Сыйға тартқан жаңа кітаппен таныс болыңыздар!

Өлкетану әдебиеттері бөліміне академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің профессоры, психология ғылымдарының докторы Әмірова Бибісара Әубәкірқызы «Аты – аңыз, өмірі – өнеге ғалым, психолог Сәлкен Балаубаев» атты жаңа кітабын сыйға тартты.

Қазақ даласына алғаш психология ғылымын қазақ тілінде сөйлеткен ғұлама ғалым, ұстаз жайлы кітапты оқуға асығыңыздар!

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында 24 ақпан күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қабырғасында, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп «Қазақ халқының рухани көсемі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға - Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқырмандар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Ахмет Байтұрсынұлы - ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауым өкілдерінің бірі. Ол өзінің барлық білімін, күш-жігерін және өмірін Қазақстанның тәуелсіздігі үшін, туған халқының рухани жаңаруы үшін күреске арнады. Қазақ зиялыларының басқа да көрнекті өкілдерімен қатар ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы жаппай қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт – азаттық қозғалыстың көсемі - Ахмет Байтұрсынұлы (1872–1937ж.) қазіргі Қостанай облысы, Сарытүбек  деген жерде дүниеге келген.

Назарларыңызға мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ғалым - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай - «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көсемі» атты бейнешолуын ұсынамыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру саласы, қазақ халқының шамшырағы атанған Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл мерейтой тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! – деп халықты жаппай сауаттандыруға шақырып, жігер берген бұл өлең шумағы әр адамның есінде. Биыл – осы туындының авторы, қазақ даласының алғашқы ұстазы, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің дүниеге келгеніне 180 жыл толып отыр. Осыған орай, кітапхана төрінде «Ағарту ісінің апостолы» атты дөңгелек үстел өтті.