КБЖ кестесінің негізгі құрылымдары:

КБЖ кестесі кітап қорларын ұйымдастыру бойынша жұмыстарға, кітапхананың барлық  жүйелерінде жүйелі каталогтар мен картотекалар құрастыруға арналған 

1. Жалпығылыми және дисциплинааралық білім.

2. Жаратылыстану ғылымдары.

20. Жалпы жаратылыстану ғылымдары.

22. Физикалық-матеметикалық ғылымдар.

24. Химиялық ғылымдар.

26. Жер туралы ғылымдар (геодезиялық, геофизикалық, геологиялық, географиялық

ғылымдар).

28. Биологиялық ғылымдар.

  1. Техника. Техника ғылымдары.
  2. Ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығы.
  3. Денсаулық сақтау. Медицина ғылымдары.

6/8. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар. 60. Жалпы әлеуметтік ғылымдар.

63. Тарих. Тарихи ғылымдар.

  1. Экономика. Экономика ғылымдары.
  2. Саясат. Саяси ғылымдар.
  3. Мемлекет және құқық.
  4. Соғыс ғылымы. Соғыс ісі.

70 \ 79. Мәдениет. Ғылым. Ағарту.

71. Мәдениеттану.

  1. Білім. Педагогикалық ғылым.
  2. Спорт.
  3. Жалпы бұқаралық ақпарат.
  4. Жалпы мәдени ағарту жұмыстары.
  5. Кітапхана ісі.
  6. Тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау

80 \ 84. Филология ғылымдары. Көркем әдебиет.

  1. Жалпы филилогия ғылымдары.
  2. Тіл білімі.
  3. Ауыз әдебиеті. Фольклортану.
  4. Әдебиеттану.
  5. Көркем әдебиет.
  6. Өнер.
  7. Дін. Мистика. Ой бостандығы.
  8. Философия.

88. Психология.

9. Әмбебап мазмұнды әдебиет.

92 я 2. Анықтама басылымдар.

99. Ғылыми-көпшілік басылымдар.

QR-код дегеніміз не?

QR  “Quick Response - Шұғыл жауап”- бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код. QR-кодтың көмегімен кез-келген ақпаратты кодтауға болады, мысалы: мәтін, телефон нөмірін, сайттың сілтемелерін немесе визиттық карточканы. Пайдаланылуы: Камерасы бар ұялы телефонды аласыз, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосасыз, камераны кодқа әкелесіз де, ақпаратты аласыз! Қолданылуы: QR-кодтарды қолдану ретінде мыналарды атауға болады: Интернетке олардың суретін орналастыру; визиттық карточкаларға, көрсеткіштерге, ақпараттық қағаздарға кітап көрмелеріне және т.б.түсіру.

QR кодтарды құрастыруға арналған Онлайн сервистер:

qrcoder.ru, qrmania.ru – рунеттегі айрықша танымал генераторлардың бірі болып табылады. Бағыттауы – кодтау түрі (мәтін, сілтеме, визит карточкасы немесе sms-хабарлама).

keremerkan.net көптеген бағыттағы генератор: кодтың әрекеті (сайтқа өту, сайтқа сілтеме, қоңырау, SMS жолдау, E-mail, географиялық координаттар және т.б.); код түрі (QR, Data Matrix, Aztec, Micro QR), пішін келбеті, векторлық түрлерді қоса алғанда (PNG, PDF, TIFF, SVG, EPS) және түсі.

linkstore.ru – мәтінді, графиканы, бейне немесе аудионы серверде сақтауға мүмкіндік береді және QR-кодты мобильді веб-бетшеге сілтемемен жасайды, онда сақталған мәліметтерді көруге болады.

addons.mozilla.org— Mozilla Firefoxқа арналған плагин. Браузерға, URL-мекенжай немесе белгіленген мәтінге код құрастыру үшін түйме қосады.

code.google.com —Google Chart Tools пакетіндегі кодтың генераторы. Кодты жай GET-сұраумен жасауға болады.

Бағдарламаны телефонға қалай орнатуға болады?

QR-кодтарды оқудың тегін қосымшалары көптеген мобильді платформалар үшін қол жетімді: Symbian (Nokia), J2ME (телефоны с поддержкой Java), Android, Windows Mobile, iOS (iPhone). Бүгінгі күні жаңа смартфон немесе планшет сатып алушы жиі, бағдарламасы орнатылған құрылғы сатып алады. Мобильді құрылғыға бағдарламаны орнату үшін жасаушыны таңдап және қосымшаны жүктеп алу қажет.

Смартфондағы қосымшалардың болуы:

Android: «QR-droid» QR-кодтарды сканерлеу үшін, «Aldiko Book Reader» кітаптарды оқу үшін.

iOS: «QR Code City» QR-кодтарды сканерлеу үшін, «iBooks» кітаптарды оқу үшін

Windows Phone: «QR Reader» QR-кодтарды сканерлеу үшін, «Liberty» кітаптарды оқу үшін

Егер бағдарламалар орнатылмаған болса, оларды «Play market». «App Store». Магазин Windows қосымшалар магазині арқылы тегін жүктеп алуға болады.

iOs, Android, Windows операциялық жүйелер базасы негізінде мобильді құрылғының көмегімен, QR-кодты пайдаланып, электрондық мұрағатта берілген кітаптардың кез келгенін өз телефонына тегін жүктеп алуға болады.

Мобильді болашақ

Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиямен қалмай қатар жүруге, және барлық жастағы оқырмандардың кітапхана қызметін қолдануға түрткі болатын, кітапханаларда оқырмандарға қосымша ақпарат ұсынудың тиімді әдісі, сондай-ақ инновациялық технологиялар ретінде кітаптарды, авторларды және кітапхананың құзыреттілігін насихаттауда көмек үшін белсенді түрде QR кодтар пайдаланылады. Кітапхана оқырмандары қолдарында смартфондары болса QR-кодты сканерлеп алуларына болады, қосымша ақпаратты қолдану үшін: кітаптың авторының сайтына немесе кітапқа қатысы бар, және берілген кітап қамтитын сайтқа ауысу керек.

QR-код дегеніміз не? QR кодтарды құрастыруға арналған Онлайн сервистер. Бағдарламаны телефонға қалай орнатуға болады?

Құрметті кітапханашылар! QR кодтарды өз жұмыстарыңызда қолданыңыздар! QR кодтарды барлық жерде: Жай плакаттан бастап, кітапханалық қызметте және құттықтау ашық хаттарында да қолдануға болады. Барлығы сіздердің қиялдарыңызға байланысты. Оқырмандардың кітапханаға келуін қызықты етіңіздер.

 

Байланыстар. Сіздер QR кодтарды визиттік карточкаларға, оқырман билеттеріне, кітап қалташаларына, әр түрлі іс-шараларға, конференцияларға, слетқа қатысушылардың бейджиктеріне, әлеуметтік желілерге орналастыра аласыздар. QR кодтарда электрондық мекен-жай мен хат алушының аты-жөні болады.

 

 

Интернет-адрес. QR кодтарда интернет ресурстеріне сілтеме жасалған. Оқылған кодтар қолданушыларға браузерлерге  ешқандай енгізулерсіз-ақ, керекті сайттарға дұрыс бағдар береді. ОӘҒК сайты.

Электрондық поштаның адресі QR-кодта электрондық мекен-жай мен хат алушының аты-жөні болады.

Телефон нөмірі. Енгізілген телефон номерімен QR-кодты сканерлеу кезінде бірден қоңырау шалуға болады.

Кітапхана бойынша экскурсия. Жаңадан келген оқырмандардың кітапханаға үйренуі үшін және бөлімдерінде дұрыс бейімделуі үшін кітапхананың карта-сұлбасында түсініктемемен QR-кодтарды көрсетіп немесе QR-кодтарды кітапхананың әр жеріне орналастыруға болады. Кітапхана бөлімдерінің орналасуын, бөлімнің жұмыс кестесін және т.б. мағлұмат беруге бағыттайтын веб-бетшелер сілтемесіне QR-кодтары бар суреттерді қолдануға болады.

Әр түрлі эстафеталарды, ойындарды, квестарды тиімді қолданыңыздар. Сіздерге QR-квестке қатысуды ұсынамыз: Ол үшін Сіздерге бес және одан да көп QR-кодтарды оқып шығу керек. Ол QR-кодтарда Абай Құнанбаев пен Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөздері, Apple негізін қалаушы Стив Джобстың сөз тіркесі жасырынған.

Викториналар. Егер сіздердің кітапханалық сайттарыңызда әр түрлі викториналар, кроссвордтар бар болса, онда сіздер өз оқырмандарыңызға онлайн викторина ұсыныңыздар. Мысалы. QR-кодттары бар ақпараттық қағаз пайдалануға болады, мұнда интерактивті тапсырмалары бар немесе онлайн викторина мен кроссвордтары бар бетшелерге сілтеме көрсетілген. Сіздерге қызықты викториналар ұсынамыз! Өз білімдеріңізді тексеруге шақырамыз. Сұрақтарға жауап беріңіздер! Нәтижесін бірден білесіздер!

Алғашқы екі викторина QR-кодттармен Толығырақ

Онлайн-оқу. Электрондық кітаптар мен журналдарды ғана емес QR-кодтардың көмегімен онлайн-оқу ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Сіздер көрме, ақпараттық парақтар, бір сөзбен айтқанда сіздерге романдарға, әңгімелерге, өлеңдерге, әндерге, афоризмдерге, құттықтауларға, жұмбақтарға, оқу туралы ұрандарға және т.б. әр түрлі үлестірмелі материалдар құрастыруды ұсынамыз. Мысалы: QR-кодтармен сайттарға саяхат.

         

Ақпараттық қабырғаға қандайда бір тақырып бойынша кітаптардың мұқабасын орналастыра аласыз. QR-кодтар оқырмандарды сайт бетіндегі бір тақырыпты қамтитын кітаптардың тізіміне бағыттайды. Барлық замандағы ең романтикалық әдеби шығармалар.

         

Сіздер слайдтар мен бейнематериалдар көрсету арқылы кітапханалық іс-шаралардың ақпараттық ортасын едәуір байытасыздар, оқырмандардың сайттың қосымша материалдарына немесе презентацияларға қол жетімділігін арттыру үшін, оларды QR-кодтары бар үлестірмелі материалдармен қамтамасыз ету керек. QR-кодтарды Power Point слайдтың өзінде де орналастыруға болады. Пайдаланушылар оларды экраннан сканерлеп ала алады.

Қазақ тіліндегі балалар кітабы

     

Кітаптың мұқабасындағы QR-кодтарды автор жайлы, виртуальді көрме жайлы немесе кітап туралы қосымша ақпараттың анықтамалық материалдарына қол жеткізу үшін қолданыңыздар.

Кітаптарды жүктеу. QR-кодтың көмегімен өз смартфоныңызға виртуальді сөреден  кітапты жүктей аласыз. Виртуальді кітап сөресі - кітаптың суреттері бар, мұқабасында QR-коды жабыстырылған, соның көмегімен мобильді телефонға кітапты жүктеуге мүмкіндік береді. 37 қазақстандық, ресейлік, шетелдік, балалар әдебиетінің электрондық шығармалары ұсынылған. Бұл қызметті кез-келген 3G немесе Wi-Fi ұстайтын смартфон немесе планшеттің иесі қолдана алады. Кітапты жүктеу үшін мобильді құралдың камерасын виртуальді кітаптың жеке QR-кодына бағыттап, және мобильді Интернет немесе тегін Wi-Fi желісі арқылы файлды электронды түрде жүктейді.

 

Жюль Верн. Он бес жасар капитан

Эрнест Хемингуэй. Қызығы мол сол жылдар 

Генри Хаггард. Сүлеймен патшаның кеніші 

Фенимор Купер. Могиканның соңғы тұяғы 

Марк Твен. Том Сойердің басынан кешкендері 

Роберт Льюис Стивенсон. Қазына аралы 

Марк Твен. Гекльберри Финнің басынан кешкендері

Александр Беляев. Адам - Балық 

 

Әр түрлі және креативті QR-кодтар туралы көбірек біліңіздер

   

 

Кітапхананың кітап қорын тексеру. Оны қалай ұйымдастыру керек? 

Тексеру - жұмыстан босатылған қызметкермен бірлесіп, сонымен қатар орталық аудандық кітапхананың толықтыру және өңдеу бөлімінің қызметкерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Қорды тексеру – қордағы бар баспа басылымдарының және басқа да материалдардың бар-жоғын анықтау, сондай-ақ олардың есеп құжаттарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

Тексеру барысында:

  • есептің жағдайын;
  • кітаптың қордан шығарылуының дұрыстығын;
  • қарыз;
  • қорды сақтау жұмысы бойынша кемшіліктерді;
  • жөндеуді, жаңартуды және ескіргендіктен есептен шығарылуы, мазмұны жағынан профилді емес құжаттардың анықталуын айқындайды.

Қорды тексеру:

  • кітаптардың сөрелерде орналасу ретін қалпына келтіруге,
  • қорды мазмұны жағынан ескірген және тозығы жеткен, дублетті және профильді емес кітаптардан тазартуға,
  • есепке, қорды сақтауға және қолдануға ұқыпсыз, зейінсіз, салқын қарағандықты анықтауға,
  • ұрлық жасау орын алған болса сол жағдайды ашуға мүмкіндік береді.

Кітапхана қорын тексеру

  • қор үшін материалдық жауапты тұлға (кітапхана басшысы немесе құрылым бөлімшесінің меңгерушісі (оқу залы, абонемент, филиал және т.б.) ауысқанда;
  • ұрлық, қиянат жасау немесе құжаттарды бүлдіру фактілерін анықтауда;
  • кітапхана қайта құрылған немесе жабылған жағдайда, табиғи апатқа ұшыраған жағдайда, өрт басқа да жағдай болғанда жүргізіледі.

Кітапхана қорын тексеру тәсілі (бақылау талондары арқылы, түгендеу кітабы арқылы) келесі мерзімде жүргізіледі:

  • Сейфте сақталатын өте құнды қорлар – жыл сайын;
  • Өте сирек кездесетін қорлар –3 жылда бір рет;
  • Құнды қорлар – 5 жылда бір рет;
  • Кітапхана қорының есептік бірлігі 100 мыңнан - 5 жылда бір рет;
  • Кітапхана қорының есептік бірлігі 100 мыңнан 200 мыңға дейін болса - 7 жылда бір рет.
  • Кітапхана қорының есептік бірлігі 200 мыңнан 1 млн. дейін болса 10 жылда бір рет.

Кітапхананың немесе оның бөлімдерінің басшысы ауысқанда кітапхана қорына немесе бір бөлігіне жүргізілген тексеру кезекті тексерілуге теңеледі.

Тексеру түсіндірме хат жазылған және жоқ басылымдардың тізімі көрсетілген акт жасаумен аяқталады.

Актіде көрсетілген тексеру нәтижелері сақтау комиссиясында немесе қор жөніндегі басқа алқалы жиында қаралады. Шешім негізінде есептен шығару туралы акт бекітуге беріледі.

Қорды тексеру бойынша барлық жұмыстар үш кезеңмен жүзеге асады:

  • 1) дайындық жұмысы;
  • 2) қорды тексеру;
  • 3) нәтижесін салыстырып құжатпен рәсімдеу және қорытынды шығару;

Дайындық жұмысы.

Мүмкін болған жағдайда тексеруден бір ай бұрын кітапханада, тексеру қай айда басталып қай айда аяқталатыны туралы, және оқырмандарға тексеру басталғанша қолда бар құжаттарды қайтару туралы өтініш білдірген хабарландыру ілінеді. Қормен даярлық жұмыс жүргізеді: қордың дұрыс орналасқанын тексереді, оқырмандардың кешіктіріп тапсырған немесе құжаттарды өңдеуде кешіктірілген кітаптарды орналастырады. Бақылау талондарын жазу үшін қағаз, қораптар,нөмірлі бөлгіштер, түрлі-түсті қарындаштар және т.б. дайындайды. Тексеруге қатысқан әрбір қызметкерге күн сайын нақты жұмыс есебін жүргізу қажет.

Біздің облыста қорды тексерудің негізгі тәсілдері

Кітапхана қорын бақылау талондарының көмегімен тексеру;

Кітапхана қорын түгендеу кітабының көмегімен тексеру;

Тексеру тәсілін таңдау, кітапхананың жұмыс жағдайына, қордың орналасуы мен көлеміне байланысты.

Кітапхана қорын бақылау талондарының көмегімен тексеру.

 Бұл қорды тексерудің ең көп тараған түрі. Оның мәнісі мынада, әрбір құжаттың данасына каталогтық карточканың жартысындай мөлшерде талон жазылады.

 Қорды бақылау талонымен тексерудің екі тәсілі бар.

1) талонды есептік құжат бойынша құрастырады, содан кейін сөредегі қормен салыстырады;

2) талондар тікелей сөреде тұрған құжаттардан (кітаптар, және т.б.) жазылады. Әрбір кітапқа бақылау талоны жазылады. Онда түгендеу нөмірі, автордың фамилиясы немесе атауының бірінші сөзі көрсетіледі. Әр талон кітаптың ішіне салынады. Комиссия мүшелері жазбаның дұрыстығын тексереді.

Барлық қорға талон жазылғаннан кейін, оқырмандарға берілген құжаттарға талон жазылады (мәліметтер оқырман формулярларынан алынады). Оқырмандарға немесе көшпелі кітапханаларға берілген кітаптарға талондар кітап формуляры және жазбалар бойынша құрастырылады. Кітаптарға, оқырман формулярларына, көшпелі кітапхана кітаптарының дәптеріне тексерілгені туралы белгі қойылады.

Бақылау талондарын түгендеу нөмірлері бойынша орналастырады. Тексеруді бақылау талондарын түгендеу кітабымен салыстыру арқылы жүзеге асырады, жазудың алдына тексерілгені туралы белгі қояды. Түгендеу кітабы бойынша жетіспейтін кітаптардың тізімін құрастырады.

Қолданылған талондарды келесі тексеріске сол жүйелілікпен, салыстырылған есептік құжатпен сақтап қояды.

Кітапхана қорын түгендеу кітабының көмегімен тексеру, оләр кітапты түгендеу кітабындағы жазумен салыстыру болып табылады. Тексеруді екі қызметкер жасайды: біріншісі – кітапты бірінен соң бірін сөреден алады (немесе берілген кітаптардың формулярларын алады) және олардың түгендеу нөмірлерін атайды. Екіншісі – осы нөмір бойынша түгендеу кітабынан кітапты іздеп табады. Кітап пен жазбаны салыстыру жүргізеді.Кітапқа тексерілгені туралы белгі қояды, ал түгендеу кітабының «Кітапхананы тексеру туралы Белгі» бағанына шартты белгілер (қанат белгі) қояды; шартты белгінің болмауы, кітаптардың қорда немесе оқырмандарға берілген кітаптардың арасында табылмағанын білдіреді. Табылмаған басылымдар туралы мәліметті «Есептік каталогтың тіркеу карточкаларының дәптерінен» және есептік каталогтан тауып, арнайы параққа жазып алады.

Тексеру нәтижесі 3 данада белгілі түрдегі актімен рәсімделеді. Комиссияактіде кітапханада қорды сақтауды ұйымдастырудың дұрыстығы туралы, оның есебі мен берілімнің жүргізілу жағдайына, осы сұрақ бойынша тапсырмалар мен нұсқаулардың орындауына қорытынды жасайды, жалпы құны мен дананың жетіспеушілігін көрсетеді. Комиссия ОКЖ директорына тексеру нәтижесі бойынша құжаттарды береді. Ол кінәлілердің материалдық жауапкершіліктерінің дәрежесін анықтап және актіні бекітеді. Бекітілгеннен соң актінің бір данасы толықтыру бөліміне беріледі, екіншісі -  бухгалтерияға, ал үшінші данасы кітапханада, немесе кітапханадағы қоры тексеруден өткен бөлімде қалады. Акт бекітілгеннен кейін, табылмаған басылымдар есептен шығарылады, ал олар жайлы мәліметтер каталогтар мен картотекалардан алып тасталады.

            ОКЖ директоры қажет деп тапса тексеру нәтижесі бойынша бұйрық шығарады, онда есепті ұйымдастыруда, қорды сақтауда және қолдануда анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар белгіленіп, нақты кінәлі адамдар көрсетіледі.

Кітап қорын тексерудің үлгі жоспары

№р/н

Процестер атауы

Жұмыс көлемі

Жауаптылар

1. Тексеру туралы бұйрық Жоспар  
2. Тексеру қай айда басталып қай айда аяқталатыны туралы, кітапты кітапханаға қайтару туралы хабарландыру.    
3. Тексеру бойынша нұсқама жүргізу. нұсқамалық   
4.  Қордың дұрыс орналасуын тексеру. дана Құрылымдық бөлімшелер (аб, оқу залы, филиал)
5. Оқырмандар формулярының нөмірі мен алфавиті бойынша дұрыс орналасуын тексеру.  формуляр //-//
6. Есептік каталогта карточкалардың дұрыс орналасуын тексеру (автордың немесе атауының алфавиті, түгендеу нөмірі бойынша) карточка  
7. Кітапқа бақылау талондарын жазу    
8. Бақылау талондарын түгендеу нөмірінің ретімен орналастыру 2000 талон   
9. Бақылау талондарын түгендеу кітабымен (есептік каталогпен) салыстыру 1000 талон   
10. Түгендеуден өтпеген құжаттарды іздеу  бір құжат   
11.  Түгендеу нәтижесінде жоқ екені анықталған құжаттардың тізімін құрастыру.    
12. Түгендеу кітабын қарау.     
13. Түгендеуден өтпеген құжатқа бақылау талонын жазып беру.    
14 Түсінік хатпен және жоқ басылымдардың тізімімен акті жазу.    
15. Тексеру қорытындылары (бұйрық)    
16 Есепті ұйымдастыруда, қорды сақтауда және қолдануда анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар.    

 

 

«Бақылау көрсеткіштері» ауылдық кітапханалардың жылдық есептерінің маңызды бөлімі болып табылады. (II бөлім). Осы бөлімді жоспарлауда, әсіресе кітапхананың өткен жылғы нәтижелерін білу маңызды. Оқырмандар санын жоспарлағанда бұрын тіркелген оқырмандарды ескеріп, ересектер мен мектеп жасындағы балалардың жалпы санына сүйену керек. Ауылдық кітапхана сол елді мекенде тұратын барлық отбасыны қамту қажет.

Абсолюттік бақылау көрсеткіштері

Оқырмандар есебі кітапхана қызметін пайдаланатын оқырмандар санын көрсетеді. Есеп бірлігі ретінде оқырман формулярлары алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 300-ден 500 адамға дейін болу керек (тұратын халықтың саны ескерілуі қажет).

Кітап берілімі есебі оқырмандар оқыған баспасөз өнімдерінің санын көрсетеді.Берілімнің есеп негізі ретінде оқырман формулярында жазылған жазбалар алынады. Берілім бірлігі ретінде кітаптар мен брошюралар, қалың журналдар үшін - дана, ал газеттер мен жұқа түпті журналдар үшін – жинақ саны алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 8 мыңнан 10 мыңға дейін құжат берілімі болу керек.

Келушілер есебі кітапханаға бір күн ішінде келген, күнделікті оқырмандар формулярын санау арқылы жүргізіледі. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі.

Көпшілік жұмыстар есебі кітапханада ұйымдастырылатын кітап көрмелерінің, түрлі кештер мен конференциялардың, шолу, әңгімелердің, ауызша журналдар жиынтығынан тұрады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі.

Салыстырмалы бақылау көрсеткіштер

Оқылымдық бір жыл ішінде бір оқырманға берілген кітаптардың орташа саны. Бір жыл ішінде берілген кітап санын оқырмандар санына бөлу арқылы есептеледі.

  • Кітап берілімі
  • Оқырмандар саны

Оптималды көрсеткіш  - 22-24. Біздің облыс бойынша – 21,9

Келушілік бір жыл ішінде бір оқырманға келетін келімдердің орташа саны.Бұл көрсеткіш оқырманның кітапханаға белсенді келгенің сипаттайды. Бір жыл ішінде келушілер санын оқырмандар санына бөлу арқылы есептеледі.

  • Келім саны
  • Оқырмандар саны

Оптималды көрсеткіш – 8-11 бір жылда келуі. Біздің облыс бойынша – 11,2

Кітап қорының айналымы кітапқорын пайдалану дәрежесін сипаттайды. Бір жыл ішінде берілген кітап берілімін жыл аяғындағы кітапханада бар кітаптың санына бөлу арқылы есептеледі.

  • Кітап берілімі
  • Кітап қоры саны

Оптималды көрсеткіш 2-ге тең. Облыс бойынша – 1,4

Кітаппен қамтамасыз етілуі тіркелгенбір оқырманға келетін кітаптың орташа саны. Кітаппен қамтамасыз етілу оқырмандар санына қатысты кітап қорының көлемін, яғни, жеткіліктілігін сипаттайды. Жыл аяғындағы кітапханада бар кітап санын оқырман санына бөлу арқылы есептеледі.

  • Кітап қоры саны                                   кітап қоры саны
  • Тұрғындар саны                                   оқырмандар саны

Бір оқырманның кітаппен қамтамасыз етілуі – 10-12 кітапты құруы керек.

Бір тұрғынның кітаппен қамтамасыз етілуі – 5-7 кітапты құруы керек.

Қорды жаңарту – кітапхана қорын жүйе ретінде анықтайтын, қорды ақпараттық мазмұны, құжаттардың түріне және басқа да параметрлер бойынша жаңа жағдайға келтіретін процесс. Қазіргі заманғы ақпараттық мазмұнды жаңа құжаттар қорға келіп түскенде, ондағы ескірген басылымдар есептен шығарылады. Бұл процесс толықтыру процессі сияқты шектеусіз. Қордың толық жаңару уақытын анықтау үшін келесі жаңару дәрежесі көрсеткіші қолданылады:

Н% =

             Фпt

х  100%

Фо   +  Фпt  -  Ф иt

Н%  - жаңару дәрежесі.

Фпt - «t» мерзімі ішінде (1 жыл) түскен құжаттар саны. (Мысалы 1000 дана)

Ф иt - «t» мерзім ішінде есептен шығарылған басылымдар саны (Мысалы 500 дана)

Фо - «t» мерзім басындағы қор көлемі ( Мысалы 10 000 дана)

Осылайша, Н=1000/10000+1000-500) = 0,9 немесе 9%. Яғни, қор жыл сайын 9% жаңарады. Оның толық жаңаруы үшін 11-12 жыл керек.

Н%   –  1 жыл

100% –  Х жыл

 

9%    –  1 жыл

100% – Х жыл

Халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді қамтудың пайызы оқырмандар санын тұрғындар санына бөлу жолымен және оны 100%-ға кеміту арқылы есептеледі.

Қамту %

Оқырмандар саны

х  100%

Тұрғындар саны

Ай кітабы