Қарқаралы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 45 кітапхана болса, оның ішінде 11 кітапхана «Үлгілі кітапхана»  статусын алып, бүгінгі күнде оқырмандарға қызмет көрсетуде.

Олар  аудандағы 2 кітапхана:

Қарқаралы орталық кітапханасы, Қарқаралы балалар кітапханасы

9 ауылдық кітапханалар:

Қарағайлы, Қарағайлы балалар кітапханасы, Егіндібұлақ , ТалдыКөктас, АйнабұлақАқжолЖарлы, Аппаз.

  • Аудандағы барлық модельді кітапханалардың  бақылау көрсеткіштері :
  • Оқырман саны – 12682
  • Кітапханаға келімі – 133333
  • Кітап берілімі – 212134
  • Кітап қоры – 277313
  • Оның ішінде қазақшасы - 135311
  • Былтырғы жылы үлгілі кітапханалар 6157702 тенгеге 5780 дана кітаппен кітап қоры толықтандырылды.
  • Оның ішінде қазақшасы – 4973 дана.

Аудандық бюджеттен бөлінген 2104465  теңге қаржыға 534 дана мерзімді басылым жазылып , әр  модельді кітапхана 25-30  түрлі газет –журналдар алып оқырмандар сұранысын қанағаттандырып отыр. 10 үлгілі кітапхана телефондандырылған, ал Қарағайлы балалар кітапханасына жеке телефон беру биыл жоспарланып отыр. РАБИС бағдарламасымен Қарқаралы, Қарағайлы, Егіндібұлақ кітапханалары жұмыс жасайды. Биылғы жылы үлгілі кітапханаларға РАБИС бағдарламасы қойылып жұмыс жасауға жоспарланып отыр. Интернет жүйесі 5 үлгілі кітапханаларда (Қарқаралы, Қарқаралы балалар кітапханасы, Қарағайлы, Егіндібұлақ, Көктас) ADSL технологиясымен қосылып, оқырмандарға қызмет көрсетсе, қалған үлгілі кітапханаларда (Айнабұлақ, Талды, Жарлы, Ақжол, Аппаз)  интернет желісінің нашарлығына байланысты байланыс жүйесі әзірге қиындық туғызып отыр. Бұл жөнінде пошта байланыс торабымен жұмыс жасалып жатыр.Кітапханаларға Интернет жүйесіне қосылуға ай сайын  72600 теңге бөлінсе, жылына 871200 теңге бөлінеді. Үлгілі кітапханалар 24 компьютермен, оның 11-і Қарқаралы орталық кітапханасында, 3 –і Егіндібұлақ, 2-і Қарағайлы кітапханасында , қалған 8  кітапханаларда 1 компьютерден, ал Айнабұлақ кітапханасында + 1 ноутбукпен қамтамасыз етілген. Кітапханалар 12 сканер (Қарқаралы -3, Қарқаралы балалар кітапханасы, Қарағайлы, Егіндібұлақ, Айнабұлақ, Көктас, Талды, Жарлы, Ақжол, Аппаз кітапханаларында – 1ден), 6 лазерный принтер, 5 түрлі – түсті принтер (Егіндібұлақ, Айнабұлақ, Көктас, Талды, Қарқаралы),  4 ксерокс  (Егіндібұлақ, Айнабұлақ, Көктас, Талды), 1 проектормен (Қарқаралы) қамтамасыз етілген. Қарқаралы ауданына қарасты үлгілі кітапханаларда жас оқырмандар үшін  танымдық – эстетикалық тәрбие беру мақсатында құрылған 11 «Қызығушылар» клубы жұмыс жасайды. Атап айтсақ, «Атамекен», «Қаламгер» (Қарқаралы), «Негештер» - «Почемучки» (Қарқаралы балалар кітапханасы), «Шежіре» (Ақжол), «Сырласу» (Көктас), «Тағызым» (Қарағайлы), «Шаңырақ» (Талды), «Ақ отау» (Жарлы), «Қыз өмірдің қызғалдағы» (Аппаз), «Атамұра» (Егіндібұлақ), «Бойжеткен» (Айнабұлақ). Кітапхана жанынан құрылған «Қызығушылар» клубтарының негізгі мақсаты салт-дәстүрді насихаттап, клуб арқылы жұмыстар жүргізу, халқымыздың тарихы мен салт-санасын, әдеп - ғұрып дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгінімізбен келешегіміздің әрлі қайнарына , еліне, жеріне, адам тағдырына немқұрайдықарамай, өз өлкесін, туған жерін жан тәнімен  сүю, қызықтау оны терең білу, басқаға үйретіп, насихаттау.  2003 жылдан «2003-2005 Ауыл жылдары» аясында жасалған  «Арқаның алтын тәжі - Қарқаралы» (Қарқаралы), «Неткен сұлу,неткен көркем,кең жазира туған өлкем» (Ақжол), «Қанатын кеңге жайған Көктас» (Көктас), «Қазыналы Қарағайлы» (Қарағайлы), «Еліміздің азаматын, жеріміздің тарихын білейік» (Талды), «Туған жер тұнған шежіре» (Жарлы), «Гүлдене бер, нұрлана бер ауылым» (Аппаз), «Ауыл мемлекеттің керегесі» (Егіндібұлақ), «Ауылым алтын бесігім» (Айнабұлақ) «Ауыл энциклопедиялары» өлкеге байланысты материалдарды  жинақталып, үнемі  толықтырып  отырады.   Үстіміздегі жылы бірқатар кітапханашылар жаңаша  формаларды енгізе отырып оқырмандарды кітапхана жұмысына тарту жұмыстарын  атқарды, жобалар енгізді. Жаңа бағытта жұмыс жасай отырып, кітапханалар жұмысы халқымыздың имандылығын, білімін арттыруына, туған жерді, отанды сүюге, тарихты насихаттауға  бағыштады. Кәзіргі таңда орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша  үлгілі кітапханалар жұмысы жаңа инновациялық бағытта қалыптастырылуда. Кітапханадағы  инновациялық жұмыс стратегиялық жоспар, инновациялық жоба, жаңа бағдарламалардан тұрады. Атап айтсақ  кітапханаларда былтырғы жылдан бері, «Жас өркен» жастар орталығы (Талды)  , «Жас толқын» жас тілшілер үйірмесі  (Көктас, Талды) құрылып,  «Ауыл тарихы – ұрпаққа мұра, келешекке аманат»(Ақжол) , «Өлкеңді өз көзімен не кітап арқылы танып біл!» , «Асқар шыңды кербез жер – Қарқаралы, Дастан –жырлы кемел ел – Қарқаралы» (2011-2013) атты жоба (Қарқаралы) бағдарламалары жалғасын тауып, «Алтын аймақ, кенді өлке» бағдарламасы (Қарағайлы), «Жас қалам шеберлері» (Жарлы) бағдарламалары, «Білімді жас ұрпақ – ел болашағы» жобасы, «Сарыарқа» бағдарламасы (Қарқаралы балалар кітапханасы),  «Дарынды жастар» бағдарламасы (2011-2013) (Аппаз), «Ел ертеңі – білімді ұрпақ» жобасы, «Жаңа кітаппен – жаңа ғасырға»  бағдарламасы (Егіндібұлақ)  «Ислам және өркениет» (2010-2020 исламды дамыту тұжырымдамасы бойынша) жоба (Айнабұлақ)  бағдарламаларымен   жыл  бойы жұмыс жасауды. Үлгілі кітапханалар жұмысының нәтижесінің бірі жарнамалау жұмысы жолға қойылған. Жарнаманың оқырмандар талабына сай ұйымдастырылуы, олардың қызығушылықтарын, сұраныстарын арттыратыны сөзсіз. Сол себепті кітапханашылар,  оқырмандар арасында ең алдымен кітапхананың өзін, содан кейін кітапты насихаттауды жоспарлы түрде іске асыруда. Үлгілі кітапханалардың барлығында 6 стол, 12 орындық, 6 кітап стеллажы, 4 – 6 кітап көрмесі стеллажы, 6 телевизор, 24 кітапханашының жұмыс үстелімен қамтамасыз етілген. Үлгілі кітапханалардың материалдық техникалық базасы әлі де толықтыруды қажет етеді. Компьютер паркі тозған, биылғы жылы 10 компьютермен жаңарту жоспарланып отыр.

Қарағанды облысы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды звеносы саналады. Қарағанды облысының тұрғындары 1 362 243 адамды құрайды, оның ішінде 294 344 000 адам ауыл тұрғындары.

Қазіргі уақыттағы облыстағы агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы өндірістің сатылы өсуімен, ауылдағы қаржы қызметтері нарығының дамуымен, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартумен сипатталады.

Өсімдік өсіру саласында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған басымды ауылшаруашылық дақылдарының егін егу алаңдарын кеңейтуде атқарылатын жұмыстар жалғасып келеді.

Облыстағы мал шаруашылығы экономиканың аграрлық секторының негізгі саласының бірі болып табылады. Мал шаруашылығында тұқымдық база даму үстінде. Облыста 40-тан астам тұқымдық мал шаруашылығы, оның ішінде тұқымдық заводтар, тұқымдық шаруашылық қалыптасқан. Мал шаруашылығын дамыту соңғы жылдары құлдилауға ұшыраған салалардың бірі – мал азығы өндірісінің қайтадан қалпына келтірілуіне тікелей байланысты. Облыстағы мал азығы өндірісін дамыту аясында көпжылдық шөптерді егуді жаңарту жоспарланды.

Қайта өңдеу саласында 200-ден астам ірі, орта және шағын кәсіпкерлік жұмыс істеуде: оның ішінде сүт өңдеу бойынша – 8, ет өңдеу бойынша – 13, Астық  өңдеу бойынша – 25, нан мен нан өнімдерін шығару бойынша – 165, макарон өнімдерін шығару бойынша – 4, балмұздақ шығару бойынша – 5 және т.б.

Облыста жергілікті орындаушы органдардың ветеринарлық қызметі құрылған, малды теңестіру мен деректердің бірыңғай базасын жүргізуге назар аударылып келеді. Соңғы жылдары астық пен өсімдік шаруашылығының басқа өнімдерін өндіруде ғылымның рөлі айтарлықтай арта түсті. Облыста «Секе» жаздық бидай жаңа сорты өндіріске енгізілді. Басқа ауылшаруашылығы мәдениеті бойынша сұрыптау жұмыстары жүргізілуде, картоптың алғашқы тұқым шаруашылығы ретке келтірілуде.

Индустриаландыру бағдарламасы аясында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда:

  • "Майқұдық құс фабрикасы" ЖШС. Бұқаржырау ауданы құс фабрикасының өндірістік кешенін қайта қалпына келтіру.
  • «Green Technology» ЖШС. Көлемі 3 га. болатын жылыжай кешенінің құрылысы.
  • «Қарағанды ұнкомбинаты» ЖШС. Құс фабрикасын дамыту және жетілдіру.
  • «К.Марксатындағы құс фабрикасы» ЖШС. Бұқаржырау ауданының диірмен кешенін кеңейту және жетілдіру.
  • «Арай kz» ЖШС. Ет өңдеу кешенінің құрылысы.
  • «Здоровые азық-түліктер». Құс фабрикасының құрылысы.
  • «Capital Projects Ltd» ЖШС. Құс етінің қуаттылығы 9400 тоннаға дейінгі бройлерлік құс фабрикасын құру. Жезқазғанда.
  • «Астро-Агро» ЖШС. 2600 ірі қара мал басына дейінгі мал бордақылайтын алаңды және 1 180 «Ангус» аналық бас тұқымына дейінгі шаруашылық-репродуктор құрылысы. Абай ауданы.
  • «Номад фирмасы» ЖШС. Қарағанды қаласында астықты терең өңдеу өнімдерін шығару.
  • қнар" ЖШС. Шошқа кешені. Бұқаржырау ауданы.
  • "ДАРН и Н» шаруа қожалығы. Ірі қара малдың мал бордақылау алаңының құрылысы. Шет ауданы.
  • «Шұғыла» ЖШС. Қуаттылығы тәулігіне 2 тоннаға дейінгі сүтті өндіретін сүт цехы. Бұқаржырау ауданы.
  • «Шанс» шаруа қожалығы. Ат фермасының құрылысы.
  • «Топартеплицалары». Абай ауданы.
  • «Ескене» шаруа қожалығы. Мал бордақылау алаңының құрылысы. Жаңаарқа ауданы.
  • «Марат» шаруа қожалығы. Мал бордақылау алаңының құрылысы. Бұқаржырау ауданы.

Толығырақ  Қарағанды облысының агроөндіріс кешенін дамыту бойынша ақпаратты қараңыз.

2011 – 2015 жж. арналған Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының стратегиялық жоспары.

Облыстағы агроөндіріс кешенін дамытудағы болып жатқан өзгерістер кітапханалардың ақпараттық функциясына жаңаша қарауды талап етеді. Есептер талдауынан кітапханалардың әлі күнге дейін агроөндіріс кешеніне көмекке ең кем қамтамасыз етілген ақпараттық ресурс болып табылатынын байқадық. Ауылшаруашылығы тақырыбындағы құжаттар орташа алғанда облыстағы кітапханалар қорының жалпы көлемінен 3,5 %-ға жуығын құрайды, бұл аймақ экономикасының ауылшаруашылық мамандануын ескергенде жеткіліксіз. Аграрлық тақырыптағы кәсіби мерзімді басылымдар кітапханаларда жоқтың қасы. Кітапханалар заманауи технологияларды, жұмыстың дәстүрлі түрлерін қолдана аграрлық секторда жұмыспен қамтылған пайдаланушыларға жедел ақпараттық қызмет көрсету жүйесін құра алады. Агроөндіріс кешенінде жұмыс істейтіндерге қызмет көрсетуге баса назар аударылсын.

Аграрлық секторға қатысты ұйымдар мен осы салада еңбек ететін адамдарды анықтауды ұсынамыз. Берілген ауылшаруашылығы инфрақұрылымдарының берілімдері негізінде экономикалық саланың электронды картотекасын құрыңыздар.

Маркетингтік зерттеулерді пайдалана ақпараттық қажеттілікті зерттеңіздер. Агроөндіріс кешенін ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін аудан, ауылшаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен, ветеринарлық қызмет өкілдерімен, фермерлермен, агроөндіріс кешені мамандарын: агроном, ветеринарлық дәрігерлер мен зоотехниктер, сүт өңдеу бойынша технологтар, механиктер мен жұмыскер мамандықтарын және т.б. дайындайтын колледж, техникум оқытушыларымен Келісім-шарт бекітуді ұсынамыз. Деректер базасын құрыңыздар: аты-жөндері, байланыс телефондары, электронды мекен-жай енгізілсін, бұл электронды пошта арқылы ақпараттық сұранысты орындаудың жеделдігін қамтамасыз етеді. Агроөндіріс кешенінің қызметкерлеріне ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету Келісім-шарт құралы болып саналады.

Агроөндіріс кешені өкілдерінің қызығушылығын ескере 2012 ж. 14-желтоқсандағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Елбасы Жолдауындағы қарастырылған «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны», (Жол картасы – 2020) негізгі бағыттарына назар аудару маңызды. Қазақстан Республикасында АӨК дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасы. ‎ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру Қарағанды облысының ауылшаруашылығы Басқармасының «2011-2015 жж. арналған стратегиялық жоспарын» міндетті түрде ескергендеріңіз жөн.

Кітапхана қорын ақпараттандыруды арттырудың міндетті түрдегі шарты – оның мазмұнын аналитикалық ашу тәсілдерін қолдану, әр түрлі тақырыптық папкалар мен картотекаларды жүргізу, оның ішінде фактографиялық; әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін құрастырып, өзекті тақырыптар бойынша шолулар жүргізу. Жоғары сұраныстағы тақырыптарды «Егін шаруашылығы және өсімдік шаруашылығындағы жаңалар», «Мал шаруашылығындағы жаңалар» картотекасында жүргізуді ұсынамыз.

Кітапхана сайтында «АӨК көмекке» бетін құрастыру мамандарға ақпараттық қызмет көрсетуде перспективті бағыттардың бірі саналады. Сіздер мамандарды келесі бөлімдер бойынша белсенді түрде ақпараттандыра аласыздар.

Заңнама. Нормативтік-құқықтық база. Жаңа кітаптар. Мерзімді басылымдар. Кітапхана басылымдары. Электронды басылымдар. Интернет ресурстар.

Қазіргі заманғы Интернет АӨК көмекке көптеген бағыттар мен өзекті тақырыптарды ұсынады. Сіздер осы орайда әр түрлі ақпараттық қызметтерді ұсына аласыздар:

  • 1. АӨК мамандарын сауалдама негізінде сұраныстағы тақырыптар бойынша мекен-жайлық ақпараттандыру.
  • 2. Интернет ресурстарын, ҚР мен ТМД елдерінің электронды каталогтарын қолдана күрделі тақырыптық сұраныстарды орындау.
  • 3. Электронды пошта арқылы ақпараттық сұраныстарды жедел орындау.
  • 4. Мамандарға он-лайн режімінде қызмет көрсету (виртуалды анықтама, құжаттарды электронды жеткізу).
  • 5. Ауылшаруашылығы мамандарының сұраныстары бойынша Интернет-жіберулерді ұсыну.
  • 6. АӨК мәселелері бойынша «Заң», «Параграф», е-gov.kz арқылы құқықтық және заңнамалық құжаттарды іздеу.
  • 7. АӨК қызметкерлерінің сұраныстағы тақырыптары бойынша ақпараттық-библиографиялық тізімдер, дайджестер дайындау.
  • 8. Мамандар Күнін, Ақпарат Күнін жүргізу, оларды маңызды тақырыптар бойынша мультимедиялық тұсаукесерлермен сүйемелдеу (мамандармен келісу).
  • 9. Орталық кітапханалар ауылшаруашылығы бағытындағы іс-шараларды, семинар, кездесулерді өткізуге арналған орындар ұсынсын.
  • 10. Материалдарды көшіру, сканерлеу және т.б.

 

Алмас Қажыбайұлы Темірбай 1979 жылы 22 қаңтарда Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Ортақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде және Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетінде білім алған.

Топтама өлеңдері «Қазақстан жас ақындар антологиясы», «Қос ішек», «Зеренді көктемі», «Жас толқын», «Сыр-сандықты ашып қара» және т.б. ұжымдық жыр жинақтарда жарық көрген. «Аллажар», «Жұмақ жұрт», «Автопортрет», «Мың бір мұң» атты жыр-кітаптары жарыққа шыққан. Р.Тагор, Ж.Руми, С.Есенин, Б.Қанапияновтың өлеңдерін және қырғыз ақыны Н.Қалыбековтың бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Р.Тагор, Ж.Руми, С.Есенин, Б.Қанапияновтың өлеңдерін және қырғыз ақыны Н.Калыбековтің өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Отызға жуық облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларының жеңімпазы, жүлдегері. «Мүшәйра мұраты – мәдениет мәйегі» атты облыстық ақындар мүшәйрасында (2000) 2-орынды, К.Қасымұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Хан Кенеге бас ию» атты облыстық кәсіби ақындар мүшәйрасында (2002) 1-орынды М.Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Ақ алмас жырдың алыбы» атты облыстық кәсіби ақындар мүшәйрасында (2000) 1-орынды жеңіп алған. Жас ақындардың «Поэзия көктемі» 5 жыр мүшәйрасының жеңімпазы, «Жұлдыз» журналы ұйымдастырған А.Ыбыраев атындағы республикалық жыр мүшәйрасында жүлделі 2-орынды иеленген. Мәлік Ғабдуллин атындағы «Азаматтығы мен патриотизмі үшін» сыйлығының лауреаты. Халықаралық “Шабыт”халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінде (2001) I орынды иеленген, 2002 жылы осы фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алып, лауреат атанған. Халықаралық «Түрік поэзиясы» фестивалінің лауреаты. Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі.

Бұрынғы облыстық, қазіргі қалалық «Көкшетау» газетінде әдеби қызметкер, облыстық «Арқа ажары» газетінде мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі, республикалық «Алаш үні» газетінде бас редактор болып қызмет атқарған.

2008 жылы белгілі әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Нұртас Ахатұлы А.Темірбай шығармашылығы туралы «Алаштың Алмас ақыны» атты монография жазған.

Өлең өлкесінде өзіндік үнімен танылған талантты ақын:

Мен құдайға жақындап ем бір адым,

Құдай маған құшақ жая жүгірді... деп, немесе

Тас керең қоғам түсінсін қайдан сырымды,

Тас бауыр тірлік. Тас жүрек тағдыр. Тас – бәрі...

деп күрсінеді.

Сөзді ойната білуі де ерекшелегінің бірі.

«Тәуелсіздікке түкірдім» өлеңінің бір тармағынан оның қоғамға өкпелі ақын екенін аңғарасақ, өлеңнің жалғасын оқи келе олай еместігіне көз жүгіртеміз:

Тәуелсіздікке түкірдім,

Түфә – түфә көз тимесе екен!.

 Шығармалары:

  • 1) Темірбаев А. Көк бөрінің болмысы: өлең / А.Темірбаев // Жұлдыз. – 2001. - №12. – 8 б.
  • 2) Темірбаев А. Көкпаршы-уақыт көксерке жылды сүйрелеп: поэзия / А.Темірбаев // Жұлдыз. – 2002. - №11. – 130-134 б.
  • 3) Темірбаев А. Жарылқа жаңа айым: өлеңдер / А.Темірбаев // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 5 қаңтар (№1). – 8 б.
  • 4) Темірбаев А. Гегемония: өлеңдер / А.Темірбаев // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 18 наурыз. – 9 б.
  • 5) Темірбаев А. Әдемі едің әйеліндей перінің: поэзия / А.Темірбаев // Жалын. – 2005. - №11. – 15-16 б.
  • 6) Темірбаев А. Күдер үздім күйкентай мен лашыннан: поэзия / А.Темірбаев // Жұлдыз. – 2005. - №. 115—117 б.
  • 7) Темірбай, А. Мың бір мұң [Мәтін] : өлеңдер мен балладалар / А. Темірбай. - Алматы : Жалын, 2008. - 64 б. - (Жас толқын). -
  • 8) Темірбай, А. Ұнатты сені ұлы ақын [Мәтін] / А. Темірбай // Жұлдыз. - 2007. - №5. - 9-13  б.
  • 9) А.Темірбай. Өлең. Махаббат поэзиясы.  

Мақалалары:

  1. Темірбай, А. Жақып Ақбаевтың дипломы табылды. Ол бізге тұп-тура бір ғасырдан соң жетіп отыр [Мәтін] / А.Темірбай // Егемен Қазақстан. - 2003. - 16 желтоқсан. - 6  б.

Ол туралы:

  • 1) Темірбаев Алмас // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. - 301 б.
  • 2) Темірбаев Алмас // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 499-500 б.
  • 3) Медетбек, Т. Алтынкөпірліктер [Мәтін] : (Қазіргі жастар поэзиясы хақында) / Т. Медетбек // Жұлдыз. - 2008. - №1. - 143-165 б ; №2. - 126-140 б.

  

Қазіргі қазақ поэзиясында нәзік те сыршыл лирикасымен өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра білген ақын Роза Сейілхан 1972 жылы 25 сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1996-1998 жж. республикалық “Zaman-Қазақстан” газетінде, 2001-2002 жж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, 2002-2003 жж. республикалық апталық “Ана тілі” газетінде жұмыс істеген. Қоғамдық-саяси «Алматы ақшамы» газетінде еңбек еткен. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші.

Өлеңдері 1990 жылдан бастап «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Алматы ақшамы», облыстық «Жетісу» газеттерінде, “Парасат”, “Жұлдыз” журналдарында жарияланып тұрады.

2001 жылы “Отырар кітапханасы” сериясымен “Мендегі бір әлем” атты тұңғыш жыр жинағы жарыққа шыққан.

Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері және 2003 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық “Шабыт” жастар фестивалінің лауреаты.

Әдебиет, руханият тақырыбында жазылған толғақты материалдарымен келелі ой айтып, ақындық қарымын азаматтық публицистикамен де ұштастырып жүрген қалам иесі. Оның жырлары таң шығындай мөлдір лиризмге, туған жерге тамыры байланған перзенттік махаббатқа, қаймағы бұзылмаған шұрайлы тіл мен көркем де кестелі тіркестерге мейлінше бай. Жаны нәзік ақын өмірді батыл әрі еркін жырлайды, әр өлеңі шынайылыққа толы. Ақын шығармашылығы жайлы Ғалым Жайлыбай «Розаның өлеңдерінен шынайылық байқалып тұрады. Оның лирикадан пәлсапа туғыза алатындығы, ой-өрімдері мен ақындық, адами тағдырын өзіндік мұңымен өре білетіндігі қуантады» деген болатын.

Бара алмаймын ауылға,

Барар едім...

Бақытымды сол жақтан табар едім.

Бәлкім сонда от болып жанар едім,

Тамшы болып мөлтілдеп тамар едім.

Ағын судай тасып бір ағар едім.

Сырқаты көп анама,

Бауырға да,

Ініге де, сіңліге алаң едім.

Бара алмаймын ауылға

Барар едім...- деп жырлайтын туған жерге, ауыл тақырыбына арналған өлеңдері ауылға деген сағынышқа толы.

Әнші, сазгер, ақын Р.Әлқожаның «Ән салшы, Роза» әнінің авторы.

Есімі қалың оқырманға жақсы таныс ақын дауылдай буырқанған жырларымен оқырман ықыласына бөленіп келеді.

 

Шығармалары:

 

Мақалалары:

  • 1) Сейілхан, Р. Би өнерін биіктен көрсек [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2001. - (N42). - 14 б.
  • 2) Сейілхан Р. Дара таланттар ауылда: сазгер Бейбіт Оралұлымен сұхбат / Р.Сейілхан // 2003.– 16 қаңтар.– 10 б.
  • 3) Сейілхан Р. Бейнелеудің бейнетін көргендер зейнетін көрмей ме? / Р.Сейілхан // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 11-17 қараша(№45). – 10 б.
  • 4) Салықұлы, Ғ. Тәттімбет оркестрі - Алматыда [Мәтін] : Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрінің директоры Ғ.Салықұлымен сұхбат / сұхбаттасқан Сейілхан, Р. // Қазақ әдебиеті. - 2005. - қазан (N42). - 15  б.
  • 5) Сейілхан Р. Қайран біздің аналар!../ Р.Сейілхан // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 3 наурыз (№9). – 14 б.
  • 6) Сейілхан Р. Ғұмырын әнге арнаған ана: [Р.Бағланова туралы] / Р.Сейілхан // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 19 қаңтар (№3). – 1,11 б.
  • 7) Сейілхан, Р. "Біржан сал" немесе бүгінгі қазақ киносы [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 18-24 қыркүйек  (№ 40). - 1,6 б.
  • 8) Сейілхан, Р. Жамандығын көтермей жер бетінің  [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 11 - 17  мамыр (№ 19). - 8 б.
  • 9) Сейілхан, Р. Көп бар жердегі сөз [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 7-13 желтоқсан (№ 50). - 1, 6 б.
  • 10) Сейілхан, Р. Қиялдағы сұңқар, қолдағы тұрымтай [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 28 желтоқсан (№ 52). - 1, 4 б.
  • 11) Талантты заман таңдайды [Мәтін] / Ә. Тарази, А. Ісмақова ; дайындаған Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 13 шілде - 2 тамыз (№ 30/31). - 1, 5 б.
  • 12) Сейілхан, Р. Дауыстың көлі мен шөлі [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 18-24 қаңтар (№ 1/2). - 1, 10 б.
  • 13) Сейілхан, Р. Алланың ауызға салғаны... [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 8-14 ақпан (№ 6). - 1, 11 б.
  • 14) Сейілхан, Р. Әлди жырдың әуені [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 8-14 наурыз (№ 10). - 5 б.

Ол туралы:

  1. Сейілхан Роза // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. - 279 б.
  2. Сейілхан Роза // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 470 б.
  3. Өткен күн - ұстатпайтын сұлу сағым... [Мәтін] / С. Жиенбаев [және т. б.] // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 29 наурыз - 4 сәуір (№ 13). - 8 б.
  4. Өткен күн - ұстатпайтын сұлу сағым... [Мәтін] / С. Жиенбаев [және т. б.] // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 29 наурыз - 4 сәуір (№ 13). - 8 б.
  5. Талантты заман таңдайды [Мәтін] / Ә. Тарази, А. Ісмақова ; дайындаған Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 13 шілде - 2 тамыз (№ 30/31). - 1, 5 б.
  6.   Сейілхан Роза - Одак мушелерi
  7.  Р.Сейілхан: «Мен – өлеңмін, өлеңде кінә бар ма?!.».

Әдебиетіміздегі жас қаламгерлердің бірі, прозашы Мақсат Мәлік 1984 жылы 10-желтоқсанда Шалқар ауданының Тұмалыкөл ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің проза номинациясы бойынша Гран-При жүлдесін иеленген. Қазақ радиосында қызмет етеді.

Талантты жас прозашының шығармалары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүр.

Қысқа да жинақы стилімен ерекшеленетін жазушы. Оның әңгімелерінің астарында терең ой жатады. Жаңаша жазатын, экспериментке баратын жас жазушының «Жұмбақ кітап» атты тұңғыш кітабы жарыққа шыққан. М.Мәліктің шығармаларынан бүгінгі қартайған, тоқтап қалғандай әсер қалдыратын қоғамдағы адам санасының, тереңдеп бара жатқан ұлттық санамыздың аласұрып дағдарған күйі көрінеді.

Шығармалары:

  1. Мәліков, М. Жұмбақ кітап [Мәтін]:[проза] / М. Мәліков. - Алматы : Жалын баспасы, 2011. - 221 б. - (Жас толқын).
  2. Мақсат Мәліков Рамазанұлы. Ажалды қуған жігіт: әңгіме // Жас толқын. Жинақ. Проза. 1-кітап / құраст. Н.Байсақалова. – Алматы, 2005. – 180-183 б.
  3. Мәліков М. Ұлы адам: әңгіме / М.Мәліков // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 27 қаңтар (№4). -10 б. – (Жас қалам, №1).
  4. М.Мәлік. Бассыз бөрі |Abai.kz ақпараттық порталы.
  5. М.Мәліков. Періште мен жынды.
  6. М.Мәліков. Қазақ прозасы - Мәссаған!

Мақалалары:

1) Мәліков М. Әкесіз бала «жетіммін» демес / М.Мәліков // Парасат. – 2006. - №1. – 22-23 б.

2) Мәліков, М. Ұлы адам [Мәтін] : әңгіме / М. Мәліков // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 27 қаңтар (№4). - 10 б.

3) Мәліков, М. Шарт [Мәтін] / М. Мәліков // Жалын. - 2008. - № 10. - 78-87 б.

 Ол туралы:

 Қаныкейұлы, Е. Қазақ прозасының болашағы [Мәтін] / Е. Қаныкейұлы // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 26 қазан-1 қараша (№ 44). - 6 б.

 

 

Ай кітабы