Бүгін 15 қыркүйек күні таңертең кітапханада мерекелік көңіл-күй орнады. «KitapTime-2023» кітап фестивалінің салтанатты ашылуына кітапхана оқырмандары, ҚЭУ Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері, М. Жұмабаев және С. Сейфуллин атындағы гимназия оқушылары, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері қатысты. кітапхана алаңдарында кітаптар керуені, әдеби вернисаж, әдеби подиум, шеберлік сағаты, кітап басқатырғышы, білім аукциондары, BookCrossing алаңы ұйымдастырылды.

Ашылу алдында фестиваль қонақтары мен қатысушылар түрлі-түсті көрмелермен кітап инсталляцияларымен танысты. Балалар «Мәңгілік мұра» көрмесінде ұсынылған сирек және құнды кітаптарды қызығушылықпен қарады. Қатысушылар әлем халықтарының тілдерінде аударылған Абайдың кітаптарымен танысты, көбісі алғаш рет беларусь, украин, румын, түрік тілдерінде аударылған кітаптарды көрді. Коворкинг орталығы өзіндік фото-аймаққа айналып, фестиваль қатысушылары кітап көрмелері мен жарқын баннер аясында фотосессия ұйымдастырды.

Толығырақ...

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, өлкетанушы Аман Жағдаұлы Жанғожин.

13 наурыз күні біздің кітапханада Дүниежүзілік поэзия күні қарсаңында кітапханада «ZERDE» әдеби-мәдени клубының  салтанатты ашылуы өтті.         

Мақсаты: қазақ ақын-жазушыларының және әлем әдебиеті шығармаларын талдауға, жастарды сөйлеу мәдениетіне, өз пікірін ашық айтып, өз көзқарасын дәлелдей білуге баулу, әдебиетке деген таным-біліктілігін шыңдау.

Қазақ әдебиетінің классигі кезінде пікірталас туғызып, зерттеушілердің қызу талқылауына түскені белгілі. бүгінгі күнге  дейін, оқылып қана қоймай, жастардың арасында терең талқыға да түсетін өміршең  шығарма.

Толығырақ...

Назарларыңызға "Сирек және құнды кітаптар" қорынан кітап жарнамасына қазақтың ойшыл ақыны, данышпаны Хакім Абай Құнанбайұлы "Шығармаларының толық жинағын" ұсынамыз.

Құрметті өнер сүйер қауым! 27 наурыз - Халықаралық театр күніне арналған "Актер әлемі" атты кітап көрмесін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.