Кітапханаларды дамыту бөлімі (КДБ) 2001 жылдан бері семинар, кеңестер, практикум, машықтандыруларда және т.б. жаңаларды трансляциялау жолымен инновациялық процестерді әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыра инновациялық режимде жұмыс істеп келеді.
Инновациялық қызметті жүзеге асыру негізіне: стратегиялық жоспарлау, маркетинг, жобалар, (1994ж. бастап КДБ басқа бөлімдермен үйлестікте – 14 бағдарлама мен жобаларды дайындаған, облыс бойынша 150 астам), байқаулар, форумдар, жұмыстың инновациялық түрлерін зерттеу, ТМД, облыс кітапханаларының жұмыс тәжірибесін танымал ету, технологиялық жаңалар жұмысын тәжірибеге енгізу. Ақпараттық, интерактивтік, транзакциялық, сервистік қызметтерді және т.б. дамыту. Web, Web-2.0 және т.б. технологияларда негізделген құралдар мен сервистерді, жаңа әдістерді енгізу және зерттеу, сондай-ақ да мобильді технологияларды дамыту өзекті мәселе саналады.
Инновациялық саясат ең алдымен жаңа ақпараттық технологияларды енгізумен, ақпараттық ресурстарды қалыптастырумен, Интернет желісіне шығумен, көпшілік құқықтық ақпарат орталықтарын құрумен және т.б. байланысты. Осы бағыттардың барлығы бағдарламалық-жобалық қызметте қамтыла көрсетілген. Семинар, тренинг, компьютерлік сауаттылық курстары, тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, оларды жүзеге асыруға ықпал еткен болатын.