Қазақстан Республикасының 2023 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С.Шохшина. – Қарағанды, 2022.-21 б.
Жыл сайын Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының тарихи маңызды күндеріне арналған күнтізбе шығарып тұрады.
Күнтізбеде 2023 жылы аталып өтілетін ақын – жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің мерейтойлық даталары берілген. Басылымға тарихи оқиғалардың күндері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кәсіби мерекелері енгізілді.
Басылым материалдары әр айға бөлініп, жалпы тізім бойынша орналастырылған. Ең маңызды деген мерейтой даталарында Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК қорында бар әдебиет тізімі де ұсынылған. Күні мен айы белгісіз даталар жеке беріліп, оған да әдебиеттер тізімі жасалған.
Күнтізбеде көрсетілген көрнекті тұлғалардың мерейтой даталары мен тарихи оқиғалардың күндері туралы ақпаратты біздің кітапхананың ақпараттық ресурстарынан табуға болатынына назар аударамыз: электрондық каталог, оның ішінде онлайн-каталог, кітапхана сайты, библиографиялық көрсеткіштер мен жадынамалар. Кітапханамыздың мәліметтер қоры көптеген тұлғалар мен оқиғалар жайлы ақпарат көздерімен едәуір көбірек қамтылған.
2023 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2022. – 102 б.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасы жыл сайын Қарағанды облысы бойынша аталып өтетін және еске алынатын атаулы күндер тізбегін шығарып, оқырмандарға ұсынып келеді.
Қарағанды облысы бойынша бұл атаулы күндер мен айтулы оқиғалар күнтізбесі1971 жылдан шығарып келе жатыр.
Күнтізбеде облысымыздың тарихи-мәдени, саяси, шаруашылық-экономикалық ақпараттары қамтылған, облыстың тарихи оқиғаларының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, даңқты жерлестердің және Қарағанды облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың мерейтойлық күндерінің тізбесі келтірілген. Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтардың нығаюына, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған.
2022 жылы 16 наурызда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауында Қарағанды облысының бөлігінен Ұлытау облысының құрылатынын айтқан болатын. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес 2022 жылдың 8 маусым айынан бастап ресми түрде Ұлытау облысы құрылды. Әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы болды. Ұлытау облысы құрамына бұрынғы Қарағанды облысы аумағында болған Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Ұлытау, Жаңаарқа аудандары енді. Бұл күнтізбеге Ұлытау облысы құрамына енген елді мекендердің тарихы, белгілі ақын-жазушылары, ғалымдары, өнер қайраткерлері т.б. туралы мәліметтерді алып тастамадық, қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімін беруді жөн көрдік.
«Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған: библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж.С.Шохшина. – Қарағанды, 2022. – 9 б.
Қазақтың арғы-бергі тарихында ерлігімен есте қалып, аты аңызға айналған батыр аналарымыз аз емес. Олар ел шетіне жау келгенде қолдарына найза ұстап, ел ішіне дау келгенде сөз алып, қасқайып ханға дат айтты. Соғыс ұшақтарымен жау аспанын тілгілеп, оқ - қарумен отанын қорғады.Солардың бірі де, бірегейі тарихқа алтын әріппен жазылған есім - Мәншүк Мәметова деп білеміз.
Ендеше, құрметті оқырмандар,қаһарман қазақ қызы Мәншүк Мәметованың туып-өскен жері, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы қызықты да, танымды деректер жинақталған «Ерліктің ерен үлгісі» Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.
Көрсеткішті құрастыру барысында облыстық кітапхананың каталогы, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің қордағы кітаптары, тарихи – танымдық анықтамалықтар мен тарихи еңбектер, мерзімді басылымдар беттеріндегі деректі мақалалар пайдаланылды.
Жадынама көпшілік оқырманға арналған.
Қарағанды облысы кітапханаларының әлеуметтік желілердегі жұмысы [Мәтін]: Интернет ресурстар дайджесті / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы // құраст.: Ұ.Жамауова. – 2021. – 7 б.
Кітапханалық қызмет көрсетуде және кітап оқуды насихаттауда интернет ресурстарын яғни, кітапхана сайттары мен кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларын қолданудың қазіргі таңда маңызы ерекше. Жалпы, кітапхананың басты міндеттерінің бірі өз оқырмандарына жаңа виртуалды қызметтерді пайдалана отырып ыңғайлы жұмыс платформасын ұсына алуы. Ол қызметтер: кітапханалардың ресми сайттары, кітапханалық блогтар және әлеуметтік желі парақшалары.
Оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту: кітап оқуды ілгерілетудің, кітапханалардың жұмысын көрсетудің перспективті бағыттарының бірі.
2022 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2021. – 86 б.
Сіздердің назарларыңызға Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасы 1971 жылдан шығарып келе жатқан Қарағанды облысының атаулы күндер мен айтулы оқиғалар күнтізбесінің кезекті шығарылымын ұсынады.
Күнтізбеде облысымыздың тарихи-мәдени, саяси, шаруашылық-экономикалық ақпараттары қамтылған, облыстың тарихи оқиғаларының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, даңқты жерлестердің және Қарағанды облысының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың мерейтойлық күндерінің тізбесі келтірілген. Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтардың нығаюына, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған.
Өлкетану бөлімі құрастырып отырған бұл басылым республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды және өлкетану білімін кеңінен таратуын мақсат етіп отыр.
Күнтізбеге қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды, яғни кітапхананың электрондық және дәстүрлі каталогтарынан, анықтамалық және библиографиялық басылымдар қорынан, интернет – ресурстарынан.
Күнтізбе материалдарын күнделікті жұмыста БАҚ, кітапхана және клуб мекемелері, мұғалімдер, тарих мұғалімдері және қоғамдық ұйымдар қолдана алады.
Күнтізбе материалдары республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім», «Өлкетану» кіші бағдарламасының базалық жобасын іске асыру міндеттері жүктелген білім беру мекемелері үшін ерекше құнды.