Құрметті оқырман! Назарларыңызға «Кітап патшалығы» кәсіби журналының №2 санына «Библиопресс» анонсын ұсынамыз.
Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК мен Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ «Тарих кафедрасы» ұйымдастыруымен физика ғылымдарының докторы, профессор, «Ғасыр адамы» Темірғали Әбілдаұлы Көкетаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Әлем мойындаған Ұлы Дала Ғұламасы» атты сторителлинг өтті. (сторителлинг - оқиға арқылы ақпарат жеткізу әдісі)
Іс-шараның мақсаты: Саналы ғұмырын ғылымға арнаған Т. Көкетаевтың еңбегін, еліміздің дамуына қосқан үлесін жастарға үлгі ету. Отанын сүюге тәрбиелеу. Жастарды білімді болуға шақыру.
Темірғали Көкетаев - әлемде бұрын-сонды болмаған жаңалық жасаған ғұлама, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Физика ғылымына сіңірген еңбегі үшін «Ғасыр адамы» атағы беріліп, өзі 25 жыл айналысқан «Қатты дененің абсолюттік спектроскопиясы» еңбегін Халықаралық биографиялық орталық тізімге алған ғалым, Оксфордта дәріс оқыған алғашқы қазақ.
Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орай кітапханамызда «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас ұрпақты адамгершілікке, жастардың қажетті білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.
Шараға «№61 ЖББМ» мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Уразалина және Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің 1 курс студенттері қатысты.
Шара барысында А.С.Уразалина жастарға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығына тоқталып. Жастарға жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен айналысып, денсаулыққа зор мән беруге шақырды. «Ғасыр дерті» атты бейнеролик көрсетіліп, ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы туралы мағлұмат беріліп, студенттер мен дәріскер арасында сұрақ-жауап түрінде сұхбат өткізілді. АИТВ/ЖИТС, жұғу жолдары және инфекцияның алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.
Қазақ тарихында шешендігімен, тапқыр шешімі арқылы әділдігімен көзге түскен бидердің ел тарихындағы алар орны ерекше. Олардың бірегейі Төле би Әлібекұлы - қазақтың аса ірі қоғам қайраткері, қазақтың әдет-ғұрып заңдарының тәртібі мен ережелерінің кодексі - «Жеті Жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі, шешен, 17-18 ғасырларда билік еткен билеуші, дана бидің 360 жылдығына арналған “Қазақ даласының ұлы биі” атты бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз!
Кітапханамызда ұлық мерекеміздің аясында, тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына шолу жасау мақсатында оқырмандар назарына «Ел тәуелсіздігі: кеше және бүгін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалардан бастап, бүгінгі күнге дейін Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы туралы материалдар ұсынылды.