Құрметті оқырман! 2019 жылдың "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясына екі қаламгердің туындылары таңдалды. Бұл Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы мен Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романы.
ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр."Бір ел – бір кітап" акциясының мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.
"Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша кітапханада жыл бойы тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылып, түрлі іс - шаралар жоспарлануда.
Кітапханамызға келген әрбір оқырман осы шараларға қатыса отыра жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясының өкілі, өлең - жырдың дүлділі, көрнекті ақын, Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясымен және ғасырлар тереңінен келе жатқан, жаңа заман зиялыларының көш бастаушысы Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романымен жақынырақ таныса алады