Қазақстан Республикасының 2018 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер  күнтізбесі / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Г.С. Мухамбетчина – Қарағанды, 2017. – 34 б.

Жыл сайын Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының ұмытылмас, тарихи күндеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде күнтізбе шығарады.

Күнтізбеде елімізге танымал ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің 2018 жылы атап өтілетін мерейтойлы даталары қамтылған.

Сонымен қатар, басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелері күндері енгізілген. Мерейтойлы даталарды атап өтуде өзіндік көмегін тигізеді деген мақсатта Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК қорынан табылатын әдебиеттер тізімі ұсынылған.

Күні мен айы белгісіз айтулы даталар бөлек беріліп, оларға да әдебиеттер тізімі жасалған. Күнтізбе материалы әр айға бөлініп, онда жалпы тізім бойынша орналастырылған. Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.

Ұлы даланың дана ойшылы - Жүсіп Баласағұн: библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Г.С. Мухамбетчина. – Қарағанды, 2017. – 11 б.

Киелі қазақ өлкесі бірқатар ұлы ғұламаларды әлемге паш еткені көне тарихтан белгілі. Ортағасырлық түркі ойшылдары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын сол кездегі ғылым, білім, өнер тілі -араб тілімен қатар түркі тілінде де жазып, өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыра білді. Олардың қатарына есімдері әлемге танылған аз емес. Сол алыптардың біреуі ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұн.

Жүсіп Баласағұнның əлемдік əдебиет тарихына мəңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір əдеби мұрасы - "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны.

Жүсіп Баласағұн-философ ретінде және тәрбиелік тағылымы толы педагог ретінде артына өшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, өнеге қалдырған адам.

Жүсіп Баласағұнның туғанына 1000 жыл толуына орай құрастырылған библиографиялық жадынамада ойшылдың өмірбаяны, шығармашылығы, ол туралы кітаптар, мақалалар тізімі берілген. Бұл жадынама Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапхана қорындағы материалдары бойынша жасалған.

Көпшілік оқырман қауымға арналған. 

Жыр мұхитының алып кемесі: Мұхтар Шаханов - 75 жаста: библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст.  Г.С. Мухамбетчина. – Қарағанды, 2017. – 21 б.

Әлем халықтарының 50-ден астам тілдеріне аударылған, ғаламдық деңгейде мойындалған классик ақын Мұхтар Шаханов бүгінде 75 жасқа толып отыр.

Мұхтар Шаханов өлеңдерінің тек Қазақстан мен Қырғызстанда ғана емес, Жапонияда, Германияда, Пәкістанда, Қытайда, т.б. елдерде жатқа оқылатын ескерсек, ақынға деген құрметіміз одан сайын арта түсетіні айқын.

Жадынамада ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қазақ және орыс тілдерінде шығармалары, ол туралы кітаптар, мақалалар тізімі берілген. Бұл жадынама Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорындағы материалдары бойынша жасалған.

Көпшілік оқырман қауымға арналған.

Қазақстан Республикасының 2017 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер       күнтізбесі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. А. К. Карашова. – Қарағанды, 2016. – 31 б.

Жыл сайын Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының ұмытылмас, тарихи күндеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде күнтізбе шығарады.

Күнтізбеде елімізге танымал ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің 2017 жылы атап өтілетін мерейтойлы даталары қамтылған.

Сонымен қатар, басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелері күндері енгізілген. Мерейтойлы даталарды атап өтуде өзіндік көмегін тигізеді деген мақсатта Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК қорынан табылатын әдебиеттер тізімі ұсынылған.

Күні мен айы белгісіз айтулы даталар бөлек беріліп, оларға да әдебиеттер тізімі жасалған. Күнтізбе материалы әр айға бөлініп, онда жалпы тізім бойынша орналастырылған. Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.

Manarbek Erzhanov : bibliographical edition to the 115th anniversary of M. Erzhanov / Karaganda Regional Universal Research Library named after N.V. Gogol ; compiler N.A. Sailauova . – Karaganda, 2016. – 14 p.

2016 жылы Қазақстанның халық артисі, әнші, актер, композитор, қазақ ұлттық театр өнерінің қалаушыларының бірі Манарбек Ержановтың туғанына 115 жыл толып отыр.

Ол Ақан сері, Біржан сал сияқты композитор-әншілердің композиторлық - әншілік мектебін лайықты жалғастырушы болып табылады. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол  - 150-ден аса ән мен күлердің авторы.

Манарбектің қазақтың ән мәдениетіндегі орны өзгеше, ол халқымыздың топ жарған абыройлы асқақ әншісі бола білген жан.

Бұл библиографиялық жадынама көмегімен сіздер ағылшын тілін меңгере отырып, белгілі композитордың өмірі мен өнерімен жақын таныса аласыздар.

Жадынаманы ағылшын тілі сабақтарында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Толығырақ...