Кітапханада «Бүгінгі сән - КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының Апталығы аясында 18 сәуір мен 23 сәуір аралығында оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған квест ойыны, әдеби тур, викториналар мен әртүрлі шаралар өткізілді. Соның ішінде ерекше форматта «Жасырын кездесу» Кітаптар акциясы ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні жастардың қоғам өміріндегі рөлі күн өткен сайын маңызды болып келеді. Алдыңғы шепке серпінді, креативті, заманауи ой-пікірі бар жас кәсіпқой мамандар шығатын уақыт туды. Жақсы кәсіби дайындығы мен дұрыс ұйымдастырушылық қабілеті бар қызметкерлер кітапхана тағдырын анықтайды.
3 тамыз күні Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен кітапханамызда «Жылдың үздік жас кітапханашысы — 2023» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Құрметті оқырман қауым! Назарларыңызға неміс халқының ұлы музыканты, көрнекті композиторы И.С. Бахтың автобиографиялық кітабын ұсынамыз.
Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды әмбебап ғылыми кітапханасы 2023 жылдың 25-26 қыркүйегінде «Кітапхана - шекарасыз» ашық есік күндерін жариялады.
Біз әрқашан қалада және одан тыс жерлерде тұратын барлық жастағы, әртүрлі әлеуметтік ортадағы оқырмандарға ашықпыз.
Кітапхана игі дәстүр бойынша оқу жылы басында бірінші кезекте жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттеріне, жалпы білім беретін мектептер мен гимназиялардың жоғары сынып оқушыларына кітап қазыналарын ашып, әлеуетті оқырмандарды сервистік және ақпараттық қызметтер туралы хабардар ете отырып, есігін айқара ашады.
Сонымен қатар, біз қаланың барлық тұрғындарын осы күндері кітапханамызға шақырып, Ашық есік күнінің ойын-сауық және танымдық бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
23 қарашада Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапхана ісін дамыту стратегиясы: жаңа идеялар мен мүмкіндіктер» атты VІIІ облыстық кеңейтілген семинар өтті.
Cеминар гибрид форматта (офлайн және онлайн) өтті.
Семинардың мақсаты:
- Облыс кітапханаларының даму стратегиясын анықтау.
- Кітапхана кадрларын кәсіби қолдау және шығармашылық әлеуетті дамыту.
- Халықаралық және өңіраралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту.
Атап айту керек, семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті, оған спикерлердің әсерлі аналитикалық баяндамалары және кітапханашылардың кәсіби диалогқа белсенді қатысуы ықпал етті.
Тағы мақалалар...
- «Кітапхана қорын жинақтау және автоматтандырудың өзекті мәселелері» атты облыстық практикалық семинар
- «Кітапханалық менеджмент және кадрлық ресурс» VІI облыстық кеңейтілген семинар
- «Мен оқыдым, Сізге де оқуға кеңес беремін» буктрейлер байқауы мәресіне жетті
- «Менің ең басты тақырыбым – Тәуелсіздік» ақын С.Тұрғынбековтың 75-жылдығына арналған