Ақын, сазгер, журналист Әшiрбаев Бекжан Төребекұлы 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» ұжымшарында дүниеге келген.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан берi аталмыш бiлiм ордасында аға оқытушы қызметiн атқарып келеді. Журналистика саласында елеулі еңбек еткен. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикаға тарайтын «Қазақ университетi» газетiнiң бас редакторы (2002-2006); Республикалық «Azamat.kz» қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бiрiншi орынбасары (2005-2006); Республикалық «Ел мен Жер» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы (2006); Республикалық «Жас қазақ үнi» газетi бас редакторының орынбасары (2007); Қазақстан Жазушылар Одағына қарасты республикалық «Қазақ әдебиетi» газетi бас редакторының бiрiншi орынбасары (2007 жылдан берi).
Қазақстан Журналистер одағының мүшесi.
Республикалық «Қазақ әдебиетi», «Жұлдыз», Жас қазақ үнi», «Azamat.kz», «Парасат» басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланған.
2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша «Қоңыр әуен» атты өлеңдер кітабы жарық көрген.
1989 жылдан бері республикалық ақындар айтысына қатысып келеді. Әнші Тоқтар Серіктің орындауындағы "Көршінің қызы" деген әнімен танылған әуесқой сазгер.
Шығармалары:
- Әшірбаев Б. Қымыз исін іздеу: өлең. !Адырна» ұлттық-этнографиялық порталы.
- Әшірбаев, Б. Қоңыр әуен:өлеңдер / Бекжан Әшірбаев. - Алматы. - 2008. - 112 б.
Мақалалары:
- Әшірбаев, Б. Баспасөз дамуының қазіргі шындығы оның түп-төркінін тануда [Мәтін] : /"Санат" баспасынан "Әлем баспасөзінің тарихынан" атты оқу құралы жарық көрді/. / Б. Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 11 ақпан(N6). - 12 б.
- Әшірбаев, Б. Үлгіге айналар үздік туынды [Мәтін] : [Несіпбек Айтұлының "Бәйтерек" атты кітабы туралы] / Б. Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 26 қараша. - 12 б.
- Әшірбаев, Б. "Бала күнді ұзартар ұста бар ма?" [Мәтін] / Б. Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 6-12 шілде (№27). - 8 б.
- Әшірбаев, Б. Тәуке тауынан табылған кітап [Мәтін] / Б. Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 19 қазан (№42). - 1, 6 б.
- Әшірбаев Б. Биліктен қымыз исі шықпағасын...:ақын Б.Әшірбаевпен сұхбат / сұхбаттасқан Жұқамыр Шөке // «Д» «Общественная позиция» (проект «Дат» №45 (8 2) 15 желтоқсан 2010 ж.
- Әшірбаев, Б. "Қарапайым адамның көзіндегі мейірім" [Мәтін] : ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Б. Әшірбаевпен сұхбат / сұхбаттасқан Қ. Сімәділ // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 3-16 мамыр (№ 18/19). - 14 б.
Ол туралы:
- Рамазан, Д.Мэлстің бағы жанды [Мәтін] : /Айтыс-2000/ / Д Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 20 қазан(N42). - 11 б.
- Әбдіразаққызы, Р. Мэлс Қосымбаев: "Сексен жыл жарқылдаған алдаспан" [Мәтін] / Р Әбдіразаққызы // Жас Алаш. - 2001. - 29 наурыз.