Айтулы ақын, дара дарын иесі, өлең өлкесінде өзіндік бағытпен қалам сермеп келе жатқан Асқаров Қайрат Белгібайұлы 1977 жылы 13 қаңтарда қарағанды облысы, қарқаралы ауданы, Бесоба ауылында үниеге келген.

Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында білім алып, 1994-1998 жж. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған. Аталмыш оқу орнын тәмәмдаған соң, өзі біілім алған Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында абыроймен ұстаздық қызмет еткен.

2003 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі қазақ әдебиетті кафедрасында оқытушы қызметтін атқарып келеді. Қарағанды қаласының «Болашақ» колледжінің оқытушысы.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Республикалық жыр мүшайраларының бірнеше дүркін жүлдегері.

2011 жылдың маусымында Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысы бойынша «Дауыс» атты жыр жинағы «Жалын» баспасында жарыққа шықты.

Шығармалары:

Ол туралы:

  1. Тұрсынғалиев, Р. Қарағанды ақындарынан кімді білеміз? [Мәтін] / Тұрсынғалиев, Р. // Теміртау. - 2005. - 28 шілде. - 8  б.
  2. Балқашта поэзия салтанат құрды [Мәтін] : өркен // Балқантау. - 2007 . - 26 сәуір (N17). - 10 б.
  3. Асқаров, Қ. Ал ақындар болса "Алтын тордың ішіндегі бұлбұл" [Электрондық ресурс] : ақын Қ.Асқаровпен сұхбат / сұхбат жүргізген Б.Нұршаш // Қарағандының өнерлі адамдарына арналған блок. - 2008. - 29 сәуір. - Режим доступа : http://abadan7.wordpress.com /
  4. Қазақ поэзиясындағы талантты жас ақындар кімдер?