«AgroƏlem» ауылшаруашылық журналы Бұл АӨК саласындағы материалдарды дайындаудың халықаралық стандарттарына толық сәйкес келетін Қазақстандағы жалғыз салалық басылым. Материалдар қос тілде – мемлекеттік және орыс тілінде жарияланатындықтан жоғары сұраныста.
«Аграрный сектор» ауылшаруашылық журналында аграрлық салаға қатысты жаңалықтар, астық нарығы, егін шаруашылығы, агротехнология, мал шаруашылығы, өсімдік қорғау, ауыл шаруашылығының қайта өңделуі, ауыл шаруашылығы бойынша сұрақтар мен жауаптар келтірілген.
Казах Зерно.кz Қазақстан мен ТМД елдерінің астық нарығының бағасы, жаңалықтар, мақалалар, аналитикаға қатысты мәліметтерді ұсынады.
«Центральный Дом бухгалтера» сайтындағы бөлімдерінің бірі Электронные журналы бөлімі ұсынатын ақпараттар: «Файл бухгалтера». «Бухучет на практике». «Индивидуальный Предприниматель Казахстана». «Бухгалтер и право». «Бухгалтер +компьютер». «Главбух». «Учет и финансы». «Бухгалтер хабаршысы», «Кадры». «Нерезиденты» (учет, налоги, право). «Импорт экспорт». «Баланс». Электронные Журналы модуліне ену үшін Сіз сайтта авторизациялануыңыз қажет немесе тіркелу керек. Егер СізПечатные + Электронные форматындағы басылымдарға жазылмаған болсаңыз, 15 күнге арналған тегін демонұсқаны пайдалана аласыз. Библиотека бөлімі танымал және ұсынылатын басылымдармен таныстырады.
«Агрожаршы» Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің апталық мамандандырылған газеті. Архив газеты (жүктеу) (скачать)
Ресейлік газеттер мен журналдар
«Новое сельское хозяйство» журналы» бұл Ресей және ТМД елдеріндегі ауылшаруашылық саласына арналған танымал басылым. Журналда менеджмент, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, тамақты өңдеу және сақтау мәселелерін шешу; ауыл шаруашылығының ең озық технологиялары; ресейлік, украиндық, белорустық қожалықтардың іс-тәжірибесі; басқа елдердің аграрларының іс-тәжірибесі; ауыл шаруашылық техникасы, өсімдіктер тыңайтқышы мен қорғау құралдары жайлы деректер берілген.
Ценовик. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мамандары мен басшыларына арналған журнал. 1997 жылдан бері жарыққа шығып келеді. Журналдың onlain нұсқасымен танысуға болады.
Отандық сияқты шет елдік өсімдік шаруашылығының қазіргі заманғы жағдайы мен өзекті мәселелерін «АгроМир XXI» журналы» басты тақырып санайды. Ай сайын шығатын шығарылымдардың әр қайсысы қандай да бір ауыл шаруашылық мәдениетіне арналған.
Аграрные журналы и газеты. Бұл бөлімге "Аграрный сектор" журналының желісі арқылы таратылатын газеттер мен журналдар жатады. "Защита растений" газеті басылымы Ресейдегі және одан тыс елдердегі агробизнес, өсімдік шаруашылығы, өсімдік қорғау мен ауыл шаруашылық биотехнологиялары мәселелерін қозғайтын ай сайын шығатын тегін жалпы ресейлік басылым. Басылымның жаңа нөмірін қарап шығуға және жүктеуге болады. АӨК мамандарына құнды, пайдалы ақпараттар ұсынатын «АГРО XXI века» журналы өсімдік шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды (селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдік қорғау, егін шаруашылығы, топырақ өңдеу, экология, техника және технология, экономика) талқылайды.
«Агромир XXI» журналы - журналды қарап шығуға немесе басылымның жаңа нөмірін жүктеуге болады. Агровидение интернет-журналы ауыл шаруашылығының әр түрлі бағыттарына арналған жаңалықтарды ұсынады.
«Поле деятельности» журналы» оқырмандарды озық технологиялармен, өсімдіктерді қорғаудың тиімді құралдарымен және минералды тыңайтқыштармен, жоғары өнімді тұқымдармен, пайдалы тәжірибелік кеңестермен, өзекті сұрақтар төңірегіндегі мамандардың кәсіби ұсыныстарымен, өздеріне тиімді коммерциялық ұсыныстармен, АӨК арналған жаңа құралдармен және заманауи ауыл шаруашылығы техникасының спектрімен таныстырады.