Ұлы Дала төсіндегі ұлан ғайыр атырапты алып жатқан қазақ сахарасы ежелден бірлік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тұтастықтың мызғымас мықты ошағы ретінде киелі. Әртүрлі халықтың бір шаңырақ астында жиналуы - олардың бір – біріне деген ілтипаты мен ізгілігін оятты. Бір – бірін бауырына тарту арқылы олар ортақ мүддеге жұмылды, елдіктің еңселі туын көтерді. Қазақтың  құтты қонысында татулық бесігін тербеткен әр түрлі ұлт өкілдерінің ауызбірлігіне тарих куә.

Бірінші мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осыған орай, бірлік пен ынтымақ мерекесі қарсаңында кітапхана төрінде "Қазақстан – бірлік пен татулық мекені= Казахстан – страна единства и мира" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрме Ассамблеяның қалыптасуы мен дамуы, Қазақстанда тұратын халықтардың этникалығын сақтау жөнінде және этномәдени орталықтар қызметі туралы әңгімелейді.

1961 жылдың 12 сәуірі адамзат тарихында Ұлы күн болып есте қалды.. Ю.А. Гагарин жүзеге асырған адамның алғаш рет ғарышқа сапары ғылымның даму жолындағы революциялық қарышты қадамының бірден – бір айғағы болды.

2021 жылы ғарышкер Ю.А. Гагариннің алғашқы ғарышқа ұшуына 60 жыл және Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтың алғашқы сапарына 30 жыл толады.

Құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға балалар жазушысы Халықаралық Алаш әдебиет сыйлығының лауреаты Ескен Елубаевтың 80 жылдық мерейтойына орай арналған «Балалар әдебиетінің бағбаны» бейне шолуын ұсынамыз.

Бүгін Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қарағанды қаласының колледж студенттері арасында «Балалар әдебиетінің классигі» атты әдеби ринг ойыны өтті.

Шараның мақсаты-қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. Ұлттық әдебиеттің үздік шығармаларын оқу арқылы кітап оқуға баулу.

3 маусым күні кітапханамыздың көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету секторы "Кітапханадағы жаз" акциясы аясында балаларға арналған "Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында шара өткізді.

Шараның мақсаты – Қазақстан картасымен таныстырып, ондағы ірі елді мекендер жайлы ақпарат беру, жас өрендердің ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытып,  кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.

Балалар еліміздегі елді мекендер жайлы, туған жер табиғаты, өздері туып өскен қалалары туралы ерекше мақтанышпен әңгімелеу арқылы өздерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін көрсете білді.