Келтірілген Интернет-ресурстар Сіздерге келесі тақырыптар бойынша ақпараттық-библиографиялық тізімдерді, дайджестерді дайындауға мүмкіндік береді: «Етті мал шаруашылығын дамыту», «Ірі қара мал етінің экспортты потенциалы», «Асыл тұқымды базаны дамыту және малдың генетикалық потенциалын арттыру», «Қой шаруашылығын дамыту», «Жем-шөп өндірісін дамыту», «Жылқы шаруашылығын дамыту», «Құс шаруашылығын дамыту», «Шағын және орта фермалар мен отбасылық түрдегі қожалықтарды дамыту».
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ресми Интернет-ресурсы. Мал шаруашылығы.
Заңнамалық база.
- Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі №278-1 Заңы (2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
- Ветеринария туралы 2002 ж. 10 шілдедегі № 339-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
- Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының 2007 ж. 21 шілдедегі № 301-ІІІ Заңы (2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
- Шаруа немесе фермер қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 31 наурыздағы №214-І Заңы (2011.24.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
- «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1714 Қаулысы
- Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2331 Қаулысы
- Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 336 Қаулысы (2012.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Развитие экспортного потенциала мяса КРС в Республике Казахстан» научно-инновационный центр животноводства и ветеринарии жобасы өсімдік шаруашылығы, жем-шөп өндіру, мал шаруашылығы мен ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асырады.
Асыл тұқымды істі жақсарту мен азықтық базаны бекіту мал шаруашылығын табысты дамытудың шешуші шарты болып табылады. Ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымды құрамын жақсартуда асыл тұқымды шаруашылықтардың атқаратын рөлі ерекше, Қарағанды облысында 40-тан астам асыл тұқымды шаруашылықтар бар.
2012 ж. 1 желтоқсандағы Қарағанды облысы бойынша асыл тұқымның базасы қараңыз (ірі қара мал, қой шаруашылығы, жылқылар, шошқалар, құс шаруашылығы).
Республикамызда алғашқы отандық web интегралды жүйе құрылған. ИАС КМС қолдану селекциялық-асыл тұқымды жұмыстар аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы малдарының мал бас есебі барысын және т.б. мониторингін жедел жүргізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы мал шаруашылығының ақпараттық-аналитикалық жүйесі ұсынған ақпаратты пайдаланыңыздар.
Сыбаға. Ет бағытындағы ірі қара малдың тауарлық табынындағы селекциялық-асыл тұқымды жұмыстардың жалпы қолжетімді ақпараттық ресурсі. Қарағанды облысы бойынша ақпаратты қараңыз.
2013 ж. Қазақстан Республикасы бойынша ет бағытындағы (бұқалар, сиырлар, өгізшелер, тайыншалар, ) Асыл тұқымды ірі қара малдың мал басын жоспарлы сату бойынша мәліметтер.
«Даму» Қоры бизнес-жоспар үлгілері, 2012 ж. малдың сүтті және етті тұқымын өсіретін фермаларды ашу.
Агроплан: ауыл шаруашылығы – мал шаруашылығына арналған тегін бизнес жоспарлар.
Анықтамалық материал: "Особенности разведения крупного рогатого скота мясных пород" (етті тұқымды ірі қара малды өсірудің ерекшеліктері). (Источник: ОАО "Росагролизинг") жүктеуге болады (етті малдың асыл тұқымдарына шолу - Герефорд, қазақтың ақ бас малы, Симменталды және т.б.).
Мал өсіруді жүзеге асыратын өндіріс нысандарына тіркеу нөмірлерін беру тәртібі...
Мал шаруашылығы, шошқаларды бордақылау, құстар, ірі қара мал бойынша кітаптар мен мақалалар.
Шаруа анықтамалығы. Фермер анықтамалығы («АгроЖаршы» ай сайын шығатын журнал) кітаптарды жүктеуді ұсынады.
- Ірі қара малдың мүшелеріндегі ауруларды емдеу және этиология-диагностика бойынша әдістемелік басшылық нұсқаулық.
- Жас ірі қара малдың сауықтыру, диагностикасы және тоқ ішек инфекцияларын емдеу бойынша фермерлерге арналған әдістемелік басшылық.
- Ірі қара малдың азығы мен малды жайып семірту технологиясы бойынша әдістемелік басшылық.
- Фермерлік қожалыққа арналған азық дайындау және өндіру бойынша әдістемелік ұсыныстар.
- Малдарға жедел көмек көрсету бойынша әдістемелік құрал.
- Мал шаруашылығы технологиясының өзекті аспектілері бойынша сұрақ-жауап кітабы – 2012 ж.
- ИАС жұмыс және тіркеу бойынша басшылық - 2012г
- АӨК субьектілеріне консалтингті қызметтерді көрсету – 2012 ж. (қазақша).
Фермерлерге арналған маңызды ақпарат дереккөзі саналатын Казагромаркетинг сайты мал шаруашылығы бойынша әдістемелік ұсыныстарды ұсынады.
Жазғы мал жайылымдарындағы ауыл шаруашылығы малдарының Мал азығы өндірісі. Мал суаруды ұйымдастыру.
ТІрі қара малды ұстау технологиясы.
Фермерлік қожалық моделі «Модель типового фермерского хозяйства на 50 голов мясного скота» басшылығын дайындағандар: проф. К.И.Исабеков, К.К.Нұрманов, а.ш.ғ. кандидаты А.К.Сағынбаев. Фермерлерге, түрлі жеке меншік нысандарының шаруашылық мамандары мен басшыларына арналған «Етті малдың 50 басына арналған типтік фермерлік қожалық моделінде» фермерлік қожалыққа арналған етті мал шаруашылығының негізгі элементтері келтірілген. Фермерлік қожалықты қаржылық дамыту, сиыр етін өндіру технологиясы және ұйымдастыру негіздері, етті табындарды құру, мал азығы өндірісі және азықты дайындау сұрақтары жан-жақты қарастырылған.
Фермерлік шаруашылықты жүргізу бойынша әдістемелік басшылық. Әдістемелік нұсқаулықты дайындағандар: проф. К.И.Исабеков, а.ш.ғ. кандидаты А.К.Сағынбаев, К.К.Нұрманов. Нұсқаулықта өсірілетін малды сапалы жақсарту; Табынның ұдайы өсірілуі; Азықтандыру ерекшеліктері; Шөп дайындау. Сүрленген шөпті дайындау; Пішіндеме дайындау; Бидай пішіндемесін дайындау; Фермерлік қожалық дамуының қаржылық қамтамасыз етілуі; Табынның ұдайы өсірілуі. МТС моделі келтірілген.
«КазАгроФинанс» АҚ ірі қара мал етінің экспортты потенциалын 2016 ж. дейін 60 мың тоннаға жеткізуге арналған жағдай тудыруды мақсат еткен «Ірі қара мал етінің экспортты потенциалын дамыту» бағдарламасын жүзеге асырудың операторы болып табылады. Бұл жоба малды азықтандыру алаңдарын, асыл тұқымды шаруашылық-репродукторларды, Табынды ұдайы өсіру мен басқаруды, етті мал шаруашылығын жаңа деңгейге жеткізетін инфрақұрылымды құру бойынша іс-шаралар кешенін қарастырады. Қаржыландыру шарттары. Келісім кезеңдері. Қарыз алушыға қойылатын талаптар. Құжаттар тізімі. Қаржыландырылған жобалар тізімі.
Қазақстандағы етті мал шаруашылығын дамытудың ветеринариялық сұрақтарын "Аграргный сектор" журналынан қараңыздар.
Құс шаруашылығы
Бүгіндері Қарағанды облысында 4 құс фабрикасы бар. Индустриаландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылған инвестициялық жобалар: «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС – диетикалық жұмыртқаны өндіруді арттыру мақсатындағы құс фабрикасының өндірістік кешенінің жетілдірілуі және реконструкциясы. «Здоровые продукты» ЖШС – құс фабрикасының құрылысы. «К.Маркс атындағы құс фабрикасы» - реконструкция.
ТОО «Capital Projects Ltd» ЖШС – Жезқазған. Іске қосылған «Ақнар» құс фабрикасының реконструкциясы. Ақпаратты Оборудование для птицеводства. Оборудование для птицефабрик. Птицевод.kz қараңыздар.