1979 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты қазіргі Тоқтар Әубәкіров атындағы ауылда дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі. Мамандығы психолог.
2006 жылы Қарағанды қаласындағы «Санат» баспасынан «Әдемі менің әлемім» атты, 2009 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жалын» баспасынан «Жанымның жазба нұсақасы» атты жыр жинақтары жарық көрген.
Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай өткізілген облыстық ақындар мүшайрасының ІІ орын иегері.
Баянауылда өткен жас ақын жазушылар форумында Сақау Мәукеұлы атындағы арнайы сыйлыққа ие болған. Балқаш қаласының 70 жылдығына орай өткізілген облыстық мүшайраның ІІ орын иегері атанған.

Ақтоғай аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінің 70 жылдығына өткізілген облыстық мүшайраның І орын иегері.
Қасым Аманжолов атындағы І облыстық ақындар мүшайрасының бас жүлдесінің иегері.

Шығармалары:

  1. Маңдайыңнан иіскейінші... [Мәтін] : жаңа кітап // Балқантау. - 2006. - 26 қазан. - 12 б.

  2. Әбдірахманов, Р. Көзіңді боямашы [Мәтін] : жыр дәптерінен / Әбдірахманов, Р. // Орталық Қазақстан. - 2004. - 25 желтоқсан. - 10 б.

  3. Әбдірахманов, Р. Сен, мені шақыр...[Мәтін]: поэзия / Р.Әбдірахманов // Орталық Қазақстан. - 2004. - 12 маусым. - 14 б.

  4. Әбдірахманов, Р. Терезеңді ашып сәл ғана, қолыңды тосшы тамшыға... [Мәтін]: жыр дәптерінен / Әбдірахманов, Р. // Орталық Қазақстан. - 2005. - 2 шілде. - 13 б.

  5. Әбдірахманов, Р. Е. Күнің болып тұрмасам да көгінде жырың болып жүрегіңде тұнармын! [Мәтін]: поэзия / Р. Әбдірахманов // Азия транзит. - 2006. - № 9/10. - 31-34 б.

  6. Әбдірахманов, Р. "Жарым шер жаным, жарым мұң..." [Мәтін]: поэзия / Р. Әбдірахманов // Азия транзит. - 2005. - № 12. - 22-23 б.

  7. Әбдірахманов Р. Өлеңдері. Қазақ поэзиясы – Мәссаған!

  8. Әбдірахманов Р. Өлеңдері. Айна мекен

Ол туралы:

  1. Сағынтай, С. Үшеуі де ерледі [Мәтін] : бәрекелді! / Сағынтай С. // Орталық Қазақстан. - 2007. - 22 қыркүйек. - 4  б.