2022 жылдың 6 мамыр күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Кеңес Одағының Батыры М. Мәметова мен Халық Қаһарманы Х. Доспанованың 100 жылдығына арналған «Қазақтың батыр қыздары» эссе байқауының қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Эссе байқауына Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің, гимназияларының, лицейлерінің 9-11 сынып оқушылары және Т.Бигелдинов атындағы «ЖасҰлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты. Барлығы 69 оқушы қатысты.

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде орындалды. Қазылар алқасының жұмысына Е.Бөкетов атындағы ҚарУ оқытушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Толығырақ...

6 ақпан күні кітапханамызда «Жыр-Жауһар» шығармашылық орталығының мүшесі, ақын, туған жерге деген кіршіксіз махаббат өлеңдерімен өрнектей жеткізе білген талант иесі Еркебұлан Елеусізұлымен «Қайыңды көл» атты шығармашылық кеші өтті.

Ақын поэзия жанрына ең алғаш 16 жасында  қалам тербеген  өзіндік өмірлік жолын, өз өлеңдерінің шығу тарихын, жырға деген шабытын, адамгершілік туралы ақындық ойларын ортаға салып, «Қайыңды көл», «Ақжол деген ауыл бар..», «Анама», «Қарқаралы қазағым», «Тілек» атты тағы да басқа жауһар жырларын оқыды.

Толығырақ...

Назарларыңызға "Қар ұшқынын жасайық" шеберлік сағатын ұсынамыз.

7 ақпан мен 12 наурыз аралығында өткізілген «Қуыршақтар әлемі - Мир кукол» атты АРТ-МАРАФОН мәресіне жетті.

Қуыршақ әлемін түрлендіріп, қолөнер шеберлері аталмыш шараға алуан түрлі жұмыстарын ұсынып, шараның маңызы мен мағынасының ажарын ашты.

Қазақстандағы балалар жылы аясында өткен ерекше өнер сайысына Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларынан, сонымен қоса, Нұра, Шет, Қарқаралы, Абай, Осакаров, Ақтоғай елді мекендерінен 90-нан астам шебер қатысып, папье-маше, полимерлі саз, ағаш, жүн, тоқыма, трикотаж және аралас материалдардан жасалған интерьерлік және авторлық қуыршақтарын ұсынды.

Толығырақ...