(Зейіпхан Ермұрат) - талантты ақын, композитор, әнші, көп қырлы талант иесі Ермұрат Зейіпхан 1966 жылы 15 маусымда Қытай Халық республикасындағы Шыңжаң өлкесі, Іле аймағы, Күнес ауданында дүниеге келген. Орта мектепті, өнер институтын сонда тамамдап, 1991 жылы қазан айында Қазақстанға оралған.

Алғашқы прозалық шығармасы 1999 жылы "Сыбызғы сарыны" деген атпен жарық көрген. 2002 жылы "Өзіне арнадым" деген атпен поэзия кітабы шыққан. Республикалық газет-журналдарда шығармалары үзбей жарияланған. «Үш бурыл», «Бұ дүние» сияқты кітаптары оқырман қауымның лайықты бағасын алған.

«Жұлдыз» журналы ұйымдастырған Артығали Ыбыраев атындағы жыр мүшәйрасында жүлдеге ие болған.

Қазақстандағы алғаш өнер жолын Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын тәмәмдаған соң Абай атындағы опера және балет театрынан бастаған. «Қыз Жібек» спектаклінде Бекежан, «Абай» операсында Көкбай рөлін сомдаған. 1997-2000 жж. М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы «Қарагөз» спектаклінде Асан салдың, «Әли және қырық қарақшыда» Хасанның, «Қилы заманда» хабаршының рөлін сомдаған.

2000 жылдан бері Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблінде фольклор-этнография тобының көркемдік жетекшісі болып қызмет істеген. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өнер орталығының жетекшісі де болған.

Халық ықыласына бөленген, сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән, әйгілі «Көк тудың желбірегені», «Күнес-ай», «Екі дүниеде жалғызым» әндерінің авторы саналады.

Бұл өмiрден озбақтың озды бәрi,

Озғандардың -

Қалғандар көз-құлағы.

Жалаң қылыш, жалаң төс бабалардың,

Өрлiгi ұрпақ қанын қоздырады –

деп жырлаған, аз ғана ғұмыр жасағанымен артына өнегелі өлеңдерін қалдырған сегіз қырлы, бір сырлы азамат, ерекше дарын иесі 45 жасында 2011 жылы 21 маусымда Қытай еліне емделуге барып, Үрімжі қаласында ота үстінде қайтыс болды. Артында қалған екі баласы бар.

Шығармалары:

  • 1) Зейіпхан Е. Таста да бар тіршілік, мүктенеді.../ Е.Зейіпхан // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 9 қараша (№45). – 9 б.
  • 2) Зейіпхан Е. Күнесім менің, көз жасым менің / Е.Зейіпхан // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 30 тамыз(№35). – 10 б.
  • 3) Зейіпхан Е. «Бұла көңіл тізгінін бұрар мұңға»: өлең / Е.Зейіпхан // Жас алаш. – 2003. – 13 желтоқсан. – 7 б.
  • 4) Зейіпхан Е. Бұлттардағы жазу: проза / Е.Зейіпхан // Жалын. – 2004. - №3. – 43-46 б.
  • 5) Зейіпхан Е. Қаймақты қарасу: проза / Е.Зейіпхан // Жалын. – 2004. - №3. – 45-46 б.
  • 6) Зейіпхан Е. Қара қыз және қара өлең: поэзия / Е.Зейіпхан // Жас алаш. – 2004. – 25 желтоқсан. – 11 б.
  • 7) Зейіпхан Е. Таңжарықтың өмірінен екі әңгіме: проза / Е.Зейіпхан // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 7 қараша. – 12-13 б.

Ол туралы:

  • 1) Зейіпхан Ермұрат // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 243 б.
  • 2) Зейіпхан Ермұрат // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 143 б.
  • 3) Қазақстан жазушылары: Анықтамалық / Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса. - Алматы: "Аң арыс" баспасы, 2009.
  • 4) Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.

Ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик. Ершу Маржан Аманқосқызы 1977 жылы 15-сәуірде Атырау облысы, Жылыой ауданында туған. Атырау педагогикалық институтының филология факультетін, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Филология ғылымының кандидаты. Филология ғылымдарының кандидаты. IV халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Халықаралық «Бөбек» қорының арнайы дипломымен марапатталған. 1996 жылы «Жылдың үздік ақыны», «Жыл адамы» атағын иеленген.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы қарсаңында «Махамбет» атты тұңғыш поэмасын жазған. Поэмасы қысқартылып, бар бояуынан айырып «Жалын», «Сарыарқа» журналдарында жарияланған. 2003 жылы шыққан «Атырау ақын-жазушыларының кітапханасының 100 томдығының» 58-томында ақын шығармалары жарияланған.

Өлең әлеміне Айек деген атпен енген. «Шырақ», «Пырақ» атты кітаптары басқа атпен, «Айек» деген псевдониммен жарыққа шыққан. Айек - Сұлтан Бейбарыстың анасының аты. Өлеңдері Бейбарыстай күшті, қалпақпен ұрса құламайтын мықты болса деп арманнан туған.

Ақмарал Машимова, әншілер Н.Есқалиева, Н.Абдуллин, М.Арынбаев, Г.Қаспақова, Р.Гайсиндер бірігіп орындап жүрген, Атырау қаласының әнұраны саналатын «Атырау қалам» әнінің сөзін 1996 жылы жазған.

2010 жылы ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен Кипрде өткен Қорқыт ата тақырыбына арналған симпозиумге қатысып, «Ақындардың арғы атасы - Қорқыт» тақырыбында баяндама жасаған.

Татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың оншақты өлеңін қазақшаға аударған.

Өлеңдері «Жас ақындар жырларының антологиясына» енген. «Дариға ғұмыр, жыр –жүрек» (1998); «Таңғы шық» (2000), «Отырар кітапханасы» сериясымен «Жапырақ ғұмыр» (2001), «Қоңыр» (2003), «Шырақ» (2004) жыр жинақтары бар.

Драматургия саласында да қалам тербеген. 2010 жылы Д.Нұрпейісова туралы «Дина» атты алғашқы мистикалы музыкалық драма жазды. 2011 жылы жазылған Махамбет Өтемісұлы туралы «Қайран, Нарын» атты тарихи драманың, Айша бибі мен Қарахан туралы «Махаббат туралы аңыз» атты трагедияның авторы.Жаңа замандағы жаңа әдебиетке қазақы рухты шығармалар берген. Ғарышкер Т.Әубәкіровті, батыр Хиуаз бен Бауыржан Момышұлын, күйші Динаны жыр тілінде сөйлетіп, поэмаға айналдырған.

Сондай-ақ түрік әдебиетінің поэзия, прозасынан жасаған аудармалары да бар.

Шығармалары:

  1. Ершутегі М. Сағыныштың мұңды әні...: өлеңдер / М.Ершутегі // Жұлдыз. – 2001. - №7. – 60-64 б.
  2. Ершутегі, М. Өлеңімді көкке жазамын... [Мәтін]: өлең / М.Ершутегі // Парасат. - 2002. - №7. - 21 б.
  3. Ершуова М. «Ай бетінің сүті тамып..»: өлеңдер / М.Ершуова // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 7 наурыз. – 9 б.
  4. Ершуова М. Көкке қарап ұлыған көкбөрідей тірлігім...:өлең/ М.Ершуова // Егемен Қазақстан.–2004.– 28 қаңтар.–16 б.
  5. Ершуова М. Астанамның ақ самалы: жыр-шашу / М.Ершуова // Егемен Қазақстан. – 2004. – 26 мамыр. – 9 б.
  6. Ершуова М. Махамбет: дастаннан үзінділер / М.Ершуова // Жалын – 2004. – №10. – 74-76 б. 
  7. М.Ершу. Бабалар демі жебесін: өлең.
  8. М.Ершу. Алып: Бауыржан Момышұлы туралы поэма. Жас алаш - zhasalash.kz | Руханият | «Жас Алаш» — 90 ...
  9. М.Ершу. Алтын адам. Жыр шашу.

Мақалалары:

  1. Ершуова М. Мұң бар жерде поэзия бар: халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты, ақын Маржан Ершуовамен сұхбат / сұхбаттасқан Р.Сейілхан // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 25 қараша (№47). – (Жас қалам. – 11 б.).
  2. Ершуова М. Жақсы кітап – жан азығы: пікір / М.Ершуова // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 24 ақпан (№8). – 8 б.
  3. Ершу М. Мен неге Махамбеттен безінуім керек / М.Ершу // Жас Алаш. – 2010. – 12 тамыз (№64).
  4. Ершу М. Мұстафа мұрасы / М.Ершу // Егемен Қазақстан. – 2012. – 12 қазан.
  5. М.Ершу. Қадыр ағаның аруағынан ұят болды-ау... - Halyksozi.kz - Welcome! ғаламтордан алынды
  6. М.Ершу. Мен неге махамбеттен безiнуiм керек?! - ЖАС АЛАШ - zhasalash...
  7. Махаббат дастаны. Түрік тілінен аударған М.Ершу. Жас алаш - zhasalash.kz | Руханият |
  8. М.Ершу. Мұстафа мұрасы. Егемен Қазақстан газеті.

Ол туралы:

1) Ершуова Маржан Аманқосқызы // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 189 б.

2) Ершуова М. Фариза Оңғарсынова: Жастар барда әдебиет жасай береді / М.Ершуова // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 3 желтоқсан. – 8 б. - (Жас қалам,№11).

Дәулетбаева Бану жас прозаик. 1980-жылы 12-ақпанда Райымбек ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген. Орта мектепті 1997-жылы аяқтап, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің филология факультетінде оқыған. 2003-2005 жж. осы университетте "Қазақ әдебиеті" мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Алғашқы әңгімесі 1997-жылы "Қазақ үні" газетінде жарық көрген.

Шығармалары:

1) Дәулетбаева Б. Аспан әлемі: проза / Б.Дәулетбаева // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 8 қазан. – (Жас қалам. - №10. – 6 б.).

2) Бану Дәулетбаева. Аспан әлемі. Өмір биі: әңгімелер // Жас толқын. Жинақ. Проза. 1-кітап / құраст. Н.Байсақалова. – Алматы, 2005. - 27-38 б.

3) Дәулетбаева, Б. Терезе [Мәтін] : элегия / Б. Дәулетбаева // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 3 маусым (N21-22). - 14 б.

4) Дәулетбаева, Б. Операция [Мәтін] / Б. Дәулетбаева // Жұлдыз. - 2007. - №5. - 91-94 б.

5) Дәулетбаева, Б. Әсел [Мәтін] / Б. Дәулетбаева // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 13-19 ақпан (№ 5). - 7 б.

Мақалалары:

1) Дәулетбаева Б. Айтыстан ақиқат туындайды / Б.Дәулетбаева // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 30 қыркүйек (№39). – (Жас қалам,№9. – 9б.).

2) Дәулетбаева Б. Арқа төріндегі бас қосу / Б.Дәулетбаева // Дала мен қала. – 2006. - №7. – 24 ақпан. – 1 б.

3) Дәулетбаева Б. Ғылымның болашағы сөз болды: [ҚР Білім және ғылым министрі Б.Әйтімованың баяндамасы туралы] / Б.Дәулетбаева // Дала мен қала. – 2006. – 16 маусым (№23). – 3 б.

4) Дәулетбаева Б. Есте қалар ұлы іс – ұрпаққа еткен еңбегін! / Б.Дәулетбаева // Дала мен қала. – 2006. - №12. – 31 наурыз. – 1-2 б.

5) Дәулетбаева, Б.Ғылымның болашағы сөз болды [Мәтін]: [ҚР білім және ғылым министрі Б.Әйтімованың баяндамасы туралы] /Б. Дәулетбаева // Дала мен қала. - 2006. - 16 маусым (№23). - 3  б.

6) Дәулетбаева, Б.Италия театры [Мәтін] / Б. Дәулетбаева // Мәдениет. - 2010. - № 1. - 43 б.

7) Дәулетбаева, Б. Аңыз адам - Майкл Джексон [Мәтін] / Б. Дәулетбаева // Мәдениет. - 2010. - № 1. - 60-61 б.

Берікқажыұлы Дәурен 1974 жылы 15 мамырда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қарабұта ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің (қазіргі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) түлегі. 1996-1999жж. орта мектепте, 1999-2002жж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-де ағылшын тілінен дәріс берген.

Қазір «Қазақстан» телерадио компаниясының аударма және дубляж бөлімінде қызмет етеді.

Өлеңдері 1994 жылдан бастап республикалық газет-журналдарда жарияланып келеді.

Шығармалары 2000 жылы жарық көрген «Сборник. Избранное» («Қазақ университеті»), «Жас ақындар жырларының антологиясы» («Өлке») жинақтарына енген. 1996 жылы жарық көрген «Оттегім менің, от демім менің – жырларым» («Жазушы») және 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен шыққан «Ante merіdіem» жыр жинақтарының авторы. 2008 жылы «Гүл мен қылыш жырлары» атты жинағы жарық көрген.

   Тулаған сайын анарың,

   Бұла түн болып қарадым,

   Улаған сайын жанарың,

   Ұлы ақын болып барамын! –деген асқақ та білікті жырлардың авторы.

Шығармалары:

Берікқажыұлы, Д. Гүл мен қылыш жырлары [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Д. Берікқажыұлы. - Алматы : Жалын, 2008. - 80 б. - (Жас толқын).

Мақалалары:

1) Берікқажыұлы, Д. Алдаспанның арызы [Мәтін]: Махамбет-200 / Д.Берікқажыұлы // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 16 мамыр. - 13 б.

2) Берікқажыұлы Д. Қылыштай кенет жарқ етсем / Д.Берікқажыұлы // Жұлдыз. – 2001.

3) Берікқажыұлы, Д. Ар бардай, арман бардай, тағдыр бардай...[Мәтін] / Д. Берікқажыұлы // Жас Алаш. - 2007. - 6 қыркүйек (№72). - 5 б.

Ол туралы:

1) Балқыбек, Ә. Блокпен бәсеке: жеңіс пе, жеңіліс пе? [Мәтін] / Ә. Балқыбек // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 22 наурыз(N12). - 6  б.

2) Берікқажыұлы Дәурен // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 84 б.

3) Берікқажыұлы Дәурен // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. - 131 б.

4) Мұсатаева, А.Қазіргі жас ақындар поэзиясындағы көркемдік ізденістер [Мәтін]: шамшырақ / Мұсатаева А. // Азия Транзит. - 2007 . - №7/8. - 68-75 б.

5) Медетбек, Т.Алтынкөпірліктер [Мәтін]: (Қазіргі жастар поэзиясы хақында) / Т. Медетбек // Жұлдыз. - 2008. - №1. - 143-165 б ; №2. - 126-140 б.

Бердалы Нәзира  1980 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында туған. 2001 жылы әлФараби атындағы ҚазМҰУдың журналистика факультетін үздік тәмәмдаған.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор болып қызмет етеді.

Өлеңдері республикалық мерзімді басылымдар бетінде, бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрген. Тұңғыш кітабы 2001 “Жазушы” баспасынан “Жаңбырлы түн” деген атпен жарық көрген.

Төбемізде жұлдыз күліп,

Аппақ әсем ай қарап,

Самал жел де тұрды үздігіп,

Жапырақты аймалап... – деп мөлдірете жырлайтын психологиялық параллелизмге құрылған махаббат лирикасы өте әсерлі.

Шығармалары:

1) Бердалиева Н. Алматы-сезім: поэзия / Н.Бердалиева // Ана тілі. – 2000. -25 қазан (№23). –(EurAsia. - №25. – 3 б.).

2) Бердалы Н. Жаңбырлы түн..: өлеңдер / Н.Бердалы. – Алматы: Жазушы, 2001. – 48 б.

3) Бердалы, Н. Сүйген жүрек [Мәтін] / Н. Бердалы. - Алматы : Жалын, 2009. - 92 б. - (Жас толқын).

Н.Бердалы. Өлеңдері. Махаббат поэзиясы

Ол туралы:

  1. "Ару-ғұмыр"- арулар әні [Мәтін]: сұхбат / сұхбаттасқан Ж. Амантайқызы // Қазақстан әйелдері. - 2006. - №12. - 10-12  б.
  2. Бердалы, Н. Өмірімде махаббат болмаса, мен ақын болмас едім! [Мәтін] : ақын Н.Бердалымен сұхбат / сұхбат. Ә.Дауылбайқызы // Жұлдыздар отбасы. - 2008. - № 13. - 25-28 б.
  3. Сейілхан, Р. Әлди жырдың әуені [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 8-14 наурыз (№ 10). - 5 б.
  4. Бердалы Назира // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 129 б.
  5. Бердалы Назира // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 82 б.
  6. Нәзира Бердәлиева // Жас толқын. Жас ақындардың өлеңдер жинағы. 2-кітап / құраст. О.Асқар. – Алматы, 2005. – 178-186 б.

Ай кітабы