Қазақстан Республикасының Конституциясы - бұл біздің мемлекетіміздің Ата Заңы, ол жоғары заңды күшке ие, Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылатын құжат. Конституция заңнамалық тұрғыдан анықталған негізгі нормативтік құқықтық актілердің арасында бірінші орында тұр. ҚР Конституциясының нормаларын талдау оның барлық негізгі ережелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тікелей қатысы бар екені сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және азаматтық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Конституцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы, негізгі құқықтық тетігі, базасы ретінде қарастыру қажет.
2023 жылғы 25 тамызда сағат 15.00-де Н. В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханада Қазақстан Республикасы Бірінші Конституциясының 30 жылдығына арналған (28.01.1993 жыл) «Constitution as a basic Law of Republic of Kazakhstan» дөңгелек үстелі өтті.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке - Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Президентіміз Қ. Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады. Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Біздің кітапханамызда баршаңызды қуана күтеді. Назарларыңызға білім күніне арналған «Терең білім – тәуелсіздігімдің тірегі» атты кітап көрмесін ұсынамыз.
15 қыркүйек күні сағат 11.00 – 19.00 аралығында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап ғылыми кітапханасы алаңында Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған екінші жалпы республикалық «KitapTime-2023» кітап фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.
Фестивальдің мақсаты: кітап пен кітап оқуға деген қызығушылыққа қолдау көрсету, қоғамның мәдени құндылықтары мен зияткерлік потенциалын арттыру болып табылады.
2023 жылдың 12 қыркүйегінде кітапханамызда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің студентері және мемлекеттік қызметкерлерінің жас мамандармен ҚР ПҒА мүше-корреспондеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессоры Түркенов Талғат Қуанышұлы Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап және түсіндіру бағытында кездесу өтті.
Жолдаудағы еліміздің экономикалық дамуына басымдық беріп, оның ішінде инвестиция көлемін арттыру, мемлекеттік тапсырыс жүйесін ретке келтіру, корпоративті секторға несие беру мәселелерін шешу, сондай-ақ отандық аграрлық саланы дамытуды қолға алуға тапсырма берілгені туралы тұшымды ойларын жеткізді.
Бүгін 15 қыркүйек күні таңертең кітапханада мерекелік көңіл-күй орнады. «KitapTime-2023» кітап фестивалінің салтанатты ашылуына кітапхана оқырмандары, ҚЭУ Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері, М. Жұмабаев және С. Сейфуллин атындағы гимназия оқушылары, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері қатысты. кітапхана алаңдарында кітаптар керуені, әдеби вернисаж, әдеби подиум, шеберлік сағаты, кітап басқатырғышы, білім аукциондары, BookCrossing алаңы ұйымдастырылды.
Ашылу алдында фестиваль қонақтары мен қатысушылар түрлі-түсті көрмелермен кітап инсталляцияларымен танысты. Балалар «Мәңгілік мұра» көрмесінде ұсынылған сирек және құнды кітаптарды қызығушылықпен қарады. Қатысушылар әлем халықтарының тілдерінде аударылған Абайдың кітаптарымен танысты, көбісі алғаш рет беларусь, украин, румын, түрік тілдерінде аударылған кітаптарды көрді. Коворкинг орталығы өзіндік фото-аймаққа айналып, фестиваль қатысушылары кітап көрмелері мен жарқын баннер аясында фотосессия ұйымдастырды.