Алдияр Бақытжан 1974 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының Турбат ауылында дүниеге келген. Қожа Ахмет Йасауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университетінің филология факультетін бітірген. Шығармалары төрт ұжымдық жинақта жарияланған. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.
Көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, республикалық М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың иегері. Көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, республикалық М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың иегері.
Алғашында айтысқа қатысып, жүлдегер атанған. Кейіннен жазба поэзияға ауысқан. Бүгіндері еліміздегі үздік таланттың, дара шыққан дарындардың қатарына жатады.
Ұқсамаса ұқсамасын жорғаға,
Екеумізді шақыратын жол ғана.
Есениннің жатқа оқитын өлеңін,
Есегіне теріс мінген сол бала.
Немесе, Қоян жылы болмаған деп қолайлы,
Қарап қойып Қосмола мен Қаржанға,
Насыр атам насыбайын орайды,
Нострадамус айтып кеткен болжамға –деген өлең шумақтарынан сюжетті жырларды көп жазатынын байқауға болады.
Б.Алдияр қазақы ауылдың жыршысы. Оның ауылға деген сағынышы, махаббаты, балғын балалығына деген аңсары «Ауылға жазған арзулар» топтамасындағы жырларының әрбір шумағынан айқын сезіліп тұрады:
Көгілдір тау, көнбіс ел, көне мекен,
Көңілімде орының неге бөтен?! ...
Шықсын десең алдымнан бағым дара,
Болам десең шын ақын – жаныңда да
Әппақ бір таң атуы керек екен. – дейді ол.
Қазақ поэзиясының бүгінгі лирикалық жанрындағы ерек үлгісінің бірі «Көкбөрінің жыры» өлеңінде автор мен «бөрі» монологы қосарлана келіп отырады. Көкбөрі арқылы аңызды тірілте отырып, тегімізден тамыр тартқан «рухты» іздеу, шақыру идеясын көрсеткен.
«Қаратау қызына хат», «Сезімдер сөйлегенде» деп аталатын топтамаларындағы «Әппақ әлем. Ақ әлем», «Еркелеу қыз ең», «Қаратаудың қара басын қар шалып...», «Күнікей қыз», «Кінәлай көрме», «Күлші, жаным...», «Тәтті ерінді тәбәрігім сен едің...», «Қаршадай қыз» және тағы да басқа көптеген өлеңдерінен нағыз махаббат жыршысы екендігін де байқаймыз.
Шығармалары:
- Алдияр Б. Жүрісіме күллі жердің күлді үсті...:Өлең – сөздің патшасы / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 5 қаңтар (№1). – 8 б.
- Алдияр, Б. Алаулайды бір отым тәңір жаққан... [Мәтін] : [өлеңдер] / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 27 мамыр(N20). - 12 б.
- Алдияр Б. Ақын ініммен әңгіме. Жол: өлеңдер / Б. Алдияр // Болашақ.- 2006. - қазан (№40).
- Алдияр, Б. Қасқыр, қасқа құлын, Қасым һәм Қасымхан [Мәтін] / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 18 тамыз (№33-34). - 18-19 б.
- Алдияр Б. Құбыла: Өлеңдер.- Алматы. - 2006.- 192 бет.
- Алдияр, Б. Айықпас бір дерт еңсемізді езіп қорғасын...Мәтін / Б.Алдияр // Жұлдыз. – 2007. - №5. – 14-19 б.
- Алдияр Б. Айықпас бір дерт еңсемді езіп қорғасын: өлеңдер / Б. Алдияр // Жұлдыз. – 2007. – мамыр (№5). - 14-19 бет.
- Алдияр Б. Болған оқиға: өлең / Б. Алдияр // Жас қазақ.- 2007. - 2 қараша (№ 44).
- Алдияр Б. Көкбөрінің жыры: өлең / Б. Алдияр // Ана тілі.-2007. № 44 (1 қараша).
- Алдияр Б. «Шымқаланың сыртында...»: өлең / Б. Алдияр // Қазақ әдебиеті.- 2007. – 2 қараша (№ 44).
- Алдияр, Б. "Ару бұлттар қайтқанда ауыл жақтан..."[Мәтін] / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 24-30 сәуір (№ 15). - 9 б.
- Алдияр, Б. Аламан жылдар [Мәтін] : өлеңдер / Б.Алдияр // Жұлдыз. - 2010. - № 6. - 109-110 б.
- Алдияр, Б. Таина тайпасының соңғы өкілі [Мәтін] / Б.Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 10-23 желтоқсан (№ 48/49). - 13 б.
- Алдияр, Б. Тас қамалда отырады қасқалар... [Мәтін] : [өлеңдер] / Б.Алдияр // Таң-Шолпан. - 2010. - № 6. - 117 - 129 б.
- Алдияр, Б. Біздер осы періште емес, періміз... [Мәтін] / Б.Алдияр // Түркістан. - 2011. - 28 сәуір (№ 17). - 11 б.
- Алдияр Б. Бір қолымда - Құраным, бір қолымда - күн көтерген қыраным..: өлеңдер / Б. Алдияр // Дала мен қала.- 2011.- 1 тамыз (№31).-14 б.
- Алдияр Б. Тастағы өлең: өлең / Б. Алдияр // «Жұлдыздар отбасы». -2011. – ақпан (№ 4).
Мақалалары:
- Алдияр, Б. "Менің үйім жүрегім" [Мәтін] : ақын Жарас Сәрсек шығармашылығы хақында толғаныс / Б. Алдияр // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 6 наурыз (№10). - 11 б.
- Бақытжан Алдияр: Мен қалалық емеспін... Айқын.
- Б.Алдияр.Өлеңдері. Мәссаған!
Ол туралы:
- 1) Алдияр Бақытжан // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 23 б.
- 2) Алдияр Бақытжан // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы. - 2005. – 34 б.
- 3) Бегманов Қ. Оңтүстік: Өлең (Б. Алдиярға) // Қазақ әдебиеті. – 2007. - 29 маусым (№ 26.).
- 4) Мүшәйра мәреге жетті [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2007. - 2-8 қараша (№44). - 7 б.
- 5) Төленбекқызы С. «Бүгінгі поэзияға 100 пайыз көңілім толады»: Б.Алдиярдың сұхбаты / сұхбаттасқан С.Төленбекқызы // «Айғақ».- 2007. - 30 қазан (№ 43).
- 6) Медетбек, Т. Алтынкөпірліктер [Мәтін]: (Қазіргі жастар поэзиясы хақында) / Т. Медетбек // Жұлдыз. - 2008. - №1. - 143-165 б; №2. - 126-140 б.
- 7) Боранбай Ж. «Құбыладан» көп ой түйдік: Б. Алдиярдың жыр жинағы жайында бірер сөз // «Айғақ».- 2009. - 13 қаңтар (№ 1-2).
- 8) Ислам Д. Тұрбат тұлпарының мұңы: ақын Б. Алдияр туралы // «Евразия».- 2009. - 20 ақпан (№ 7).
- 9) Әшірбекова Г. Доминиканда «өлә» деп амандасады, «каякпен жүзеді»: ақын Б. Алдиярдың Доминикан республикасына сапары туралы сұхбат / сұхбаттасқан Г.Әшірбекова // «Замана». – 2010. - 8 қараша (№ 44).
- 10) Жүніс Е. Бақытжан Алдияр: «Мен қалалық емеспін»: сұхбат / Б.Алдиярмен сұхбаттасқан Е.Жүніс // «Айқын». – 2011. - 16 сәуір (№ 67).
- 11) Құдайбергенов Ә., Дәрігерлерден гөрі өз ем-домыма көбірек сенемін: [Ақын Бақытжан Алдиярмен "Денсаулықты сақтаудың негізгі қағидасы қандай?" сауалнамаға жауабы] / Ә. Құдайбергенов // Жұлдыздар отбасы.- 2011.- шілде (№14).- 4б.
- 12) Құдайбергенова Ә. Бақытжан Алдияр, ақын: «Шенді мен шекпендіге жалтақтау біздің табиғатта жоқ»: сұхбат // «Жұлдыздар отбасы». – 2011. - сәуір (№ 8).
- 13) Жалбызға орап өсірген жалғыз өлең... [Мәтін] / Т.Ешенұлы [және т. б.] // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 28 желтоқсан (№ 52). - 12 б.
- 14) А.Бақытжан шығармашылығы. Қаламгер.