2023 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2022. – 102 б.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасы жыл сайын Қарағанды облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Қарағанды облысы бойынша бұл атаулы күндер мен айтулы оқиғалар күнтізбесі1971 жылдан шығарып келе жатыр.
Күнтізбеде облысымыздың тарихи-мәдени, саяси, шаруашылық-экономикалық ақпараттары қамтылған, облыстың тарихи оқиғаларының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, даңқты жерлестердің және Қарағанды облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың мерейтойлық күндерінің тізбесі келтірілген. Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтардың нығаюына, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған.
2022 жылы 16 наурызда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауында Қарағанды облысының бөлігінен Ұлытау облысының құрылатынын айтқан болатын. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес 2022 жылдың 8 маусым айынан бастап ресми түрде Ұлытау облысы құрылды. Әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы болды. Ұлытау облысы құрамына бұрынғы Қарағанды облысы аумағында болған Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Ұлытау, Жаңаарқа аудандары енді. Бұл күнтізбеге Ұлытау облысы құрамына енген елді мекендердің тарихы, белгілі ақын-жазушылары, ғалымдары, өнер қайраткерлері т.б. туралы мәліметтерді алып тастамадық, қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімін беруді жөн көрдік.
«Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған: библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С.Шохшина. – Қарағанды, 2022. – 9 б.
Қазақтың арғы-бергі тарихында ерлігімен есте қалып, аты аңызға айналған батыр аналарымыз аз емес. Олар ел шетіне жау келгенде қолдарына найза ұстап, ел ішіне дау келгенде сөз алып, қасқайып ханға дат айтты. Соғыс ұшақтарымен жау аспанын тілгілеп, оқ - қарумен отанын қорғады.Солардың бірі де, бірегейі тарихқа алтын әріппен жазылған есім - Мәншүк Мәметова деп білеміз.
Ендеше, құрметті оқырмандар,қаһарман қазақ қызы Мәншүк Мәметованың туып-өскен жері, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы қызықты да, танымды деректер жинақталған «Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.
Көрсеткішті құрастыру барысында облыстық кітапхананың каталогы, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қордағы кітаптары, тарихи – танымдық анықтамалықтар мен тарихи еңбектер, мерзімді басылымдар беттеріндегі деректі мақалалар пайдаланылды.
Жадынама көпшілік оқырманға арналған.
Қарағанды облысы кітапханаларының әлеуметтік желілердегі жұмысы [Мәтін]: Интернет ресурстар дайджесті / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы // құраст.: Ұ.Жамауова. – 2021. – 7 б.
Кітапханалық қызмет көрсетуде және кітап оқуды насихаттауда интернет ресурстарын яғни, кітапхана сайттары мен кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларын қолданудың қазіргі таңда маңызы ерекше. Жалпы, кітапхананың басты міндеттерінің бірі өз оқырмандарына жаңа виртуалды қызметтерді пайдалана отырып ыңғайлы жұмыс платформасын ұсына алуы. Ол қызметтер: кітапханалардың ресми сайттары, кітапханалық блогтар және әлеуметтік желі парақшалары.
Оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту: кітап оқуды ілгерілетудің, кітапханалардың жұмысын көрсетудің перспективті бағыттарының бірі.
2022 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2021. – 86 б.
Сіздердің назарларыңызға Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасы 1971 жылдан шығарып келе жатқан Қарағанды облысының атаулы күндер мен айтулы оқиғалар күнтізбесінің кезекті шығарылымын ұсынады.
Күнтізбеде облысымыздың тарихи-мәдени, саяси, шаруашылық-экономикалық ақпараттары қамтылған, облыстың тарихи оқиғаларының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, даңқты жерлестердің және Қарағанды облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың мерейтойлық күндерінің тізбесі келтірілген. Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтардың нығаюына, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған.
Өлкетану бөлімі құрастырып отырған бұл басылым республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды және өлкетану білімін кеңінен таратуын мақсат етіп отыр.
Күнтізбеге қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды, яғни кітапхананың электрондық және дәстүрлі каталогтарынан, анықтамалық және библиографиялық басылымдар қорынан, интернет – ресурстарынан.
Күнтізбе материалдарын күнделікті жұмыста БАҚ, кітапхана және клуб мекемелері, мұғалімдер, тарих мұғалімдері және қоғамдық ұйымдар қолдана алады.
Күнтізбе материалдары республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім», «Өлкетану» кіші бағдарламасының базалық жобасын іске асыру міндеттері жүктелген білім беру мекемелері үшін ерекше құнды.
Кітап оқуды дамыту: әдістер мен идеялар [Мәтін]: әдістемелік ұсыныс / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы // құраст.: Ұ.Жамауова. – 2021. – 7 б.
Кітап оқуды дамыту – бұл қазіргі таңда кез-келген қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі. Сондай-ақ, кітапхана қызметінің де негізгі бағытының бірі - кітап пен оқуды насихаттау. Алайда, соңғы бірнеше жылда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасын едәуір бәсеңдетті. Әрине, бұл мәселе барлығына бірдей қатысты емес. «Кітап – ой кемесі» деп білетін кітап сүйер оқырман үшін кітап оқуды дамыту әрдайым өзекті тақырыптардың бірі.
Кітапта қанша игілік барын түсінсек те, кейде оны оқуға уақыт таппай жатамыз. Қиынсынамыз, енді бірде шабытымыз келіп барлық кітапты бітіріп тастауға бекінеміз. Алайда, кітапты оқу барысында кітапты сүзгіден өткізбей оқитындар да кездеседі. Кітапты қалай таңдау керек? Оны тұрақты оқу үшін не істейміз? Пайдалы ақпаратты қалай есте сақтаймыз? Осы секілді сан алуан сұраққа жауап алу үшін «кітап оқуды дамытудың: әдістері мен идеяларын» ұсынамыз.
Бүгінгі таңда кітапханаларда кітап оқудың әдістері мен формалары айтарлықтай өзгерген. Кітаптың қоғамдағы орнын нығайту үшін дәстүрлі жұмысқа жаңа идеялар енгізе отырып, кітап оқуды дамытудың стандартты емес түрлерін белсенді енгізуде.
Тағы мақалалар...
- Қазақстан Республикасының 2022 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі
- Жыр төгеді жүрегі: жазушы Софы Сматаевтың 80 жылдығына арналған библиографиялық жадынама
- "Күш атасы - Қажымұқан" Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл
- "Жадымдасың, жақсы аға" Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл