«Экспорт-импорт» функциясын жүзеге асыру үшін «С» жергілікті дискімен жұмыс жасаймыз.

Жолы: «Мой компьютер - Локальный диск (С) – RABIS – FDOS». Барлық библиографиялық жазбалар осы жерде сақталуы тиіс.

Каталогтан экспорттау

Каталогтар импорты

Толықмәтінді құжат байланған библиографиялық жазбаның экспорты мен импорты

Цифрланған толықмәтінді құжатты библиографиялық жазбамен бірге экспорттаймыз. Жаңылыспау үшін библиографиялық жазбаға да, цифрланған толықмәтінді құжатқа да бір ат берген дұрыс. Толықмәтәнді құжат файлысының аты міндетті түрде латын әрпімен жазылуы қажет.

Электронды пошта арқылы немесе DVD-дискіні ашу арқылы алынған библиографиялық жазбаны импорттауды жоғарыда айтылған әдіс бойынша жүргіземіз, яғни C:\RABIS\FDOS папкасында сақтаймыз. Ал толықмәтәнді құжатты Rabiskar жергілікті дискідегі папкада сақтаймыз. Импортталған жазбаны ашып, толықмәтінді құжаттың байлауы туралы мәліметті жоямыз. Содан соң тиісті библиографиялық жазбаға жаңа байлау жасаймыз.

Қайрат Рахим,
автоматтандыру бөлімінің
жаңа технологиялар бойынша аға кеңесшісі

И.С.Иссык,
кітапханаларды дамыту бөлімінің
әдістемелік-инновациялық жұмыстар бойынша аға кеңесшісі

(аударған Р.О.Бұланбекова, кітапханаларды дамыту бөлімінің
әдістемелік-инновациялық жұмыстар бойынша аға кеңесшісі)