үлгілі кітапханалардағы бағдарламалар және жобалар
  • «Детство с книгой» - ОБК
  • «Библиотека, дружественная к ребенку» - ОБК
  • «Библиотека – центр краеведения» - Топар кенттік кітапханасы
  • «Атамекен» - Южный кенттік үлгілі кітапханасы
  • «Денсаулық – зор байлық» - Құрма ауылдық үлгілі кітапханасы
  • «Библиотека – центр чтения и информации» - № 3 үлгілі кітапханасы
  • «Армандастар» - Агрогородок ауылдық үлгілі кітапханасы
  • «Закон и мы» (Заң және біз) – Жартас ауылдық үлгілі кітапханасы
  • «Алтын шаңырақ» - Сарепта ауылдық үлгілі кітапханасы
  • «Мир через культуру» - Есенкелді ауылдық үлгілі кітапханасы
  • «Аманат»- Құлайғырауылдық үлгілі кітапханасы
  • «Вместе с книгой я расту» - Самарқа ауылдық үлгілі кітапханасы

Қазіргі күні Қазақстан Республикасында 3G, 4G технологиялары енгізілуде.

Технология 3G – үшінші буындағы мобильді байланыс. Оның басты артықшылығы – деректерді берудегі жоғары жылдамдық, Интернет желісіне қолжетімдік. 3G үшінші буын желісі бейне байланысты ұйымдастыруға, мобильді телефонда ағынды бейнелерді және т.б. көруге мүмкіндік береді.

Технология 4G (LTE) (Long Term Evolution) – 300 Мбит/с дейін (базалық стансадан пайдаланушыға дейін) және 75 Мбит/с дейінгі (пайдаланушыдан базалық стансаға дейін) жылдамдықпен деректердің пакетті берілімі үшін оңтайландырылған мобильді байланыстың жоғары жылдамдықты жүйелерін құру мүмкіндігін қамтамасыз ететін деректер берілімінің мобильді хаттамасы.

4G технологиялары қолжетімді қызметтердің Интернет желісіне енуін нығайтуға мүмкіндік береді, оның ішінде ілескен қызметтер (мобильді теледидар, сұраныс бойынша бейне және т.б.) спектрін кеңейту, сапа деңгейін арттыру және тарифтерді төмендету;

2012 жылдан бастап телекоммуникация желілерінде желінің төртінші буынының (4G стандарты) құрылысы бойынша жоба жүзеге асырыла басталды;

3G мен 4Gайырмашылығын түсіну үшін, назарға алынуы тиіс кейбір сәттерді зерттеу керек. "Сравнение технологий мобильной связи: 4G и3G"оқып, танысыңыздар.

 

Мобильді кітапханалық қызмет көрсету.

  • Шетелдік іс-тәжірибе.
  • Алғашқы жылжымалы кітапхана 1905 ж. АҚШ пайда болды. 1920 ж. Германияда алғашқы библиотрамвай жүре бастады. Норвегияда катер негізінде жылжымалы кітапхана құрастырды. Венесуэла мен Кения сияқты Африка мен Латын Америкасының кейбір елдерінде, шалғайдағы елді мекендерге кітаптарды әдеттегі көлік саналатын, есектер мен түйелер сияқты жүк артылатын малдар жеткізеді. толығырақ
     
  •  
    Ресейлік іс-тәжірибе.
  • Алғашқы ресейлік жылжымалы кітапхана 2003 жылы Волгоград облысы Әкімдігі мен «Пушкин кітапханасы» Қорының бірлескен жобасы нәтижесінде пайда болды. Жылжымалы кітапхана ретінде автобус қайта жабдықталып, балар кітапханасына тапсырылды. Оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау «Волгоград библиобусының» басты міндеті болып табылады. 2006 жылы Москвада Москваның Батыс жағына қызмет көрсететін «Мобильді кітап» атты екінші кітапханалық пункт іске қосылды. 2007 жылы Карелия Республикасының Кондопога қаласында «Жылжымалы кітапханалық-ақпарттық кешен» қолданысқа енді, ал 2008 жылы Самара облысында қабылданған облыстық бағдарлама аясында облыстың 3 ауданында библиобустар құрылды. Барлық мобильді кітапханалар бүгіндері табысты қызмет атқарып келеді. толығырақ
  • Мобильді әлеуметтік жобалар. Поездағы "Кітап бары". Көшпелі планетарийлер. Экомобиль. Үйсіз жануарларды таратудың жылжымалы фургоны. «Нанотрак» мобильді оқыту сыныбы". Киномобиль. толығырақ
  • АКҚкК (КИБО) негізіндегі әлеуметтік-маңызды жобалар. Архангельск облысы. Белгород облысы. Брянск облысы. Иркутск облысы. Курск облысы. Псков облысы және т.б. толығырақ
  • КИБО – отандық өндіріс автокөлігінің негізінде дайындалған және еліміздің кез келген жерінен Интернетке кеңжолақты қолжетімдікті ұсынатын Ресейдегі ең алғашқы мобильді әмбебап кешен. Құжаттар мен ұсыныстар. Тренингтер. Үлгілер және қызметтер. толығырақ
  •  
    Қазақстандық іс-тәжірибе.
  • АҚШ Street Lab, Inc коммерциялық емес ұйымдарында және Алматы әкімдігінің қолдауымен 2012 жылы Қазақстанда «Алматыдағы мәдениет жылы» акциясы аясында құрылған «Мобильді кітапхана» жобасы іске қосылды. Ұйымдастырушылары – Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы. Жылжымалы кітапханаға арналған ағылшын тіліндегі кітаптарды Америка елшілігі және «American Corner» америка бұрышы ұсынды. Елшіліктің арқасында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған балалар басылымдары бар. толығырақ
  •  

2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс кітапханалары сандық форматқа көшірген құжаттар саны  76 331. Жалпы цифрланған беттер көлемі – 632 113 бет. Электрондық форматтағы көшірмелер көбінесе pdf форматында сақталады. Сандық форматтағы материалдардың жалпы көлемі – 303 408 МБ.  2021 жылы 8 916 құжат, 99 671 бет цифрланды.

Облыс кітапханаларының материалдық 103 сканер бар, оның ішінде 3 сканер цифрлау үрдісін ұйымдастыруға бағытталған кәсіби деңгейдегі сканерлар.

Жыл сайын облыс бойынша цифрландыру мәселелері ОКЖ жылдық  есептерінде және Қарағанды облысы кітапханаларының қызметін аналитикалық талдауында көрсетіледі.

Облыс кітапханалары өлкетану құжаттарын цифрландыру, оны ЭК-пен байланыстыру,  тасығыштарда көшірмелер жасау, құжаттарды сайтқа қою бойынша жұмыс жүргізуде. Аймақ туралы ақпаратты қамтитын және өлкетану материалдарын сақтайтын бұл қызмет түрі пайдаланушыларға өлкетану көздеріне еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Үлгілі кітапханалар

Облыстағы үлгілі кітапханалар саны – 93. Ауылдық жерде орналасқан үлгілі кітапханалар саны – 73. ОҚК қарасты үлгілі кітапханалар саны – 7, оның ішінде қалалық – 5.

Абай ОКЖ - 12, Ақтоғай ОКЖ - 5, Бұқаржырау ОКЖ - 22, Жаңаарқа ОКЖ - 9, Қарқаралы ОҚЖ - 11, Нұра ОКЖ - 9, Осакаров ОКЖ - 7, Шет ОКЖ - 9, Ұлытау ОҚЖ- 4, Жезқазған ОКЖ - 2(№2 филиал, №9 филиал), Теміртау ОКЖ – 1 (Ақтау кенті), Шахтинск ОКЖ - 2 (филиал №11 Долинка кенті, №8 Шахан кенті).

2012 жыл ішінде үлгілі кітапханалар 98866 оқырманға қызмет көрсетті және 1 млн. 885 мың 801 құжат берілді. Келім саны 1 млн. 4 мың 221 ретті құрады. Оқырмандар саны мен кітап берілімі саны былтырғы жылмен салыстырғанда азайды, ал келім саны 27092 ретке артты. Толығырақ

 

Ай кітабы