Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК мен Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ «Тарих кафедрасы» ұйымдастыруымен физика ғылымдарының докторы, профессор, «Ғасыр адамы» Темірғали Әбілдаұлы Көкетаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Әлем мойындаған Ұлы Дала Ғұламасы» атты сторителлинг өтті. (сторителлинг - оқиға арқылы ақпарат жеткізу әдісі)

Іс-шараның мақсаты: Саналы ғұмырын ғылымға арнаған Т. Көкетаевтың еңбегін, еліміздің дамуына қосқан үлесін жастарға үлгі ету. Отанын сүюге тәрбиелеу. Жастарды білімді болуға шақыру.

Темірғали Көкетаев - әлемде бұрын-сонды болмаған жаңалық жасаған ғұлама, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Физика ғылымына сіңірген еңбегі үшін «Ғасыр адамы» атағы беріліп, өзі 25 жыл айналысқан «Қатты дененің абсолюттік спектроскопиясы» еңбегін Халықаралық биографиялық орталық тізімге алған ғалым, Оксфордта дәріс оқыған алғашқы қазақ.

Аталмыш шараға Қарағанды облыстық ішкі істер саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов, Қарағанды облысының архивтер басшысы, тарихшы ғалым Темірғали Аршабеков, Қарағанды облыстық «Қазақ тілі және мәдениет қоғамының қоғамдық бірлестіктің төрағасы Елеужан Серімов, Қарағанды облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Нұржан Сұршаұлы, Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-нің тарих кафедрасының тарихшы ғалымдары Нұғман Бахреддин, Лабуда Жақыпханова жәнеҚарағанды ЖОО студенттері қатысты.

Аталмыш шара «Әлем мойындаған ғұлама», «Ғылым жолы – сара жол», «Ашық диалог», «Құттықтау сөз, тілек – лебіздер» атты 4 блок бойынша өтті.

Кештің тізгінінӘ. Сағынов атындағы ҚарТУ тарих кафедрасының аға оқытушысы Нұрлан Ошанов ұстады.

Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-нің студенттеріҒасыр адамыТемірғали Әбілдаұлы Көкетаевтың ғылым жолындағы еңбектері мен қызметі өмір жолы жайында қазақ, орыс, ағылшын тілінде баяндама жасап, талқығасалды.

Сөз кезегін алған қатысушы ғалымдар профессордың ғылым саласындағы жаңа өзгерістер жайында ой-пікірлерін ортаға салса, қонақтар Темкеңе жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді.

Ашық диалог алаңында оқырман қауым Ғасыр адамға көптеген тақырыптар төңірегінде ой қозғап, сұрақ-жауап қойып, пікір алысты.

Осындай үлгі – өнеге беретін кештен оқырман қауым беймәлімді білуге бекініп, көпшілікке пайдалы боларлық ғаламат жаңалық ашуға ұмтыламыз деп тарқасты.

 

Өлкетану әдебиеттері бөлімінің басшысы С. Телпекбаева