Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 5 үлгілі кітапхана халыққа қызмет қөрсетеді олар:
Шабанбай би селолық округі, Шабанбай үлгілі №15 ауыл кітапханасы.
Нүркен селолық округі, Нүркен үлгілі №7ауыл кітапхасы.
Шашубай кент №9 үлгілі кітапханасы,
Қызыларай селолық округі, Ақжарық №11үлгілі ауыл кітапханасы
Сарытерек селолық округі Сарытерек №3үлгілі ауыл кітапханасы
Нүркен,Шабанбай би ауыл кітапханалары 2000ж Мәдениеті қолдау жылына байланысты ашылды, 2004 жылы, 30маусым күні Қарағанды облыс әкімінің К.Мухаметжановтың қолдауымен үлгілі ауыл кітапханасы мәртебесіне иеленді.
Шашубай кент кітапханасы 1977жылы ашылып Приозерный аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып аталды,1997жылы екі ауданың қосылуына байланысты Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Шашубай кент кітапханасы болып тағайындалды. 2008 аудан әкімінің тарапынан қаулы шығып Шашубай кент №9 үлгілі кітапхана мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар сол жылы Қызыларай селолық округі,Ақжарық ауыл кітапханасы,Сарытерек селолық округі,Сарытерек ауыл кітапханасы 30 маусым 2008жылы үлгілі кітапханалар мәртебесіне иеленді.Аудандық бюджеттен қаржы бөлініп ашылған кітапханаларға жаңа жиһаздармен, заманауий жаңа техникалармен, кітаптармен,газет-журналдармен көбірек қамтамасыз етілді.Кітап қорлары жылма жыл толықтырлып отырылуда, қызықты баспа сөз баслымдары да көп. Оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында кітапханашылар үнемі жұмыс жасауда.Қайсібір ел болмасын ең алдымен оның мәдениеті,өнері,Ақтоғай көптеген ұлыларды тудырған киелі де қаситті өңір, әр кітапханашынын басты міндеттерінің бірі –ауыл жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу,бағыт-бағдар беру болып саналады. Жыл басында, барлық кітапханашы арналған жоспар құрып,әр бағыттағы жұмыстар жүргізіп отырады.
Барлық үлгілі кітапханалар интернет желісіне косылған.Кітапханашылар интернет арқылы оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыруда. Қазіргі заманға сай үлгілі кітапханалардың басты бағыты оқырмандарға қызмет көрсету жақсы жарнамасы әр түрлі бағытта өткізген іс шаралары. Оқырман кітапханада кітапханашыға шығармашылық шабыт беріп жұмыстың жаңа түрлерін табуға үнемі ізденісте болуға жетелейді.Кітапханаларда оқырмандардың қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны –белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды кең көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылған, әр түрлі тақырыпта көпшілік іс- шаралар өткізіледі.