Кітапханаға жастарды тарту бойынша іске асырылған ашық байқау өз мәресіне жетті.
Бұл шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90-жылдық мерейтой аясында жүзеге асты.
Байқаудың мақсаты - кітапханаға жастарды тарту бойынша үздік тәжірибелерді анықтау және танымал ету.
Байқауға Қазақстанның 11 облысынан 43 шығармашылық жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Қарағандыдан қатысып, қазылар алқасының бірінші отырысының шешімі бойынша 22 қатысушы финалға жолдама алған болатын.
Оның ішінде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханашылармен қатар, Ұлытау облысының оқырманы, әдебиет жанашыры қатысты.
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАР
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған) (2019.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
КОДЕКСТЕР
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) (2021.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі (2021.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» 2008 жылғы 4 желтоқсан № 95-IV (2021.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ЗАҢДАР
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-III Қазақстан Республикасының Заңы (2021.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңы (2021.02.01. берілгенөзгерістер мен толықтырулармен)
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I Қазақстан Республикасының Заңы (2020.13.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Заңы (2021.11.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы (2021.01.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV Заңы (2021.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңы (2021.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2020.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 1997 ж. 11 шілдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы (2021.30.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы(2021.16.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II Заңы (2020.15.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы(2021.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заң (2021.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 13 желтоқсандағы № 267-ІІ Заңы(2017.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ЖАРЛЫҚТАР, ҚАУЛЫЛАР
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығы (2016.04.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысы (2021.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
БҰЙРЫҚТАР
«Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығы (2021.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығы(2020.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығы(2018.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлері, азаматтық қызметшілері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 бұйрығы(2018.20.12. берілген өзгерістермен)
Кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 152 бұйрығы (2015.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 153 бұйрығы (2013.15.11. берілген өзгерістермен)
Ережелер
ҚР қаржы министерствосымен келісілген ҚР 20 тамыз 1993 жылғы мемлекеттік көпшілік кітапханаларының орталықтандырылу туралы Ережесі (11.08.93 ж №Ф-12-2-26 хаты)
1993 жылғы 28 мамырдағы №86 Қазақстан Республикасының мәдениет Министрлігі жүйесінің кітапханаларын қолдану ережесі
Үлгілік құжаттар
ОКЖ-нің ауылдық моделді кітапханасы туралы үлгілік ережесі
Жарғылар
Кітапханашыларға арналған стандарттар
Жергілікті нормативтік актілер Шахтинск ОКЖ-ін үлгі ретінде алсақ
2. «Шахтинск ОКЖ» КММ Жарғысы (Ереже).
3. «Шахтинск ОКЖ» КММ ішкі еңбек тәртібінің ережесі
4. Кітапхана-филиал туралы ереже
6. Ұжымдық материальдық жауапкершілік туралы келісімшарт
7. «Шахтинск ОКЖ» КММ қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету, сыйақы беру туралы ережесі
8. Кітапханашының лауазымдық нұсқауы
9. Меңгерушінің лауазымдық нұсқауы
10.Шахтинск ОКЖ ұжымдық шарты
Толықтыру мәселесі бойынша құқықтық база:
1. Шахтинск ОКЖ құжаттар қоры туралы нұсқауы
2. Кітапхана қорын тексеру туралы акт түрі
3. «Шахтинск ОКЖ» КММ құрылымдық бөлімдерінің құжаттар қорының есеп кітабы
4. Бюджеттік ұйымдардың кітапханаларынан әдебиеттерді есептен шығару Актісі
5. «Шахтинск ОКЖ» КММ мерзімді басылымдарды сақтау туралы ережесі
6. «Шахтинск ОКЖ» КММ каталогтар жүйесі, картотекалар және деректер базасы туралы Ережесі
7. «Шахтинск ОКЖ» КММ электронды каталог туралы Ережесі
8. «Шахинск ОКЖ» КММ "Книга" ЭК ДБ-на кітап туралы ақпарат енгізу бойынша Нұсқаулық
ЮНЕСКО, ИФЛА құжаттары
Облыс кітапханашыларына арналған Оқу орталығы 2011 жылы құрылған.
Мақсаты: Тыңдармандардың кітапхана дамуының перспективасы мен оның стратегиясының негізгі бағыттарын дамытуға, еңбек уәждемесінің деңгейін арттыруға, өз кітапханасындағы қызметкерлердің жолын қууға, оны жасампаз-өнімділік қызметіне жедел енгізуге ықпал ету.
-
Орталықта оқитындар: облыс кітапханашылары және т.б.;
-
Оқу пайдаланушыларға арналған 8 жұмыс орнымен жабдықталған 2 оқу алаңында жүргізіледі (кітапханаларды дамыту бөлімі, Интернет-класс);
-
Оқу процесі есебінде Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК қызметкерлері тренерлерлік етеді;
-
Анағұрлым талап етілген тақырыптар: «Интернеттегі қашықтағы жұмыс», «Интерттегі іздеу жұмысы» (іздеу стратегиясы, танымал сайттар), «Кадрлық менеджмент», «Интернеттегі білім берулік ресурстар», «Қызметкер уәждемесі», «Кітапханадағы стратегиялық басқару және жоспарлау». Авторизация және пайдаланушыны Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана (ҚҰЭК)web-порталында тіркеу;2011 жылы Орталықта 60 тыңдарман оқыды, 2012 жылы – 90.
Оқу сабақтарының тақырыптары:
«Қазіргі заманғы кітапхананың даму векторы». «Жаңа технологияларды дамытудағы басқару шешімдері». «Кадрлық менеджмент». «Қалыптастыру принциптері және кадрлық резервтің дереккөздері». «Қызметкердің уәждемесі». «Кітапханадағы стратегиялық басқару және жоспарлау». Дәрістер.
«Азаматтық қызметкерлерді лауазымға тағайындау тәртіптері», «ОКЖ қызметінің стратегияларын анықтау. ОКЖ қызметінің негізгі көрсеткіштері. Қызметтің стратегиялық жоспарланылуы. Стратегиялық жоспарлау қадамдары. Ұйым миссиясының тұжырымдамасы (SWOT--талдау). Стратегиялық мақсаттарды талдау. Тактикалық тапсырмаларды анықтау. Ресурстар мен мүмкіндіктерді бағалау және т.б. Жоспарлаудың алты базалық жорамалдары. «Басқару мәселелерін шешу алгоритмі» іскерлік ойын. Тәжірибелік сабақтар» сұрақтарына тәжірибелік жағдайлық тапсырмаларды шешу және талдау:
Кітап нарығының түрленуі, электрондық кітаптар және кітапханаларды цифрлық кезеңде елестету. Дәріс.
ON-LINE каталогтар. Тәжірибелік сабақтар.
Электрондық ақпараттың басқыншылығы (интервенциясы), цифрлау және электрондық кітапханалар. Дәріс.
Құжаттарды цифрлау. Тәжірибелік сабақтар. Сканерлеуге дайындық. Лицензиялық бағдарламаларды қолдану. Файлдар форматы. Электрондық құжатты құру технологиясы және құжатты ТДБ байлау. Тәжірибелік сабақтар.
«РАБИС» электрондық каталогы. АРМ «Каталогизатор». АРМ «Поиск и Заказ». Тәжірибелік сабақтар.
Е-үкімет. Ақпараттық қызметтер. Интерактивтік қызметтер. Транзакциялық қызметтер. ҮИИД (ФИИР). Тәжірибелік сабақтар.
ҚазҰЭК. Авторизация және пайдаланушыны Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасының (ҚҰЭК)web-порталында тіркеу. Электронды каталогтың «Кітаптардың е-көшірмелері», «ҚР ҰАК каталогтары» бөлімдеріндегі іздеу.
«Заң», «Параграф» деректер базасындағы іздеу. Тәжірибелік сабақтар.
Интернеттегі іздеу жұмыстары (іздеу стратегиясы, танымал сайттар және т.б.). Тәжірибелік сабақтар.
АКТ дамуы. IT-нарық, олардың кітапханалар мен қоғамға әсері. АКТ басты даму тенденциялары. Жеке компьютерлердегі пайдаланушылық жайлылықтың деңгейін одан әрі арттыру. Е-кітаптар планетасы. Дәріс.
Интернет локалды және жаһандық деңгейдегі қоғамдық коммуникацияның негізгі инфрақұрылымы сияқты.
Интернетке мобильді қолжеткізу және мобильді ресурстарды қалыптастыру – кітапхана қызметіндегі Интернеттің таяудағы болашағындағы басты бағыт. Дәріс.
Web 2.0. инновациялық құпралдары
WIKI (бірлесіп құрастыру, зерттеу, ресурстар мен ақпарат жинақтау). Тәжірибелік сабақтар.
Блогтар. Кітапханалық блогты қалай құрастырамыз? Тәжірибелік сабақ.
RSS – бұл кітапхана жаңалықтары туралы ақпараттандырудың ыңғайлы әдісі Сайтта жаңалықтардың RSS-таспасын қалай құрастырады?. Тәжірибелік сабақтар.
3D форматында әдістемелік құралды құрастыру: тәжірибелік курс. Тәжірибелік сабақтар.
"Skype (скайп)" бағдарламасымен жұмыс. Бағдарламаны жіберу. Гарнитура мен вэб-камераны баптау, микрофонды баптау. Байланыстарды іздеу және оларды тізімге қосу. Керек байланысты таңдау және байланыс таңдау («Позвонить» и «Видеозвонок») («Қоңырау шалу» және «Бейнеқоңырау шалу». Тәжірибелік сабақтар.
Бейнероликті қалай құрастырады? «Movie Maker», «Pinnacle», «Virtual Dub», «Video mach», «Adobe Premiere» және т.б. бағдарламаларды зерттеу. Форматтар: wmv, avi, DVD- Video және т.б. Тәжірибелік сабақ.
Мультимедиалық сервистер: фото (Flickr. сom, foto. mail.ru), бейне (YouTube. com) және дыбыс (i-Tunes) – хранилища мультимедиалық ақпарат сақтау орны. Тәжірибелік сабақ.
Виртуалды кітап көрмелерін қалай құрастырады? Тәжірибелік сабақ.
Әлеуметтік желілер: «Facebook», «Мой мир», «Одноклассники» және т.б. интернет-бірлестіктер.
Әлеуметтік бетбелгілер, бұл - Интернетті пайдаланушылар оның көмегімен web-ресурстардың бетбелгілерін бөлісе, құрастыра, басқара алатын құрал.Тұсаукесер.
Кітапханашыларды компьютерлік сауаттылыққа оқыту: Тренинг тақырыптары:
-
Модуль 1. Дербес компьютермен танысу. Компьютер деген не?
-
Модуль 2 «Windows» меңгеру.
-
Модуль 3. Папкалар мен файлдармен тиімді жұмыс.
-
Модуль 4 Деректер архивациясы. Вирустар. Антивирустар.
-
Модуль 5. Локалды желі.
-
Модуль 6. «MS Word» бағдарламасында жұмыс.
-
Модуль 7. Суреттерді қою. Мәтіндік кестелерді жылдам құрастыру және жасау. Құжаттарды басу.
-
Модуль 8. Создание электронных таблиц в «MS Excel» электронды кестелерді құрастыру.
-
Модуль 9. Диаграммаларды есептеу және құру.
-
Модуль 10. «Pover Point» жұмыс. Көркем тұсаукесерлерді құрастыру.
-
Модуль 11. Интернетке ену және саяхат.
-
Модуль 12. Электронды поштамен жұмыс.
Тренингтер, тәжірибелік сабақтар.
«Твой курс» бағдарламасы бойынша жаттығулар мен тапсырмалардың оқу курсы.
-
«Microsoft Digital Literacy» оқу курсының көмегімен керекті дағдылар
Кадрларды аттестаттау – қызметкерлердің сапалық құрамын жақсартуға, қызметкерлердің жүктелген дәрежесін және оларды мамандық бойынша қолдануды анықтауға, басқару үлгісімен әдістерін жетілдіруге бағытталған қызметкерлерді басқарудың маңызды бір құрамдас бөлігі.
Аттестаттаудың мақсаты – кадрларды таңдау және орналастыруды жақсарту, олардың кәсіби және іскерлік біліктіліктерінің өсуін қамтамасыз ету, еңбектерінің тиімділігін ынталандыру және жоғарылату және т.б.
Аттестаттаудың негізгі міндеттері: қызметкердің атқаратын қызметіне сәйкестігін анықтау; қызметкердің қабілеттері мен мүмкіндіктерін қолданудың перспективаларын айқындау; қызметкердің кәсіби деңгейінің өсуін ынталандыру; мекеменің басқарушы құрамының резервін құру; қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату; қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жайлы мәселелерді шешу; лауазымдардық атауларын біліктілік талаптарына сәйкестендіру, біліктілікті арттыру немесе қызметкерлерге білім беру және дамыту және т.б. бағдарламаларды құру барысында кадрлік саясат және штаттық кестені қайта құру бойынша шешімдер қабылдау.
Аттестаттауды өткізу және дайындау технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады:
I. Дайындық кезеңі
Аттестаттауды өткізудің мақсаты мен уақытын (мерзімділігін) анықтау.
1. Қызметкерлерді аттестаттау туралы ережені дайындау және бекіту; (негізгі жергілікті нормативтік акт) нормативтік-құқықтық базаға сәйкес.
3. Аттестаттауды өткізудегі қажетті құжаттарды қарап (оқып) шығу
- кітапханадағы ішкі еңбек тәртібінің ережесі;
- құрылымдық бөлімшелер туралы ереже, қызметтік нұсқаулар және т.б.
4. Аттестаттауды дайындау және өткізу туралы құжаттар:
аттестаттау туралы бұйрық дайындау, қызметкерлер тізімі;
аттестатауға тиісті және тиісті емес;
аттестаттау комиссиясының тізімі (комиссия төрағасы, тиісті дайындығы бар хаттамалық іс-шараларды техникалық-ұйымдастыруды қамтамасыз ететін аттестаттау комиссиясының хатшысы);
аттестаттауды өткізу әдістері;
аттестаттауды өткізу жоспарының үлгісі;
кадр бойынша инспектор (Аттестаттау туралы қазіргі қолданыстағы ережеге сүйеніп аттестатталушының қажетті құжаттарын дайындау);
аттестаттауды өткізудің кесте-жоспарын құрастыру;
аттестатталушы тұлғалардың жоспарланғанға дейінгі аттестаттау мерзімінің кестесіне сәйкес бір айдан кем емес мерзімде аттестация өткізу күні туралы жазбаша хабарлауы (қол қойылғанда жарамды);
кеңестер, семинарлар, дәрістер және басқаларын ұйымдастырып өткізу;
II. Қажетті құжаттар пакетін дайындау
1. Аттестатталушыға мінездеме жасау;
2. Аттестатталушы өзін өзі бағалау нысанын толтыру;
3. Аттестатталушы тұлғаға қолданыстағы ереженің қосымшасына сәйкес аттестаттау парағын дайындау;
4. Бағалау парақтарын және басқа құжаттарды дайындау (сауалнама, мәтіндер,сұрақтар);
III. Аттестаттауды өткізу
- 1. Аттестатталушымен әңгіме өткізу, ұсынылған құжаттарды талдау, алдағы өткен аттестаттаудың нәтижесімен салыстыру. Алдын ала қызметкердің іскерлік қасиеттері туралы қорытынды жасалады. Аттестатталушы тұлғаның хабарламасы тыңдалады, қажетті жағдайда – аттестаттау кезеңі барысында кәсіби қызметі туралы оның тікелей бастығы тыңдалады. Аттестаттау мерзімі ішінде аттестатталушы қызметкердің іскерлік қасиеттеріне және оның кәсіби қызметінің нәтижесіне баға беріледі.
- 2. Әр қызметкер үшін шешім қабылданады. Нормативтік құқықтық актіні ескеріп қызметкерге біліктілік деңгейін белгілеу өлшемі анықталады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 139-бап. Азаматтық қызмет
Аттестаттау нәтижелерін рәсімдеу (жоспарлы аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттық комиссияның шешімі)
- Аттестаттаудан өтуші тұлғалар үшін өзінің лауазымдық міндеттерін толық және сапалы орындауды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар жасау (жүктелген жұмыстар);
- Аттестатталушы қызметкерге байланысты комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды;
- Атқаратын қызметіне лайықты (орындайтын жұмысына);
- Осы лауазымға лайық (орындайтын жұмысына) және бос қызмет орнын алу үшін кадрлық резервке енгізілуге ұсынылады;
- Сәйкес шаралар орындалып біткеннен кейін қайта аттестаттау арқылы кәсіби қайта даярлаудан өтуді немесе біліктілігін жоғарлатуды қажет етеді;
- Біліктіліктің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын қызметіне лайықты емес (орындайтын жұмысына) ;
- Аттестаттау нәтижесі аттестаттық параққа енгізіледі (№ қосымша қазіргі қосымшаға).
IV Аттестаттау нәтижелерін іске асыру
1. Аттестаттаудың қорытындысы бойынша бұйрық шығару және жиналыс өткізу;
2. Деректерді кадр бөліміне тапсыру, алынған деректерді қызметкердің жеке ісіне (файл) енгізу ;
3. Аттестаттаудың нәтижелерін талдап қорыту
"Жастарды кітапханаға тарту" іске асырылған жобалар ашық байқауы өз мәресіне жетті
Кітапханаға жастарды тарту бойынша іске асырылған ашық байқау өз мәресіне жетті.
Бұл шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90-жылдық мерейтой аясында жүзеге асты.
Байқаудың мақсаты - кітапханаға жастарды тарту бойынша үздік тәжірибелерді анықтау және танымал ету.
Байқауға Қазақстанның 11 облысынан 43 шығармашылық жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Қарағандыдан қатысып, қазылар алқасының бірінші отырысының шешімі бойынша 22 қатысушы финалға жолдама алған болатын.
Оның ішінде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханашылармен қатар, Ұлытау облысының оқырманы, әдебиет жанашыры қатысты.
Байқауға қатысушылардың жұмысын қазылар алқасы -– Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының басшысы Б. Уатаева (қазылар алқасының төрағасы); Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшысының орынбасары Г. Умбединова, Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы А. Алькеева бағалады.
Финал барысында 22 қатысушының ішінде Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының ОКЖ кітапханашысы А.Х. Бейсова жобасын қорғаудан бас тартты. Яғни, 21 қатысушының 16-сы Google Meet сервисі арқылы онлайн режимінде және 5 қатысушы офлайн түрде жобаларын қорғады.
Қатысушылар ұсынылған жобалары арқылы елімізде жастарды кітапханаға тарту мақсатында іске асырылып жатқан жаңа идеялармен таныстырды. Атап айтар болсақ, кітап оқуға құштарлығын арттыру, кітап оқитын ортаны қалыптастыру мақсатында:
- «Дарабоз» (Ақтөбе обл. Н.Жәлелова); «Әдеби орындық» (Батыс Қазақстан обл., А.Джумалиева); «Кітапханамен бірге» (Қарағанды обл., С.Исина), «Оқитын дос іздеймін» (Ақтөбе обл., А.Асылханова); «LITE-FRESH» (Павлодар обл., А.Кадирова); «Меркурий» спикерлік клубы (Батыс Қазақстан обл., Н.Тимиргалиева).
Жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында:
- «Жас жалын» (Қостанай обл., Қ.Тасбулатова); «Жас ақындармен сырласу» (Батыс Қазақстан обл., Ж.Ниярова); «ART-STUDIO» (Павлодар обл., М.Таженова).
Сондай-ақ әр түрлі тақырыпты қамтыған жобалар ұсынылды:
- Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталған жоба «Ұлттық құндылықтар - 21 ғасыр кітапханасында» (Шығыс Қазақстан обл., Т.Башай);
- Жастарды IT технологиялар арқылы кітап оқуға тарту жобасы «Новые технологии – современный читатель» (Шығыс Қазақстан обл., Р.Бабиров);
- Ағылшын тілін үйрену мақсатында «Чеширский кот, five o`clock и другие» (Батыс Қазақстан обл., А.Зубенко);
- Серіктестікті дамыту жобасы «Оқитын ұжым» (Қарағанды обл., Б.Мұхаметжанова);
- Онлайн жобалар «BOOK WORLD» (Қарағанды обл., Е. Кельмялите) және «#ОқыЖәнеЖең» (Қостанай обл., Б.Джумалиева);
- Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жоба «Birgemiz» (Атырау обл., Қ.Сабирова);
- Ауылдық кітапханалардағы жобалар «Ойлы оқырман ауылда» (Қарағанды обл., А.Нұрахметов), «Qadam» (Ұлытау обл., Д.Төлеуов), «Мен оқыған бір кітап» (Батыс Қазақстан обл., Ж.Сарсенгалиева);
- Жылжымалы жоба «KITAP TAXI» (Ұлытау обл., Ж.Ыбырайхан);
- Өлкетанулық жоба «Наш край» (Солтүстік Қазақстан обл., К.Калимбетова).
Қазылар алқасы бағалау барысында жобалардың өзектілігі, мазмұнының толықтығы мен ашуы, жоба аясындағы іс-шаралардың бірегейлігі, серіктес ұйымдардың қатысу дәрежесі және жоба аясында қандай нәтижелерге жеткеніне аса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан кітапханаға жастарды тарту бойынша қызықты және перспективалы жобалар анықталып, қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
- Бас жүлде - «Новые технологии – современный читатель» жобасы үшін Шығыс Қазақстан облысы, Оралхан Бөкей атын. ОКЖ кітапханашысы Р. Бабиров;
- 1 дәрежелі Диплом - «Оқитын ұжым» жобасы үшін Қарағанды облысы, Балқаш қ. ОКЖ басшысы Б. Мұхаметжанова;
- 2 дәрежелі Диплом - «Qadam» жобасы үшін Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Қарағаш ауылдық кітапханасының оқырманы Д.Төлеуов;
- 3 дәрежелі Диплом «ART-STUDIO» жобасы үшін С.Торайғыров атын. Павлодар ОӘҒК-ның жастар бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы М. Таженова және «BOOK WORLD» жобасы үшін Қарағанды облысы, Шахтинск қ. ОКЖ кітапханашысы Е. Кельмялите;
Сондай-ақ, Арнайы диплом иегерлері:
- «Мен оқыған бір кітап» жобасы үшін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық ОКЖ кітапханашысы Ж.Сарсенгалиева;
- «Меркурий» спикерлер клубы жобасы үшін Ж.Молдағалиев атын. Батыс Қазақстан ОӘҒК кітапханашысы Н.Тимиргалиева;
- «Жас жалын» жобасы үшін Қостанай қ. Н.Островский атын. ОҚК кітапханашысы Қ.Тасбулатова;
- «Оқитын дос іздеймін» жобасы үшін Н.Байғанин атын. Ақтөбе ОБК кітапханшысы А.Асылханова;
- «Наш край» жобасы үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайын ауданының Смирново ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Калимбетова.
Жеңімпаздар («Бас жүлде», 1,2,3 дәрежелі диплом иегерлерін) 18 қыркүйекте облыстық кітапхананың 90-жылдығына арналған «Қарағанды09: еркін диалог аумағы» халықаралық OpenTalk іс-шарасы аясында марапатталады.
Қатысушылардың арнайы дипломдары мен қатысушыларға арналған Алғыс хаттар байқауға қатысуға жолданған өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз, жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Байқау қорытындысы
Бүгінгі күні жастардың қоғам өміріндегі рөлі күн өткен сайын маңызды болып келеді. Алдыңғы шепке серпінді, креативті, заманауи ой-пікірі бар жас кәсіпқой мамандар шығатын уақыт туды. Жақсы кәсіби дайындығы мен дұрыс ұйымдастырушылық қабілеті бар қызметкерлер кітапхана тағдырын анықтайды.
3 тамыз күні Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен кітапханамызда «Жылдың үздік жас кітапханашысы — 2023» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқау арқылы бүгінгі күні кітапханаларда қоғамның қойған талаптарына сай бола алатын білімді, мақсаткер, шығармашыл, жағдайды билей алатын, өзгерістерді дер кезінде көріп, дұрыс шешім қабылдай алатын жоғары деңгейдегі мамандарды анықтауға тырыстық.
Облыстық байқауға Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандары мен Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шахтинск қалаларының орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінен 11 үміткер қатысып, біліктілігін сынға салды.
Ал жастардың әлеуетін білікті де кәсіби мамандар анықтады: А.К. Карашова - Н.В. Гоголь ОӘҒК облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы (қазылар төрайымы), В.И. Пак - Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК ғылыми хатшысы К.М. Калиева - Абай атындағы облыстық балалар кітапхана басшысының орынбасары.
Жастарға бүгін кітапхана мен кітапханашының бет-бейнесін өзгерту – біздің мамандыққа деген құрметті жаңғыртудың жалғыз жолы екенін ұғындыра сөйлеп Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана басшысы Д.Б. Аманжолова байқауды ашты.
Жастарға байқау барысында бағыт-бағдар бере отыра жүргізсін деген ниетпен білікті де тәжірибесі мол кітапхана қызметкерлері Б. Оспанкулова мен Э. Ярцева байқауды көрікті жүргізді.
Жалпы ереже бойынша байқау төрт кезеңде өтті.
І кезең «Кітапханашы келбеті» деп аталып, қатысушылардың ұсынған бейнероликтері арқылы өздерімен таныстық.
«Библиопортфолио» кезеңінде қатысушылар өздерінің бірегей шығармашылық жобаларын қорғады. Жобалар арқылы облыс кітапханаларында оқырмандарды кітапханаға және кітап оқуға тарту мақсатында іске асырылып жатқан жаңа идеялармен таныстық. Атап айтар болсақ, Абай ауданынан келген үміткер Ыбрайхан Әйгерім Дубовка ауыл кітапханасында жасөспірімдердің көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, логикасын, сыни ойлауын және көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Жалын» дебат клубын ұйымдастырғаны жайлы айтса, М. Әуезов атындағы Қарағанды қалалық кітапханасының кітапханашысы Е. Величко балаларға арналған «Студия эстетического воспитания» атты өз жобасы жайында баяндап, оқырмандарымен қыркүйек айында Астанада өтетін Comiс Сon фестиваліне қатысатыны жайлы бөлісті.
III «Библиоэрудит» кезеңіне қазылар алқасы кәсіби сұрақтар дайындап, қатысушылар кәсіби шеберліктерін, ой-өрісінің кеңдігін, тапқырлығын көрсетті. Анықтама түрлері, кітапхананы пайдалану ережелері, ірі баспаларды атаған жас мамандар кітапханалық өлкетануға байланысты сұрақтардың жауаптарына тіпті іркілмеді. Дегенмен, әлі де жас кітапханашылар кітапхана саласының қыр-сырын тереңдете білу үшін жүйелі түрде өз білімдерін жетілдіру керектігіне көзіміз жетті.
Ал кітапханашылардың жеті қырлы, бір сырлы екенін дәлелдейтін соңғы IV кезең қатысушылардың туған өлкеге деген махаббаттарын анық байқатты. Ақтоғай ауданынан келген Толеуова Перизат жазушы К. Жүністегінің 80-жылдары сапарда естіген әңгімесі бойынша Жидебай батыр туралы шығармашылық қойылым ұсынса, Шет ауданынан келген үміткер Нұрахметов Азамат «Қарағанды» қаласына арналған әнді нақышана келтіріп орындады.
Жалындап тұрған жас мамандар арасынан ең үздік дегенді таңдау қазылар алқасына қиынға соқты. Дегенмен, «Жылдың үздік жас кітапханашысы — 2023» байқауының ЖЕҢІМПАЗЫ болып Шет аудандық орталық кітапханасының жас кітапханашысы Нұрахметов Азамат Амантайұлы танылып, 100 мың теңгелік сертификатқа және облыстық басқарманың Дипломына ие болды. Ал байқаудың қалған 10 үміткеріне «Қатысушы Сертификаты» табысталды.
Байқаудың жеңімпазының алдында үлкен міндет тұрғаны әрбір қазылар алқасымен айтылды. Себебі, ағымдағы жылдың қазан айында ҚР Ұлттық кітапханасында өтетін «Жылдың үздік жас кітапханашысы — 2023» республикалық байқауында Нұрахметов Азамат арқа елінің намысын қорғайды. Азаматқа Қарағанды облысы кітапханашыларының абыройын жоғары деңгейден көрсетуіне сәттілі серік болсын деген тілектеміз!
Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы биылғы жылы Қарағанды облысының қалалық орталық кітапханалары арасында "Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана" атты облыстық байқауын жариялап, өткізген еді.
Байқаудың мақсаты – мәдени-біліми, кәсіптік бағдар беретін және ақпараттық-технологиялық перспективті-инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын шығармашыл кітапханаларды анықтау және ынталандыру. Қалалық кітапханалардың ақпараттық, әдістемелік білім орталығы ретінде одан әрі қалыптасуын қамтамасыз ету..
Облыстық байқауға Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Шахтинск орталық қалалық кітапханалары қатысып, 6 номинация бойынша 44 жоба ұсынды.
"Әлеуметтік әріптестік үлгісі", "Кітапхана – орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің дамыту орталығы", "Кітапхана - навигатор", "Кітап қорын толықтырудың жаңа түрлері", "Кітапхана – өлкетану орталығы", "Кітапхана – ақпараттық-демалыс орталығы" сынды аталымдармен өткен байқауда облыстың кітапханашылары қалалық ортада кітапхананың оң имиджін қалыптастыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кітапхана бойынша виртуалды экскурсия жасау, "Алақандағы кітапхана" мобильді қосымшаны іске қосу, QR-кодтар арқылы туған қала туралы ақпарат алу, кітапхана қорын қалыптастыру мақсатында краудсорсинг платформасын құру, электронды контентті қалыптастыру, құжаттарды цифрлау, 3D, 4D, 5D форматындағы және флипбэк, флипбук басылымдарымен толықтыру инновациялық бағыттарын жобаларында көрсете білді. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында заманауи тәсілдің бірі оn-line режимінде кітапханашыларды оқыту, Book-bus - заманауи ақпараттық жылжымалы кітапханасымен қамтамасыз ету, бірегей ақпараттық кеңістік құру және волонтерлерді өлкені зерттеу жұмыстарына қатыстыру секілді креативті идеялар мен жобалар ұсынылды.
Әр қалалық кітапхана өз кітапханасының даму моделін көрсетті. Байқау барысында кітапхана дамуының қандай да бір үлгісінің қоғамдағы тұрақты қалыптасуы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында аталмыш байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға қатысқан 7 қалалық кітапхананың бесеуі қатысушы сертификаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, сайысқа қатысқан жоба авторлары алғыс хаттармен марапатталып, номинациялар бойынша "Үздік жобалар" автоларына диплом және бағалы сыйлық берілді. Атап айтар болсақ: "Әлеуметтік әріптестік үлгісі" номинациясы бойынша Л.А.Мартель, "Кітапхана – орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің дамыту орталығы" номинациясы бойынша С.Е. Кейкина, "Кітапхана – өлкетану орталығы" аталымы бойынша М.С. Айтжанова, Г.И.Газизова, "Кітапхана – ақпараттық-демалыс орталығы" номинациясы бойынша А.К.Сарина.
Жеті кітапхананың екеуі үздік кітапханаға тән барлық талаптар мен өлшемдерге сәйкес келді. Сондықтан қазылар алқасының мүшелері бас жүлде мен ұйымдастыру комитетінің арнайы жүлдесін тағайындау туралы шешімге келді. Бұқар жырау атындағы Шахтинск қалалық орталық кітапханасы "Үздік қалалық кітапхана" деп танылып, бас сыйлығына ие болды. Ал, С.Сейфуллин атындағы Балқаш қалалық кітапханасы ұйымдастыру комитетінің арнайы жүдесінің иегері атанды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!
Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана" атты байқауын жариялайды. Байқауға Қарағанды облысының қалалық орталық кітапханалары шақырылады.
Байқаудың мақсаты - кітапханаларды дамытудың бағытын анықтау, қоғамға қажет кітапхананың жаңа моделін құру үшін оларды өзгерту және одан әрі ақпараттық, бос уақыт өткізу, әдістемелік, білім орталықтары ретінде қалыптасуын ұсыну.
Байқауда кітапхана дамуының келесі модельдері талқыланады: "Кітапхана – білім орталығы", "Кітапхана – ақпарат және демалыс орталығы", "Кітапхана - навигатор", "Кітапхана – өлкетану орталығы". Байқауға қатысушылар сараптық комиссияға кітапхананың даму моделін ұсынады.
Осылайша, қалалық кітапханалардың өкілдері өз кітапханаларының даму моделін ұсынуға мүмкіндігі бар. Байқау қорытындысы бойынша кітапхана дамуының қандай да бір үлгісінің қоғамдағы тұрақты қалыптасуы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.
"Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана" атты облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!
Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Орталық аудандық кітапхана - ауданның кітапханалық жүйесінің флагманы" атты байқауын жариялайды. Байқауға Қарағанды облысының аудандық ОКЖ-нің орталық кітапханалары шақырылады.
Ағымдағы жылдың 19 маусым мен 12 шілде аралығында "Аудандық орталық кітапхана – кітапханалық жүйенің флагманы" атты облыстық байқаудың 4-кезеңі өтті. Аталмыш кезеңде Мәдениет басқармасы және ОӘҒК мамандарынан құрылған байқау комиссиясы аудандардың орталық кітапханаларына барып, олардың қызметімен тікелей танысты.
Әр қатысушы-кітапхана құрылымдық бөлімшелер бойынша экскурсия ұйымдастырды. Байқаудың комиссиясы орталық кітапхананың жетекші мамандарымен кездесті, әр бөлімшенің құжаттарын және жалпы жағдайын зерттей отырып, қызметімен танысты.
Іс-сапардың маңызды бөлігі Орталық кітапханалар және жүйені дамыту мақсатындағы жобаларды таныстыру. Байқаудың ережесі бойынша кітапханалық қызметтің 6 негізгі бағыты анықталды: әкімшілік басқару, әдістемелік қамтамасыз ету, қорды толықтыру, автоматтандыру қызметі, оқырмандарды тарту және библиографиялық қызмет көрсету. ОКЖ-лері жобаларды дайындауда кітапхана ісінде жиналған тәжірибе мен және соңғы жеткен жетістіктеріне сүйенді.
Қыркүйек айында байқауға қатысушылар өз шығармашылық жобаларының соңғы нұсқасын байқау комиссиясының қарастыруына ұсынды. Комиссия жиналған материалдарға талдау жасауға және байқау жеңімпаздарын анықтауға кірісті. Ең үздік аудандық кітапханадан басқа, әр 6 негізгі бағыт бойынша ең үздік жоба анықталады.
________________________________________________________________________________________
Облыс кітапханашыларының біліктілігін арттыру жүйесі "Облыстағы кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру туралы" Ережесімен регламенттелген.
"Бір ел - бір кітап" (2013 - 2015) акциясы.
Функционалдық мамандану есебімен, лауазымы, өтілі мен білімінің жіктелуі негізінде оқытуды қарастырады.
Үздіксіз білім беру жүйесінде кітапханашыларды оқыту түрлері әртүрлі: академиялық (семинарлар, семинар-тренингтер, мәжілістер, практикумдар, стажировкалар). Интерактивтік (іскер ойындар, тренингтер, байқаулар, "дөңгелек үстелдер", пікірталастар, сондай-ақ нақты проблемалық жақтарды талдау, топтық тапсырмалар). Тәжірибелік сабақтар (рефераттарды қорғау, үй тапсырмасын дайындау және т.б.). WEB 2.0. сервистерін қолдану.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылар арасында "Жастар бастамасы - кітапхана болашағы" кітапхана ісіне ғылыми мақала жариялау бойынша республикалық байқау өтеді.
Облыстағы кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру жүйесінің құрылымы:
-
Халықаралық, республикалық іс-шараларға қатысу;
-
Облыстық, аймақтық, көшпелі семинарлар;
-
"Кәсіби оқыту Мектебі";
-
Әдіскерлер секциясы;
-
Библиографтар секциясы;
-
Толықтырушылар секциясы;
-
Автоматизация бөлімі меңгерушілерінің секциясы;
-
Ересек тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсету секциясы;
-
Ауыл кітапханашылары секциясы;
- Оқу орталығы
-
Компьютерлік сауаттылық курстары