Өшпес ерлік : облыстық жыр мүшәйрасы қатысушыларының өлеңдер жинағы / Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. С. Телпекбаева. - Қарағанды : [б. ж.], 2019. - 140 б.

Жинақ Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырысымен жарық көрді.

Жинаққа Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың өмірі мен ерлігі жайында мақалалар мен өлеңдер топтастырылған. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен өткен «Өшпес ерлік» атты облыстық жыр мүшәйрасының қатысушыларының өлеңдері енген.

Жыр жинақ жалпы оқырман қауымға арналған.

Қазақтың қос қыраны

Қазақ ежелден ақыны батырын, батыры ақынын қастер тұтқан халық.

Тарихи замандарда ақыны батыр боп, батыры ақын боп та туған.

Бұл даңғайыр дәстүр қазіргі заманауи әдебиетте сан қырлы призмасымен кеңістігімізге нұр-шырай үстеп келеді. Жазу өнерінде батырлар тұлғасы қолына қалам алған әр талапкердің ерекше жақын тартар тақырыбының бірі болуы керек. Тегің мен тарихың, ұлтыңның тағдыры мен барар бағыты жекелеген тұлғалардың қадамы арқылы жасалады.

Толығырақ...

Сырда туған сұңқар ақын: Әбділда Тәжібаев: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. А.Қ. Исина – Қарағанды, 2019. – 10 б.

2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін республикалық "Бір ел – бір кітап" акциясының ұйымдастыру комитетінің шешімімен қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаевтің "Аңыздың ақыры" романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдап алынды. Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. "Сыр елі-жыр елі" атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек. Әбділда Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Шын жүректен", "Ғашық жүректер", аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Талантқа бай Сыр елінің саңылақ ұлы – Әбділда Тәжібаевтің қазақ әдебиетінің ғана емес мәдениетінентде, орнықты орын алатыны баршамызға белгілі.

Қаламы қарымды қаламгер : библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. А.Қ. Исина – Қарағанды, 2019. – 9 б.

Құрметті оқырман! 2019 жылдың "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясына екі қаламгердің туындылары таңдалды. Бұл Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы мен Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы.

ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр."Бір ел – бір кітап" акциясының мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

"Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша кітапханада жыл бойы тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, түрлі іс - шаралар жоспарлануда.

Кітапханамызға келген әрбір оқырман осы шараларға қатыса отыра жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясының өкілі, өлең - жырдың дүлділі, көрнекті ақын, Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясымен және ғасырлар тереңінен келе жатқан, жаңа заман зиялыларының көш бастаушысы Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романымен жақынырақ таныса алады

Тәкен Әлімқұлов және қазақ прозасы = Такен Алимкулов и казахская проза: библиографиялық жадынама/ Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б.Ш. Куртбаева, Н.О. Искакова – Қарағанды, 2018. - 12 б.

Ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың туғанына 2018 жылдың 22 қарашада 100 жыл толады.

Тәкен Әлімқұловтың жиырмаға жуық кітап жазды. Солардың ішінде әдеби зерттеулер, әдеби - сын мақалалары, өлең, проза туралы жазды.

Ақын ретінде танылған Тәкен Әлімқұлов төл әдебиетіміздің қайнарынан, арғы-бергі шетел әдебиетінен сусындай жүріп әдебиет сынына, одан соң прозаға ат басын бұрған. Қай салада қалам тартса да ол шығарма ұстындарының бірегейі – тіл деп білді. Тілдің тазалығына, нәріне баса назар аударды. Халқымыздың бай тілдік қорынан молынан сусындады. Тілге деген көзқарасты Тәкен әдеби сын мақалаларында, зерттеулерінде үнемі байқатып отырады.

Туған әдебиетіне тұп-тура жарты ғасыр адал қызмет еткен, қаламы қолынан түскенше тек қана жақсы шығармалар жазған Тәкен Әлімқұлов шын мәнінде соңына қымбат мұра қалдырды". "Халықтар достығы" орденімен марапатталған (1978 ж.).

Жадынамада қазақ және орыс тілдерінде батырдың өмірбаяны, шығармашылығы  туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

Ұлтын сүйген ұлы жүрек: Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б.Ш. Куртбаева, Н.О. Искакова – Қарағанды, 2018. - 15 б.

Кеңес Үкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.

Мағжан қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі. Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. Көрнекті жазушы, ақын, публицист, Алаш қозғалысының қайраткері. Мағжан Жұмабаев туғанына 2018 жылдың 25 маусымында 125 жыл толады. Қазақ әдебиетінің тарихында Мағжан Жұмабаев көп қырлы талант иесі, жаңашыл ұлт ақыны, зергер жазушы, педагог ғалым, кемел ойлы әдебиетші ретінде халқының жүрегінде мәңгілік сақталмақ.

Осы айтулы датаға орай, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Ұлтын сүйген ұлы жүрек" атты библиографиялық жадынама дайындады.

Жадынамада қазақ тілінде Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.