Әлеуметтік желі - «әлеуметтік медиа» деп те аталады, бұл – адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт (тар). Жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз, бұл - адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы. Әлеумет – халық, адамдар, топ болса, желі – байланыс, қарым-қатынас. Осы жердегі «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз.

Әлеуметтік желі - бұл контенті желіге қатысушылардың өзімен толтырылатын интерактивті көп пайдаланушы веб-сайт. Сайт жалпы қызығушылыққа біріктірілген пайдаланушылар тобына қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған әлеуметтік ортаны білдіреді. Оларға тақырыптық форумдар да, әсіресе кейінгі уақытта белсенді түрде дамып келе жатқан салалықтар жатады. Байланыс  пошта ішінде немесе жедел хабарлама алмасу, веб-сервис арқылы жүзеге асырылады.

Әлеуметтік желі Интернеттегі ортақ идеясы мен көзқарастары, қызығушылықтары бар адамдарды бір қауымдастыққа жинауды көздейді. Оған көбіне ішкі хат алмасу мен жылдам хабар алмасу жүйелері кіреді.

Тек адамдардың қызығушылығы бойынша іздеуге арналған әлеуметтік желілермен қатар, осы қызығушылықтардың обьектілері: веб-сайт, тыңдайтың маузыкасы және т.б. туралы да болады. Мұндай желілерде әдетте фолксономия қолданылады.

Әлеуметтік желінің бірнеше түрі бар. МойМир секілді жалпы әлеуметтік желілер немесе блогтар желісі, микроблогтар, тек қана видео немесе суреттерді жүктеуге арналған белгілі бір бағыттағы, тақырыптық әлеуметтік желілер болады. Мысал ретінде әлеуметтік видео желіге youtube-ті айтсақ, блогтар желісіне wordpress, фотографтар немесе жәй ғана суретке түсіргенді жақсы көретін әуесқойлар үшін flickr, ал микроблоггинг мысалына twitter жатады.

«Мой Мир» желісін екінің бірі біледі. Пайдаланады. Бұл ресейлік сайт

Танымал әлеуметтік желілер:

VKontakte– «библиотека» термині бойынша іздеу 10 мыңнан астам топ береді, олардың ішінде тек 2 мыңы ғана шынайы кітапханаларға, топтамаларға және электронды ресурстарға қатысты, нақты айтсақ қарым-қатынасқа арналған кітапханалық топтар – 300 артық емес. Осы жүйедегі неғұрлым озық қатысушы-кітапханалар:

  • Библиотека искусств им. А.П. Боголюбова (Москва) - 1400 астам қатысушы;
  • Библиотека им. М.Ю. Лермонтова (Москва) – 700 астам қатысушысы бар, электронная библиотека Московского Физико-технического института (Технического университета) – 690 қатысушысы бар;
  • Свердловская областная библиотеками. В.Г. Белинского, 340 астам қатысушысы бар, городская библиотека Невского района (Санкт-Петербург) – 180 қатысушы, Центральная нотно-музыкальная библиотека (Череповец) – 150 қатысушы және т.б.

Vkontakte.ru кітапханалар тізімі:

Пайдалы сілтемелер:

«В контакте» әлеуметтік желісін  қалай құру керек?

 Вконтакте әлеуметтік желісінде жақсы әрі сапалы топты қалай жасау керек?

Как создать группу Вконтакте

Әлемдегі танымал әлеуметтік желі Facebook. туралы айтпай кету мүмкін емес.

Facebook - ([ˈfeɪsˌbʊk], қаз. Фейсбук) – әлемдегі ең ірі әрі үлкен әлеуметтік желі. Еркін Интернет бірлестік болып табылатын және әлемнің барлық адамдарын біріктіретін ресурс. Сайттың алғашқы аты TheFacebook деп аталды және оған Гарвард университетiнiң студенттерiне ғана қол жетімді болды, кейінірек Бостон университетінің студенттеріне де жол ашылды, ал содан соң .edu доменіндегі электрондық мекен-жайы бар АҚШ-тың кез-келген оқу орнындағы студенттерде де тіркеле алды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 13 жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор пайдаланушыларына қол жетімді болды.

Facebook өзің туралы фотосуреттер мен мәліметтері бар профиль жасауға, достар шақыруға, хат алмасуға, өз мәртебеңді (статусыңды) өзгертуге, өзіңнің және бөгде адамдардың «қабырғаларына» хабарлама жазып кетуге, фотосуреттер мен бейнежазбаларды жүктеуге, қауымдастықтар құруға (мүдделер бойынша бiрлестiк) мүмкiндiк бередi.

Facebook қолданушыларына өзара әрекеттесе алатын функциялардың жиынтығын ұсынады. Арасындағы өте әйгiлiлері - виртуалды ымдау, фотоальбомдар және таныс қолданушылардың хабарлама тастап кете алатын «қабырға». Қолданушы өз парақшасында жарияланған ақпаратқа қол жеткiзу деңгейін бақылай алады.

Қазіргі таңда, Facebook қазақ тілді нұсқасы әзірше жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша (2011ж.) Қазақстанда 340 660 адам аталған әлеуметтік желінің қызметін қолданады.

2011 жылдың 6 айында 51 480 қазақстандық facebook әлеуметтік желісіне қосылған. Әлеуметтік желіні Қазақстанда еркектерге қарағанда (47%)әйелдер (53%) көбірек қолданады.

Қазіргі кезде Facebook-ке тіркелгенде Mail.Ru-дан достарыңды шақыру қызметі қосылған. Осы қызмет Facebook-те қазақстандық интернет қолданушылар көбеюіне септесіп отыр.

Facebook-те әлеуметтік желіні қалай құру керек?

Facebook-тегі РМК (РГБ) бірлестігі

«Однокла́ссники.ру» - www.odnoklassniki.ru – бұл қалаған адам өз бетін (анкета) аша алатын Интернеттегі ірі сайт, әлеуметтік желі. Сыныптастарды, бірге оқығандарды, бұрынғы түлектерді, сондай-ақ туған-туыстарды іздеуге және олармен байланысуға арналған мультитілді әлеуметтік желі. Ол үшін тіркелу қажет, яғни өзіңіз туралы бірнеше сұраққа жауап беру керек. Әлеуметтік желіде өз бетіңізді ашқан соң www.odnoklassniki.ru сайтының барлық мүмкіндіктерін қолдана аласыздар: достарыңыз бен таныстарыңызды таба аласыз, байланыса аласыз, ойын ойнап, музыка тыңдап, жеке суреттеріңізді қосып, өзгелердің суреттерін бағалай аласыз және т.б. Бірақ атында аталғандай, бұл сайт ең алдымен сыныптастарды іздеуге арналған. Көптеген адамдарда бұрын бірге оқығандардың өмірі қызықтырады, олардың өмірі туралы білгілері келеді. Бұл сайтта адамдар өздері туралы мәліметтер беріп, байланыс алмасады. Осы әлеуметтік желінің арқасында сыныптастардан өзге басқа бірге оқығандарды, әскердегі таныстарды, әріптестерді, өмірде кездескен жандарды да тауып алуға болады. Адамдарды аты-жөні, жас ерекшелігі, елі мен қала бойынша іздеуге болады.

Одноклассниктердегі РҰК бірлестігі.

Нелидов орталық кітапханасы.

Доброполье балалар кітапханасы.

Югры мемлекеттік кітапханасы.

Балаларға арналған кітапхана.

Библиомания.

Старобель жасөспірімдер кітапханасы.

Одноклассники кітабы (жинақ).