I. Кітапхана сайтының құрылымы:

  1. Кітапхана туралы (тарихы, әкімшілік, құрылымдар, қорлар, оқырмандар залы, АБА);
  2. Жаңалықтар. Оқиғалар.
  3. Ғылыми-зерттеулік қызмет (жобалар, бағдарламалар, конференциялар, семинарлар).
  4. Білім берулік қызмет (білім деңгейі, білім берулік ресурстар)
  5. Баспагерлік қызмет.
  6. Оқырмандарға (жұмыс кестесі, кітапханаға келу жолының сызбасы, пайдалану тәртібі және т.б.).
  7. Қызметтер (құжаттарды жеткізу, виртуалды анықтама және т.б.).
  8. Ресурстар (ЭК пен ДБ, электронды кітапхана және т.б.).
  9. Кері байланыс: байланысу ақпараты, электронды пошта, дауыс беру, сауалдама, қонақ кітабы, форум. WEB 2.0 технологиясының коммуникациялық құралдары:– блогтар. RSS – жаңалықтар ағыны. Әлеуметтік айырбас сервистері: кітаптық белгі баулар, сурет айырбас және т.б. Skype, Facebook, Twitter және т.б.

II. веб-дизайнда навигациялық элементтердің белгілі бір жиынтығы қолданылады. Сайттың навигациясын бағалау үшін келесі элементтердің бар болуын және оларды сайтта қолдану шарттарын ескеру маңызды:

Мәзір (меню) (үстіңгі/астыңғы горизонталды мәзір, мәзірдің оң/сол вертикаль панелі)

1.1.       Пиктограммалар (үй, байланыс, карта, іздеу, көмек, бетті басу және т.б.).

1.2.       Пиктограмманың әр бетте болуы.

Логотип басты бетке гиперсілтеме болып табылады.

2.1.       Логотиптің әр бетте болуы.

Навигациялық жолақ (нан қоқымдары). Мұрағаттық навигация.ALT–тер (фотосуреттердің, суреттердің сипаттамасы).Активті бөлімді белгілеу (түспен/қалың шрифтпен).Drop-dawn (жасырын) мәзір. Мәзірдің түсіп қалатын тізімдері.Қосымша деңгейлер (бөлімдер басты бетте ашылған).Ішкі баннерлық жүйе (өнімдерге, қызметтерге, ұйым бөлімшелеріне баннерлер).Навигациялық элементтердің орналасу тұрақтылығы.Беттегі навигация элементтерінің саны.Мәтіндегі сілтеме/гиперсілтеме (link).Навигациялық белгілерді ұйымдастыру (әліпбилік тәртіп, маңыздылық деңгейі, еркімен).Навигациялық элементтерді бөлу түрі.

III. Сайттың техникалық мүмкіндіктерін бағалауда («техникалық параметрлердің») мәліметтер келесі көрсеткіштер бойынша тіркеледі:

Жүктеу уақыты.Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын минималды талаптар.Сайт көлемі, Гб.html  сайт бетінің саны.Сайттың гиперсілтемелерінің саны (ішкі, сыртқы).Сайттағы суреттердің, фотосуреттердің саны.Сайт тереңдігі (деңгейлер саны).Сайттың түрлі деңгейлеріндегі бөлімдер саны.Сайтты Интернетке қосылусыз дербес қарау мүмкіндігі.Сайттың штатты еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті арнайы бағдарламалар.Келім есебіне арналған қолданылатын есептеуіштер.

IV. Мәліметтерді келесі параметрлер бойынша бекітетін есептеуіштер мен лог-талдағыштар веб-аналитиканың негізгі аспаптарына жатады:

Сайттың жалпы келімі – хостардың жалпы саны мен белгілі бір уақытылы кезеңдегі сайттың келушілерін көрсетеді.Іздеу жүйелері –сайтқа (Яндекс, Гугл, Рамблер) ауысу жүзеге асырылған іздеу жүйелерінің тізімін көрсетеді.Іздеу сөйлемдері– іздеу жүйелеріндегі сайт беттерін табатын, іздеу сөйлемдерінің тізімін көрсетеді.Келушілер – келушілер туралы ақпаратты ұсынады (тілдер, қолданылатын операциялық жүйелер мен браузерлер, экрандардың шешуі, IP мекен-жайлар.География – келушінің қайда кеткендігі (ел, аймақ, қалалар) туралы ақпарат ұсынадыСілтемелер – сайтқа сілтемеден тұратын беттің мекен-жайын көрсетедіСайттар – пайдаланушылардың сайтқа ауысатын сайттарының мекен-жайын көрсетедіБеттер – қарау сандары бойынша олардың танымалдығы есебімен сайт беттерінің тізімін көрсетедіКіру және шығу нүктелері – бұл мәліметтер пайдаланушының сіздердің сайттарыңызға қай беттен кіріп, қай беттен шығатынын көрсетеді

*Есептеуіштер – сайт (Яндекс. Метрика, Google Analytics, Рамблер, Spylog, Livelnternet.ru, HotLog интернет-статистика жүйесі) келімін ішкі тәуелсіз өлшеуге арналған сервис.

**Лог-талдағыш – пайдаланушының компьютеріне (немесе серверге) орнатылатын ішкі желілік бағдарлама (WebTrends, Webanalizer, AWStarts). Аталған бағдарлама келесі әрекеттерді орындайды:

Сервермен жинақталатын мәліметтерді лог-файлдарға (сервердің жұмысы туралы оқиғалар жазбаларының журналдары) жинайдыМәліметтерді өңдейді және өзінің ішкі мұрағатында сақтайдыПайдаланушыға статистиканы көрсететін беттерді құрастырады

Дереккөздер тізімі:

Кулеева О.В. Показатели и инструменты оценки эффективности сайта библиотеки. // Библиотечное дело. 2011. - № 6.Спец. вып. Библиотечные технологии: наука о мастерстве – № 1 - С.15 -19Шрайберг Я.Л. Ежегодный доклад Международной конференции «Крым». Год 2010 // Научные и технические библиотеки. – 2011.- №1- С.7-59.Шрайберг Я.Л. Ежегодный доклад Международной конференции «Крым». Год 2011 // Научные и технические библиотеки. – 2012. - №1.- С.11- 62.

Ф.Х.Тимершина,
Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК кітапханаларды
дамыту бөлімінің меңгерушісі

(аударған Р.О.Бұланбекова,
Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК кітапханаларды
дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар жөніндегі аға кеңесшісі)