Кітапханадағы негізгі кітапханаішілік құжаттама

Жалпы

Кітапхана жарғысы Жанаарқа ОҚЖ.

ОКЖ туралы ереже

ОК туралы ереже

Ауылдық кітапхана туралы ереже

Модельді кітапхана туралы ереже

Аудандық, ауылдық, модельді кітапханаларды пайдалану  ережесі

Кітапхана қызметкерінің лауазымдық нұсқауы

Ішкі еңбек тәртібінің ережесі

Кітапхананың  жұмыс тәртібінің кестесі

Материалдық жауапкершілік

Жұмыстың жылдық және айлық жоспары

Өткен жылдың жұмысына талдау

Кітапхана төлқұжаты

Күнделік

Бақылау көрсеткіштері

Түгендеу кітабы

Кітапхананың кітап қорын тексеру. Оны қалай ұйымдастыру керек?

КБЖ кестесінің негізгі құрылымдары

Қорды қалыптастыру стандарттары:

ГОСТ 7.70-96 «Деректер базасы мен машинада оқылатын ақпараттық массивтер сипаттамасы. Мінездемелер құрамы мен белгіленуі».

ГОСТ 7.73-96 «Ақпаратты іздеу мен тарату. Терминдер мен анықтамалар».

ГОСТ 7.74-96 «Ақпаратты іздеу тілдері. Терминдер мен анықтамалар»

ГОСТ 7.76-96 «Құжаттар қорын толықтыру. Библиографиялау. Катологиизация. Терминдер мен анықтамалар».

ГОСТ 7.1-2003 «Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар мен кұру тәртібі».2004 жылдың шілдесінен бастап жаңа мемлекетаралық «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен кұру тәртібі»атты ГОСТ 7.1-2003 кіргізілді.

ГОСТ 7.82-2001 «Библиографиялық жазба. Электорндық ресурстардың библиографиялық сипаттамасы».

ГОСТ 7.59-2003 «Құжаттарды индекстеу. Жүйелеу мен пәндеуге арналған жалпы талаптар».

Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету

Анықтамалық-библиографиялық аппарат (АБА) – бұл дәстүрлі және электронды анықтама библиографиялық басылымдардың, кітапхана қорын және оқырмандарға қызмет көрсетуді ашуда пайдаланатын кітапханалық каталогтардың жиынтығы. Ол кітапхананың барлық қызметінің негізі болып табылады, және оқырмандар сұранысының жедел, толық және нақты  қанағаттандырылуы оның тиімді ұйымдастырылуына байланысты.

АБА негізгі элементтері:

Каталогтар жүйесі;

Библиографиялық картотекалар жүйесі;

Анықтамалық және библиографиялық басылымдар қоры;

Жарияланбаған библиографиялық құралдар қоры

Каталогтар жүйесі. Кітапханаларда көбінесе бір-бірін толықтыратын екі каталог қолданылады: алфавиттік және жүйелік.

Библиографиялық картотекалар жүйесі - анықтамалық– библиографиялық аппараттың маңызды бөлігі. Библиографиялық картотекалар мерзімді басылымдардың, жалғасты басылымдар мен жинақтардың қорын қолма-қол көрсетеді, шығарманың мазмұның әртүрлі аспектілерде ашады, жаңа шығармалардың басылғанын хабарлайды. Картотекалар кітапхананың каталогтарына және библиографиялық құралдарына маңызды қосымша болып табылады. Кітапхананың құрастырған библиографиялық картотекаларының түрлері әр алуан. Журналдар мен газеттер мақалаларының жалпы жүйелі картотекасы, өлкетанулық картотека, екі - үш тақырыптық картотекалар мінетті болып табылады.

Анықтамалық және библиографиялық басылымдар қоры құрамына әдетте ресми құжаттар кіреді, олар негізінен сөздіктер, анықтамалықтар, әр жақты және салалық энциклопедиялар, библиографиялық басылымдар, кітап және газет мақалаларының жылнамалары, статистикалық жинақтар, күнтізбелер, қанатты сөздер, мақал мен мәтелдер жинағы т.б.

Жарияланбаған библиографиялық құралдар қоры – бұл АБА бөлігі, анықтама-библиографиялық қызмет көрсету процесіндегі орындалған жазбаша анықтамалардың түпнұсқалары немесе көшірмелерінен тұратын, сондай-ақ, қолжазбада қалған библиографиялық құрал және басқа кітапханалардан айырбастап алынған ұқсас материалдар.

Каталогтар жүйесі. Каталогтар, картотека және деректер базасының тізімімен сипаттамасы. 

Кітапханалық каталог – бұл кітапханалық қордың құрамын немесе мазмұнын ашатын бір немесе бірнеше кітапханалар қорында бар құжаттардың библиографиялық жазбаларының тізімі. Форма жағынан каталогтар карточкалы Каталог, баспалы каталог(кітап түрінде), блоккарточкалы каталог (блокнот немесе альбом түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы болғандықтан, карточкалы каталог көп тараған.

Әліпби (Алфавиттік) каталогі – кітапханалық каталог, мұнда библиографиялық жазбалар авторлар аты (фамилиясы) немесе құжаттар атауы әліпби ретпен орналастырылған. Әліпбилік каталог ең алдымен кітапхананың ішкі жұмысына қажет, бірақ сондай-ақ, міндетті түрде оқырмандардың пайдалануына да беріледі. Әліпбилік каталогтың көмегімен, кітапханада белгілі бір кітаптың және қандай басылымдарда бар екенін; сол немесе басқа автордың қандай кітаптары қорда берілгенін анықтауға болады. Кітапхана-филиалдарда әліпбилік каталог есептік каталогтың қызметін атқарады. Әліпбилік каталогта карточкалар жалпы әліпби жүйесімен орналастырылады. Көмекші сөздер жеке сөздер ретінде қарастырылады. Кітаптың бірінші сөздері, атымен жазылған болса, сәйкес келеді, екінші, үшінші және т.б. сөздері ескерілуі керек. Фамилиялары бірдей авторлардың кітаптарын сипаттағанда алфавитпен аты-жөні бойынша орналастырылады. Бір автордың шығармасын сипаттағанда «авторлық жиынтықта» орналастырылады (Авторлық жиынтық 11 бетте көрсетілген). Кітапханаға түскен әрбір кітаптың каталогтық карточкасы болады (алфавиттік және жүйелік каталогтар үшін). Әліпбилік каталогтар үшін карточкалардың өзгеше ерекшеліктері ол – карточканың екінші бетінде түгендеу нөмірінің бары. Карточкалар кітаптан алынып авторлық белгісіне сәйкес каталогқа құйылады. Кітапхана-филиалдарда әліпбилік каталогтан карточкалар әдебиеттер есептен шығарылған соң алып тасталады. Бұл жұмыс ОКЖ-нің есептік каталогында, әдебиет есептен шығарылғаннан кейін акті бойынша жүргізіледі (есептен шығаруды толықтыру бөлімі жүргізеді).

Жүйелі каталог - бiлiм салалары бойынша, белгiлi бiр  жүйелі жіктелумен орналасқан, жіктеу таблицасы бойынша құрылған библиографиялық жазбалар. Жүйелі каталог оқырмандардың пайдалануына арналған. Жүйелі каталог кітапханада қандай білім саласы бойынша басылымдардың, және ғылым мен техника саласы бойынша қандай кітаптар бар екенің білуге мүмкіндік береді. Жүйелі каталог үшін карточкалар кітапханаға кітаппен бірге түседі және КБЖ индексімен сәйкес орналастырылады.

Картотекалар редакциясы – олардың мазмұны мен сұлбасы міндетті. Мазмұнын редакциялауды тұрақты түрде жүргізіп тұру керек. Картотекалардағы карточкалардың сақталу қоры – 5 жыл (өлкетанулық картотеканы қоспағанда). Басылымдардың тым ескілері, құжаттың бірегей тақырыбына байланысты іріктеліп сақталады.

Газет және журнал мақалаларының жүйелі картотекасы – құрылымы бойынша жүйелі каталогқа ұқсас. Бірақ ойланбай баспа карточкаларында қойылған индексті қолдануға болмайды,себебі бұл индекстер көп жағдайда тура емес. Сондықтан картотекаға үнемі тематикалық және пәндік тарау енгізіледі.Газет және журнал мақалаларының жүйелі картотекасында (ГМК) мемлекеттік және саяси қайраткерлер, ғалымдар, суретшілер, жазушылар, композиторлар, актерлердің өмірі мен қызметі жайлы материалдар жиналған. Бұл бөлімдер өз алдына «дербес ұя» болып саналады және мұнда тұлға бойынша жинақталған материалдар әліпби ретімен, бірақ сәйкес бөлімдерде орналастырылады. Егер көп карточка жиналып қалса, онда оларды жеке өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға топтастырып және арнайы бөлгіштермен бөледі.

Тақырыптық картотека - белгілі бір тақырып бойынша құжаттарды көрсететін картотека. Тақырыптық карточкалардың ерекшеліктері олардың өзектілігінде, әртүрлі баспа шығармаларын шапшаң насихаттау мүмкіндігінде. Тақырыптық картотекада анықтамалық сипаттамалар елеулі рөл атқарады, сондай-ақ, шығарманың мазмұның ашып қана қоймай, әртүрлі авторлардың бір тақырыпты қарастыру ерекшеліктерін көрсетеді.

Өлкетанулық картотекакітапхана қорында болмасада, өлкетанулық сипаттағы құжаттарды көрсететін арнайы картотека, материалды топтастыру бойынша бұл картотека жүйелі болып табылады. Жүйелеуге «Кітапхананың өлкетанулық каталогтары үшін кестесі» қолданылады.

Көркем шығармалар атауларының картотекасы. – тез арада сол ма немесе басқа шығарманың авторының фамилиясын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы картотека. Әр картотеканың карточкасында шығарманың аты, оның жанры, автордың фамилиясы мен аты жөні, шифрі көрсетіледі. Карточкалар шығарманың атымен алфавиттік ретте қойылады.

 Анықтамалық және библиографиялық басылымдар қоры. Қордың құрамы мен толықтығы, кітапхананың библиографиялық жұмысты қандай көлемде орындайтындығымен, қандай топтағы оқырмандарға қызмет көрсететіндігімен шартталған. Ақпараттық қордың құрамына әдетте ресми құжаттар, энциклопедиялар және энциклопедиялық сөздіктер, анықтамалықтар, статистикалық жинақтар, күнтізбелер, қанатты сөздер жинағы, мақал-мәтелдер, библиографиялық құралдар кіреді.

Библиографиялық анықтамалардың түрлері. Мәліметтердің мазмұнына қарай анықтамалар библиографиялық және нақтылық (фактические), ал орындалуы түрлеріне байланысты – ауызша және жазбаша болып бөлінеді.

Библиографиялық анықтамалар – бұл баспа шығармалары туралы мәлімет. Библиографиялық анықтамалар мазмұны мен сипаты жағынан әр түрлі. Кітапхана тәжірибесінде ең жиі орындалатын анықтамалар олар, тақырыптық анықтамалар, библиографиялық деректерді нақтылау анықтамалары және кітапхана қорында өздеріне қажет шығарманың бары туралы.

Нақтылық анықтамасы нақты факті жайлы мәліметтерді, мысалы бір адамның өмірі мен қызметінің мерзімін, бір мекеменің мекенжайы мен тура атауын және т.б. қамтиды.

Ауызша анықтамалар әдеттегідей,жедел, оқырмандар қатысып отырғанда немесе телефон арқылы орындалады.

Жазбаша анықтамалар көбінесе күрделі сұраныстарға жауап береді, сондықтан мұндай анықтамаларды орындау мерзімі, сұранысты қабылдаған кезде келісілед

Ақпараттық қызмет көрсету – ақпараттық мекеме қызметінің негізгі екі түрінің бірі (біріншісі – ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстардың жиынтығын құру – ақпараттық қордың, ДБ түрінде анықтамалық аппарат, каталогтар және т.б. ақпараттық қызмет көрсету пайдаланушылардың құжаттарға және ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін кітапхананың қызметі). Ақпараттық қызмет көрсетудің мақсаты – жалпы – ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру.

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Ақпараттық мәдениеттің қалыптасуыотбасында басталады, оған БАҚ, мектеп, ЖОО қосылып, кейіннен ол өмір бойы жалғасып отырады. Ақпараттық мәдениет ұғымын адамға қажетті ақпараттық ортада еркін бейімделуіне жағдай жасайтын ақпараттық дайындық деңгейі деп қана емес, сонымен қатар сол ақпараттық ортаның қалыптасуы мен өзгеруіне ат салысу ретінде түсіну керек.

Әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту - кітап оқуды, кітапханаларды алға бастыру (Шахтинск ОКЖ тәжірибесінен).

   Әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту - кітап оқуды, кітапханаларды алға бастырудың перспективті бағыттарының бірі. Облыстың 23 кітапханасы желілік ресурстарда: Facebook әлеуметтік желісінде – 6 кітапхана, Mail.ru-да – 10 кітапхана, Одноклассникида – 4 кітапхана, ВКонтакте – 2 кітапхана, Twitter Ресми бетінде – 1 Қарағанды ОКЖ кітапханасы.

   Кітапханашылар әлеуметтік желілерді қарым қатынас жасау үшін қолдана бастады. Осы күнге дейін олар 5200 пайдаланушылармен танысып, араласады. Әлеуметтік желілерде беттер құру әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға көп мүмкіндіктер туғызды, олар әдебиеттердің виртуальді шолуын көруге, кітапхана бойынша виртуальді экскурсия жасауға, кітапханада өткізілетін іс-шаралар туралы және оларға шақыру алу, кітапханада бар кітаптар туралы ақпарат алу, емтихан билеттерінің жауабын алу, тестке жауап беру, мерзімді басылымдармен танысу, әдебиеттердің ұсынымдық тізімін алу және т.б.

   Осы бағытта Шахтинск ОКЖ белсенді жұмыс жасауда. ОКЖ барлық құрылымдық бөлімшелері Одноклассники, Mail.ru, Facebook желілерінде өз бағдарларын құрды. Шахтинск ОКЖ кітапханалары 3794 пайдаланушыларымен достасып қарым-қатынас жасайды.

   Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының қызмет көрсету бөлімі. 2013 жылдың мамыр айында mail.ru -ға «Библиотека им.Бухар Жырау» болып тіркелді. Онда жаңа кітаптардың фотосуреттері, 72 іс-шаралар, 8 бейне баяндары ұсынылған. Біздің пайдаланушылар мен достарымызды «У истоков государства казахов», «Библиотеки мира», «Парение. Презентация книги М. Искакова», «Реклама отдела», «В гостях у интересной книги» атты жаңа түскен әдебиеттерге электрондық шолу, абонемент бөлімінің құрастырған «Девушка с татуировкой дракона» буктрейлері сияқты бейнебаяндар беттері қызықтырады.

   Топтар мен бірлестіктерінің қатысушыларының саны 17 болды. «Библиотека филиал 2 г.Лисаковска», «Кладезь поэзии», «АРТ Мысли», «Журнал для женщин», «Знаете ли Вы?», «Наука и техника», «Путь к успеху», «Сделай сам», «Новогодние рецепты», «Лучшие мысли всех времён», «Дачный вопрос» , «Музыка, аудиокниги Л. Толстой «Война и мир» және т.б.

Шағын блог беттерінде барлығы 32 жарнама, хабарландыру, іс-шараға шақырулар ұсынылған:

-«Рыцари серебряного века» атты поэзия кешіне шақырамыз,

- Кітапханада іс-шара өтеді,

- Біз сіздерді қалалық бақтағы кітапханалық орындықта күтеміз,

- Оқырмандар үшін кітапханалық қызметтер түрі: Кітапты Onlain режимде ұзарту, Wi-Fi арқылы қызмет көрсету, «Шахтинская ЦБС» ҚММ кітапханалық сайты, виртуальді анықтама, букридерлер мен планшеттер, қарызгерлерге кітап тапсыру туралы шақыру, «ЛитРес: Библиотека» сайтынан электрондық кітап оқу т.б.;

- Кітапханалық іс-шаралардың – 3 афишасы ұсынылған.

   Әлеуметтік желілерде жұмыс жасау пайдаланушылардың сұранысына жедел әрекет етуге мүмкіндік берді. Келесі жылы желідегі жоспарланған жұмыстар: сауалнама, талқылау, маңызды әңгімелер, СМС-хабарламалар.

   Шахтинск Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2012 жылдан Facebook-те тіркелген. Осы уақыт ішінде 1217 адаммен достасқан. Олардың  көпшілігі- кітапханашылар мен шығармашылық саласындағы мамандар. Facebook беттерінде кәсіби мәселелерді талқылау, тәжірибемен алмасу болады. Сондай–ақ, мұнда «Шахтинская ЦБС» ҚММ барлық құрылымдық бөлімшелері қызметтерінің, «Шахтинская ЦБС» ҚММ сайтының жарнамасы, оқырмандардың шығармашылығы туралы ақпарат, өткізілген байқаулар туралы, өлкетанулық басылымдар туралы, Бұқар жырау атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханасында WI-FI қызметін тегін пайдалану ұсынылған туралы жарнамалар жүргізілді.

   №1 Филиал: 2013 жылдың сәуір айынан №1 кітапхана-филиалы mail@.ru әлеуметтік желісіне тіркелген. Қазіргі таңда 314 пайдаланушымен достасқан. Сәуір айынан желтоқсан айына дейін келесі жұмыстар атқарылды: 23 - кітапханаға жазылуға шақырту жіберілді, 3- көпшілік іс-шараға шақыру, 7 –бейнебаян орналастырылды, 21 – фото, «Книги, которые должна прочитать каждая современная девушка», «Книги, которые должен прочитать каждый современный парень», «Любовь торжествует над временем», «Делу время – потехи час» - 17 ұсынылатын тізім жіберілді, «Новые книги» көруі, 2 - («Детский мир – советы и ответы») виртуальді анықтама орындалды.

   №2 Филиал: Әлеуметтік желі беттерінде «Литературный клуб «Кладезь поэзии» бірлестігін құрды. Құрылған бірлестіктің мақсаты өнерпаз пайдаланушыларды біріктіріп және қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ өздерін таныту, дарындық қабілетін ашу, өз шығармаларына сын есту, білгенін үйрету және үйрену болып табылады. Қазіргі таңда бірлестікке 11 пайдаланушы қосылды. Айта кететін болсақ, қатысушы топтың ішінде Теміртау қаласының «Магнит» әдебиеттік бірлестігінің, Қарағанды облысының жазушылар одағының мүшесі, поэтесса Татьяна Дубовская бар. Ақынмен тұрақты түрде хат алысып тұрады. Бірлестіктің желідегі бетінде Т.Дубровская жайлы ақпарат орналастырылып, ақын сайтына сілтеме берілген. Жаңа оқу жылында ақынмен әдеби кеш өткізу туралы келісілді.

   Әлеуметтік желілердегі кітапхананың бетінде топтық ақпарат берілді: «Жаңа әдеби кітаптар, шілде 2013», «Жаңа кітаптар»–2. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар да мерзімді басылымдардағы қызықты мақалалар, кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы келесі тақырыптар бойынша жеке ақпарат алады: «Советы психолога», «Прочтите, это интересно», «По страницам женского журнала», «Мода и стиль», «Психология души», «Сверхъестественно и секретно», «Правовой навигатор», «Твои права и обязанности», «Попробуй, смастери-ка!», «Новинки литературы»– 35. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі өз беттеріне «Представляем серию «Сто великих» электрондық тұсаукесерін орналастырды. Филиал қызметкерлері Лайза Дженованың «Навеки Элис» кітабы бойынша буктрейлер құрып,  ұсынды.

   №8 Филиал. «Шахтинск ОКЖ» ҚММ Шахан кентінің модельді  отбасылық оқу кітапханасы 2013 жылдың 1 тоқсанында (ақпан) «Одноклассники» сайтының http: //www.odnoklassniki.ru/ profile/571299740965 электрондық адресі бойынша «Библиотека поселка Шахан» болып тіркелді. «Одноклассники»  әлеуметтік желі беті,   кітапхананың жарнамасы үшін, оқырмандарды кітапханаға тартуға, ақпарат ұсынуға және көпшілік іс-шараларды, сондай-ақ кітапхана қорындағы құжаттарды насихаттауға, қарым-қатынас жасауға, қарызгерлермен жұмыс жасауға және т.б. үшін арналған. Алғашқы үш ай бойы кітапхана көп уақытты  оқырмандарының достарын, Шахан кентінің тұрғындарын іздеуге арнады. Сондай-ақ, бірте-бірте фотоальбомдар ашты. Достар іздеу көп уақытты алды. Шахан тұрғындарының әрекеті әртүрлі болды: біреулер достасуға бірден келісім берді, көпшілігі  достарынан көріп, достасуға өздері ұсыныс жасады. Кейбір қарызгерлер, желіде достығын қабылдап, алғашқы үш күн бойы өздеріндегі мерзімі өткен әдебиеттерді естеріне түсіріп, кітапханаға әкеліп тапсырып, орнына басқа кітап алды. Қарызгерлерге ескерту КБ- сағат 10 (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. адресі бойынша + «одноклассники» бетіне жеке хат жазу арқылы), ББ- сағат 11 (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. кітапханашы З.Ш. Нутфуллинованың электрондық поштасы арқылы) жіберілді. Достасуды қазіргі кезде шет елде тұратын бұрынғы оқырмандары да ұсынуда. Олар кітапхананың бір орында тұрмай, әрі қарай дамып келе жатқаны үшін өте қуанышты. Кітапхананың желідегі беттеріне  кіріп ондағы ұсынылған фотоальбомдағы фотосуреттерді көріп жоғары баға беріп отырады. Қиыр Шығыстан (Ресей) бұрынғы оқырманы Островская Наталья (Васина) (бұрындары №8 филиалдың белсенді оқырманы): «Мен Қиыр Шығыста тұрамын. Бірақ өмірімнің жартысын Шахан кітапханасында өткіздім. Өмірдің жалғасып келе жатқанына қуаныштымын. Осыған қатысы бар адамдарға көп рахмет айтамын» -деп жазды. Калининградтан Ольга Панасюк (Казанцева): «Біздің балаларымыз әлі де кітапханаға баратыны қандай жақсы!» деген хат жолдады. Александр Юров 12 мамырда «Бар болғандарыңыз үшін Рахмет»- деп жазған. Аша қаласынан (Ресей) Аношкин Андрей: «Сіздер үлкен жұмыс атқарып жатырсыздар, бұл жай қызығушылық емес анағұрлым үлкен іс, сіздерді құдай қолдасын» және т.б. Сондай-ақ, оқырмандар кітапты ұзарту үшін жеке хат жазады. Мысалы: Марина Кармышева атты оқырманымыз: «Маған кітапты ұзартып беріңізші, сіздердің алдарыңызда өте ыңғайсыз, бірақ мен берілген мерзімде өткізуге үлгермей жатырмын, сол үшін сіздерден кешірім сұраймын» -деп хат жазыпты.

Үнемі желідегі беттің статусына  «ШАХТИНСК ОКЖ» ҚММ сайтының мүмкіншілігі туралы жарнамалық хабарлама-шақырулар, оқырмандарға кітапхананың өткізген іс-шаралары туралы ақпарат, көрмелер мен байқаулардың нәтижелерін, оқу залына келіп түскен білім, отбасы, отбасындағы тәрбие, отбасылық оқу және б. (барлығы 60 мақала мен сайтқа сілтеме) мерзімді басылымдардағы қызықты мақалалардың аннотациясын және библиографиялық сипаттамаларын ұсынамыз. Біздің Н.Ә.Назарбаевқа арналған бір кітап туралы мақаламызға, қарағандылық ақын Дубовская Татьяна өз пікірін білдіріп, мақаланың астына «Наш Президент» атты өз өлең жолдарын жариялады. Абонемент бөлімінің оқырманы МО Светлана Мудрова (достарда «Светлана и Юрий Мудровы» болып тіркелген) кітапханаға келгенде:«Сіздердің «Одноклассники» лентасын оқу қашанда қызықты» -деген еді.

   Оқырмандарды кітапханаға тарту үшін «Экскурсия по библиотеке» атты фотоальбом құрастырылды. Онда (16 дана) кіре берістен және киім ілетін жерден бастап оқу залына дейін фотосуреттер ұсынылған. «Библиодесант» фотоальбомында Оралхан Бөкейдің шығармашылығы бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген библиодесант фотосуреттері ұсынылған. Үш мектеп пен кент көшелерінің репортажы 32 дауысқа ие болды (жеке фотосуреттер бойынша). «Творчество наших читателей» фотоальбомы 17 дауыс жинады. Дегенмен, «Книга в нашей семье» фотоальбомы мен байқауы үлкен қызығушылыққа ие, альбом – 29, фотосурет – 175. Бүгінгі күні Нутфуллин отбасы мен Богрянов Кирилл жеңімпаздар болып табылады. Оларда 15 дауыстан бар, 14 – Тимур Насыровта, ал 10 дауысты – Анжела Галиакберова, Юлия Литвинова мен Татьяна Ан жинады. 2013 жылдың 17 мамырында өткен «Праздник книги в ЦГБ» іс-шарадағы жеңімпазар фотосуреттері кітапхана достарына ұнады.

   Фотоальбомдар саны – 9: «Новые книги август 2013» (22 фото), «Книжная эстафета солнечного лета» (7 фото), «Праздник книги в ЦГБ г.Шахтинска» (9 фото), «Книга в нашей семье фотоконкурс» (28 фото), «Библиодесант» (11 фото), «Творчество наших читателей» (7 фото). «Разное» (5 фото), «Экскурсия по библиотеке» (16фото). Барлығы 139 фотосурет жүктелді.

   Біздің «одноклассники» бетіндегі достарымыздың арасында кенттің құрметті кәсіпкерлері Нұрлан Күлкешев пен Виктор Лобов та бар. Оларға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасы арқылы бейінді инвестициялық жобалар бойынша ақпараттық қызмет көрсету туралы хат жолданды. Лобов Викторға «егін шаруашылығы» бойынша 3 сайтқа кіру туралы 1 ақпарат жіберілді.

   «Бейнебаян» бөлімінде: «Книги  читаем - мир открываем» (ББ) виртуальді шолуы, «Страницы истории» (ББ), «Чудесный книгоград» (ББ) виртуальді кітап көрмелері жүктелген. «Свободы яростная страсть» атты «Бір ел – бір кітап» (КБ) акциясы бойынша Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян, жаңа әдебиеттер бойынша бейнебаяндар (КБ), «Ежик в тумане» буктрейлері (ББ) және «Непокоренные» (Борис Горбатовтың кітабының 70 жылдығына) (КБ), «Зинка» (ББ).

    «Одноклассники» беті 22 топтан тұрады.

   «Шире круг Шахан!» тобына өлкетану бойынша ақпарат береміз. Мысалы: кенттің орталық көшесінің фотосуреті бойынша сұрақ қойылған: «Көше қалай аталады? - Как называется улица?» Жауабы «Георгий Добровольский көшесі». Кітапханаға көптеген сұрақтар жауды. Солардың бірі: «Кітапханаға көмек ретінде! Г.Добровольский қай жерге қонды? - А на помощь библиотеку! В каком месте приземлился Добровольский?» Біз толық жауабы мен бірге сайттарға сілтеме бердік: ғарышкердің өмірбаяны мен қаза тапқан жері туралы, ескерткіш орнатылған жер мен Добровольский туралы жаңа бейнебаянға да сілтеме берілді. Осыған байланысты пайдаланушылар төмендегідей пікірлер білдірді:

-«Бізге кітапханалар жетіспеді! Рахмет» (Антонина Петри/Попсуй),

-«Кітапхана, құнды ақпарат бергенің үшін рахмет!» (Тамара Волкова),

-«Барлық ақпарат Кітапхананың қолында екен ғой»(Антонина Петри/Попсуй),

-«Кітапхана чемпион!» (Виктор Королев),

-«Кімде қандай да бір сұрақ туындаса, КІТАПХАНАҒА барыңыз!» (Виктор Королев),

-«Жарайсыңдар! Кітапхананың қазіргі заманға сай дамып келе жатқаны қандай керемет!!!»(Айгуль Алпысбаева/Мизамадилова)

   Шахандықтарға кент туралы, кент әкімдері, нысанның немесе ғимараттың тұрған жері, Шаханның өткені  туралы берген жауаптар ұнайды.

   «Одноклассники» сайтына кенттің ересек адамдары мен балалар тіркелген, 2 тоқсанда кітапхана mail.ru-да өз бетін құруды шешті. Мектеп жасындағы балалар, жеткіншектер, жасөспірімдер көбінесе сол жерде араласады, ол жерде мобильді телефоннан «Агентте» тегін хат жазысуға мүмкіндік бар. Балалар достасуға ынталана келіседі, көбісі өздері ұсыныс жібереді. «Бейнебаян» бөлімінде сонымен қатар барлық бейнебаяндар мен 2 буктрейлер жүктелген. «ШАХТИНСК ОКЖ» ҚММ сайтының мүмкіншілігі туралы жарнамалық хабарлама-шақырулар, оқырмандарға кітапхананың өткізген іс-шаралары туралы ақпарат, көрмелер мен байқаулардың нәтижелерін (ББ) тұрақты түрде орналастырады. Балалар бөлімі (ББ) «Агент» бойынша 5 пайдаланушыға жеке ақпарат ,(ББ) қарыздары туралы ескертулер жіберілді. Кітапханада нақты кітап туралы және тақырып бойынша сұраныстар болды.

   Долинка кентінің №11 модельді кітапхана – филиалы: Кітапхана маусым айынан бастап «Одноклассники» сайтына тіркелген. 01.09.2013 ж. төмендегі графалар бойынша «Әлеуметтік желілердегі жұмыс есебі дәптерін» жүргізе бастады.

  •  Пайдаланушыға арналған ақпараттың тақырыбы
  •  Түсіндіру
  •  Ақпараттың саны
  •  Қосылған достардың саны
  •  Жүктелген фотолардың, фотоальбомдардың саны
  •  Достардың саны
  •  Бағалары
  •  Қарызгерлермен жұмыс
  •  Құттықтаулар
  •  Виртуальді анықтамалардың тақырыбы
  •  Анықтамалардың саны
  •  Хат алмасу

   Біз және ОК өткізген кітап көрмелерін, әртүрлі акцияларды жарнамалаймыз (қайтарылған кітаптар айлығы, компьютерлік сауаттылық мектебі туралы хабарландыру, Шахтинск ОКЖ сайтының жарнамасы), әртүрлі жүгінулер (жазбалар – 19 дана) топтық және жеке оқырмандарға, мысалы, кітапханаға кітап қарыз екені туралы немесе жаңа кітап түскені туралы, оқырмандарға алғыс білдіру, құттықтау, кітап туралы пікірлері, блиц-сауалнама, фото туралы жазба. Бұл «ШАХТИНСК ОКЖ» ҚММ сайтының жарнамасы, кітап көрмелерінің жарнамасы, қала тарихы бойынша викторина. Өз оқырмандарымыздың, іс-шаралардың, кітап көрмелерінің фотосуреттерін орналастырамыз (137фото). Қазіргі таңда бізде 13 фотоальбом бар: «Новинки для педагогов и родителей» (6 кітап), «Будьте здоровы» (10 кітап), «Как изменить свою жизнь» (9 кітап), «Долинка – центр Карлага» (3 кітап), «Ваши увлечения» (6 кітап), «Новинки о приусадебном хозяйстве» (6 кітап), «Новое, лучшее…» (10 кітап). Разное» (10 кітап), Наши юные читатели» (10 кітап), «Библиотечные уроки» (19кітап), «Наши встречи» (Клуб ЗОЖ) (14 кітап), «Осенний букет»(8 кітап), «Достижения наших читателей» (6 кітап). Сайтқа келушілер жұмысқа 972 дауыс берген.

   №12 Балалар кітапхана-филиалы әлеуметтік желілердің Mail.ru. сайтына тіркелген. 8 айдың ішінде әлеуметтік желіде 3 – жаңа әдебиеттер түсімі туралы ақпарат, 34 – кітап жарнамасы, өткізілген көпшілік іс-шаралар мен кітап көрмелерінің 100 – фотосуреттері, ТП, кітапхананың 4 видео- жарнамасы, «Орнамент Казахстана». К.С.Льюистің «Хроники Нарнии» шығармасы бойынша 2 буктрейлер орналастырылды. Электрондық пошта арқылы қарызы бар 8 адамға ескерту жіберілді, 2 оқырман кітаптарын тапсырды, 3 онлайн ұзарту, 1 виртуальді анықтама орындалды. Әлеуметтік желідегі кітапхана бетінің қонақтары әртүрлі елдердің пайдаланушылары: Германия, Америка,  Великобритания, Израиль, Иордания. Ресей - Пенза, Междуреченск, Омск, Томск, Калининград, Мәскеу, С.-Петербург. Қазақстан – Қарағанды, Алматы, Көкшетау, және т.б. болып табылады. Достарын туған күнімен құттықтау – 25, пайдаланушылардың сайтқа кіруі – 352. Жұмыс әлі де жалғасуда. «Шахтинск ОКЖ» ҚММ сайтының балалар бетінде №12 балалар кітапхана-филиалының жұмысы туралы материалдар бар.

   №13 Балалар кітапхана-филиалы 2013 жылдың ақпан айында mail.ru-ға тіркелді. Көптеген жұмыстар жүргізілді: «Мероприятия библиотеки» альбомына фотосуреттер жүктелді, онда өткізілген іс-шаралардың фотосуреттері орналастырылады. «Наши лучшие читатели» кітапхананың жақсы оқырмандарының суреттері, «Самый толстый формуляр» байқауының жеңімпаздары, «Работы наших читателей» альбомында кітапхана оқырмандарының ең жақсы жұмыстары орналастырылды. Алдағы уақытта «№ 13 кітапхананың тарихы» атты фотоальбомын ұйымдастыру жоспарлануда. Желі бетіне кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы ақпарат ұсынады. Жеке ақпараттандыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Статустарда іс-шаралар анонстары, кітапханаға келуге шақыру, №13 кітапхананың және «Шахтинск ОКЖ» ҚММ сайтының жарнамасы жарияланады, қарызгерлермен жұмыс жүргізіледі: оларға кітапты уақытында тапсыру туралы және басқа да ескертулер жіберіледі. Нәтижесінде кітапханада қарызгерлер жоқ. Кітапханада onlinе – ұзарту нысаны қызмет жасайды, бұл оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызды. Олар кітапханаға келмей, электрондық пошта арқылы кітаптарын ұзартып алуға мүмкіндік алды (29 ұзарту), кітапханашылар виртуальді анықтамалар орындайды.

   №16 кітапхана-филиалы «Mail.ru» әлеуметтік желісіне тіркелді, электрондық пошта арқылы қарызгерлермен ескерту жұмыстары жүргізіледі. Кітапханалар әлеуметтік желілердің көмегімен толық және жедел түрде оқушылар мен балалар оқуының басшыларына ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Мұнан былай блогта әртүрлі өзекті тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр. Пайдаланушылар кітапханаға әртүрлі сұраныстарын виртуальді түрде жібереді, олар осылай уақыттарын үнемдеп, сұраныстарына жауапты алуға мүмкіндіктері бар.

р/с Жұмыс нысанының атауы Саны
1. Қарыз туралы хабарлама 20
2. Іс-шараға шақыру 10
3. Кітапханаға жеке шақыру 30
4. Топтық ақпарат (ақпараттық жазбалар) мәдениет туралы, саясат туралы, экономика  туралы және т.б.) 80
5. Виртуальді анықтама (рефераттар, курстық  жұмыстар, емтиханға дайындалуға көмек ретінде және т.б.)  
6. Өлкетану бойынша жұмыс (ақпарат, Новодолинск кенті туралы фотосуреті) 20
7. Өткізілген іс-шаралардың фотосуреті 40
8. Шахтинск ОКЖ ҚММ сайтының жарнамасы 10
9. №16 кітапхана-филиалының жарнамасы 6

   Әлеуметтік желілерді қолдану кері байланыс алудың құралы, пайдаланушыларға ақпарат жеткізу, пікір алмасуға арналған шығармашылық алаңы ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер көптеген кітапханашыларға, бір-бірімен жиі тәжірибе алмаспайтындықтан, мотивация нысаны болып табылады. Бірақ, әлеуметтік желі беттеріндегі жаңа кітап көрмелерін, вертуальді көрмелерді, қызықты іс-шара есебін көрген соң, оларда өз кітапханаларында осындай іс-шаралар өткізуге деген қызығушылықтары оянады.

 

(аударған Н.З.Бейсенбекова, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі)

 

Ұлытау  ОКЖ

Ұлытау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 17 кітапхана болса,оның ішінде 4 кітапхана «Үлгілі кітапхана» статусын 2004 жылы алып, бүгінгі күнде оқырмандарға талапқа сай қызмет көрсетуде.

Аудандағы үлгілі кітапханалар:

  • 1. Ұлытау аудандық үлгілі кітапханасы
  • 2. Жезді кенттік үлгілі кітапханасы
  • 3. Амангелді ауылдық үлгілі кітапхансы
  • 4. Алғабас ауылдық кітапханасы

Аудандағы барлық үлгілі кітапханалардың бақылау көрсеткіштері:

  • - Оқырман саны      4827
  • - Келушілер саны    23610
  • - Кітап берілімі       78497
  • - Кітап қоры             109511
  • - Оның ішінде қазақшасы    56047
  • - Былтырғы жылы үлгілі кітапханалар        1044716  теңгеге    973 дана кітаппен кітап қоры толықтырылды.
  • - Оның ішінде қазақшасы -  700    дана
  • - Электронды қызмет көрсетуді пайдаланушылар
  • - Электронды басылымдар қоры    үлгілі кітапханаларда 25 дананы құрайды
  • - Аудандық бюджеттен бөлінген     330420         теңге қаржыға – дана мерзімді басылымға жазылып әр үлгілі     кітапхана 40-50 түрлі газет-журналдар алып оқырман сұранысын қанағаттандырып отыр.

Аудандық аталған 4 үлгілі кітапханаларда қызығушылық клубтар жұмыстар атқаруда. Ұраны: « Туған жердің топырағын тұмар ет,- Туған елді өнеріңе құмар ет» Басты мақсаты оқырмандарды, жастарды білімге, отансүйгіштікке, туған өлкесін сүюге, бабалар тарихын білуге тәрбиелей отырып кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Аудандық кітапханада    «Заман-ай», «Тұлпар» клубтары жұмыстар атқаруда, Амангелді ауылдық кітапханасында  «Атамекен», Жезді кенттік кітапханасында «Өлкетану», Алғабас ауылдық кітапханасында «Арай» клубтар жұмыс істеп тұр.  Оқырмандар арасында жас ақындардың өлеңдерін жарыққа шығару. Ауылдық үлгілі кітапханалар «Ауылым алтын бесігім» энциклопедиясын толықтырылып баспадан шықты.

Аудандық кітапханалардың жылдық жоспары бойынша атқарған іс-шарасы:

1. Елбасының жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша, «Жезді хикаясы», «Ұлытау ауданы өмірінен», «Жерлес тұлғалар»,  «Жерлес тұлғалар», «Жерлес ақындар», Жезді кен басқармасын ширек ғасырдан артық басқарған, Әбдірахман Тоқытыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жезді жерін жаңартқан» тақырыптық папкалар жасалынып әрі қарай толықтырып, кітап көрмелері және әр түрлі іс-шаралар өткізілді.

2. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Атадан  қалған ақсауыт», «Асыл мұра-асыл қазына»,  «Ескерткіштер сыр шертеді», - тарихи жерлерге саяхат.

3. «Әдеби  жәдігерлер », «Мәдени мұра»,-топтама кітаптары бойынша тұсаукесер ұйымдастырылды.

4. Оқырмандар арасында «Алтын формуляр», «Үздік оқырман» атты сайыстар өткізілді.

5. Оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында акциялар ұйымдастырылды: «Мен оқимын, сен оқисың, олар оқиды», «Жаңа заман технологиясы» оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету.

6. «Ұлытауда болған ұлылар»-әңгіме сағаты, «Ескерткіштер ел тарихы» көрме экспозиция өткізілді. «Жазықсыз жапа шеккендер» репрессия құрбаны А.Шәлтіков туралы дөңгелек үстел, өлкетанушы,еңбек, соғыс ардагері Мәкен Төрегелдин туған 90 жылдығына «Аңызға айналған аңыз адам» атты кітап көрмесі жасалынып «Тарихтың өзіндей болып сыр  шерткен» атты кездесу кеші, жергілікті ақын қаламгер Болат Даулетияловтың туғанына 60 жыл толуына орай «Жүрегі өлеңмен жаралған» атты әдістемелік нұсқаулар шығып кітапшалар шығарылды. «Едіге батыр» ашық сөре, «Ауылымыздың ардақты тұлғалары» кездесу кеші өткізілді.

7. Үлгілі кітапхананың үшеуінде интернет жүйесіне қосылған және «ҚР Президенті жанындағы Адам құқығын қорғау» цифрлы кітапханасы, СИН, «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту» бойынша электрондық оқулықтарды пайдаланушылар есебін алу мақсатында «Қолданушыларды есепке алу» журналы жүргізіліп оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді.

Кітапханамыздағы инновациялық жұмыстар стратегиялық жоспар,инновациялық жоба, жаңа бағдарламалардан тұрады. Аудандық кітапханада «Ақындық айтыс-ардақты дәстүр», «Ақын Тайжан», «Ұлытау-қазақтың қасиетті ордасы», «Неткен сұлу туған өлкем», «Қарсақбай мыс қорыту зауытына 85 жыл», «Атамұра» атты  туған жеріміздің тарихына,еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында жарнамалық буклеттер, кітапшалар, хабарландырулар, газеттік мақалалар сілтемелер арқылы шығарылды. 

«Сатпаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» 2013 жылдың 25 қазанында Баубек Бұлқышев шығармаларын мәнерлеп оқушылардың ІІ – ші аймақтық байқауын өткізді. Оған біздің кітапхананың белсенді оқырманы 10 сынып оқушысы Құсайын Гауһар қатысып алғыс хатпен марапатталып, ұялы телефон сыйға алды. Қазақстан Республикасының төл мерекесі, атаулы күндерге арналған іс-шаралар міндетті түрде ұйымдастырылып, слайд көрсетілімдер жасалынып, түрлі мәдени шаралар өткізілді. «Наурыз- бірлік, достық», «Ұмытылмас күндер», «Ата- баба  дәстүрінен қуат алған ерлік», «Дінін қастерлеу-әр мұсылманның міндеті», «Саяси  зобалаң толқындары», «Жазықсыз  жапа шеккендер», «Мемлекеттік  Рәміздер –Тәуелсіздік белгілері», «Ана тілім -айбыным» , «Ата заңым аялайды елімді»,  

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне үлгілі кітапханаларда «Біздің Президент», «Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі», «Елбасы мұраты-ел бақыты», «Тұңғыш Президент» атты 3 бөлімнен тұратын көрме. «Елін сүйген-елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта кең көлемді дөңгелек үстел өткізілді. Жалпы жыл бойы аудандық кітапханада әр түрлі мәдени іс шаралар өткізіліп тұрды.

Аудандық кітапханадағы материалдық - техникалық база: Ғимараттың үлгісі (типтік,бейімді) – Кітапханалар орналасқан ғимарат бейімді. 

Ұлытау ауданынының  Ұлытау, Жезді, Амангелді кітапханалары телефонмен және 4 үлгілі кітапхана интернетпен қамтылған.  Ұлытау аудандық кітапханаларда компьютер саны - 19 ,  ксерокс саны-3, лазерлі принтер саны -14, түрлі-түсті принтер саны -4,  проектор, экранымен саны -4, телевизор саны-4.

Аудандық кітапханада Рабис бағдарламасы бар. Аудандық  орталық кітапхананың орналасқан жері Абай көшесі-2 Мәдениет үйінің 2-ші қабатында орналасқан. 

  Кітапхана заманауи жиһаздармен  және материалдық-техникалық базасы жабдықталған.

Шалқаров  Жәлел  Қуандықұлы - 1986 жылы 10 қаңтарда Қарақалпақстан  Республикасы, Беруний  ауданында  дүниеге келген. 2009  жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.  Жырлары Айбергенов әлемі,Қасым,Тұмар сияқты республикалық басылымдарда жарық көрген. Бүгінгі күнде де  мерзімді баспасөзде жарияланып тұрады. Өлеңдері «Қасымнан – ғасырға» атты Қарағанды облысы жас ақындарының аудиоантологиясына(2011), «Өмірге келер әлі талай Қасым...» жыр жинағына енген (2011).  Бірнеше жас ақындар мүшайраларының жүлдегері.  

Жәлел  жастайынан өлең-жырға құмар болған,ол мектеп кезінен бастап жыр жаза бастаған.Орта мектепті бітіріп Атамекенге қоныс аударған соң ҚарМУ –дың филология факультетіне оқуға түсіп ,сонда белгілі ақын Қайрат  Асқармен танысады.Сол кезеңнен  бастап Жәлел өзінің поэзияға деген іңкәрлігінен бір сәт те танған емес.Мінезі биязы ,жаман пиғылдан аулақ өзі жазған өлеңін өз баласындай көріп оған  барлық уақытын сарп етуге дайын.Жәлел ақын көп  жазбаса  да дөп  жазатын ақын.  Замандастары мен үзеңгілес-тақымдастары оның жырларына  сүйсініп   оны         Төкіш (Төлеген) деп еркелетеді .М.Мақатаев айтқанындай  Жәлел   поэзиясы  да   махаббаттан  бастау  алғаны рас.

Сол  бейне-
Сол бір  сәт-
Сол  бір  түн.
Мен неге осынша  солғынмын?
Селт  еткен  бір  күндік  махаббат,
Елес  боп-
Көзіме  толды мұң.
Мен  неге  осынша  солғынмын?! –деп  жырлағанындай   ақынның махаббаттың  балы  мен  қаттар уын  да  қаттар  ішкенін  байқаймыз.

Ақынның махаббат лирикасындағы келесі  бір  шумағына көз жүгіртіп көрейік:

Ләйләдай лағыл лебізге лайық,
Балапандайын бейкүнә бейнең.
Күлкіңнен артық ем іздеу айып,
Тұншыға қалса керқұла кеудем.

Ләззат-  атты бұл  өлеңінен  ақынның  алғашқы шумағына қарағанда біраз төселгендігін  және де оның жарына деген шексіз сезімін аңғарамыз.

Жалпы ақын шығармашылығы сан  алуан тақырыптарды қамтиды.Қазіргі  күнде ақынның қазақ поэзиясында қалыптасып үлгерген жеке қолтаңбасы  және  өзіне  жараса  беделі  бар.

Болашақта  Жалелдің    Қаламы қарымды  қазақтың маңдайына  бітіп,  бағына  туған  ақиық  ақыны  болатынына сеніміміз  кәміл.

Шығармалары:

Жәлел Шалқаров Күз,Үміт...жас қалам // Қасым-2013 №1(9) – 15б.

Жәлел  Шалқаров Төлегенше ...поэзия //Тұмар -2012,5(24)-42б

Өлендері:

Жәлел ШАЛҚАРОВ. Тас көпір

Twitter / abzalsariyev: ЖӘЛЕЛ Шалқаров ...

Шалқаров Жәлел Қуандықұлы - Massaget.kz

ӨЛЕҢ ӨРНЕГІНІҢ» бүгінгі қонағы: Жәлел ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Шалқаров Жалел: Күз, үміт : Kultobe.KZ

archive-kz.com: qasym.kz - «Сынық айна» шартарапқа шашылды.

вперед - Блоги в Казахстане

Жас ақындар

Тұмар

Айдар: Поэзия

Тойбек Жұлдыз Райымбекқызы 1967 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысы ,Қарқаралы ауданының ,Нығмет Нұрмақов атындағы ауылда дүниеге келген. Әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика  факультетінің түлегі. 1990 жылдан бері Қарағанды облыстық Орталық Қазақстан газетінде журналист. Халықаралық Қазақстан- Заман газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі. Өлендері  республикалық басылымдарда үзбей жарияланып келеді. Біраз өлеңдері жыр жинақтарға енген.

Ақындар айтысының жүлдегері. Халықаралық Шабыт фестивалінің дипломанты. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Көтердім ақ желкенін жыр –кеменің» атты поэзиялық жыр жинағының авторы.

Жұлдыз Тойбек мамандығы журналист бола тұра синкретті күрделі деп саналатын айтыс өнерін де қатар ұстап жүрген қазақтың еңбексүйгіш қызы.

Сонымен  қатар қазақтың жазба поэзиясына да қалам сілтеп келеді. Жоғарыда аталған жыр жинақ бұл сөзіміздің дәлелі. Ақын өз жырларында табиғат лирикасын,махаббат лирикасын және балалар әдебиетінің түрлі тақырыптарын қамтып өзінің ақындық тұлғасын биіктетіп келеді.

  • Жазбасам да әлі бір татымды өлең,
  • Атты арқалап келемін ақын деген .
  • О,ғаламат,қалайша байқамадым,
  • Үміттенемін келіпті-ау халқым менен -деп  ақын жырлағанындай    өз халқына деген  шексіз махаббатын,поэзияға деген адалдығын көреміз. 

Қаламы қарымды журналист  қазіргі қоғамдағы түрлі әлеуметтік өзекті мәселелерге қалам сілтеп  ары алдында өз шындығын биікте ұстаудан шаршаған емес.Жұлдыз Тойбек болашақта арыны кең ақын, қаламы қарымды журналист болары анық.

Шығармалары:

Темірғалиева К. Тарихты тірілткен жәдігерлер: Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің дир. К.Темірғалиевамен сұхбат / сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2007. - 13 желтоқсан. - 5  б.

Тойбек,  Ж. Жазушы Жайық және ақын Базарға ашылған мұражай : өнер саңлақтары // Орталық Қазақстан. - 2005. - 2 сәуір. - 13  б.

Тойбек  Ж. Заңғар ғалым : Қарағанды ғалымдары // Орталық Қазақстан. - 2011. - 4 маусым (№ 89/90). - 4 б.

Тойбек  Ж. Антына адал азамат : жақсының жүзі жарқын // Орталық Қазақстан. - 2012. - 5 сәуір (№ 55/56). - 8 б.

Ақашқызы М. Өмір өткелі : Сауғабай К. жұбайы М.Ақашқызымен сұхбат / сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2006. - 23 қараша. - 8  б.

Ақсұңқарұлы С. Ақындар шықты айтысқа : Ақын С.Ақсұңқарұлымен сұхбат / Сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2005. - 2 шілде. - 16  б.

Жұмабеков К. "Сәкен театры самғау үстінде: С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының директоры К. Жұмабековпен әңгіме / Әңгімелескен Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2005. - 26 наурыз. - 16  б.

Мұсабеков Б. "Қазақтың тіліне қарсы шығып жатқан қазақтың өзі" : облыстық Тіл басқармасының бастығы Б.Мұсабековпен әңгіме / Әңгімелескен Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2005. - 14 шілде. - 10  б.

Райымбекқызы Ж. Жүрегіммен тілдесу : жас ақындар мінбері  // Сарыарқа. - Астана, 1999. - № 2-3. - 50, 51  б.

Сейтметұлы Р. "Қойылымдарды екі тілде қоямыз" : Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Р.Сейтметұлымен сұхбат / сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2006. - 22 сәуір. - 9  б.

Темірғалиева К. Тарихты тірілткен жәдігерлер : Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің дир. К.Темірғалиевамен сұхбат / сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан.- 2007. - 13 желтоқсан. - 5  б.

Ол туралы:

Жүнісұлы О. Ұлықтаған Арқаның арулалары  // Орталық Қазақстан. -  2009. - 28 наурыз (№ 44/45). - 8 б.

Әбенқызы М. Өткеніңе қарасаң, өскеніңнің белгісі  : оқыдық, пікір айтамыз  // Орталық Қазақстан. - 2009. - 25 сәуір (№ 61/62). - 4 б.

Жүнісұлы О. Сыр шертті Балқантаудың ақын қызы  // Орталық Қазақстан. - 2009. - 23 мамыр (№ 75/76). - 8 б.

Қарағандыға жаңа бір ән қосты // Орталық Қазақстан. -  2010. - 10 шілде (№ 109/110). - 1 б.

Әбілдинов Қ. Жұлдызды жүздесу : бәрекелді! . // Орталық Қазақстан. - Ә2005. - 21 шілде. - 2  б.

Дүйсенбаев М. Ақын қарындасыма  : жаңа кітап  // Орталық Қазақстан. - 2006. - 24 тамыз. - 12  б.

Жәлел О. Тау тұлғалы Темаға : кездесу / . // Орталық Қазақстан. -  2005. - 14 мамыр. - 10  б.

Жүнісұлы О. Гүл жауған кеш : [ақын, журналист Ж.Тойбектің шығармашылық кешінен] // Орталық Қазақстан. - 2007. - 8 наурыз. - 8  б.

Жүнісұлы Қ. Министр марапаттады : бәрекелді! /. // Орталық Қазақстан. - 2005. - 1 қыркүйек. - 9  б.

Искакова Г. Белый парус на волнах поэзии : [презентация поэтического сборника Ж.Тойбек]  // Индустриальная Караганда. - 2007. - 15 марта. - С. 6

Көпішев Е. Шынайы өрнектелген өлеңдер : жаңа кітап  // Орталық Қазақстан.- 2006. - 17 тамыз. - 10  б.

Майбас Т. Мемлекеттік тілді насихаттаушылар марапатталды : бәрекелді! // Орталық Қазақстан. - 2006. - 26 желтоқсан. - 6 

Өлке шежіресін баяндайтын кітап шықты // Қарқаралы. - 2006. - 4 қараша. - 3  б.

Шолақаев Қ. Жыр желкені Жұлдыздың жығылмасын : жаңа кітап // Орталық Қазақстан. - 2006. - 24 тамыз. - 12  б.

Шөкейқызы Р. Жыр кемеде Жұлдыз қыз : [ақын, журналист Ж.Тойбектің шығармашылық кешінен] // Сыр мен сымбат. - Қарағaнды, 2007. - №3. - 10  б.

Айтжанова Қ. "Жан - терезе, қарайтын жан иесі..."  : өнер өлкесінде  // Орталық Қазақстан. - 2011. - 19 сәуір (№ 61). - 4 б.

 

Ай кітабы