Шалқаров Жәлел Қуандықұлы - 1986 жылы 10 қаңтарда Қарақалпақстан Республикасы, Беруний ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Жырлары Айбергенов әлемі,Қасым,Тұмар сияқты республикалық басылымдарда жарық көрген. Бүгінгі күнде де мерзімді баспасөзде жарияланып тұрады. Өлеңдері «Қасымнан – ғасырға» атты Қарағанды облысы жас ақындарының аудиоантологиясына(2011), «Өмірге келер әлі талай Қасым...» жыр жинағына енген (2011). Бірнеше жас ақындар мүшайраларының жүлдегері.
Жәлел жастайынан өлең-жырға құмар болған,ол мектеп кезінен бастап жыр жаза бастаған.Орта мектепті бітіріп Атамекенге қоныс аударған соң ҚарМУ –дың филология факультетіне оқуға түсіп ,сонда белгілі ақын Қайрат Асқармен танысады.Сол кезеңнен бастап Жәлел өзінің поэзияға деген іңкәрлігінен бір сәт те танған емес.Мінезі биязы ,жаман пиғылдан аулақ өзі жазған өлеңін өз баласындай көріп оған барлық уақытын сарп етуге дайын.Жәлел ақын көп жазбаса да дөп жазатын ақын. Замандастары мен үзеңгілес-тақымдастары оның жырларына сүйсініп оны Төкіш (Төлеген) деп еркелетеді .М.Мақатаев айтқанындай Жәлел поэзиясы да махаббаттан бастау алғаны рас.
Сол бейне-
Сол бір сәт-
Сол бір түн.
Мен неге осынша солғынмын?
Селт еткен бір күндік махаббат,
Елес боп-
Көзіме толды мұң.
Мен неге осынша солғынмын?! –деп жырлағанындай ақынның махаббаттың балы мен қаттар уын да қаттар ішкенін байқаймыз.
Ақынның махаббат лирикасындағы келесі бір шумағына көз жүгіртіп көрейік:
Ләйләдай лағыл лебізге лайық,
Балапандайын бейкүнә бейнең.
Күлкіңнен артық ем іздеу айып,
Тұншыға қалса керқұла кеудем.
Ләззат- атты бұл өлеңінен ақынның алғашқы шумағына қарағанда біраз төселгендігін және де оның жарына деген шексіз сезімін аңғарамыз.
Жалпы ақын шығармашылығы сан алуан тақырыптарды қамтиды.Қазіргі күнде ақынның қазақ поэзиясында қалыптасып үлгерген жеке қолтаңбасы және өзіне жараса беделі бар.
Болашақта Жалелдің Қаламы қарымды қазақтың маңдайына бітіп, бағына туған ақиық ақыны болатынына сеніміміз кәміл.
Шығармалары:
Жәлел Шалқаров Күз,Үміт...жас қалам // Қасым-2013 №1(9) – 15б.
Жәлел Шалқаров Төлегенше ...поэзия //Тұмар -2012,5(24)-42б
Өлендері:
Twitter / abzalsariyev: ЖӘЛЕЛ Шалқаров ...
Шалқаров Жәлел Қуандықұлы - Massaget.kz
ӨЛЕҢ ӨРНЕГІНІҢ» бүгінгі қонағы: Жәлел ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Шалқаров Жалел: Күз, үміт : Kultobe.KZ