Облыс кітапханаларын басқару жүйесіндегі әдістемелік жұмысқа шолу. Облыс кітапханаларының барлығы уақытында жылдық есептерін Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөліміне тапсырған болатын. Кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкерлерімен әр ОКЖ жылдық жұмысы жан-жақты талданып, қорытындыланды.
Облыс кітапханаларының 2009 жылы атқарған жұмыстарына талдау кітапханалық қызметтің барлық бағыттары бойынша жасалды. Сіздердің назарларыңызға қазақ тілінде жазылған ОКЖ есептері бойынша қорытынды талдау ұсынылып отыр. Талдау жұмысының негізгі мақсаты – облыс кітапханаларындағы атқарылған жұмыстардың жағымды жақтарын анықтаумен қатар, сын көзбен сараптау жасау. Сын көзқарас дұрыс түсіне білген адам үшін жұмысының кемшіліктерін анықтауға және болашақта жұмыс бағдарын дұрыс ұйымдастыруға көмек береді деген сенімдеміз. Сонымен қатар бұл талдау облыс кітапханаларының өзара бір-бірінің жұмыстарымен танысу үшін де маңызды болады деген ойдамыз, жұмыс бабында қажетті ақпаратты, жұмысты ұйымдастырудағы жаңа түрлерді батыл пайдалануға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.