Қазақ батыры Ағыбай Қоңырбайұлының 220 жылдық мерейтойына арналған «Ақжолтай Ағыбай батыр» кітап көрмесіне келіңіздер. Көрме 2022 жылдың 15 - 27 шілде аралығында өтеді.
Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға мерейлі 100 жыл толып отырған «Ақиқат» ұлттық қоғамдық – саяси журналының жарнамасын ұсынамыз.
Халықаралық практикалық онлайн-семинар
«Заман талабына сай: заманауи кітапханалық практика»
Құрметті әріптестер!
2021 жылғы 25 қарашада сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде "Заман талабына сай: заманауи кітапханалық практика" атты халықаралық практикалық онлайн-семинарын өткізеді.
Семинарда заманауи кітапханалық тәжірибенің келесі мәселелерін қарастыру көзделеді: кітапханалық инновацияларды ілгерілету, ақпараттық ресурстарды басқару мәселелері, кітапханалардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселелері, сандық форматтағы өлкетану, кітапханалар әлеуметтік медиа құралдарында және т. б.
Ойшыл оқырмандар мен поэзияның талғампаздары үшін кітапханамызда ақын, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл толуына орай «Ақыл – ойдың айсбергі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ақынның өмірбаяны, шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметінің негізгі кезеңдерінен тұратын кітаптар мен фотосуреттер ұсынылды. Ақын туындыларының орыс тілінде жарыққа шыққандары да осы көрмеден табылады. 1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. «Арғымақтар» және «Адамға табын, жер, енді» атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнақылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі. «Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді - Сергей Марков.
2021 жылдың 16 маусым күні «Кітапханадағы жазғы оқу» аясында өлкетану әдебиеті бөлімі «Аңызға айналған есімдер мен киелі орындар» атты бейне квиз өткізді.
Шараның мақсаты:Ұлы Даланың тарихынан сыр шертетін киелі жерлермен жеткіншектерді таныстыру.
Еліміз тарихи ескерткіштерге бай екені белгілі. Соның бірі Жезқазғаннан солтүстіктің шығысына қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің жағасын мекен еткен – Жошы хан кесенесі.
Шарада балалармен бірге Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы Жошы хан кесенесіне виртуалды экскурсия жасалды.
Аты аңызға айналған тарихи тұлғалардың бірі Жошы хан туралы айтылған мағлұмат балалардың тарихқа деген қызығушылығын оятты. Шара барысында ел аузында қалған аңыз бойынша түсірілген қазақ режиссері Ә.Хайдаровтың «Ақсақ құлан» мультфильмі көрсетілді. Сонымен бірге балалар тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындап, аңыздан түйгендерін ортаға салды.