Қазақстанның халық жазушысы, белгілі драматург Ә.Әбішев 1907 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының бұрынғы Жамбыл атындағы шаруашылықтың Аспантау деген жерінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Мектеп есігін кешірек ашқан Ә.Әбішев 19 жасында ғана бірінші басқыш ауыл мектебін бітіріп, жиырма жасында яғни, 1927 жылы үш айлық мұғалімдер курсында оқиды.

Одан кейінгі жазушы жолы өз бетімен оқып білім көтеру, үздіксіз қажымай-талмай еңбектену, іздену арқылы бойындағы әдеби дарынын ұштау, жетілдірумен жалғасты. Бұл шын мәнінде ерлік еді.

1927 жылдан бастап Ә.Әбішев сауатсыздық жою курсының мұғалімі болып істейді. Жазушылық қызметін Қарағанды кен орындарында шахтер болып істеп жүрген кезінде бастайды. Шахтадан кейін «Қарағанды пролетариаты» газетінде әдеби қызметкер болып істейді де белсенді тілшісі атанады. Ә.Әбішевтің «Үйінді» атты бірінші әңгімесі мен очерктер жинағы 1936 жылы басылып шықты. Бұл шығарма Қарағанды шахтерлерінің қажырлы еңбектеріне арналған.

1935 жылдан бастап Ә.Әбішев «Лениншіл жас» қазіргі «Жас алаш» газетінің бөлім меңгерушісі, «Әдебиет және искусство» қазіргі «Жұлдыз» журналында жауапты хатшысы, редактордың орынбасары болды. Сол кезде жазушы «Отан үшін» (1937 ж.), «Отан атынан» (1938 ж.), «Жолдастар» (1940 ж.) атты бірнеше пьесалар жазып драматург ретінде көзге түсті. Оның 1938 жылы жазған «Армансыздар» атты пьесасы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арналған.

 Ұлы Отан соғысы жылдарында «Төлеген Тоқтаров» (1942 ж.), «Саржан» (1945 ж.) әңгімелерімен бірге «Ана» атты бір актілі пьеса жазды. 1945 жылы жазған «Жас түлектер» атты романында Қарағанды кеніштеріндегі соғыс кезіндегі жастардың өмірі мен қажырлы еңбегі суреттеледі. 1942 жылы жазған «Бір семья» деген пьесасында жазушы совет адамдарының семья құру және адамгершілік мәселесін көтереді.

Сол қырқыншы жылдардан бастап жазушы проза және драматургия жанрында жемісті еңбек еткен. Ә.Әбішевтің өз сөзімен айтқанда: «Өмірінің соңғы жылын арнаған» және бір кесек шаруасы бар. Ол–қазақтың белгілі композиторы, әнші–ақыны Мәди өмірін зерттеу, сөйтіп, әдебиетімізде, өнерімізде, Мәдиге лайық ескерткіш жасау. Қазір әуелде жоспарлаған трилогияның екі кітабы «Найзағай» (1969 ж.), «Мәди» (1977 ж.) жарық көрді. Сол романдар негізінде «Мәди» және «Мәдидің соңғы шайқасы» атты пьесалары республикалық және облыстық театрларда ұзақ жылдар бойы қойылып келеді. Жерлес жазушының шығармашылығында драматургия саласы орын алды, ол 30-дан астам пьеса жазды. Олар республика театрларының репертуарларынан көп жыл түспей келді. Ә.Әбішев кейінгі жылдары «Айтпай кетті демеңдер», «Аманат» деген естеліктерін кейінгі ұрпаққа өсиет ретінде жазып кетті.

Ә.Әбішев осыдан төрт жыл бұрын, 90 жасқа толғанда Елбасының тікелей тапсырмасымен өзінің туған жері Қарқаралы өңіріне келіп, елдің жағдайын көріп, біліп, кіндік тамған Аспантаудың баурайындағы ата қонысына аунап, анасының басына құран оқытып қайтқан еді.

Жазушы «Октябрь революциясы», Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдарымен марапатталған.

Республикамыздың тәуелсіздік алған соң Президентіміздің пәрменімен Ә.Әбішев алғашқылардың бірі болып «Халық жазушысы»  (1985) құрметті атағына ие болды.

Қазіргі қазақ әдебиетшілерінің аға ұрпағының игілікті еңбектері көңілге жылы сезім ұялатады. Дәл осы ағалардың жуан ортасында, бәлкім, алғы шебінде халқының танымал талантты Әлжаппар Әбішевтің жүргені, оның есімі ілтипатпен аталары ақиқат.

24 тамыз 2001 жылы Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиеті ақсалдарының бірі, жерлесіміз Әлжаппар.Әбішев 94 жасқа қараған шағында фәниден бақиға өтті.

 

Ә.Әбішевтің шығармалары:

Әбішев Ә. Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1981.- 1983

I том. Пьесалар. 1982.- 480 б.

II том Сәуленің күлкісі: Повесть. Жас түлектер: Роман. 1981.-486 б.

III том. Пьесалар. 1982.- 464 б.

IV том. Пьесалар. 1982.- 460 б.

V том. Найзағай: Роман. Жаралы сұңқар: Повесть. 1983.- 476 б.

Әбішев Ә. Айтпай кетті демеңдер: Естеліктер // Орт.Қазақстан.- 2000.-17, 20, 24, 27, 31 мамыр, 3, 7, 10, 14 маус.

Әбішев Ә. Үш томдық таңдамалы. Т.3. Повестер,эсселер.- Алматы: Жазушы, 1997.- б.

Әбішев Ә. Үш томдық таңдамалы. Т.2. Романдар.-  Алматы: Жазушы, 1997.- б.

Әбішев Ә. Үш томдық таңдамалы. Т.1. Роман,повесть,әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1995.- б.

Әбішұлы Ә. Аманат // Орт.Қазақстан.- 1997.- 10 желт.

Әбішев Ә. Армансыздар: Повесть.- Алматы: ҚМКӘБ, 1964.- 136 б.

Әбішев Ә. Атыңнан айналайын: Роман, повесть, эсселер.- Алматы: Жазушы, 1988.- 384 б.

Әбішев Ә. Әңгімелер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1950.- 110 б.

Әбішев Ә. Белгісіз батыр: Пьесалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1967.- 228 б.

Әбішев Ә. "Бұл не деген ғажайып ертегі адам?": /Иса Байзақовтың туғанына 100 жыл/// Қазақ әдебиеті.- 2000.-3 наурыз (N9).-10 б.

Әбішев Ә. Достық бәрін де жеңеді: /Қарағанды туралы киносценарийден үзінді/ // Сов.Қарағанды.- 1960.- 26 қазан.

Әбішев Ә. Заман перзенттері: Таңдамалы шығармалар.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.- 510 б.

Әбішев Ә. Заңғар: Сәкен Сейфуллиннің туғанына - 110 жыл// Азия Транзит.- Қарағaнды, 2004.- N6.-15-19 б.

Әбішев Ә. Құдырет: Очерк // Советтік Қарағанды.- 1959.- 16 мамыр

Әбішев Ә. Мен кешкен тайғақ кешулер: Эссе // Қарқаралы.- 1991.- №4.- 31-51 б.

Әбішев Ә. Найзағай: Роман.- Алматы: Жазушы, 1975.- 328 б.

Әбішев Ә. Өмірі мен өнерін халқына арнаған // Орт.Қазақстан.- 1980.- 26 желт.

Әбішев Ә. Сәкеннің аманаты: Пьесалар жинағы.- Алматы: Өнер, 1990.- 288 б.

Әбішев Ә. Шерлі шежіре: /1931-1932 жылдар туралы/ // Қарқаралы.- 1992.- №7-8.- 23-30 б.

Әбішев Ә. Шындықты айналып өтуге болмайды: /Жазушымен әңгімелескен Ә.Мендікеев/ // Қазақ әдебиеті.- 1987.- 23 ақпан

Әлжаппар Әбішевтің қанатты сөздері // Сарыарқа.- 1997.- №6.- 5 б.

 

Әбішевтің шығармашылығы туралы:

Ақсұңқарұлы С.  Хош, ата!// Орт.Қазақстан.- 2001.-29 тамыз

Әлжаппар Әбішев// Қазақ әдебиеті.- 2001.- 31 тамыз(N35).-3 б.

Жазушы жайлы басқалар айтады: /Қазақстанның халық жазушысы Ә.Әбішев-90 жаста/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 6 тамыз

Жанғожин А., Лұқпан Е. Бассейнмен бірге өскен басылым // Орт.Қазақстан.- 2001.- 1 мамыр

Қирабаев С.  Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. Сын  мақалалар мен зерттеулер.- Алматы: Жазушы, 1992.- б.

Қирабаев С. Тоқсанның толғауы: /Қазақстанның халық жазушысы Ә.Әбішев 90 жаста/ // Қазақ әдебиеті.- 1997.- №40.- 10-11 б.

Құндақбаев Б. Қаламгер мерейі // Қазақ әдебиеті.- 1987.- 23 қазан

Лұқпан Е. Ғабиденнен Ғаббасқа дейін: Орталық Қазақстан  70 жыл// Орт.Қазақстан.- 2006.- 8 маусым. -5 б.

Мендеке Ә. Әлжаппар Әбішев: «Айтпай кетті демеңдер» /сұхбат/ // Қазақ әдебиеті.- 2000.- 7 көкек (N14).- 5 б.

Мұхамеджанов К., Медиев Қ. Алыптар шоғырының соңғы тұяғы еді: /Ә.Әбішев туралы/ // Орт.Қазақстан.- 2001.- 29 тамыз

Омарбеков М. Мәуелі бәйтерек: /Ә.Әбішев-80 жаста/ // Коммунизм таңы.- 1987.- 15 қырк.

Омарбекұлы М.  Мәуелі бәйтерек: 2007 жылы Халық  жазушысы Әлжаппар Әбішев 100 жасқа толады// Қарқаралы.-2005.- 21,28 мамыр.-4 б., Орт.Қазақстан.-  2005.- 3 қыркүйек.- 9 б.

Омарбеков М. Өжет ақын туралы өрелі туынды: / Ә.Әбішевтің «Найзағай» романы туралы/ // Коммунизм таңы. – 1978. – 6 июль

Сағымбеков Р. Елу жылға созылған ерлік: /Ә.Әбішевтің-80 жасқа толуына орай/ // Орт.Қазақстан.- 1987.- 15 кырк.

Сағымбекұлы Р. Қазақстанның халық жазушысы Әлжаппар Әбішев // Қарқаралы.- 1992.- №7-8.- 12-22 б.

Сәкен сері Тоқсандағы тұйғын: /Қазақстанның халық жазушысы Ә.Әбішев-90 жаста/ // Егемен Қазақстан.- 1997.- 9 қазан

Сексенұлы С. Туған жермен қауышу: /Ә.Әбішевтің облысымызда болған сапырынан алған әсерлер/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 23 тамыз

Сексенұлы С.  Ұлы ғасырдың ұлы тұлғасы: Тәуелсіздік жылнамасы-1997// Орт.Қазақстан.- 2001.-22 тамыз

Сембай М. Мәди рухтандырған жазушы тойы: /Ә.Әбшев-90 жаста/ // Егемен Қазақстан.- 1997.- 19 тамыз

Серғалиев М. Қажымас талант: /Ә.Әбішев туралы/ // Жұлдыз.- 1987.- №10.- 193-196 б.

Смағұлов Ғ.  Халық күйінішінің жоқшысы: Мәди  Бәпиұлының туғанына - 125 жыл// Орт.Қазақстан.-2005.- 11 маусым.-9 б.

Тайтөлеу Ж. Туған жердің түтіні ыстық: /Ә.Әбішевтің Қарқаралыға келген сапарынан фоторепортаж/ //Қарқаралы.- 1997.- 30 тамыз

Тоғжанов Е.Л.  Атамекен: Оқу құрал / Е.Л.Тоғжанов, Т.Т. Аршабеков.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық    ун-ті, 2002.- б.

Тоқсанға келген тарландар: Әлжаппар Әбішев // Сарыарқа.- №6.- 4 б.

Шаймерденов С. Әдеби толқындар: Қазақ әдебиеті жайлы ойлар - Алматы: Жазушы, 1986.-320 б.: портр.

Шылдықпаған шабыт, қажымас талант; Өмірбаян беттерінен: /Ә.Әбішев-90 жаста/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 6 тамыз