Бүгіндері кітапхана қорының сақталуы мен қауіпсіздігін жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз елестету мүмкін емес. Кітапхана құжаттарын цифрлау перспективті бағыттардың біріне жатады.
Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК облыс кітапханашылары үшін құжаттарды цифрлау, оларды электронды құжатқа байлау, СД құрастыру сұрақтары бойынша әдістемелік сипаттағы іс-шаралар қатары өтті. 2007ж. «Кәсіби оқу мектебі» аясында «Жобаны жүзеге асыру: шексіз өлкетану» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Облыс библиографтары құжаттарды цифрлауды, оларды электронды каталогқа байлауды, библиографиялық жазбалардың экспорт-импортын жүзеге асыруды үйренді. «Облыстың әдістемелік қызметі: жаңару стратегиясы» семинарына ОКЖ әдіскерлерінің басым бөлігі қатысып, «Құжаттарды цифрлау: жағдайы, проблемалар, перспективалар» сұрағын жан-жақты қарастырды. 2008 жылы «Жазғы Интернет-Университет» аясында «Microsoft Office Publisher» бағдарламасында СД құрастыру бойынша тренинг ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс кітапханаларына іс-сапармен барған кезде тәжірибелік ұсыныстар беріліп, оқытулық сабақтар жүргізіліп келеді.
2007 жылы «Қарағанды облысының өлкетанулық құжаттар қорын сақтау» жобасы құрастырылды. Жоба облыстың әр ОКЖ ұсынған жобалар мен тізімдері негізінде құрастырылған болатын. Жобаға сәйкес жалпы саны 100 мың беттен тұратын 5 мың құжатты цифрлау жоспарланған. Жоба 2010 жылға дейінгі мерзімге ұйғарылған.
Жоба аясында жұмыс атқару барысында облыс ОКЖ 60-қа ғана жуық сканер бар еді: қалалық ОКЖ – 15, аудандық ОКЖ – 45. Қазіргі уақытта облыс кітапханаларында 121 сканер, сканер де кіретін 72 МФУ бар. Приозерск ОКЖ ғана 1 сканер бар, өзге ОКЖ 102 сканер және 64 МФУ бар. Облыс кітапханалары өлкетанулық материалдарды цифрлауға арналған негізгі техникалық базаға ие деуге болады.