Блог (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын сәтке мәнді мағлұматы бар торап. «Қағаз» күнделіктен айырмашылығы блог автормен пікірталасқа (блгжазбадағы немесе өз блогындағы пікірлерге) көпшілік қатыса алатын басқа қатысушылар үшін ашылған. Блог жетекшілері блогшы деп аталады. Ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығы блогосфера деп аталады.

Блогтарға тән қасиет - блог қолданушылардың бір тақырыпқа өз пікірлерін қалдыруы. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасы жасайды және оның чат, веб-форум, жаңалықтар тобы мен электронды поштадан біршама артықшылығы болады.

Блогтың негізгі сипаттары:

Блогтағы хабарлар хронологиялық тәртіпте орналасадыБлогты негізінен бір адам бірінші жақтан жазады Блогта басқа тораптарға (блоггерге қызықты) сілтемелер табыладыБлогта негізінен RSSарнасы болуы тиісБлог жиі жаңарып тұрады — күнде немесе аптасына бірнеше реетБлогта хабарларға пікір қалдыруға боладыБлогта «блогролл», яғни басқа блогтарға сілтеме боладыБлог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға боладыБлогты негізінен әуесқойлар жүргізеді (кәсіби журналистер немесе жазушылар емес). Бірақ кейде олар да кездеседі

Блогтар blogger сияқты тегін блог-сайттардан басталатан және веб-хостингті опциялармен аяқталатын WordPress сияқты бірнеше хостинг опцияларына ие.

Танымал блогтар:

 http://www.library.ru/3/biblionet/?rub=35

   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   

 

  • Шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікті қолдаудағы ақпараттық қызметтер
  • Қарағанды облысының ОКЖ жұмысы бойынша қысқаша ақпарат

Осыдан бірнеше жыл бұрын бізге «Көпшілік кітапханалар шағын бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауға бизнесті ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты сұрақтар кешенін шешуде сапалы ақпараттық көмек көрсете ала ма?» деген сұрақ қойылғанда, шағын және орта бизнес өкілдері кітапханаға жиі келмегендіктен, бұл бағытта облыс кітапханаларының тәжірибесі болмағандықтан, аталмыш сұраққа жауап беруге қиналған едік. Елімізде шағын бизнестің қалыптасу кезеңінде шағын, орта бизнес пен кәсіпкерліктің, олардың қызметіне байланысты барлық процестерді сүйемелдеу мен жүйелі түрде ақпараттық қамтамасыз ету өткір мәселе саналғандықтан, бұл қызметтер толық орындалмайтынын. Шағын кәсіпкерліктің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша ақпарат жоғары сұраныста болатын. Еліміздегі бизнес жүргізуге арналған ақпарат ұсыну бойынша нарықтың қалыптасу кезеңінде, әрі шағын бизнеске бағытталған еді. Кітапханаларда экономика, маркетинг, менеджмент, ауыл шаруашылығы және т.б. туралы кітаптар, заңнамалық құжаттар, салалық анықтамалықтар және т.б. жетіспейтін.

Осы жағдайларды ескере келе, кітапхана қызметін ең алдымен нормативтік-құқықтық құжаттарға қолжеткізуді қамтамасыз етуге бағыттадық. Бұл уақытта 13 ОКЖ «Заң», «Параграф» ДБ қолданып, www.e.gov.kz. порталының ресурстарын пайдаланатын. Облыс кітапханаларында пайдаланушыларға қызмет көрсететін 13 қоғамдық қолжеткізу пунктері бар. 100 астам кітапхана Интернет желісіне қосылған.

Шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауға, оның ішінде агроөндірістік кешенді дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты http://www.e.gov.kz порталының контенті шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікке арналған өнімдік ақпаратпен толықтырылып, бизнеске көмекке ақпараттық қызмет көрсету жандана бастады.

Облыс кітапханалары «Бизнестің жол картасы 2020» бизнес-порталын зерттеу тапсырмасын қолға алды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры (www.fund-damu.kz/kz) шағын бизнеске көмекке ақпараттық ресурс болып табылады. Кітапханашылар, ең алдымен «Даму» қорының мәнін, бұл қордың неліктен кәсіпкерлікке көмекке түрлі бағыттар төңірегінде көптеген бағдарламаларды қолдауды жүзеге асыратынын түсініп, талдай білулері керек. Төменде келтірілген:

  • жобаларды жүзеге асыруға арналған банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қаражаттандыру;
  • бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған банк несиелері бойынша ішінара кепілдік ету;
  • өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамытуға; бизнесті жүргізуді сервистік қолдауға; кадр даярлауға, жастар тәжірибесіне, әсіресе әлеуметтік жұмыс орындарын (компонент 2011ж. бері енгізілуде) ұйымдастыру мен қолдау;

бойынша Мемлекеттік қолдау қалай жүзеге асырылатынынан хабардар болулары керек еді.

Осының бәрін жете түсіне білу үшін кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкерлері келелі кеңес, толық түсініктер беріп, қызықты тәжірибелік сабақтар өткізді. Жергілікті жерлерде бизнеске көмекке ақпараттық ресурстарды зерттеу бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Кітапханашының өзі сұрақты түсініп, талдай білмесе, қажетті ақпаратты іздеуді ешқашан да жүзеге асыра алмайды.

«Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламаларын зерттеумен қоса, қала, аудандардың индустриалдық-инновациялық дамуының жоспарларын ескере келе, барлық ОКЖ өздерінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны ақпараттық қамтамасыздандыру» жоспарларын дайындаған болатын. Әрине, әр жоспардың өзіндік ерекшелігі бар, олардың ішінде Абай ОКЖ құрастырған жоспарын айрықша атап өтуге болады. Сондай-ақ Балқаш, Бұқаржырау, Саран, Теміртау, Шахтинск ОКЖ жоспарлары да айтуға тұрарлық. ОКЖ жоспарлары негізінде «Қарағанды облысының кітапханаларын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытуды ақпараттық қолдау» үлгі жиынтық жоспарын құрастырдық.

Негізгі мақсатымыз - облыс кітапханаларында ақпараттық қызметтерді кеңейту, шағын бизнес және кәсіпкерлік өкілдерін дер уақытында, нақты, әрі толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады.

Барлық кітапханалар http://www.fund-damu.kz/kz кәсіпкерлікті дамыту Қорының порталында ұсынылған ақпараттық қызметтерді жылжытуға, әсіресе қордың Бағдарламалары, «Бизнестің жол картасы 2020», «Даму» қоры бизнес-жоспар үлгілері, қаржыландыру көздері, фирманы тіркеу, банк шоты, экономикадағы франчайзинг сияқты тақырыптарға баса назар аударды.

Шағын бизнес пен кәсіпкерлік өкілдеріне (кәсіпкерлік бөлімдерінің, шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары, фермерлер) арналған осындай нақты ақпаратқа қажеттіліктің арта түсуі бизнесті дамытуға ықпал етті.

Көптеген ОКЖ неғұрлым сапалы жұмыс үшін экономика саласындағы картотекалар жаңарып, мақалалардың жүйелі картотекасына өзекті айдарлар енгізілді: «Металлургия», «Машина жасау»; «Химия саласы», «Дуальное образование в помощь производству», «Производство кроненпробки, лакировании и литографии белой жести» (Қарағанды, Теміртау ОКЖ); «Мамандандырылған ауылшаруашылық самолеттері» (Бұқаржырау ОКЖ); «Производство искусственных волокнистых материалов» (Саран ОКЖ); «Развитие экспортного потенциала мяса КРС» (Нұра, Шет, Бұқаржырау, Жаңаарқа ауданы); «Герефорд» тұқымдық малдары» (Жаңаарқа ауданы); «Қазақтың ақ бастары» (Абай, Шет); «Жылқышылық» (Жаңаарқа ауданы); «Картоптың дегдарлы түрлері» (Абай, Бұқаржырау, Осакаров ауданы); «Капельное орошение» (Бұқаржырау ауданы) және т.б. Барлық ОКЖ айналадағы өзгерістерді (ауыл шаруашылығын жетілдіру, индустриаландыруды ілгері дамыту...) ескеріп, өз аймақтарының инфрақұрылымын жүйелі түрде зерттеуді жалғастырып келеді.

Сондай-ақ, «Қазақстандық өнімді ішкі нарыққа брендтеу», «Қызметтер экспорты», «Тиімді кәсіпкерлік – тиімді экономика», «Қарағанды облысындағы қазақстандық мазмұн», «Өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру», «Жаңа жібек жолы – транспорттық хаб» және т.б. тақырыптарда алғашқы ақпараттық дайджестер шығарыла бастады.

Ақпараттық қызмет көрсетуді дамытуда Саран, Шахтинск, Бұқаржырау, Сәтпаев ОКЖ шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлік өкілдерінің «Ақпараттық талаптар мониторингін» ұйымдастырылды. Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуде 4 кәсіпкермен Келісім бекітілді, оларды жеке ақпараттандыру электронды пошта арқылы жүзеге асырылуда.

Абай ОКЖ «Казахстан: стратегия достижений и успеха», Бұқаржырау ОКЖ «Сделай бизнес успешным!» атты жобалар мен бағдарламаларды дайындады.

Теміртау ОКЖ №3ф. І,ІІ топтағы мүгедектер - жаңадан бастаушы бизнесмендерге арналған «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры туралы құжаттар пакетін ұсынды.

Теміртау ОКЖ №1ф. қызметкерлері ««English club» лингвоклубы» жобасы аясында бизнес өкілдері үшін түрлі тасымалдаушылардағы ағылшын тіліндегі құжаттарды, оқулықтарды, әдістемелік ұсыныстар мен құралдарды, анықтамалықтар мен сөздіктер топтамаларын қалыптастырып, «The world without limits» ЭДБ және ағылшын тіліндегі «Книги» ЭК құрастыра бастады.

Бірқатар ОКЖ кәсіпкерлік бөлімдермен серіктестік қарым-қатынасты дамытуда ғимарат пен қажетті құрал-жабдықтарды (компьютер, мультимедиалық проектор, маркерлі және ақпараттық тақталар) ұсынып, семинар, тренинг, тұсаукесерлер өткізді. Атап айтқанда, Осакаров, Бұқаржырау ОК жаңадан бастаушы кәсіпкерлермен өткен курстарда маңызды мәліметтер берілді. 2012ж. шілде айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларын жүзеге асыруда, облыстық әкімдіктің қолдауымен, Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі Бұқаржырау атындағы Орталық қалалық кітапханада жаңадан бастаушы және қазіргі кәсіпкерлердің қатысуымен «Бизнес-кеңесші» экспресс-курсы бойынша семинар-тұсаукесер ұйымдастырды.

Сәтпаев ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастыруымен қызықты өткен, «Кәсіпкерлік психологиясы», «Бизнес-жоспар», «Кәсіпкерліктегі маркетинг», бизнестегі қатерлер және мықты, осал жақтарының мүмкіндіктері туралы «SWOT талдауды қалай жүргізу керек?», «Қызметкерлерді басқару», «Кәсіпкерлерге арналған қаржылар» тақырыптары талқыланған «Жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге арналған экспресс-курс» атты семинар-тренинг слайдтық тұсаукесермен сүйемелденді. Қатысушылар «Жеткізуші мен тұтынушы», «Жетектелген және жетекші» (ақпараттық кеңістікте бағдарлануға арналған) командалық ойындарды жүргізіп, тест-ойын, психологиялық ойындар мен ақылдық шабуылдарға атсалыса қатысты.

Қарағанды ККОЖ М.Әуезов атындағы ОҚК «Халық банкі» қызметкері З.С.Сұраншиева жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге кеңес беріп, шағын және орта бизнестің несиеленуі туралы сұрақтарға толық жауап берді. Кәсіпкерлер назарына кітаптардың тақырыптық іріктелуі, «Заң» ДБ ұсынылды. «Ірі қара малды өсіру мен асырау», «Нан өнімдерін шығару бойынша цех ашу және жұмысты ұйымдастыруда бизнес-жоспар құрастыру» және т.б. тақырыптарда жеке іріктеулер құрастырылды.

Теміртау, Абай ОКЖ мектеп оқушылары арасында мамандық таңдау бойынша жұмыс, кәсіпкерлік рөлін танымал етуде шағын, орта бизнес өкілдерін тарту мақсатында кездесулер өткізді.

«Халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында «Жұмыскер мамандық иелеріне көмек» сияқты маңызды тақырыпты актуальдандыруда ауқымды шаралар атқарылды. Шахтинск, Теміртау, Қарқаралы ОКЖ кітапханаларда немесе жұмыспен қамту орталықтарында (келісу арқылы) компьютер курстары, тренингтер (сылақшылар, монтажшылар, газбен дәнекерлеуші, құрылысшылар, жүргізушілер) өтті. Әр ОКЖ жұмыс жоспарларында жүзеге асырылуы тиіс тартымды тақырыптарды ұсынды.

Кітапханалар ақпарат орталығы сияқты осы категориядағы ақпараттық қажеттілікті ескере, «Виртуалды шолу», «Сайттар шолуын» ұйымдастыруда. Осакаров, Шахтинск, Бұқаржырау, Сәтпаев ОКЖ сайттарында «Бизнеске көмек» беттері ашылған.

«Электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы транзакциялық қызметтер» тақырыбы шағын және орта бизнес өкілдері үшін неғұрлым өзекті саналады. Кітапханашылар электрондық цифрлы қолтаңбаны алу бойынша қызметтерді танымал етуге атсалысуда. Бұл қызмет http://pki.gov.kz/index.php/kz/ порталында тегін көрсетіледі. Порталда жеке адамдар мен заңды тұлғаларға арналған сенімхаттардың жаңа үлгілері орналасқан. «Техникалық қолдау Қызметі» техникалық тұрғыдағы, бағдарламалық қамтамасыз етуді, сертификаттарды орнату мен баптау туралы мағлұмат береді. Ондаған кәсіпкерлер, әсіресе ауылдық жердегілер, портал көмегі арқылы «Электрондық цифрлық қолтаңбаны» ала алады. Бұл бағытта атқарылып келе жатқан ауқымды шаралар әлі де жалғасуда.

Бүгіндері қалалық, аудандық кітапханашылармен қатар, Абай, Бұқаржырау, Нұра, Осакаров ОКЖ ауылдық кітапханашылары да шағын, орта бизнес субьектілеріне айтарлықтай қызмет көрсетіп келеді.

  • іскер әдебиетті іздеуге арналған Интернет желісіне қолжеткізу;
  • іскерлік материалдарды компьютерді теру, электронды тасымалдаушыға ақпарат жазу, басып шығару, ШОК субьектілерінің өтініші бойынша құжаттарды сканерлеу;
  • компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа оқыту (мәтіндік, графикалық, кестелік редакторлар, тұсаукесерлер құрастыру);

Сондай-ақ:

және т.б. белсенді түрде ұсынып келеді.

Бұқаржырау ауданының Новоузенка ауылдық кітапханасы 2 кәсіпорынның құрылысы жайында («ТехноИндустрия» ЖШС фракциялық текше тәрізді кесектер өндірісі бойынша зауыт, «КазАвиаСПЕКТР» ЖШС ауылшаруашылық самолеттері өндірісі бойынша) ақпараттандыруды алғашқылардың бірі болып бастаған. «Талап етілетін мамандар» картотекасын жүргізгенде, кітапханашы тұрғындарға зауыттарға қажетті мамандықтар туралы ақпараттар беріп, кәсіпорынның қысқа сипаттамасынан, суретті материалдан тұратын «Тау-кен секторының кәсіпорны», «Ауылшаруашылық самолеттері өндірісі жобасы» ақпараттық бюллетеньдер шығарды. Самолет шығару өндірісі бойынша зауыт өкілдерімен өткен кездесу барысында тұрғындарға кәсіпорын есебінен Қазан қаласына самолет шығару мамандықтарына оқуға түсуге ұсыныс жасалды. Қатысушылар қойған сұрақтарына нақты жауаптар алды. Кездесуге қатысушылардың бірі Р.Қожанбаев аталмыш қалада самолет шығару мамандығы бойынша білім алуда. Қазіргі уақытта «КазАвиаСПЕКТР» зауытында ауыл тұрғындарының ішінде 11 адам еңбек етеді.

«Герефорд» ет өнімінің әлемдегі ең танымал тұқымы» атты қызықты тақырыпты Жаңаарқа ауданының Ескене, Ақсу ауылдық кітапханалары белсенді түрде танымал етуде.

Өкінішке орай, бүгіндері ауылдық кітапханалардың басым бөлігі бұл бағытта ойдағыдай жұмыс атқармайды деуге болады. Осы жылы біз 100-ден астам ауылдық кітапхананы араладық. Көптеген кітапханашылардың кітап оқымауы, өз кітапханаларының кітап қорын жете білмеулері, ҮИИД (ФИИР) және т.б. айтпағанның өзінде, іздеуді жүзеге асыра алмай, ақпараттық ресурстар сапасын бағалауды білмеулері өкініш туғызды.

Кітапханалардағы шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікке көмекке ақпараттық қызметтерді танымал етуді талдау барысында шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлік өкілдерінің «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (www.fund-damu.kz/kz)  ресурстарына жүгінудің жыл сайын арта түсуі білінді, бұл мазмұнды және талап етілген контентке байланысты. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ресурстары облысымызда мыңдаған шағын, орта кәсіпкерлікті ашуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыс істейтін жұмыскерлер санының артуына мүмкіндік берді.

Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етуді талдау барысында ОКЖ ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға бірыңғай кешенді келіп, шағын, орта бизнесті ақпараттық қамтамасыз етудің толық жүзеге асырылмағанын байқадық.

  1. Құжаттар қорын толықтырудың дәстүрлі технологиясы қайта ойлау мен толықтырулар енгізуді талап ететіндіктен, шағын, орта бизнесті ақпараттық қамтамасыз етудің сапалы құралдарына назар аудару аса маңызды саналады;

Қор толықтыруды үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бойынша (қала, аудан) Мемлекеттік бағдарламасы контексінде қалыптастыруға назар аударуларыңызды сұраймыз. Экономикалық саладағы ақпараттық базаны жаңарту бойынша, қорды маңызды әдебиетпен қалыптастыруға; бизнес, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, техника бойынша, жұмыскер мамандықтары туралы және т.б. әдебиеттерді анықтау мақсатында қазақстандық, ресейлік әдебиеттерді зерттеу бойынша ауқымды жұмыс атқару керек. Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын ашатын мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастырыңыздар. Осы орайда ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған (2012ж. 26-27 қыркүйек) «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында кітапханалар қорын қалыптастыру» тақырыбында өткен республикалық семинар материалдарын қарап шығыңыздар.

Назар аударыңыздар:

  • Семинар бағдарламасына аймақтық үдемелі-инновациялық дамуы мен әлеуметтік жетілдіру жағдайында Қазақстан кітапханаларының ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, кітап шығару, кітап нарығы, кітапханаларды толықтыру үрдісі және инновациялар, қазіргі кезеңде техникалық және жаратылыстану әдебиеттері басымдықтарының қажеттігі, кітапханалардың электрондық ортадағы алдағы уақытта дамуы мен желілік қашықтағы ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарды талқылау енгізілді.
  • ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі К.К.Қоштаеваның «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында кітапханалар қорын қалыптастыру» тақырыбындағы түйінді баяндамасы ұсынылған;

Сондай-ақ «John Wiley», «Brill» әлемдік баспа компанияларының өкілі Джасек Левинсон, «Машиносроение» баспасының менеджері В.Н.Костюк, ВИНИТИ РАН директорының орынбасары О.В.Кириллов, ҚР Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары К.Е.Байзақовтың баяндамаларына назар аудару маңызды.

  1. Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін оның пайдаланушыларын (жаңадан бастаушы кәсіпкерлер, өз бизнесін дамытқысы келетіндер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары және т.б.) нақты анықтап, олардың қызығушылықтарын ескере, ақпараттық ресурстарды одан әрі дамытуды қалыптастыру керек. Әзірше барлық ОКЖ шағын бизнес пен кәсіпкерлік өкілдіктерінің ақпараттық қажеттіліктерін анықтауға кірісті.
  2. Пайдаланушыларды (жеке және топтық) айқындауға мүмкіндік беретін кітапханалық қызмет көрсету аймағының инфрақұрылымын зерттеу мақсатында аз әлеуметтік зерттеулеріңізді (пікіртерім, сауалдама) жүргізуді ұсынамыз. Ақпараттық қызмет көрсету.
  3. Бизнес қызығушылығы аясында анық ақпаратты алуға мүмкіндік беретін қызықты, бірегей ресурстарды қалыптастыру.
  4. Жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы жаңа ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз ету; халықаралық деректер базасымен «on line» режимінде жұмыс істеу мүмкіндігі;
  5. Кітапхананы пайдаланушылардың  талаптарына сай (қызметтердің түр-түрін кеңейту, оларды жетілдіру, кітапханалық сервис) кітапханалық қызметті орындау;
  6. Мәселелік-бағытталған деректер базасын түрлі бағыттар бойынша іскерлік орта үшін қалыптастыру және т.б.;

Облыс кітапханалары шағын кәсіпкерлікті қолдауға ақпараттық қызметтерді жылжытуда алғашқы қадамдарын бастады. Басым бөлігі кәсіби сипаттағы қиындықтармен кездесті. Шағын және орта бизнес, кәсіпкерлік өкілдерімен жұмыс істеу оңай болмай шықты. Кітапханашылардың лайықты білім, ақпарат іздеу алгоритмі, эрудиция, білгірлікпен қатар, шағын және орта бизнес, кәсіпкерлікті қолдауға арналған жаңадан шығып жатқан әдебиеттер, қазақстандық, ресейлік, әлемдік Internet-ресурстар жайында хабардар болғандары жөн.

Бізді сыйласын десек, кітапханалардың қазіргі заманға сай, табысты болуымен қатар кітапханалардың қажеттігін қаласақ, ең алдымен өзіміз өзгеріп, қызметіміздің мәнін жоймай, жұмыстың жаңа түрлерін қабылдай білейік.

Ф.Х.Тимершина,

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі

(аударған Р.О.Бұланбекова,Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі)

  • Лицензиялық бағдарламалық жасақтама
  • Заман талабына сай облыс кітапханалары лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы қолға алып келеді. Алғаш рет «Бағдарламалық жасақтама» тақырыбы 2007 жылы ОКЖ директорлары мен бас есепшілер қатысқан «Мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру жоспары: 452-ші ерекшелік – материалдық емес активтер (лицензиялық бағдарламалар), лицензиялық бағдарламалық жасақтамаларды сатып алу, олардың қымбат құны, лицензияларды иеленуге кететін шығындардың минимизациясы» түбегейлі талқыланған семинарда қарастырылған болатын. Семинарда ОКЖ директорларына білім беру мекемелеріне, оның ішінде кітапханалар үшін де айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған OLP AE (Open License Academic) бағдарламасы бойынша лицензиялар сатып алу ұсынылған еді.
  • 2008 жылғы Қырым конференциясынан кейін ОКЖ директорларымен қайыра кездесу өткізу жайлы ой туып, 2008 жылдың 9 қазанында директорлар үшін семинар ұйымдастырылды. «Кітапханаларды дамыту бөлімі» директорлардың аталмыш тақырыпты игеру деңгейлерін тексеру мақсатында «Лицензия нұсқалары», «Лицензиялық келісімде не айтылады?», «Бағдарламалық жасақтама көшірмесінің заңдық дұрыстығына қалай көз жеткізу керек?», «Бағдарламалық жасақтаманың қорапты нұсқасының ерекшелігі неде?», «Кітапханалар үшін қаржыландыру аясында қандай нұсқа ең пайдалы саналады?», «Түпнұсқалық сертификаты болмаған жағдайда Сіздің не істеуіңіз керек?», «Өнімге құжаттаманың дұрыстығын қалай тексеру керек?», «Бағдарламалық жасақтаманы бір дербес компьютерден екіншісіне ауыстыруға бола ма?», «Филиалдарды қалай лицензиялау керек?», «Диск голограммамен, ол не үшін керек?», «Бағдарламалық жасақтаманы сатып алу мен пайдалану жариялылығын растайтын құжаттар?»және т.б. сауалдардан тұратын тестілеуді даярлады. Бағдарламалық сатып алу жағдайын талдау мінездемесі үшін ОКЖ директорларынан SWOT-талдауды пайдалану деңгейлерін көрсетуді өтінген едік, Strength’s - мықты жақтары мен Weaknesses - әлсіз жақтарын, Opportunities - мүмкіндіктер және Threats - қауіптерді анықтаулары тиіс еді, өкінішке орай директорлардың берген жауаптары көңілден шықпады.
  • Деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қызметкерлер құрамы өнімділігін арттыру өзекті тақырыптардың бірі саналатындықтан, бұл тестілеу ОКЖ директорларына лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы сатып алу мен онымен одан әрі жұмыс істеу сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсетудегі негізгі тапсырмаларды анықтауға септігін тигізіп, алдағы уақытта жергілікті жерлерде жүйе техниктерімен, бағдарламашылармен бағдарламалық жасақтаманы немесе еркін бағдарламалық жасақтаманы лицензиялау, одан әрі лицензияларды басқару барысында туындайтын мәселелерді дұрыс шеше біліп, оқып-үйренуде көмек ретінде ұйымдастырылды.
  • Директорлармен өткен кездесуге «ЦТО Плюсмикро» ТОО бағдарламалық жасақтаманы лицензиялаудың маманы В.В.Сухочев қатысып, «Лицензия түрлері», «Бірлескен лицензиялау программалары», «Автор құқығын қорғау түрлері», Microsoft программалық жасақтамаға тұрақты лицензияларды анағұрлым төмен бағамен сатып алу мүмкіндігін беретін «MICROSOFT заңдастырылған шешімдері», «Academic Open License бпрограммасының ерекшеліктері» тақырыптары төңірегінде мол мағлұмат берді.
  • Қозғалған тақырыптар ішінде «Авторлық құқықты қорғау түрлерін» талқылағанда Қазақстан Республикасының әкімшіліктік құқықты бұзушылық туралы айтылған 129-бабы (авторлық және аралас құқықтардың бұзылуы) мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының 184-бабы (авторлық және аралас құқықтардың бұзылуы) мұқият қарастырылып, авторлық құқықты сақтауды қадағалауға құқықты ұйымдар туралы мәліметтер берілді:
  • · Қазақстан Республикасы зияткерлік меншігінің құқықтары бойынша комитет
  • · Мемлекеттік салық қызметінің ұйымдары
  • · Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
  • · Прокуратура ұйымдары
  • · Тұтынушы құқығын қорғау істері бойынша ұйымдар
  • Кездесуден кейін тиісті қорытындылар жасалып, келесі шешімдер қабылданды:
  • ·  2008ж. 1 қарашасына дейін «Кітапханаларды дамыту бөліміне» бағдарламалық жасақтаманың бар болуы туралы ақпарат жинап (осы бөлім дайындаған кесте бойынша), ұсыну;
  • ·  жүйе техниктерімен және бағдарламашылармен семинар өткізу (қараша);
  • · «Бағдарламалық жасақтаманың есеп тәртібі және орналастыру туралы Жағдай» дайындау. Жоба.
  • Бұл семинардан соң директорлар жергілікті жерлерінде айтарлықтай жұмыстар атқарып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушілерін, бас есепшілерді лицензиялық бағдарламалар жайлы ақпаратпен хабардар етті. Барлық ОКЖ бағдарламалық жасақтаманың бар болуы жайлы толық ақпаратты жинақтап, кітапханалардағы барлық компьютерлерде бағдарламалық жасақтама лицензиясының орнатылғандығын түбегейлі зерттеп, көптеген бас есепшілер бағдарламалық жасақтаманы сатып алу мен аударылған қаржы туралы құжаттарды қайта салыстыра, бір тексеріп өтті.
  • Барлық ОКЖ кешенді тексеруді жүзеге асырып, қорытындылап, «Кітапханаларды дамыту бөліміне» бағдарламалық жасақтаманың бар болуы, олардың нұсқалары туралы есепті ұсынды.
  • 2008 жылдың 1 қарашасында облыс кітапханаларындағы лицензиялық бағдарламалық жасақтама саны 859-ді құраған еді, есеп беру жылының аяғында Шахтинск, Приозерск, Нұра ОКЖ лицензиялық бағдарламаларды сатып алды.
  • 2009 жылдың 1 қаңтарындағы лицензиялық бағдарламалық жасақтама
  • Берілген кестеден облыс кітапханаларының «Windows XP» операциялық жүйесінің 2-нұсқасын пайдаланатыны көрінеді. 143 компьютерде – Microsоft Windows XP Home Edition, 177 компьютерде - Microsoft Windows XP Professional. Ал Ұлытау, Шет, Балқаш, Сәтпаев, Қарағанды сияқты ОКЖ олар мүлдем жоқ.
  • 107 компьютерде Microsoft Office Standart Edition 2003 орнатылған. 2008 жылдан бастап кітапханалар Microsoft Office 2007 сатып ала бастады. Барлығы – 112. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК –30, Шахтинск ОКЖ – 31, Теміртау ОКЖ - 31, Бұқаржырау ОКЖ – 18, Қарағанды ОКЖ – 6.
  • ABBYY FineReader Corporate Edition. Мәтінді көшіріп алуға арналған қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Барлығы – 39. Облыстың 11 кітапханасында ғана қолданылады: Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК – 9, Абай атындағы ОБК – 1, Ж.Бектұров атындағы ОЖК – 1, облыстық зағиптар кітапханасында – 1; ОКЖ: Абай - 2, Ақтоғай -2, Бұқаржырау - 3, Приозерск -1, Жаңаарқа -2, Қарқаралы - 4, Нұра - 5, Осакаров- 3.
  • Adobe Photoshop. Суретті көшіріп алуға арналған қолданбалы бағдарламалық жасақтама, 2 кітапханада ғана бар: Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК – 2, Шахтинск ОКЖ – 1.
  • Publisher. Барлығы - 35. Приозерск ОКЖ басқа барлық ОКЖ және 3 облыстық кітапханада бар (Абай атындағы ОБК жоқ).
  • Macromedia Dreamweaver. Веб-сайт құруға, онымен жұмыс істеуге арналған қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК – 2, Шахтинск ОКЖ – 1.
  • Серверлерге арналған Windows Server ClientAccessLicense 2003 Russian OpenLicensePack лицензиялар – тек Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК бар – 52, Ж.Бектұров атындағы ОЖК – 5, Шахтинск – 38.
  • Антивирустық бағдарламалар. Облыстың 30 кітапханасында 192 компьютерде антивирустық бағдарламалық орнатылған. Оның ішінде тек Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК - DrWeb Enterprise Suite, 80 компьютерде 12 айға арналған жыл сайын ұзартылып отыратын лицензия пакеті бар. Облыстық зағиптар кітапханасында 14 компьютерде – DrWeb орнатылған. 67 компьютерде (Бұқаржырау, Нұра, Балқаш, Шахтинск, Приозерск, Абая атындағы ОБК) Касперский антивирусы орнатылған, 18 компьютерде - NOD32 (Ж.Бектұров атындағы ОЖК).
  • Лицензия түрлерін талдай келе, облыс кітапханаларында бағдарламалық жасақтама сатып алудың үш әдісі бар деуге болады:
  •  
  • ·           Қорапты нұсқа;
  • ·           ОЕМ;
  • ·           Бірлескен лицензиялар;
  •  
  • Ең көп тараған нұсқа, бұл – ОЕМ – нұсқалар – 357. Бұл сатып алудың ең арзан нұсқасы болып табылады және тапсырыс жиынтығына: голограммалы тасымалдағыш, СОА түпнұсқалық сертификаты, лицензиялық келісім, пайдаланушының басылып шыққан басшылығы (оның өзінде әрқашан емес) бірге кіреді. Лицензияның жарамдылық мерзімі компьютердің пайдаланылу мерзімімен бірдей болады, OEM-нұсқаларын дербес компьютерді немесе жинаушыдан серверді сатып алғанда бір мезгілде сатып алуға болады. OEM-лицензиялары компьютерлік техникадан жеке ақырғы пайдаланушыларға таратуға арналмаған, әрі өнімді пайдалануға құқықтар шектелген, жаңару нұсқалары мен арнайы академиялық бағалар жоқ.
  • Қорапты нұсқа – 171. Облыс кітапханалары үшін компьютерлік бағдарламалардың қорапты нұсқасын сатып алу Microsoft бағдарламалық жасақтаманы сатып алудың ең оңай жолы болып табылғанымен, бағасы жағынан ең қымбаты саналады. Оларды сатып алғанда өнімді орнату мен пайдалануға арналған қажетті құрауыштардың, нақты айтқанда – лицензиялық келісімнің, түпнұсқалық сертификаттың, бағдарламалық өнімді дистрибутивтің, тәртіптегідей баспалы түрдегі тіркеу кәртішкесі мен құжаттаманың, ең бастысы – тұрақты (мерзімсіз) лицензиялар қоса беріледі, бұл да кітапханалар үшін аса маңызды. Бірақ бағдарламалық өніммен бір қорапты сатып алған жағдайда маман бағдарламаны басқа компьютерлерге орната алмайды, оған құқығы жоқ. (ОКЖ бар компьютерлер 15-40 арасын құрайды).
  • Бірлескен лицензиялар – 331, оның ішінде Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК 217 бірлескен лицензия бар. ОКЖ арасында Шахтинск, Бұқаржырау, Нұра ОКЖ сатып ала бастады.
  • Әр ОКЖ лицензияның қандай да болмасын түрлері бар, лицензия түрлерін талдай келе, тәжірибе арқылы бірлескен лицензиялардың неғұрлым пайдалы екендігіне көз жеткіздік.
  • Облыс кітапханаларындағы лицензиялық бағдарламалық жасақтаманың бар болуы бағдарламашы немесе жүйе технигі мамандары бар кітапханаларда жұмыстың анағұрлым дұрыс жүргізілетіндігін көрсетті. Жоғарыда айтылғандай, облыс кітапханаларында бар 959 бағдарламалық жасақтаманың көп бөлігі (291) Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК тиесілі. Өкінішке орай ОКЖ жүйе техниктерінің басым бөлігі бағдарламалық жасақтама прайсымен жұмыс істей білмейді, тіпті бағдарламалық жасақтаманы дұрыс таңдап, жөндеп сатып та ала алмайды. Сондықтан да Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК мамандарды ақпараттандырып, тәжірибелік сабақтар берілетін іс-шараларды міндетті түрде ұдайы өткізіліп отырады.
  • Бүгіндері ОКЖ үшін заңдастырылған шешімдер маңызды, себебі компьютерлер болса да, көп кітапханаларда лицензиялық бағдарламалар жоқ, кейде олар компьютер санына сәйкес келмейді.
  • Лицензия сұлбасы және лицензияларды сатып алудың қолайлы логистикасы, бағдарламалық жасақтаманы мүліктендіру, лицензиялық тазалықты қамтамасыз ету бойынша оңтайлы саясат жасау, лицензиялық емес бағдарламалық жасақтаманы пайдаланумен байланысты қаржылық тәуекелдер және т.т. туындап жатқан сауалдарды талдап, талқылап, қажетті шешімдерді қабылдау үшін Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК және «ЦТО ПлюсМикро» ЖШС 2008 жылдың 19 қарашасында ОКЖ бағдарламашылары мен жүйе техниктері үшін «Бағдарламалық жасақтаманы лицензиялау» атты облыстық семинар өткізді.
  • Аталмыш семинарды Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК директоры Ж.К.Шаймұханбетова ашып, көкейкесті мәселенің бірі облыс кітапханалары күні бүгінге дейін бағдарламалық жасақтаманы ойдағыдай сатып алып, оның есебін дұрыстап жүргізе алмай келетіндіктен, бұл семинардың лицензия түрлері мен лицензиялау сұлбасын зерттеуде тигізер көмегі көп деп, лицензиялық бағдарламалар есебіне жете тоқталып, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК дайындаған облыс кітапханаларындағы «Бағдарламалық жасақтаманың есеп тәртібі және орналастыру туралы Жағдай» туралы айтып өтті.
  • «ЦТО ПлюсМикро» ЖШС бағдарламалық жасақтаманы лицензиялау бойынша мамандары В.В.Сухочев, А.О.Белякин «Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйелерді қалай дұрыс лицензиялау керек?», «Лицензиялық бағдарламалық жасақтама құндылығы және ақпараттық технологиялар саласында зияткерлік меншікті қорғау», «Өнімдер инсталяциясы мен активтеуінің ерекшеліктері және түрлі өнімділіктіжүйелер үшін техникалық шешімдер» тақырыптарында тұсаукесерлер жасады.Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК бөлім меңгерушісі, білікті маман Рақымова Нұрғайын Әнуарқызы, Нұра ОКЖ жүйе технигі Матвеев Александр, Саран ОКЖ инженер-жүйе технигі Киммель Юрий Генрихович, Жезқазғандық жүйе технигі Аманжолов Дулат, Абай ОКЖ жүйе технигі Филиппенко Игорь сияқты семинар мүшелері белсенділікпен қатысып, мамандарға «Microsoft бағдарламалық жасақтамаға бірлескен лицензияны қалай сатып алуға болады?», «Windows XP Professional лицензиялы емес көшірмесі бар компьютерлер үшін операциялық жүйені қалай заңдастыруға болады?», «Windows XP Professional үшін Get Genuine Kit (GGK) және Windows XP Professional (GGS) үшін Get Genuine Solution, олардың айырмашылығы неде?», «Операциялық жүйеге лицензия таңдау алгоритмі», «Телефон арқылы активтеу», «Өнімнің кілті деген не?», «Өнімді қалай тіркеу керек және кілттік файл қалай алынады?», «Антивирустар» деген сұрақтар қойды. Еркін бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға көмекке 15-ші мерейтойлық Халықаралық Қырым конференциясының материалдары ұсынылып, кітапханалық еркін бағдарламалық жасақтаманы (СПО) өндірушілер, ашық дереккөздерден лицензиялау жүйесін пайдалануға көшу мүмкіндіктері, осы дереккөздерден тегін өнімдерді пайдалану жолдары айтылды:
  • ·  Linux операциялық жүйесі
  • ·  Open office - Microsoft Office барабар тегін аналог
  • ·  Mozilla Firefox – Интернет – браузер мен электронды пошта
  • ·  Сlamwin – антивирустық бағдарлама
  • ·  кітапханалар үшін бағдарламалық жасақтама: еркін бағдарламалық жасақтаманың ең ірі кітапханалық жобасы - Koha жүйесі, бұл ашық кодты мамандандырылған кітапханалық жүйе
  • ·  электронды кітапханалар үшін бағдарламалық жасақтама - Greenstone белгілі программалық жүйесі, http//www.nzdl.org сайтында 50 астам электронды жинақ ұсынылған, жүйенің өзін http//www.greenstone.org сайтынан алуға болады
  • Семинарда еркін бағдарламалық жасақтама төңірегінде пікірталас туындап, оны пайдаланғанда бейімделу, баптау, жөндеп, түзету, хостинг үшін ақы төлеу қажеттігі, оның кітапханаларға қымбатқа түсетіні талқыға түсіп, алдағы 2009 жылға кітапхана бюджетінде бағдарламалық жасақтаманы сатып алу мен оны жаңартуға қаржы бөлінбегенін ескергенде еркін бағдарламалық жасақтама, қазіргі дағдарыс кезінде қиын жағдайдан шығудың бір амалы деген пікірге тоқтады.
  • Кітапханалар үшін заңды бағдарламалық құралдарды пайдалану сияқты қызметтің жаңа саласы ашылғандықтан, қарастырылған тақырыптар қызығушылық тудырып, көп көңілінен шықты.
  • Қорытындылай келе, облыс кітапханалары үшін бағдарламалық жасақтама төңірегінде жасалған алғашқы қадамдар 2009 жылға арналған ұсыныстар қатарын тұжырымдауға мүмкіндік береді:
  • · жергілікті жерлерде «Бағдарламалық жасақтаманың есеп Тәртібі және орналастыру туралы Жағдай» атты Жобаны қарастырып, ұсыныстар енгізу;
  • · компьютерлік бағдарламаларды орнату және көшіруді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманың жүйелі мүліктендірілуін ұйымдастыру,
  • лицензияларды сатып алудың ақысын бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік беретін және жеңілдіктер қарастырылған бірлескен лицензиялау бағдарламаларын пайдалану;
  • лицензияланбаған бағдарламалық жасақтаманы пайдалану мәселесіне өте мұқият қарау;
  • · Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК мен «ЦТО ПЛЮСМИКРО» ТОО әлеуметтік серіктестігі аясында С.Сейфуллин атындағы Жезқазған қалалық кітапханасы базасында «Бағдарламалық жасақтама және Қазақстан заңнамалары: қорғау және перспективалар» атты аймақтық семинар ұйымдастырып, өткізу;
  • Алдағы уақытта ақпаратты антивирустық қорғауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында өткізілетін іс-шаралар:
  • · «Әр кітапханаға - антивирустық қорғау» акция;
  • ·  Жүйе техниктері мен бағдарламашыларға арналған «Қарағанды облысының кітапханаларындағы ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты антивирустық қорғау» семинар;
  • Дайындау қажет:
  • · «Қарағанды облысының Мемлекеттік кітапханаларындағы ақпаратты антивирустық қорғау» имидж-жоба;
  • · «Қарағанды облысының кітапханаларындағы ақпаратты антивирустық қорғау жүйесі туралы» Жағдай;
  • · «Қарағанды облысының кітапханаларында ақпаратты антивирустық қорғау құралдарын қолдану туралы» Нұсқау;
  • Даярлау қажет:
  • · «Ашық дереккөздерден еркін ақпараттық қамтамасыздандыру: Кеңселік дестелер. Пошталық клиент. Антивирустық дестелер» тізім;
  • · Вирус, спам және тағы басқалардан ақпаратты қорғау саласында білім деңгейін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар;
  • Жоғарыда аталған іс-шаралар облыс кітапханаларында компьютерлік қауіпсіздік пен ақпаратты қорғауға ықпал етуде. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК бұл бағытта айтарлықтай іс-тәжірибе жинақтаған. Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК оңтайлы лицензиялау саясаты ақпараттық технологияларды енгізу бойынша аға кеңесші, білікті маман Қайрат Рақымовтың білімділігінің, білгірлігінің арқасында жүзеге асырылып келетінін айта кеткен жөн. Қ.Рақымов бағдарламалық жасақтаманың академиялық нұсқаларын Microsоft және басқа да бағдарламалық жасақтама жабдықтауыштарының прайстары бойынша жеңілдікпен таңдап алуға көмектесіп, антивирустық қорғауды қатаң қадағалап, «DrWeb» жүйелі түрде, ұдайы жаңартып, т.б. озық технологияларға қатысты барлық жұмыстарды зор жетістікпен атқарып келеді. Автоматтандыру бөлімінің мамандары «Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК компьютерлік қауіпсіздік туралы Жағдай», «Компьютерлік ақпараттық желіні пайдаланушының Нұсқауы», «Бағдарламалық жасақтама және компьютерлік жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалану бойынша пайдаланушы Нұсқауы», «Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК компьютерлік техниканы пайдалану Тәртібі» атты нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды дайындады.
  • Кітапхана басшылары, бағдарламашы, жүйе технигі сияқты мамандар жұмыстарына зор жауапкершілікпен қарап, дұрыс әрекет етсе, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау бойынша жүргізілетін жұмыстар мен лицензиялаудың тиімді саясаты ойдағыдай жүзеге асады деген ойдамыз.
  •  

Қазақстандағы Интернет-дүкендер.

Flib.kz - Қазақстандағы Интернет дүкені

SetBook.kz 

Novella.kz - Интернет кітап дүкені

Ummastore.kz - кітап дүкені

Kaz-kniga.kz  - "Книжный Эльдорадо"

Ozon.ru.kz -  Қазақстандағы OZON.ru ресми өкілдігі

Gulyanda.kz - онлайн кітап дүкені

Meloman.kz  - Интернет дүкені

Almatykitap.kz   - Алматыкітап Баспасы. Баспа және кітап сауда компаниясы

Bookcenter.kz  -"Эрудит" кітап орталығы

Bookcity.kz - «Книжный город»  кітаптар Мегаполисі

Sauda-online.kz  -Кәсіптік әдебиет

OZON.ru — Рунеттегі ең танымал онлайн-мегамаркет

Books.Ru - кітап Интернет дүкені 900 мыңнан астам орыс тіліндегі кітаптарды ұсынады: компьютерлік әдебиет, бизнес бойынша кітаптар, балалар әдебиеті, көркем әдебиет пен публицистиканың жаңа өнімдері

SetBook - кітап Интернет-дүкені, кітап үзінділерімен танысып, жаңа кітап өнімдерінен үзінділер оқып, суреттерді қарауға және бестселлер-кітаптарды парақтауға болады. Кітаптарға рецензия.

ЛитРес –  электронды және дыбысты кітаптар дүкені. Ең көп оқылатын электрондық кітаптар, қиялғажайып, детективтер, бизнес – кітаптар мен балаларға арналған басылымдар.

Бизнес – кітап

«Библион» кітап Интернет дүкені

«Болеро» кітап дүкені 

Аймобилко  - бұл электрондық кітаптар

Bookmate – онлайн режімде оқу  электрондық кітапхана мен онлайн және мобильді қосымшада кітап оқуға ынғайлы сервис.

Ресейлік

Ресей мемлекеттік кітапханасының электронды каталогы

Ресей ұлттық кітапханасының электронды каталогы

Мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапхананың электронды каталогы (МКҒТК) (ГПНТБ) –

Мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапханасы

СО РАН Мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапханасы  

Ағылшын тілінде

АҚШ Конгресінің кітапханасы

Қазақстандық

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының электронды каталогы

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК электронды каталогы

С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының электронды каталогы

Қазақстанның корпоративтік каталогтау орталығы

ҚР БҒМ ОҒК (ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы)

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кітапханасының электронды каталогтары

ҚарМТУ ғылыми кітапханасының (http://www.kstu.kz) электронды каталогы

С.Мұқанов атындағы Солтүстік-Қазақстан ОӘҒК (http://www.nklibrary.kz) электронды  каталогы

http://catalog.nklibrary.kz/index.php/ru/ecatalog/show

Ай кітабы