17 ақпан күні «Парасат жолы» орталығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің аға оқытушысы Жұмагелді Жанайдар Шаймерденұлымен кездесу өтті.
Қонағымыздың «Парасаттылық – адам бойындағы туа біткен мінез бен бара-бара пайда болатын мінездің әдемі тоғысуынан қалыптасатын қасиет. Парасатты адамның тәрбиеленуі балалық шақта тұлғалық өсуінен басталады» деген ойы тәрбие мен мінез-құлықтың адамның негізгі бет алысын сипаттайтын қасиет екенін тағы бір айқындады.
Кешегі күні кітапханамызда Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылы аясында «Бүгінгі сән – КІТАП ОҚУ!» атты балалар мен жастар кітабының апталығының ашылу салтанаты өтті.
Аталмыш шараға кітап сүйер қауым мен кітапханамыздың достары, жанашыр мен қолдаушылары жиналды.
Мерекелік көңіл-күйді табалдырықтан аттаған әрбір жан сезінгендей еді. Көркем кітап көрмелері мен сәнді безендірілген кітапхана нағыз КІТАП мерекесін айшықтап тұрды. Барлық келушілерге «Жастар оқиды және кеңес береді» атты Кітап керуені ұйымдастырылды.
Құрметті оқырмандар! Бөбек жанын ұғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды ақын Жақан Смақовтың туғанына биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай, Сіздердің назарларыңызға «Бөбек жүректі, балажан ақын» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз. Ақынның балаларға арналған өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін бірге оқиық!
Назарларыңызға кезекті шеберлік сағатын ұсынамыз - "Газеттен себет жасау".