Байтұрсынұлы Дәулетбек (Бек Сүйіндік) 1963 жылы ҚХР, Іле-қазақ облысы, Моңғұлкүре ауданы, Қонақай ауылында туған. Екі жыл педагогикалық техникумда оқып, орта арнаулы білім алған. 1983-1984 жж. Монғұлкүре ауданында мұғалімдік қызмет атқарған. 1988 жылы Үрімші қаласындағы Оқу-ағарту институтын бітірген. 1991-1994 жж. Құлжа қаласындағы орта мектепте мұғалімдік және «Іле» газетінде тілшілік қызметтер атқарып, «Халық кеңесі» газетінде қызмет істеген. Халықаралық «da Қазақстан» журналының бас редакторы қызметін атқаруда.

1994 жылдың шілде айында Қазақстанға, Алматыға көшіп келді. 1996 жылдан Қазақстан Республикасының азаматы. 1994 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының, 2006 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Халық кеңесі», «Ислам және өркениет» газеттерінде тілші, Қазақстан Жазушылар одағы жанынан шыққан «Әдебиет айдыны» газетінде Бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Өлеңдері 1988 жылдан ҚХР және Қазақстан Республикасындағы мерзімді баспасөзде үздіксіз жарық көріп келеді. «Жас толқын» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі» жыр жинақтары жарық көрген. Қазір «Ан Арыс» баспасында Бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді.

«Ләтипа лүпілі» деп аталатын өлеңдер жинағында жырлар бірыңғай имандылықты ту еткен, Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат негізінде өрбіген. Ғасырлар қойнауынан бері жалғасып келе жатқан мінәжат жырларына еркін беріліп, Ләтипа жүрек лүпілін сездірген ақын жырларын мұсылмандықтың құлшылық амалы деуге болады.

Ақын деген – ағыл-тегіл төгілу,

Қажет болса, қан майданда тіліну.

Адамдардың көңілінде көмілу,

Әрбір атқан таңдар сайын тірілу! - деген өлең жолдарының авторы.

Өлеңдері:

Мақалалары:

  • 1) Байтұрсынұлы Д. «Мәдени мұра - достық кепілі» // Ана тілі. – 2004. - қыркүйектің 16-сы (№38). –– 7 б.
  • 2) Байтұрсынұлы, Д. Жүрегімнен күй құлап, жыр өреді [Мәтін] / Д.Байтұрсынұлы // Жұлдыз. - 2008. - №6. - 98-101 б.
  • 3) Байтұрсынұлы, Д. Рухын ақиқатың жырға қосып... [Мәтін] / Д. Байтұрсынұлы // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 22-28 шілде (№ 28/29). - 10 б.
  • 4) Байтұрсынұлы, Д. Мөлдіреп жапырақта ой - шықтары [Мәтін] : өлеңдер / Д. Байтұрсынұлы // Жұлдыз. - 2011. - № 9. - 123 - 125 б.
  • 5) Байтұрсынұлы, Д. Мұқағали мен Әбдіке Елшенбүйрек басында [Мәтін] / Д. Байтұрсынұлы // Мұқағали. - 2012. - № 11/12. - 60-61 б.
  • 6) Байтұрсынұлы, Д. Азат ой немесе үнсіз өсу баспалдақтары [Мәтін] / Д. Байтұрсынұлы // Үркер. - 2013. - № 4. - 33-35 б.

Ол туралы:

  • 1) Байтұрсынұлы Дәулетбек // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 71 б.
  • 2) Байтұрсынұлы Дәулетбек. «Пәктіктің танып білмей биіктігін...»: өлеңдер // Жас ақындардың өлеңдер жинағы. 2-кітап / құраст. О.Асқар. – Алматы, 2005. – 79-91 б.
  • 3) Қаламгер қасиеті [Мәтін] / М. Байғұт, С. Балғабаев, Д. Байтұрсынұлы ; дайындаған Ы. Нұрсал // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 14-20 қыркүйек (№ 38). - 1, 3 б.
  • 4) Балалар және классикалық әдебиет [Мәтін] / А. Ісімақова, Д. Байтұрсынұлы, Ә. Файзуллаұлы; дайындаған Ә. Байбол // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 7-13 желт. (№ 50). - 1, 5 б.
  • 5) Қаупынбайұлы, Т. Уақытпен үндес өрнекті жыр [Мәтін] / Т. Қаупынбайұлы // Президент және халық. - 2013. - 1 наурыз (№ 8). - 4 б.

Әшімжан Жанарбек ақын, журналист, публицист1976 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында туған. 1999 жылы әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы туындылары аудандық «Хантәңірі», облыстық «Жетісу» басылымдарында жарық көрген. 1996–1999 жж. қалалық «Алматы ақшамы» газетінде тілші, 2000 жылы «Қазақстан» журналында бөлім редакторы қызметтерін атқарған. 2000–2005 жж. республикалық «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, 2005–2008 жж. республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары болып қызмет еткен. 2008 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «ҚаламгерМедиа» орталығының директоры қызметін атқаруда.

2002 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері. Түркістан қаласында өткен Өмірбай Сәуірбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының І жүлдегері, «ТұранӘлемБанкі» ұйымдастырған республикалық жыр бәйгесінің, «Бір өлең – бір әлем» атты халықаралық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері. ӘлФараби атындағы ҚазҰУ ректорының «Журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» арнайы медалімен марапатталған. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2011).

Өлеңдері 2004 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар антологиясына» енген. Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы «Қаламгер-Media» орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

Мақалалары:

  • 1) Әшімжан Ж. Ақұштап Бақтыгереева: «Қай кәлләдан шықса да, «қазақстандық ұлт» идеясының түбі шикі» / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2004. – 19 қазан. – 1,3 б.
  • 2) Әшімжан Ж. Ақындар да аң-таң, біз де аң таң / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2001. – 29 мамыр.
  • 3) Әшімжан Ж. «Біз бәріміз Қорқытпыз» / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2002. – 16 ақпан (№20). – 20 б.
  • 4) Әшімжан Ж. «Біздің қазақта екі қайғы бар...» / Әшімжан Ж. // Жас алаш. – 2002. – 28 ақпан (№25). – 7 ақпан.
  • 5) Әшімжан, Ж. Даланың тарлан тағысы [Мәтін] / Ж.Әшімжан // Жалын. - 2010. - № 1. - 37-38 б.
  • 6) Әшімжан Ж. «Жас алаштың» жұлдызды кеші / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2001. – 22 мамыр.
  • 7) Әшімжан Ж. Жүрегін жұлдызға соғып алған ақын / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2001. – 24 қараша. – 5 б.
  • 8) Әшімжан Ж. «Жұмақ Хантәңірінің ұшар басында емес пе екен?..»: [Айтыскер Оразалы Досбосынов туралы естелік] / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2004. – 30 қараша (№143). – 5 б.
  • 9) Әшімжан Ж. Заманбек Нұрқаділов: «Ұлт мінезі ашылуы керек»: З.Нұрқаділовпен сұхбат / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2004. – 27 қаңтар. – 1-3 б.
  • 10) Әшімжан Ж. Ла Скалада жайқалған жалғыз арша: [Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Аманкелді Сембин туралы] / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2001. – 10 ақпан. – 13б.
  • 11) Әшімжан Ж. Қазақтар Гран-Приді «қырып жатыр» / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2001. – 18 қазан. – 1 б.
  • 12) Әшімжан Ж. «Қартайған әдебиет» қауырсын қоғамды неге ұмытты? / Ж.Әшімжан, А.Аханбайқызы //Жас алаш. – 2002. – 30 сәуір. – 7 б.
  • 13) Әшімжан Ж. Қызыл түсті «қара торғай» / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2002. – 5 ақпан(№15). – 5 б.
  • 14) Әшімжан Ж. Нұртас, Меруерт және Лена немесе қоларбадан қарап отырған ақын / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2004. – 13 қараша. – 1,3 б.
  • 15) Әшімжан, Ж. Редактор [Мәтін] / Ж.Әшімжан // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 29 сәуір- 5 мамыр (№ 17). - 7 б.
  • 16) Әшімжан Ж. Сол жүрек ақыры алып тынды...: Ақын Жұмекен Нәжімеденовтың туған күні. Н.Мұстаққызымен сұхбат // Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2003. – 24 қараша. – 5 б.
  • 17) Әшімжан Ж. «Театрда рактан да қатерлі ауру бар – ол амбиция» / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2001. – 30 қазан. – 5б.
  • 18) Әшімжан Ж. «Терісқақпай» Ұланның мәшинесінде ашылған...»: белгілі актер Асқар Наймантаймен сұхбат / Ж.Әшімжан, С.Сыбанбай // Жас алаш. – 2004. – 1 маусым. – 6 б.
  • 19)  Әшімжан Ж. Уақыт палитрасындағы Сариев сарыны / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2002. – 19 наурыз(№33). – 7 б.
  • 20) Әшімжан Ж. Шафик деп есімін қойған Мәшекең еді / Ж.Әшімжан // Жас алаш. – 2001. – 4 қыркүйек. – 1,5 б.
  • 21) Әшімжан, Ж. Редактор [Мәтін] / Ж. Әшімжан // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 29 сәуір- 5 мамыр (№ 17). - 7 б.
  • Ол туралы:
  • 1) Әшімжан Жанарбек // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 104 б.
  • 2) Әшімжан Жанарбек // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 63 б.
  • 3) Жақып Б. Сүттей таза жүректер.../ Б.Жақып // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 23 қараша (№47). – 10 б.
  • 4) Мүшәйра мәреге жетті [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 2-8 қараша (№44). - 7 б.

Әскербекқызы Жанат

Ақын Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы1966 жылы 1-қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. 1982-1987 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1987-1995 жж. өзі оқыған Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. 1995-2000жж. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1995 — 2000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «Оралхан Бокей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "Мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлемәдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ және шетел әдебиеті кафедрасында қызмет істейді.

«Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына диссертация қорғаған.

1995 жылы «Қарлығаш» жас ақындар жинағына өлеңдері енген. «Ғарыш билер ғүмырымды» (1999), «Қаракөз бұлақ» (2001), «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001), «Көктүріктер әуейі» (2002), «Қаз қанатындағы ғұмыр» (2007) жыр жинақтары шыққан. «Миф дүниесі және көркемдік әлем» (2004), «Көркемдік өріс» (2008), "Мифтің поэтикадағы қызметі" (20010) ғылыми-зерттеу кітаптарының авторы. Орыс ақындары М.Лермонтовтың, Н.Гумилевтің, жапон ақыны Сай-генің, Басенің, тәжік ақыны Фарзонаның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз өлеңдері қырғыз тілінде шыққан «Қазақ поэзиясының антологиясы» жинағына енген.

1993 жылы ұйымдастырылған республикалық "Аққұс» ақындар мүшәйрасының жүлдегері. 1999 жылғы Республикалық "Шабыт" шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері және 1999 ж. Президент стипендиясының иегері. 2001ж. Қ.Аманжоловтың 90 және 100 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының жүлдегері (2001, 2011). 2001 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ұйымдастырылған бәйгеде "Көктүріктер әуені" өлеңдер топтамасы үшін үшінші жүлдені жеңіп алған. Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004). "Шығыс шынары" Халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегері (2010, 2011).

Филология ғылымдарының докторы (1999), доцент (2005). Қазақстанның Жазушылар Одағы мүшесі (2001). Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «2011 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Күлтегін» медалімен марапатталған.

Шығармалары:

1) Әскербекқызы Ж. Көк түріктер әуені:өлеңдер / Ж.Әскербекқызы. – Астана: Елорда, 2002. – 88 б.

2) Әскербекқызы Ж. Қаракөз-бұлақ / Ж.Әскербекқызы.– Астана: Елорда, 2001. – 184 б.

3) Әскербекқызы Ж. Кір шалған күннен түңілігі: поэзия // Ж.Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 20 тамыз. –11б.

4) Әскербекқызы Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр: поэзия / Ж.Әскербекқызы // Жалын. – 2004. - №11. – 47-48 б.

Мақалалары:

1) Әскербекқызы, Ж. "Бекер болды, жөн еді ғой қайырылған" [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Ақиқат. - 2007. - №5. - 47-51 б.

2) Әскербекқызы, Ж. Бекет Ата туралы аңыздардың мифопоэтикалық субструктурасы [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Ақиқат. - 2010. - № 12. - 79 - 81 б.

3) Әскербекқызы Ж. Ж. «Бұлт қой анау жылаған...» немесе Есенғали Раушанов лирикасындағы кейіптеу тәсілінің жасалу жолдары / Ж.Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 29 шілде(№30). – 6 б.

4) Әскербекқызы, Ж. Кір шалған күннен түңілігі [Мәтін] : поэзия / Ж. Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 20 тамыз. - 11  б.

5) Әскербекқызы, Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр [Мәтін] : поэзия / Ж. Әскербекқызы // Жалын. - 2004. - №11. - 47-48  б.

6) Әскербекқызы Ж. Өлеңнің қара бауыр қасқалдағы / Ж.Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. – 2006. – 29 қараша (№292-295). – 14 б.

7) Әскербекқызы Ж. Е. Раушанов лирикасындағы іңірдің поэтикалық суреттемесі / Ж.Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті. – 2003. – 17 қазан. – 12 б.

8) Әскербекқызы, Ж. Сезім сырын селдеткен [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2008. - 2 тамыз. - 7 б.

9) Әскербекқызы, Ж. Талғамы биік қаламгер [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Қазақ әдебиеті : Қазақстан республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. - 2012. - 17-23 тамыз (№ 34).

10) Әскербекқызы Ж. Үні дара ақын: Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған / Ж.Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. – 2002. – 22 қараша. – 4 б.

11) Әскербекқызы, Ж. Ұлт рухының шырақшысы [Мәтін] / Ж. Әскербекқызы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 3 шілде (№ 365/368). - 10 б.

Ол туралы:

1) Әскербекқызы Жанат // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 59 б.

2) Әскербекқызы Жанат // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 97 б.

3) Жақып Б. Сүттей таза жүректер.../ Б.Жақып // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 23 қараша (№47). – 10 б.

4) Жанат Әскербекқызы // Қазақстан жазушылары: Анықтамалық / Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса. - Алматы: "Аң арыс" баспасы, 2009.

Ахмәди Адалбек 1969 жылы 22 наурызда ҚХР, Алтай өлкесі, Жеменей ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Шыңжаң университетінің әлем тілдері факультетін бітірген. 1996 жылы Қазақстанға біржола қоныс аударған. Алғашқы шығармалары 1993 жылы Шыңжаңда «Үкілі ырғай» атты таңдамалы жинақта жырлары жарық көрген. 1997, 1998 жылдары өткізілген Дүниежүзі қазақтарының жыр мүшәйраларының, 2003 жылы өткен Махамбет Өтемісұлының республикалық тележыр бәйгесінің жүлдегері.

«Шолпан әлі туған жоқ» жыр жинағының авторы.

Шығармалары:

1) Адалбек Ахмади. Бабамның басы. Өзіңнен көр, қазағым. Ақ таяқ. Жалғыздық. Түн. Есалаң. Маған біраз бер ғұмыр. Сағыныш: өлеңдер // Жас ақындардың өлеңдер жинағы. 2-кітап / құраст. О.Асқар. – Алматы, 2005. – 9- 20 б.

2) Ахмади А. Кеудемде менің жалайды жүрек...:өлеңдер / А.Ахмади // Жас қазақ үні. – 2002. – 31 қаңтар. – 4 б.

3) Ахмади А. «Қай жағымнан келіп қалдың қара өлең! Қызымды ертіп кетіп едің ар жаққа»: өлеңдер / А.Ахмади // Жас алаш. – 2002. – 26 қаңтар. – 5 б.

4) Ахмади, А. "Қараторғай" ән болатын байырғы...[Мәтін] / А. Ахмади //Таң-Шолпан. - 2008. - № 5. - 3-7 б.

5) Ахмади А. Сәулеге шөлдеп бір қасық...: өлеңдер / А.Ахмади // Жұлдыз. – 2004. - №3. – 105 б.

Ол туралы:

1) Ахмәди Адалбек // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 57 б.

2) Ахмәди Адалбек // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. –34 б.

Танымал жазушы, ақын, прозаик, романист, философ, кинодраматург, қазақ және орыс тілдерінде еркін жазатын қара сөздің шебері, Бішкек ПЕН-клубының мүшесі Дидар Амантай 1969 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1986 жылы орта мектепті тәмәмдап, 1986-87 жж. Қазақ политехникалық институтында оқыған, әскери міндетін Қиыр Шығыста өтеген.

1989–1994 жылдары әлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия және политология» факультетін үздік бітірген. 1994–1997 жылдары Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 1994-98 жылдары Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтының кино факультетінде дәріс алған. 1987–1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1997–2002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» токшоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпебет» бағдарламасының жүргізушісі, 2002–2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі, 2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы, 2005–2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат кz» газетінің директоры, 2004–2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы, 2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры, 2006–2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі. 2009 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы.

Алғашқы кітабы 1996 жылы «Постскриптум» деген атпен жарық көрді. Кейіннен «Қастерле мені» (2000), «Гүл мен кітап» (2003), «Күзгі рандеву» (2005) кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев», «Әлжаппар Әбішев» деректі фильмдердің, «ФЭФ» көркем фильмдерінің сценариін жазған. «Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының (1999), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2007).

Д.Амантай «Қастерле мені» шығармасында рухани мағынасыздық, берекесіздік жайлаған аралық, өтпелі кезеңде медет тұтар үш түрлі құндық-қасиетті күн тәртібіне шығара білген: олар - кітап тағдыры, бокс мәдениеті, мәңгілік межесі. Шығармаларында әрқилы көзқарастарға қозғау салар, ойландырар, пікір таласына шақырар дүниелер жеткілікті.

Қазақ оқырманынан лайықты бағасын алып, қазақ прозасының көкжиегін кеңейткен жазушының «Гүлдер мен кітаптар» атты кітабы ғалым Әбдуақап Қараның аудармасымен Түркияда жарық көрді. Стамбұлда шыққан кітапқа «Гүлдер мен кітаптар» романы мен «Төлеутай ақсақалдың немересі» әңгімесі енді. Француз тіліне де аударылған «Гүлдер мен кітаптар» романы жазылу мәнері жағынан қазақ әдебиеті түрлік ізденістің өзгеше бір қырын аңдататын қызықты хикаят. О басында «Тәңірдің кітабы» түрінде ойластырылып, роман концепциясын кейіпкері Әлішердің біржола басы байланған қаламгерлік қағидаты, мұң-зары, жазылып жатқан мәңгілік мұрасы (бәлкім екі дүниеге бірдей еншілес туындысы) төрелігімен ғана автор өз шығармасының атауынан бастап, бүкіл жаратылысын дәл түсіндіріп бере алған. Сыншы, мәдениеттанушы Ә.Бөпежанова осы туынды туралы «Гүлдер мен кітаптар» сынды шығарманы мен қазақ әдебиетінде бұрын-соңды алғаш оқуым» деген болатын.

Тілі көркем шұрайлы, оқиғалары шынайы, ойға қонымды, әрі тартымды «Күзгі рандеву» кітабына «Гүлдер мен кітаптар» романы, «Мен сізді сағынып жүрмін», «Ібіліспен сүйісу» повестері және көптеген әңгімелері кіргізілген.

Еуропа оқырмандарын қазақ шығармаларымен қауыштырған Дидар Амантайдың "Қарқаралы басында" атты кітабы Париж, Анкара және Ұлан-батыр қалаларында түрік, француз, монғол тілдеріне аударылып. басылған. «Гүлдер мен кітаптар» романын француз тіліне Айтқали Бақытов аударып, оған Альбер Фишлер есімді мәдениеттанушы сыни мақала жазған. Жазушының өзі осы туындысындағы өзгеше, тартымды стилі туралы «Мне интересно объединять стиль Эрнеста Хемингуэя со стилем Марселя Пруста и Габриэля Гарсиа Маркеса, добавляя туда интеллектуализм Милорада Павича и Хорхе Луиса Борхеса. И все это затем приправить особой эстетикой Альбера Камю и Алена Роб-Грийе и Ясунари Кавабаты. В моей поэтической прозе сюжет может существовать и не существовать. Я шел по направлению «рассказ – впечатление» деп түсіндіреді.

Еліміздегі әдеби ортаның өкілдері пікіріне құлақ асатын белгілі жазушы, әдебиет сыншысы Герольд Бельгер Дидардың жоғары әдеби талғамы туралы «Он - продукт культуры, продукт философии, непривычного восприятия мира. Я верю в его талант, ибо для меня всегда выше всего культура и знания. А у Дидара это есть» деген болатын. Француз мәдениеттанушысы Альбер Фишлер кітапты жоғары бағалап, өз мақаласында «казахская литература продолжает жить и существовать благодаря таким авторам, как Дидар Амантай. Он доказательство интеллектуальной жизнеспособности этой страны» деп түйіндеген. Отандық киноға, қазақ прозасына айтарлықтай үлес қосқан, қазақ мәдениетінің жүгін арқалап жүрген қаламгер жайлыМұрат Әуезов «Дидар тарихпен, өткен заманмен және үлкен кеңістікпен тіл табыса алатын жазушылық қасиетін көрсетіп отыр. Өйткені ол мәңгілік құндылықтарды тудырушы. Оның өзіндік ерекше стилі бар» деп баға берген. «Дидардың романдары, хикаялары, әңгімелерінен автордың сюжеттік ситуация мен персонажды дәл бере алатындығын байқаймыз» дейді О.Сүлейменов.

Шығармалары:

1) Амантай Д. Қастерле мені / Д.Амантай. – Алматы: Өнер, 2000. – 576 б.

2) Амантай Д. «Мен сізді сағынып жүрмін»: проза / Д.Амантай // Қазақ әдебиеті. – Алматы. – 2002. – 27 қыркүйек. – 12 б.

3) Амантай Д. Гүлдер мен кітаптар: роман / Д.Амантай. – Алматы: Арман-3, 2003. – 108 б. - (Қазіргі заманғы Қазақстан романы).

4) Амантай Д. Күзгі рандеву: роман, повестер, әңгімелер / Д.Амантай. – Астана: Елорда, 2004. – 200 б.

5) Амантай Д. Вожди и поколения: рассказ / Д.Амантай; пер с каз. Т.Асемкулова // Начнем с понедельника. – 2006. – 15-21 дек.(№49). – С.20-21.

6) Амантай Д. Түнгі жарық: [проза] / Д.Амантай // Жұлдыз. – 2006. - №11-12. – 59-123 б.

7) Амантай, Д. Цветы и книги [Текст] : роман / Д. Амантай // Amanat. - 2007. - №6. - С. 76-117.; 2008. - №1. - С. 143-170.

8) Амантай, Д.Қарқаралы басында [Мәтін]: роман, повесть, әңгімелер, эсселер, өлеңдер / Д. Амантай. - Алматы : [б. ж.], 2010. - 395 б. : портр.

9) Амантай, Д.Новеллалар [Мәтін] / Д. Амантай // Таң-Шолпан. - 2011. - № 4. - 36-77б.

Мақалалары:

  1. Амантай, Д. Ақсұңқардың Серігі [Мәтін] / Амантай Д. // Орталық Қазақстан. - 1996. - 19 қараша.
  2. Амантай, Д. Ел перзенті-бәйгісінде [Мәтін]: [Жәния Аубакірова туралы] / Д. Амантай // Қазақ әдебиеті. - 2002. - №49. - 14 б.
  3. Амантай Д. Бір керемет жүрегімде тұр менің...: поэзия / Д.Амантай // Жұлдыз. – 2003. - №11. – 25-29 б.
  4. Амантай, Д. "Мен сізді сағынып жүрмін" [Мәтін] : хикаят / Д.Амантай // Сарыарқа. - Жезқазған. - 2003. - 23, 27 тамыз; Орталық Қазақстан. - 2005. - 6, 8 қаңтар. - 14, 13 б; Қарқаралы. - 2006. - №1. - 28-31 б.
  5. Амантай Д. «Мойнындағы қамыт қажап...»: Ұлықбек Есдәулет шығармашылық творчествосы / Д.Амантай // Ана тілі. – 2004. – 29 көкек. – 4 б.
  6. Амантай, Д. "Бір адамның Өзі - бүкіл адамзатқа барабар..." [Мәтін] / Амантай, Д. // Орталық Қазақстан. - 2004. - 3 шілде. - 8 б; Қасым. - 2011. - №1. - 137-139 б.
  7. Амантай, Д. Менің Қазақстаным [Мәтін]: 25 қазан - Республика күні / Амантай, Д. // Орталық Қазақстан. - 2004. - 23 қазан. - 4 б.; Қазақ әдебиеті. – 2004. – 23 сәуір. – 3б.
  8. Амантай, Д. Бұғылы Алтайдың ғазалдары [Мәтін] : жаңа кітап / Амантай, Д. // Орталық Қазақстан. - 2004. - 4 қараша. - 11 б.
  9. Амантай, Д. Махамбет философиясы [Мәтін] / Амантай Д. // Азия транзит. - 2001. - №7. - 34-35 б.; Орталық Қазақстан. - 2005. - 27 қаңтар. - 8 б;
  10.  Амантай Д. Бүгінгі қазақ прозасы / Д.Амантай // Дала мен қала. – 2005. – 27 мамыр (№21). – 7б.
  11.  Амантай Д. «О СМИ, политичекой монополии и литературе»: беседа с литературным критиком Д.Амантаем / Д.Амантай; беседу вела Г.Искакова // Индустриальная Караганда. – 2006. – 14 окт. – С.6.
  12.  Амантай Д. Әркімнің бір ойы бар: жазушы, философ Д.Амантаймен әңгіме / Д.Амантай; әңгімелескен А.Тұрсынова // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2006. – 2 қараша. – 8 б.
  13.  Амантай, Д. "Надо смотреть на ситуацию в стране в масштабе единства нации и государства" [Текст]: [встреча с читателями в книжном магазине "Книгомания"] / записала Г.Абикеева // Начнем с понедельника. - 2007. - 30 нояб.-6 дек. (№47). - С. 21, 23.
  14.  Амантай, Д. Менің шығармаларым өздерін-өздері қорғауы қажет [Мәтін] : Д.Амантаймен сұхбат / Д.Амантай // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 7-13 желтоқсан (№49-50). - 16 б.
  15.  Амантай, Д. Төлеутай ақсақалдың әңгімесі [Мәтін] / Д.Амантай // Орталық Қазақстан. - 2009. - 14 наурыз (№ 37/38). - 6б.
  16.  Амантай, Д. Қарағайлы шаһарында [Мәтін]: әңгімелер / Д.Амантай // Жұлдыз. - 2009. - № 12. - 19-39 б.
  17.  Амантай, Д. Философия бастаулары және текті мәдениет туралы аңыз [Мәтін] / Д. Амантай // Қазақ альманағы = Казахский альманах. - 2010. - № 5. - 96 - 104 б.
  18.  Амантай, Д. Писатель, записавший эпоху [Текст] : интервью с писателем и кинодраматургом Д. Амантаем / вела Г. Кыдырова // Страна и мир. - 2010. - 29 нояб. (№ 47). - С. 10.
  19.  Амантай, Д. "Қасым Аманжолов" фильмі көрерменге жол тартты [Мәтін] : "Қазақфильм" киностудиясының бас редакторы Д.Амантаймен сұхбат / сұхбаттасқан Р.Нұрша // Орталық Қазақстан. - 2011. - 3 қыркүйек (№ 144/145). - 8б.
  20.  Амантай, Д. Көзіңнен айналдым [Мәтін] : бүгінгі проза / Д. Амантай // Орталық Қазақстан. - 2012. - 3 қараша (№ 185/186). – 6 б.

Ол туралы:

  1. Ақсұңқарұлы С. Қарқаралыда туып, ғаламды жай қаратқан жаһанкез: Қарқаралыға – 180 жыл / С.Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2004. – 3 шілде. – 8б.; [электрондық құжат]. Интернет материалдарынан. – 2005. – 5 наурыз.
  2. Калаус Л. Дидар Амантай: Современон тот, кто сегодня читается / Л.Калаус // Афиша. – 2005. - №1.
  3. Бөпежанова Ә. «Гүлдер мен кітаптар» - мәдениет құбылысы Дидар Амантайдың жаңа романы туралы / Ә.Бөпежанова // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 9 қыркүйек. – 12б.
  4. Бельгер Г. Цветы и книги Дидара / Г.Бельгер // Индустриальная Караганда. – 2005. – 22 ноября.
  5. Бельгер Г. Дидардың гүлдері мен кітаптары / Г.Бельгер // Орталық Қазақстан. –2006.– Қарағанды, 2005.-6 қазан.–8б.
  6. Ақсұңқарұлы С. Жаңа заманның қазағы / С.Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2006. – 13 маусым. – 8 б.
  7. Искакова Г. Успешный дебют, блестящее продолжение: [творческий вчер Дидара Амантайулы Косылбекова] / Г.Искакова // Индустриальная Караганда. – 2006. – 20 июня. – С.6.
  8. Легендарный ФЭФ: 1946-2006 [о философско-экономическом факультете и выпускниках КазНУ им. Аль-Фараби] // Начнем с понедельника. – 2006. – 2-8 июня (№21). – С.18-19; 9-15 июня (№22). – С.18; 16-22 июня (№23) – С.18.
  9. Асанова А. Многогранный Дидар / А.Асанова // Взгляд. – Караганда, 2006. – 21 июня. – С.12.
  10.  Бектурганова Р. Цветы и книги Дидара Амантая: интервью с Р.Бектургановой и А.Сабитовым о романе Д.Амантая «Цветы и книги» / Р.Бектурганова; вела М.Искакова // Начнем с понедельника. – 2006. – 29 сент. – 5 окт. (№38). – С.20.
  11.  Олжабай С. Редакциядағы кездесу / С.Олжабай / Орталық Қазақстан. – Қарағанды. - 2006.- 7 қазан. – 6 б.
  12.  Оразбай Е. Отызда орда бұзған ер: сүйер ұлың болса, сен сүй / Е.Оразбай // Орталық Қазақстан. – Қарағанды. - 2006. – 22 маусым. – 12 б.
  13.  Жақыпқызы, Р. Бекзат ұл шаңырақтың төріндесін... [Мәтін] : [жазушы, журналист Д.Амантайдың шығармашылық кеші туралы] / Жақыпқызы Р. // Теміртау. - 2006. - 22 маусым - 3 б.
  14.  Серікбайқызы А. «Қастерле мені...» [жазушы, журналист Д.Амантайдың шығармашылық кеші туралы] / А.Серікбайқызы // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2006. – 29 маусым (№12). – 12 б. Серікбайқызы, А. "Қастерле мені" [Мәтін]: [жазушы, журналист Д.Амантайдың шығармашылық кеші туралы] / Серікбайқызы, А. // Балқантау. - 2006 . - 29 маусым(N12). - 12  б.
  15.  Ақсұңқарұлы С. Алаш дейтін бала болмаса...:ұлт пен рух / С.Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан. – Қарағанды, 2007. – 1 наурыз. – 5 б.
  16.  Майтанов Б. Треволнения постмодернизма / Б.Майтанов // Начнем с понедельника. – 2007. – 26 янв.-1 февр.(№3). – С.12.
  17.  Шериязданова К. "Цветы и книги" Дидара Амантая [Текст] / К. Шериязданова  // Казахстанская правда. - 2011. - 22 янв. (№ 23/24). - С. 9.  
  18.  Сыншы [Мәтін]: Әлия Бөпежанова туралы сөз / М. Әуезов [және т. б.] // Түркістан. - 2012. - 6 желт. (№ 49). - 15 б.

Тағы

· Ә.Бөпежанова. «Гүлдер мен кітаптар» - мәдениет құбылысы. (Дидар Амантайдың жаңа романы туралы).

· Герольд Бельгер. Цветы и книги Дидара. Abai.kz ...

· Герольд Бельгер. Дидар и его рассказы. Abai.kz

· Адам Мекебаев. Түпсіз тұңғиық туралы хикая (Дидар Амантайдың шығармашылығы хақында).

· Зухра Табаева. О творчестве Дидара Амантая.

· М.Әзімхан. Дидар Амантай шығармашылығы хақында. 

Ай кітабы