Ақын, сазгер, журналист Әшiрбаев Бекжан Төребекұлы 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» ұжымшарында дүниеге келген.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан берi аталмыш бiлiм ордасында аға оқытушы қызметiн атқарып келеді. Журналистика саласында елеулі еңбек еткен. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикаға тарайтын «Қазақ университетi» газетiнiң бас редакторы (2002-2006); Республикалық «Azamat.kz» қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бiрiншi орынбасары (2005-2006); Республикалық «Ел мен Жер» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы (2006); Республикалық «Жас қазақ үнi» газетi бас редакторының орынбасары (2007); Қазақстан Жазушылар Одағына қарасты республикалық «Қазақ әдебиетi» газетi бас редакторының бiрiншi орынбасары (2007 жылдан берi).

Қазақстан Журналистер одағының мүшесi.

Республикалық «Қазақ әдебиетi», «Жұлдыз», Жас қазақ үнi», «Azamat.kz», «Парасат» басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланған.

2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша «Қоңыр әуен» атты өлеңдер кітабы жарық көрген.

1989 жылдан бері республикалық ақындар айтысына қатысып келеді. Әнші Тоқтар Серіктің орындауындағы "Көршінің қызы" деген әнімен танылған әуесқой сазгер.

Шығармалары:

  1. Әшірбаев Б. Қымыз исін іздеу: өлең. !Адырна» ұлттық-этнографиялық порталы.
  2. Әшірбаев, Б. Қоңыр әуен:өлеңдер / Бекжан Әшірбаев. - Алматы. - 2008. - 112 б.

Мақалалары:

  1. Әшірбаев, Б. Баспасөз дамуының қазіргі шындығы оның түп-төркінін тануда [Мәтін] : /"Санат" баспасынан "Әлем баспасөзінің тарихынан" атты оқу құралы жарық көрді/. / Б. Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 11 ақпан(N6). - 12  б.
  2. Әшірбаев, Б. Үлгіге айналар үздік туынды [Мәтін] : [Несіпбек Айтұлының "Бәйтерек" атты кітабы туралы] / Б. Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 26 қараша. - 12  б.
  3. Әшірбаев, Б. "Бала күнді ұзартар ұста бар ма?" [Мәтін] / Б. Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 6-12 шілде (№27). - 8  б.
  4. Әшірбаев, Б. Тәуке тауынан табылған кітап [Мәтін] / Б. Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 19 қазан (№42). - 1, 6  б.
  5. Әшірбаев Б. Биліктен қымыз исі шықпағасын...:ақын Б.Әшірбаевпен сұхбат / сұхбаттасқан Жұқамыр Шөке // «Д» «Общественная позиция» (проект «Дат» №45 (8 2) 15 желтоқсан 2010 ж.
  6. Әшірбаев, Б.  "Қарапайым адамның көзіндегі мейірім" [Мәтін] : ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Б. Әшірбаевпен сұхбат / сұхбаттасқан Қ. Сімәділ // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 3-16 мамыр (№ 18/19). - 14 б.

Ол туралы:

  1. Рамазан, Д.Мэлстің бағы жанды [Мәтін] : /Айтыс-2000/ / Д Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 20 қазан(N42). - 11  б.
  2. Әбдіразаққызы, Р. Мэлс Қосымбаев: "Сексен жыл жарқылдаған алдаспан" [Мәтін] / Р Әбдіразаққызы // Жас Алаш. - 2001. - 29 наурыз.

Өлең өлкесінде өзіндік өрнек салып келе жатқан қаламы қарымды, қазақ әдебиетіне алтын қазық болып қағылатын жас ақындардың бірі Ерқанат Кеңесбекұлы (Керімсал Кеңесбекұлы) 1986 жылы ақпан айының 13 жұлдызында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы сол кездегі Матақ совхозы Ақбұлақ бөлімшесінде дүниеге келді. Әкесі Кеңесбек көп жыл бойы сол ауылдың меңгерушісі, анасы Төлеу Жұмәділқызы бөлімше кітапханашысы қызметін атқарды.

1993 жылы Ерқанат Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы №6 мектептің табалдырығын аттайды. 1997 жылы Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатына ауыстырылып, 2003-2004 оқу жылында озат оқушы ретінде республикалық олимпиадаға қатысып, алтын медаль иеленеді (қазақ тілі мен әдебиеті). Сол жылы мектеп бітірген жас түлек академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын бітіреді.

Алғашқы еңбек жолын сол оқу орнының «Студенттер мәдениет сарайының» көркемдік жетекшісі қызметінен бастайды. Кейінірек Елордалық «Астана» журналы, «Астана ақшамы» газеті, 7-телеарна, «Астана» арнасы, «Қазақстан» Ұлттық арнасы сияқты беделді бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етеді.

Шалқар шабытын арқалап, бойындағы дарынын дамытып, қарымын қалыңдатып келе жатқан жас ақынбірнеше республикалық жыр додаларының жүлделі жеңімпазы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

Мерзімді баспасөз беттерінде ұдайы жарияланып келетін өршіл рухты оятатын, өткір әрі шынайы өлеңдері оқырман ықыласына бөленуде.

Сан тақырыпқа қалам тербеген талапты да талантты жас ақынның шығармашылығы жайында белгілі ақын Мұзафар Әлімбай «Ерқанаттың «Түн көлеңкесінің ұйыған кезі...» деген өлеңі талантты екенін растайтын туынды. Тілдің тынысын жіті сезінетінін байқау қиын емес. Ұйқастары шымыр, ырғаққа ұқыпты» деп жоғары баға берген.

Шығармашыл жастардың ХV Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты,

ақын Салтанат Смағұлова «...әуелде айтыскер ақын ретінде танылып, өзіндік үнімен таныла білді. Ел алдына шығып, халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады. Қарсыласының айтар ойын айтқызбай ұғып, әдемі әзілмен, астарлы оймен үнемі басым түсетін.Айтыс пен жазба поэзия ақындықтың қос қанаты десек, Ерқанат қос қанатын қатар қаға білді. Оның өлеңдері терең философия... сезім.. . күй...» деп бағалаған.

Жүрек сөзін жырмен өрнектеп., жан жылуын өлеңмен аялаған ақынның:

Күн туар әлі!

Ақынын ардақтайды.

Тірі кезде қадірін білмегендер.

Жиғанына түкіріп жыр оқиды,

Иманына жан азық іздегендер,- деген өлеңі мен лирикалық нәзік нақышты жырлары оқырман қауымның жүрегіне жол таба бермек.

«...Бұл баланы Алты Алаштың аруағы жебеп, Алласы қолдап, ауызына асылы сөз салса керек...қаншама үміт, қаншама жігер бар оның өлеңінде. Ең бастысы талпыныс пен талант бар. Сондықтан мен бұл жігіт әлі-ақ қазақ өнерінің шыңынан көрініп жататынына сенемін» деп Айбек Байтөре айтқандай, Керімсал Кеңесбекұлының поэзия әлемінде биіктей берері сөзсіз.

Шығармалары:

  1. Бодықов, Қ. Көзбала. [Мәтін] / құраст. С.С.Керімұлы, Е.Кеңесбеков. - Қарағанды: Болашақ-Баспа. - 2008. - 124 б.
  2. Кеңесбеков, Е. Күйім бар домбырамда шалқымаған [Мәтін]: поэзия / Кеңесбеков, Е. // Азия Транзит. - 2004 . - №1. - 22-23  б.
  3. Кеңесбеков, Е. Жыраулар поэзиясындағы көріпкелдік мәселесі [Мәтін] : шамшырақ / Е. Кеңесбеков // Азия транзит. - 2006. - № 9/10. - 63-64 б.
  4. Кеңесбеков, Е. Алхоры қыз [Мәтін] / Е. Кеңесбеков // Азия транзит. - 2006. - № 11/12. - 19 б.
  5. Кеңесбеков, Е. Майқы би мұраларындағы көріпкелдіктің көрінісі [Мәтін]: шамшырақ / Е. Кеңесбеков // Азия транзит. - 2007. - № 3/4. - 58-60 б.
  6. Кеңесбекұлы, Е. Шұбар бұлттан күн күлді мұнарлана...[Мәтін]: өлең өлкесінде / Е. Кеңесбекұлы // Орталық Қазақстан. - 2011. - 15 қазан (№ 170/171). - 4 б.
  7. Марқасқа Мартбек [Мәтін]: таңдамалы шығармалар. Естеліктер / идея авторы К. Охан; құраст.: М. Бегімбай, Е. Кеңесбекұлы. - Қарағанды: Арко. - 2013. - 195 б.: түрлі-түсті фотосурет.
  8. Ерқанат Кеңесбекұлы: «Басқа біткен жазмышты жазғырамын…»: поэзия. Күлтөбе. кz.
  9. Ерқанат Кеңесбекұлы мен Ербол Жанаттың айтысы  

Ол туралы:

  1. Сәулебектегі, А.     Айтыстың абыройын аспандатсақ игі [Мәтін] : кокейкесті / Сәулебектегі, А. // Орталық Қазақстан. - 2007. - 11 қаңтар. - 8  б.
  2. Байтөре А. Алашың болып ақырған (Ерқанат Кеңесбековтың шығармашылығы жайында бірер сөз).

 

1979 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты қазіргі Тоқтар Әубәкіров атындағы ауылда дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі. Мамандығы психолог.
2006 жылы Қарағанды қаласындағы «Санат» баспасынан «Әдемі менің әлемім» атты, 2009 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жалын» баспасынан «Жанымның жазба нұсақасы» атты жыр жинақтары жарық көрген.
Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының ІІ орын иегері.
Баянауылда өткен жас ақын жазушылар форумында Сақау Мәукеұлы атындағы арнайы сыйлыққа ие болған. Балқаш қаласының 70 жылдығына орай өткізілген облыстық мүшайраның ІІ орын иегері атанған.

Ақтоғай аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінің 70 жылдығына өткізілген облыстық мүшайраның І орын иегері.
Қасым Аманжолов атындағы І облыстық ақындар мүшайрасының бас жүлдесінің иегері.

Шығармалары:

  1. Маңдайыңнан иіскейінші... [Мәтін] : жаңа кітап // Балқантау. - 2006. - 26 қазан. - 12 б.

  2. Әбдірахманов, Р. Көзіңді боямашы [Мәтін] : жыр дәптерінен / Әбдірахманов, Р. // Орталық Қазақстан. - 2004. - 25 желтоқсан. - 10 б.

  3. Әбдірахманов, Р. Сен, мені шақыр...[Мәтін]: поэзия / Р.Әбдірахманов // Орталық Қазақстан. - 2004. - 12 маусым. - 14 б.

  4. Әбдірахманов, Р. Терезеңді ашып сәл ғана, қолыңды тосшы тамшыға... [Мәтін]: жыр дәптерінен / Әбдірахманов, Р. // Орталық Қазақстан. - 2005. - 2 шілде. - 13 б.

  5. Әбдірахманов, Р. Е. Күнің болып тұрмасам да көгінде жырың болып жүрегіңде тұнармын! [Мәтін]: поэзия / Р. Әбдірахманов // Азия транзит. - 2006. - № 9/10. - 31-34 б.

  6. Әбдірахманов, Р. "Жарым шер жаным, жарым мұң..." [Мәтін]: поэзия / Р. Әбдірахманов // Азия транзит. - 2005. - № 12. - 22-23 б.

  7. Әбдірахманов Р. Өлеңдері. Қазақ поэзиясы – Мәссаған!

  8. Әбдірахманов Р. Өлеңдері. Айна мекен

Ол туралы:

  1. Сағынтай, С. Үшеуі де ерледі [Мәтін] : бәрекелді! / Сағынтай С. // Орталық Қазақстан. - 2007. - 22 қыркүйек. - 4  б.

 

Күн сайын өрлеп келе жатқан қыздар поэзиясының өкілдерінің бірі, жас ақын Жанар Әбсадық 1981 жылы 12-қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінің 1998-2002 жылғы түлегі. Бірнеше жыр мүшәйраларының жүлделі жеңімпазы. Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып тұрады. Бір топ өлеңдері «Жас толқын» жас ақындар антологиясында жарық көрген. «Қазақ әдебиеті» газетінде журналист болып қызмет атқарады.

Шығармалары:

  1. Әбсадық, Ж. Сен-мендік едің, шөл едің [Мәтін] : поэзия / Ж.Әбсадық // Таң-Шолпан. - 2004. - №1. - 72-77  б.
  2. Ж.Әбсадық. Өлеңдері. Қазақ поэзиясы - Мәссаған!

Мақалалары:

  1. Әбсадық, Ж. Біздерге ұқсас көлеңкелер ойыны... [Мәтін] / Ж.Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 16 қараша(N46). - 9  б.
  2. Әбсадық, Ж. Дәурені жүріп тұрған эстрада [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2008. - №9. - 12  б.
  3. Әбсадық, Ж. Әннің Әз-Жәнібегі [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 25-31 шілде (№ 31). - 7 б.
  4. Әбсадық, Ж. Біз кімдерді пір тұттық [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 15-21 мамыр (№ 19). - 1, 5 б.
  5. Сапаров, Қ. "Қазақ ғылымының жұлдызы жарқырайтын күндер алда" [Мәтін] / сұхбаттасқан Жанар Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 17-23 шілде (№31). - (Ертөстігім бір төбе).
  6. Әбсадық, Ж. "Макондо, о, менің макондом!..." [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 5-11 ақпан (№ 5). - 7 б.
  7. Әбсадық, Ж. Он екі беттік дәптерден басталған жазушылық сапар [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 7-13 мамыр (№ 18). - 1, 5 б.

Ол туралы:

Пәк сезімнің жыр-гүлі [Мәтін] / дайындағандар Г. Бектасова // Түркістан. - 2012. - 8 наурыз (№ 10). - 10 б.

Интернет-ресурстар

 

«ҚазАгроӨнім» АҚ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету және еліміздің мал шаруашылығы саласының экспортты потенциалын дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады.

 

Казагромаркетинг АӨК инновациялық-кеңестік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

 

КазАгроИнновация

 

«ҚазАгроИнновация» АҚ Білім Беру Жүйесін Дамыту Департаменті- қызметінің жаңа бағыттары – қашықтықтан оқыту және тікелей кеңес беру, сондай-ақ ақпаратты Интернет арқылы жеткізудің интерактивті түрлері, фермерлер мен мамандардың қызығушылығын тудырып келе жатқан http://agroextension.kz/biblio/ электронды кітапханасы.

 

АО «КазАгроФинанс» - еліміздің агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың қаржылық операторы болып табылатын компания. Аталмыш сайтта «КазАгроФинанс» АҚ қызметі туралы қажет ақпараттың барлығы және қаржыландыру талаптары ұсынылған. Инновациялық жобалар, ауылшаруашылығы мен құрал-жабдықтардың лизингі. Асыл тұқымды малдар. Самолеттер лизингі. Желді қондырғылар. .

 

AGROPROM.KZ «Агропромышленный комплекс Казахстана» - ауыл шаруашылығы өнімдері мен өндіріс құралдарын өндірушілердің, жеткізушілердің, тұтынушылардың қызығушылығын біріктіретін Қазақстандағы жалғыз салалық портал.

 

АО «Национальный управляющий холдинг «КазАгро» АҚ ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы болып табылады.

 

АО «Фонд Финансовой поддержки сельского хозяйства» ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді микронесиелеу, микронесиелеу ұйымдарын несиелеу, сондай-ақ өсімдіктануда сақтандыру бойынша мемлекеттік агенттің функцияларын орындау Қордың негізгі қызметі болып табылады.

 

АО «Аграрная Кредитная Корпорация» несиелеудің келесі түрлерін жүзеге асырады: Программа «Сыбаға». Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылық емес түрлерін несиелеу; ауыл шаруашылық шикізатын және ауыл шаруашылық өнімдері өндірісі мен т.б. өңдейтін кәсіпорындарды несиелеу. Азық-түлік бағдарламалары бойынша несиелеу талаптарын жүктеуге болады.

 

справочник фермера

Шаруа анықтамалығы. Справочник фермера. АгроЖаршы газетінің ай сайынғы бюллетені.

 

АО «Национальная компания «Продовольственная контрактная корпорация». (астық сатып алу, астықты сату, несиелеу).

СЫБАҒА

Программа «Сыбаға». Ет бағытындағы ірі қара малдың тауарлық табынындағы селекциялық-асыл тұқымды жұмыстың жалпы қоғамдық ақпараттық ресурсі.

 

Қазақстан Республикасында АӨК дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

 

 

 

 

 

Ай кітабы