2021 жылдың 15 маусымында сағат 12.00-де Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған дәстүрлі «Жазғы Оқу қаласы» жобасы жұмыс жасауын бастайды.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен ашылатын «Жазғы Оқу қаласы» жобасының мақсаты – кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын ынталандыру, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту, балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын ұйымдастыру.

Жаз уақыты басталды. Демалыс, теңіз, саяхат, саяжай. Көп адам жазғы уақытын әрине, алдын-ала жоспарлап, керемет өткізуге тырысады. Осы орайда, біздің кітапхана осы демалыстың барлық түрін кітап арқылы ұсына алады. Сондықтан жылдағы дәстүрмен бүгін қаламыздың тұрғындарына «Жазғы оқу қаласы» жобасын ресми ашып, өз оқырмандарымызды қуанттық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыс жасайтын бұл жоба былтырғы жылы әлемдік індетке байланысты қызмет көрсете алмаған еді. Осы уақыт аралығында көптеген оқырмандарымыз бен кітапхананың достары аталмыш жобаны сағына күтіп, кітаптарын сыйлап, қажеттілігімізді сездіргені көңіл қуантады.

Құрметті оқырман қауым! Назарларыңызға ҚР-ның халық жазушысы Д.Снегиннің "Бұрынғы Алматыда" атты шығармасын ұсынамыз.

Жыл сайын 18 қазан күні елімізде Рухани келісім күні аталып өтіледі. Бұл мереке 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Қазақта "Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір" - деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі  басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттарды біріктіріп, татулық пен сенімділікті серік етудің арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері қадам басып келеді. Осыған орай біздің кітапханамызда "Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Құрметті оқырмандар!

Назарларыңызға ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Даламдай дархан пір тұлғам» атты бейне шолуын ұсынамыз.